ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Б» корпусынының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
С-О-4, С-О-5 санатына белгіленген талаптар: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-О-4
|
109932
|
148242
|
C-О-5
|
83282
|
112430
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаму және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, 050000 Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, №114, анықтамалар үшін телефон 8/727/2677194, 8/727/2677183, БИН 010240001492 электрондық мекенжайы almatyobldep@mzsr.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
№1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы – (С-О-4 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны – Алматы қ.)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Е-макет» және «Social» бағдарламалары бойынша арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің, зейнетақы жарнасына мемлекеттік кепілдік төлемдерін жоба шешімдерін уақытылы тексереді. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін бекітеді. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың және азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Аудандық зейнетақы төлеу орталықтарымен міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына бақылау жасау және әдістемелік кеңестер жұмыстарын жүргізу. Құжаттардың рәсімделіп, мұрағатқа өткізуді дайындайды, іс қағаздары мен құжаттардың қозғалысын уақытылы жүргізеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғарғы құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша жоғары білім;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес;*
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
2. Қаржыландыру және ұйымдық-бақылауды қамсыздандыру бөлімінің бас маманына (С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарына, ҚР Еңбек кодексіне және еңбек қатынастарын реттейтің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыс жүргізу. Келіп түскен азаматтардың және заңды тұлғалардың хат-хабарлардың (хаттар, арыз-шағымдар мен басқадай өтініштерін) есебін жүргізу және осы құжаттардың өз уақтысында қаралып, орындалуын қамтамасыз етуді бақылау. АИС ЕУОЛ-1-ОЛ, ЕСЭДО, ИПГО электрондық бағдарламасын күнделікті толтыруын қамтамасыз ету және әр айдың сонында есеп беру. Мұрағат және жеке құжаттарды түгендеу жұмысын қамтамасыз етеді. Кіріс-шығыс құжаттарының рәсімделуін қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг), жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. Бас маман – заңгер консультант (С-О-5 санаты 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 27.02.2019 жылға дейін, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Басшының қол қоюына дайындалған бұйрықтардың заңдылығын заң актілерінің жобасына, талаптарынасәйкестігін бақылау және бұйрықтар мен басқадай құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын тексеру, қол қою. Департамент мүддесін сотта және басқадай құқық қорғау орындарында қорғау. Департаменттегі арнайы комиссиясы жұмысы мен сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық жұмыстарын тексеруге қатысу. Департамент құрылымы бөлімінің құқықтық жұмысына әдістемелік жетекшілік беруді ұйымдастыру. Бөлімдегі есептер мен мәліметтерді беруде сапалы және уақытылы дайындалуын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы құқықтық мамандығы бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
4. Персоналды басқару жөніндегі бам маман (С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемкорлықпен күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» зандарына, ҚР Еңбек кодексіне және еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес қадрлық жұмысын ұйымдастырып және бақылау жүргізу. Қызметкерлердің қызмет міндеттерін орындау барысында заңдылықтарды сақтауын, құжатнамаларды ресімдеу және бос әкімшілік орынға қабылдауға конкурстар өткізу мен мемлекеттік қызметшілерді аттестациялаудан өткізіп, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуді, кадрлық резерв қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыруын бақылайды. Қызметкерлердің еңбек өтілінің дұрыстығын уақытылы анықтап, еңбек кітапшаларының, жеке құжаттардың толтырылуын және мемлекеттік қызметкердің арнайы тексеруден өтуін рәсімделуін бақылайды. Департаменттегі кадр жұмыстарына үнемі талдау жасайды және жақсартуына ұсыныс береді. Табельдік есептердің, жыл сайынғы еңбек демалысы кестесінің құрылымын ұйымдастыру, еңбек және орындаушылық тәртібін қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етеді, бақылайды және дайындайды. Басқада мекемелер мен мемлекеттік органдармен қарым қатынаста болу, аналитикалық жұмыстарды жүргізу. Халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын мемлекеттік бақылау жасау және өз құзыретінде белгілеген тәртіпте қадағалап, тексеріс жүргізу. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолданады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, дәрігерлік емдеу ісі, педиатрия) мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
6. №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 28.06.2018 жылға дейін, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Е-макет» және «Social» бағдарламалары бойынша арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің, зейнетақы жарнасына мемлекеттік кепілдік төлемдерін жоба шешімдерін уақытылы тексереді. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін бекітеді. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың және азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Аудандық зейнетақы төлеу орталықтарымен міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына бақылау жасау және әдістемелік кеңестер жұмыстарын жүргізу. Құжаттардың рәсімделіп, мұрағатқа өткізуді дайындайды, іс қағаздары мен құжаттардың қозғалысын уақытылы жүргізеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
7. №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты 1 бірлік, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Е-макет» бағдарламасы бойынша және қағаз жүзіндегі құжаттарға байланысты, республикалық бюджеттен төленетін балалы отбасыларға жәрдемақы, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер, біржолғы төлемақы тағайындау жоба шешімдерін уақытылы тексереді. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың және азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Аудандық зейнетақы төлеу орталықтарымен міндетті халықты әлеуметтік қорғау заңнамасына орай жұмыстарға әдістемелік кеңестер жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін бекітеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етіп дайындайды. Әлеуметтік көмек және жәрдемақылардың уақытылы тағайындалуын және құжаттардың рәсімделуін, мұрағатта сақталуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
8. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 05.09.2018 жылға дейін, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Е-макет» және «Social» бағдарламалары бойынша арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің, зейнетақы жарнасына мемлекеттік кепілдік төлемдерін жоба шешімдерін уақытылы тексереді. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін бекітеді. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың және азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Аудандық зейнетақы төлеу орталықтарымен міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына бақылау жасау және әдістемелік кеңестер жұмыстарын жүргізу. Құжаттардың рәсімделіп, мұрағатқа өткізуді дайындайды, іс қағаздары мен құжаттардың қозғалысын уақытылы жүргізеді. Бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
9. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас маманына (С-О-5 санаты, 1 бірлік, жұмыс орны Алматы қаласы)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: МӘС бөлімдерінің қорытындысына жеке тұлғадан түскен шағым бойынша қайта куәландыру жүргізеді. Мүгедектіктің себебіне талдау жасау, топтарын және еңбек қабілетін жоғалтуының, мүгедектікті оңалтудың, куәландырудан өткізуді рәсімдеудің дұрыстығын тексереді. МӘС бөлімдері қабылдаған шешімдердің дұрыстығын бақылайды. Оңалтудың жеке бағдарламасын толтырудың, статистикалық талондардың, хаттамалар жорналдары мен МӘС бөлімдерінің басқадай құжаттарының дұрыстығын бақылайды. Медициналық әлеуметтік сараптама және мүгедектікті оңалтудың жоспар жобаларын және басқа да құжаттарды жүзеге асыруға қатысады. Медициналық әлеуметтік сараптама және мүгедектікті оңалту жұмыстары бойынша денсаулық сақтау мекемелері дәрігерлеріне кеңестік көмектер береді. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың және азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау (дәрігерлік емдеу ісі, педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар (психология), әлеуметтік қамтамасыз ету мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
10. №2, №3, №4, №6, №7, №8 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас мамандарына (С-О-5 санаты, 7 бірлік, жұмыс орны Қаскелен, Шелек, Талғар, Талдықорған, Сарқан қалалары)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: науқастар мен мүгедектерді мүгедіктің себебін, топтарын, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін, 18 жасқа толмаған балалардың мүгедек болған мерзімі мен уақытын куәландырудан өткізеді, алқалы шешім және жеке оңалту бағдарламаларына қатысады. Медициналық әлеуметтік сараптама құжаттарының дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етеді. Мүгедектердің мәліметтерін орталық деректер қоры базасына уақытылы енгізеді. Денсаулық сақтау және басқа да мекемелермен оңалту шараларын өткізілуін жүзеге асырылуын бақылайды. Бөлім құзыретіне жататын мәселелері бойынша ақпараттарды және есептерді уақытылы орындалуын және сапалылығын қамтамасыз етеді. Заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың және азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Медициналық әлеуметтік сараптама және мүгедектерді алдын-ала емдеу барысында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізеді. Мұрағаттық сақтауларды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау (дәрігерлік емдеу ісі, педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар (психология), әлеуметтік қамтамасыз ету мамандықтары бойынша жоғары білім, осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес, салалардың қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік тілде білу және компьютерде жұмыс жасай алу.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттік орган басшысымен келісім бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнама, өтініш және өзге де құжаттары персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен жайы бойынша: 050000 Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, №114, анықтамалар үшін телефон 8/727/2677194, 8/727/2677183 тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |