ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ»КМҚК
« Бекітемін»
Электротехника колледжінің
Директоры
______________А.Т.Сарпеков
«_____»______________20__ж.
«ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандық: 0902000 «ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (салалары бойынша )»
Біліктілігі: 0902033 «Техник-электрик »
Семей 2015 жыл
БАҒДАРЛАМА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ» ПӘНІ БОЙЫНША ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
( ҚР білім және ғылым министрлігінің кәсібі және техникалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және келісілді.Хаттама №3, 30.09.2009ж.)НЕГІЗІНДЕ ӨНДЕЛГЕН
0902000 «ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ(салалары бойынша )»
МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
15 % ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУІМЕН ӨҢДЕЛГЕН
ОҚЫТУШЫ: Оразаева С.С
БАҒДАРЛАМА КӨЛІК- МЕХАНИКАЛЫҚ ПЦК –ның МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАРАЛДЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ_______________________________________________
_____________________________________________________________
ХАТТАМА № ___________________________________________________
ПЦК ЖЕТЕКШІСІ__________________________________Какетаева Г.Е
КЕЛІСІЛГЕН:
ОӘБ әдіскері : Сулейменова Д.М
ОӨЖ орынбасары: Молдиярова А.Г
Еңбекті қорғау пәнінен тақырыптық жоспар.
Бөлімдердің және тақырыптардың атауы
|
Күндізгі оқуға арналған сағаттардың саны
|
барлығы
|
Соның ішінде зертханалы-тәжірбиелі жұмыстар
|
1
|
2
|
3
|
Кіріспе
|
2
|
|
1.Бөлім. Еңбекті қорғауды басқаруды ұйымдастыру .Еңбек қауіпсіздігіталаптары
1.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттар
1.2. Еңбекті қорғауды жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру.
1.3 Еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру .
1.4. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру.
1.5. Өндірістік жарақаттануды ескерту жөніндегі шаралар .
|
2
4
2
4
4
|
|
1 бөлім бойынша қорытынды
|
18
|
|
2 Бөлім. Өндірістік санитария негіздері
2.1. Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасының негізгі міндеттері.
2.2. Өндірістік еңбек жағдайларын нормалау мен санитарлы гигиеналық қамсыздандыру
2.3. Өндіріс бөлмелерін жарықтандыру. Өндірістік шу және діріл.
2.4. Қайғылы жағдайларда зардап шегушіге дәрігер келгенге дейін көмек көрсету .
|
4
4
2
4
|
2
|
2 бөлім бойынша қорытынды
|
14
|
|
3. Бөлім. Мұнай мен газды өндіру және өндеу кәсіпорындарының электржабдығын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.
3.1. Электр қауіпсіздігі туралы жалпы сұрақтар
3.2.Электр тоғымен жарақаттанудан қорғау.
3.3. Әрекеттегі электр қондырғыларында жұмысты орындау кезіндегі электр қауіпсіздігінің ережелері.
|
4
4
2
|
2
|
3 бөлім бойынша қорытынды
|
10
|
|
4 Бөлім. Өрт қауіпсіздігі мен жарылыс қауіпсіздігі негіздері
4.1. Өрт қауіпсіздігі ережелері.
4.2.Мұнай мен газды өндіру және өндеу объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық шаралар.
|
2
2
|
|
4 бөлім бойынша қорытынды
|
4
|
|
5 Бөлім.Еңбектіқорғау бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру.
5.1.Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау.
5.2.Бақытсыз жағдайларды зерттеу және есепке алу.
5.3. Қысым астында жұмыс істейтін сыйымдылыққа қызмет көрсетудегі қауіпсіздік шаралары .
|
2
2
4
|
2
|
|
6
|
|
|
54
|
6
|
Түсіндірме хат.
Оқу- жұмыс бағдарламасы «Еңбекті қорғау » пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына (Хаттама №3, 30.09.2009ж) сәйкес әзірленген.
Сабақтың барлық көлемі-60
Теориялық сағат-54
Зертханалық тәжіриебе-6
Бағдарлама еңбекті қорғау негіздерін зерттеуді қарастырады.
Бағдарлама материалдарын игеру процесінде еңбекті қорғау обласында отандық және шетелдік ғылым және техника жетістіктерімен танысады.
Оқу материалдарын жақсы игеру үшін, олардың мазмұндары плакаттармен, макеттермен және кинофильмдермен жабдықталуы тиіс.
Оқу процесін қарқындату үшін электрлі есептеу техникасын қолдану керек .
Теориялы білімдерді тереңдетіп және ойға бекіту және тәжірбие алу үшін пән бағдарламасымен тәжірбиелік оқулар және зертханалық жұмыстар қарастырылған.
Бағдарлама материалын оқу қорытындысында студенттер білу керек:
еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтарын, негізгі тапсырмаларын, еңбекті қорғау қызметінің ұйымдастырылуын;
электр қауіпсіздік негіздерін, электрлі тоқ қауіптілігін, электрлі қондырғылардағы қорғау құралдарын және қорғау шараларын;
электрлі қондырғыларға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасы;
Өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары;
Электрлі монтаждау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері ;
Қысыммен жұмыс істейтін сыйымдылыққа қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасы ;
Пәннің мазмұны.
Кіріспе
Пәннің мақсаты – басқа да оқылатын пәндермен оның байланысы. Техник электрик үшін еңбекті қорғау бойынша білімнің мәні. Өндірістің эканомикалық көрсеткіштеріне еңбекті қорғаудың әсері . Өндірістік жарақаттануды және кәсіби ауруларды қорытындылаудың мәні.
Бөлім 1. Еңбекті қорғауды басқаруды ұйымдастыру .Еңбек қауіпсіздігіталаптары
Тақырып 1.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттар
Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңдылық актілері; еңбек етушілердің құқықтары мен міндеттері.
Кәмелетке толмаған тұлғалардың және істейтін әйелдердің еңбегін қорғау жөніндегі заңдылық актілері .
Қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайын құру жөнінде ұйымдардың және өндірістің әкімшілігінің міндеттері. Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар. Ұжым келісімдері. Қауіпсіздік техника ережелерінің орындалуына персоналдың мідеттері . Еңбекті қорғау нормаларының және ережелерінің бұзылуына жауапкершіліктер: тәртіптік, әкімшілік, қоғамдық, қылмыстық, материалды.
Тақырып 1.2. . Еңбекті қорғауды жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тапсырмалардың шешілуіндегі стандарттаудың рөлі. Еңбек қауіпсіздігі стандартының жүйесі ( ССБТ). ССБТ құрылысы, жіктелу топтары , және олардың мазмұны . Негізгі ұғымдар , терминдер және анықтамалар.
Стандарттаудың салалы деңгейі. Өнеркәсіп стандарты . Өнеркәсіпке және салаларға ССТБ енгізу реті .
ССБТ құрастыру және енгізу тиімділігі және оның дамуының болжамы.
ССБТ стандарттарын енгізуге және орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу.
Тақырып 1.3 Еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру .
Еңбекті қорғау бойынша шараларды жоспарлау .
Жоспарлау негіздері . Техникалық және ұйымдастырушылық шаралар. Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының арасындағы ұжымдық келісім шарттағы шаралардың номенклатурасы .
Еңбекті қорғау бойынша шараларды қаржыландыру. Алдын алу шараларының және еңбекті қорғау жағдайларына бақылауды ұйымдастыру.
Еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы ереже. Еңбекті қорғау шарттарын және санитарлы – сауықтыру шараларын жақсартудың комплексті жоспары.
Еңбектің қауіпсіз әдістерін оқу , медициналық куәландыру .
Қауіпсіздік техникасы, өрт және радиоциалы қауіпсіздігі бойынша қызметшілердің білімін тексеру .
Тақырып 1.4. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру.
Кәсіпорын спецификасына байланысты еңбекті қорғау әдістері және формалары. Еңбек шарттарының кәсіпорын өнімділігіне әсері . Жабдықтарға қойылатын талаптар. Жұмыс орнына техникалық эстетиканы талап ету.
ГОСТ мен жүйелер « адам – машина » . Кәсіпорын спецификасына, еңбек шараларына және қиындықтарына байланысты еңбек етудің және демалудың тиімді режимін таңдау .
Арнайы киіммен . аяқкиіммен жене жеке қорғану құралдарымен жабдықтау . Жұмысшыларды нұсқама материалдармен және жоспар құжаттарымен қамтамасыз ету .
Тақырып 1.5. Өндірістік жарақаттануды ескерту жөніндегі шаралар .
Өндірістік жарақаттардың және қайғылы жағдайлардың түрлері .
Тергеу , тіркеу және қайғылы жағдайларға есеп жүргізу жөніндегі құжатнама .
Өндірістік жарақатты қорытындылау. Қайғылы жағдайларды, жарақаттануды, кәсіби ауруларды ескерту жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар.
Нұсқамалардың түрлері, сұрақтардың тізімі және оларды жүргізу мерзімдері. Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша білмді тексеру.
Білу керек:
Стандарттаудың салалы деңгейін. Өнеркәсіп стандарты . Өнеркәсіпке және салаларға ССТБ енгізу реті .
ССБТ құрастыру және енгізу тиімділігі және оның дамуының болжамы.
ССБТ стандарттарын енгізуге және орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу.
Істей алу керек:
Қауіпсіздік техникасы, өрт және радиоциалы қауіпсіздігі бойынша қызметшілердің білімін тексеру .
Бөлім 2. Өндірістік санитария негіздері
.
Тақырып 2.1 Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасының негізгі міндеттері.
Қауіпті өндірістік факторлар: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауаның шаңдануы және газдануы, шу, дірііл және діріл, ультракүлгін және инфроқызыл сәулеленудің жоғары деңгейі . Адам ағзасына әсер ететін зиянды факторлар. Санитарлы нормалар , ережелер, нұсқаулықтар.
Тақырып 2.2. Өндірістік еңбек жағдайларын нормалау мен санитарлы гигиеналық қамсыздандыру
Сумен жабдықтауға және канализацияға қойылатын санитарлы- техникалық талаптар.
Жұмыс орнындағы температураның және ылғалдың режимі, ауаның қозғалыс жылдамдығы . Ауадағы зиянды заттардың шекті мүмкін болатын консентрациясы.
Зиянды заттарды анықтау әдістері және олардың консентрациясын өлшеу.
Жұмыс орындарында қоршаған ортаның қалыпты параметрлерін сақтау әдістері . Вентиляция, вентиляция жүйесінің түрлері. Кондиционерлеу.
Тақырып 2.3. Өндіріс бөлмелерін жарықтандыру. Өндірістік шу және діріл.
Жарықтандыру түрлері . Жарықтандыру арматурасына , қондыру аппараттарына , жерге қосуға және нөлдеуге қойылытын талаптар . Бөлек жұмыс орындарын және бөлмелерді жарықтандыру нормалары . Бөлменің тағайындалуына байланысты жарықтандыру жабдықтарының типі .
Мүмкін болатын шу деңгейі . Шудан қорғау әдістері
Мүмкін болатын діріл деңгейі . Дірілден қорғау әдістері .
Тақырып 2.4. Қайғылы жағдайларда зардап шегушіге дәрігер келгенге дейін көмек көрсету .
Адамды электр тоғының әсерінен босату . Тура және жанама әрекет ететін электр тоғынан зардап шеккен адамға дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек . Электр тоғының әсері. Қолдан демалдыру және жүрекке тура емес массаж жасауды орындау реті .
Талып қалғанда , күн өткенде , қан тоқтамай қойғанда , сіңір созылғанда , шығып кеткенде сынғанда , күйіп қалғанда , үсігенде , дәрігер келмей тұрып көрсетілетін алғашқы жәрдем.
Зарядталған зонадағы газдармен немесе басқада заттармен уланған тұлғаларды эвакуациялау және оларға дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсету.
Қауіпті зонада жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету . Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету пунктінің жабдықтары .
Білу керек:
Адам ағзасына әсер ететін зиянды факторлар. Санитарлы нормалар , ережелер, нұсқаулықтар.
Істей алу керек:
Қауіпті зонада жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету . Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету пунктінің жабдықтары .
Бөлім 3. Мұнай мен газды өндіру және өндеу кәсіпорындарының электржабдығын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі.
Тақырып 3.1 Электр қауіпсіздігі туралы жалпы сұрақтар Қауіпті өндірістік факторлар: қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауаның шаңдануы және газдануы, шу, діріл және діріл, ультракүлгін және инфроқызыл сәулеленудің жоғары деңгейі . Адам ағзасына әсер ететін зиянды факторлар. Санитарлы нормалар , ережелер, нұсқаулықтар.
Тақырып 3.2. Электр тоғымен жарақаттанудан қорғау
Сумен жабдықтауға және канализацияға қойылатын санитарлы- техникалық талаптар.
Жұмыс орнындағы температураның және ылғалдың режимі, ауаның қозғалыс жылдамдығы . Ауадағы зиянды заттардың шекті мүмкін болатын консентрациясы.
Зиянды заттарды анықтау әдістері және олардың консентрациясын өлшеу.
Жұмыс орындарында қоршаған ортаның қалыпты параметрлерін сақтау әдістері . Вентиляция, вентиляция жүйесінің түрлері. Кондиционерлеу.
Тақырып 3.3 Әрекеттегі электр қондырғыларында жұмысты орындау кезіндегі электр қауіпсіздігінің ережелері..
Жарықтандыру түрлері . Жарықтандыру арматурасына , қондыру аппараттарына , жерге қосуға және нөлдеуге қойылытын талаптар . Бөлек жұмыс орындарын және бөлмелерді жарықтандыру нормалары . Бөлменің тағайындалуына байланысты жарықтандыру жабдықтарының типі .
Мүмкін болатын шу деңгейі . Шудан қорғау әдістері
Мүмкін болатын діріл деңгейі . Дірілден қорғау әдістері .
Білу керек:
Жұмыс орындарында қоршаған ортаның қалыпты параметрлерін сақтау әдістері . Вентиляция, вентиляция жүйесінің түрлері. Кондиционерлеу.
Істей алу керек:
Мүмкін болатын шу деңгейі . Шудан қорғау әдістерін
Мүмкін болатын діріл деңгейден . Дірілден қорғау әдістерінен қорғану .
Бөлім 4. Өрт қауіпсіздігі мен жарылыс қауіпсіздігі негіздері
Тақырып 4.1. Өрт қауіпсіздігі ережелері.
.
Жарылғыш қауіпті заттар. Энергетика өндірісінде пайда болған жанулардың, өрттің және жарылыстардың себептері . Энергетика өндірістерін жобалаған кездегі өрт қауіпсіздігінің нормалары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау жолдары.
Жарылғыш және өртке қауіпті бөлмелерде орналасқан электр жабдықтарға қойылатын талаптар . Статикалық электрдің қауіпті әсерімен күресу әдістері . Найзағайқорғағыш. Жануға және өртке қауіпті орындарда ашық отпен жұмысты ұйымдастыру. Тез жанатын және жарылуға қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары .
Тақырып 4.2. Мұнай мен газды өндіру және өндеу объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық шаралар.
Өрт сигнализациясының және байланыстарының түрлері .Өртті сөндіру құралдарының автоматталған және басқа да жүйелері және оларды тексеру реті және және кабельді туннельдерде, тарату қондырғыларда , аккуммуляторлы және электролизді қондырғыларда оларды қолдану . Күш трансформаторларының турбогенераторының өрт сөндіру жүйесі .
Білу керек:
Өрт сигнализациясының және байланыстарының түрлері .Өртті сөндіру құралдарының автоматталған және басқа да жүйелері және оларды тексеру реті және және кабельді туннельдерде, тарату қондырғыларда , аккуммуляторлы және электролизді қондырғыларда оларды қолдану.
Істей алу керек:
Жарылғыш қауіпті заттарды. Энергетика өндірісінде пайда болған жанулардың, өрттің және жарылыстардың себептерін алдын алу . Энергетика өндірістерін жобалаған кездегі өрт қауіпсіздігінің нормаларын пайдалану. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау жолдарын шешу.
Бөлім 5. Еңбектіқорғау бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру.
Тақырып 5.1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау.
Әрекет ететін электрлі қондырғыларды және электрмен жабдықтау жүйелерінде өндірістік жұмыс атқарған кездегі қауіпсіздік техникасының ережелері . Жұмыстың негізгі тізімі . Қауіптілігі жоғары жұмыстар туралы түсінік . Қауіпсіз өндіріс жүмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар . Персоналға қойылатын талаптар . Электр қауіпсіздігі бойынша квалификация топтары . Қауіпсіз өндіріс жұмыстарын ұйымдастыру кезінде толтырылатын негізгі құжатнама .
Жұмысқа бригаданы жіберу ережелері . Жұмыс уақытында бригаданы бақылау. Бір жұмыс орнының басқа орынға ауысу . Жұмыста үзілісті және жұмыс уақытының аяқталуын ұйымдастыру. Жұмыс орнын қабылдау және тапсыру .
Тақырып 5.2. Бақытсыз жағдайларды зерттеу және есепке алу.
Электр жабдықтарын тексеру кезіндегі қауіпсіздік шаралары, электр құралдарын және тасымалдау шамдарын пайдалану , элекғтрлідәнекерлеу жұмыстарын және аккуммуляторлы қондырғыларға қызмет көрсетуді жүргізу .
Электр жабдықтарының апатты жағдайын анықтағанда персоналдың әрекеті . Кабельді желілерде, теректерде жұмыс атқарған кездегі қосымша қауіпсіздік шаралары . Жоғары кернеумен электр жабдықтарының оқшаулатқышын сынау кезіндегі қауіпсіздік шаралары .
Тақырып 5.3. Қысым астында жұмыс істейтін сыйымдылыққа қызмет көрсетудегі қауіпсіздік шаралары .
« Қысым астында жұмыс істейтін сыйымдылықтарды қауіпсіз пайдалану және құрылғы ережелері » талаптары.
Ауа жанғыштарды , колепрессорларды , қысылған газдары бар сыйымдылықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары . Сақтандыру шаралары, қауіпсіздік белгілері .
Жанғыш газдары бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Білу керек:
Электр жабдықтарын тексеру кезіндегі қауіпсіздік шараларын, электр құралдарын және тасымалдау шамдарын пайдалану , элекғтрлідәнекерлеу жұмыстарын және аккуммуляторлы қондырғыларға қызмет көрсетуді жүргізу .
Істей алу керек:
Ауа жанғыштарды , колепрессорларды , қысылған газдары бар сыйымдылықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын пайдалану .
Ұсынылатын зертханалы – тәжірбиелі жұмыстардың тізімі.
Қолдан демалдыруды және маникенде тура емес массаж жасауды орындау
Өндірістік жарақаттануды ескерту жөніндегі шаралар
3. Бақылау жұмысы
Еңбекті қорғау
Еңбек жайындағы заңдарды анықтайтын негізгі документ:
а) ұйым бойынша бұйрық;
б) КЗОТ (ЕТЗТ)
в) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы инструкциясы
г) ПТЭ
дД) еңбек ету құқықтары.
Өнекәсіптерде жұмыстардың қауіпсіздігін сақтау ережелері:
а) ұйым бойынша бұйрық
б) КЗОТ
в) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы туралы инструкциясы
г) ПТЭ
д) еңбек ету құқықтары.
«Еңбек-адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі» - осы сөйлем Қазақстан Мемлекетінің еңбек туралы заңынан қай тарауға кіреді:
а) 1 тарау 1 бап
б) 2 тарау 17 бап
в) 5 тарау 45 бап
г) 6 тарау 54 бап
д) 1 тарау 7 бап
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына ... сағаттан аспауға тиісті:
а) 32
б) 40
в) 48
г) жағдайына байланысты
д) 36
Түнгі уақыттағы жұмыс:
а) 18 ден таңғы 8-ге дейін
б) 22 ден таңғы 6-ға дейін
в) 20 ден таңғы 8-ге дейін
г) 22 ден таңғы 8-ге дейін
д) 18 ден таңғы 6-ға дейін
6. Өндірістік ғимараттарда ауаның нормалды дымқылдығы болу керек:
а) 20-25 %
б) 60-80 %
в) 40-60%
г) 0-50%
д) 80-90%
7. ... тоқ әсер етсе адамның қолы дереу семіп қалады:
а) ≈1м А
б) 80м А
в) 35м А
г) 10м А
д) 100м А>
8. Зақым әр түрлі болады, ми шайқалу зақымы жатады:
а) электрлі
б) химиялық
в) жылу
г) механикалық
д) тағы басқалар
9. Мекемеде 2007-2008 жұмыс жылында жұмысшылардың орташа саны Б=50 болды, осы уақытта болған зақымдық оқиғаның жалпы саны А=2, сонда өндірістік зақымдық жиілігі коэффициенті Ки болады:
а) 2
б) 4
в) 48
г) 25
д) 52
10. Электрлі зақымды әкелетін негізгі физикалық фактор:
а) тоқ күші
б) қуат
в) кедергі
г) кернеу
д) ЭҚК
11. Сезінерлік тоқтың шамасы:
а) ө 5 – 7м А
б) ≈20 -25м А
в) -0,1-0,3м А
г) -5 А
д) ≈ 10-15м А
12. Адамның денесінің кедергісінің салыстырмалы шамасы:
а) 4,0 кОм
б) 1,0 кОм
в) 10 кОм
г) 0,1 кОм
д) 0,01 кОм
13. Қауіпсіздік дәрежесі бойынша ғимараттардағы бөлмелер ... топқа жіктелінеді
а) 5
б) 3
в) 8
г) 2
д) 4
14. Кернеуде жұмыс атқаратын құрал жабдықтардың маңына жақындауға болмайтын арақашықтық:
а) 1,5м
б) 2,0м
в) 0,6м
г) 2,5м
д) 0,5м.
15. Қауіпсіздік ережесі бойынша газабалондарды әр түске бояиды, қара түсті және ақ жазуы бар баллон көрсетеді:
а) көміртек қос тотығы
б) ауа
в) оттек
г) гелий
д) таза аргон
16. Қауіпсіздік ережесі бойынша бу қазандардың сақтық клапандардың және бу қыздырғыштардың қысымын реттейді, мысалы, Рном=6,0-14,0 МПа болса, сақтық клапанды ашуға жұмыс қысымы болады:
а) Р+0,02
б) 1,05 Р
в) 1,08 Р
г) 1,10 Р
д) 2,0 Р
17. Қауіпсіздік ережесі бойынша ыстық су және бу құбырлары қысым және температура бойынша бөлінеді:
а) 5 топқа
б) 3 топқа
в) 4 топқа
г) 8 топқа
д) 2 топқа
18. Өндірісте болған жазатайым жағдайларда жазылған акт Н-1 сақталынады:
а) бір ай
б) бір жыл
в) 10 жыл
г) 45 жыл
д) шексіз.
Жұмыс орнында ауадағы зиянды заттардың мүмкін шекті концентрациясы (ПДК, мг/м3):
а) 0,1-1,0
б) 10,0>
в) 1,1:10,0
г) 0,1>
д) 11,0:15,0
Әр өнеркәсіптерде шуылдың мүмкін шекті деңгейі ... ережелері бойынша сипатталады:
а) ГОСТ 12.10.12.- 78
б) СН 3223-85
в) ГОСТ 20445-75
г) СН 2274-80
д) СН и П 2.01.02-85.
Ұсынылатын әдебиет :
Еңбекті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары
Князевский Б.А. « Энергетикадағы еңбекті қорғау» М.1985ж.
Чекалин Н.А. Полухина Г.Н. Чекалина С.А. « Электр шаруашылық өндіріс кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау » М. Энергоатомиздат .1990ж.
Короблев В.П. « Сұрақтар мен жауаптардағы электр қауіпсіздігі » М. Московский рабочий (Москвалық жұмысшы),1985ж.
« Электр энергетика қондырғыларындағы қауіпсіздік техникасы », М.Энергоатомиздат, 1987ж.
Путилов А.А, Копреев А.А, ПетрухинН.В. « Қоршаған ортаны қорғау »,М , Химия ,1991ж
Гердон Ю.Г, Воинштеин Л.И « Электр жарақаттануы және оны ескерту », М, Энергоатомиздат,1986ж
8 Энергетикадағы еңбекті қорғау туралы әрекет ететін директивті құжаттар 2005 ж
9 Қазақстан Республикасының конституциясы. 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |