Шешуі Парабола мен түзудің қиылысу нүктелерінің абсциссасын анықтайық: . Бұл жүйенің шешуі: Ауданды формуласы бойынша есептейміз:
8. Өздік жұмыс тапсырмалары
1 тақырып. Сан жиындары. Сан тізбектері. Функция. Функцияның шегі. Функцияның үзіліссіздігі.
Бір айнымалы функция. Функция ұғымы. Функцияның анықталу облысы. Функцияның графигі. Функцияның шегі. Тамаша шектер. Шексіз аз және шексіз үлкен функциялар. Функцияның үзіліссіздігі. Функцияның үзіліс нүктелері.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 105б., 142-165б.
2 тақырып. Анықталмаған интегралдар.
Анықталмаған интеграл. Алғашқы функция және анықталмаған интеграл, қасиеттері және негізгі интегралдардың кестесі.Айнымалыны ауыстырып интегралдау. Бөліктеп интегралдау. Рационал, кейбір иррационал және тригонометриялық функцияларды интегралдау тәсілдері.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 223-235б., 237-255б.; [3], 91-98б.
3 тақырып. Анықталған интегралдар
Анықталған интеграл. Интегралдау әдістері.Анықталған интегралдың геометриалық және физикалық есептерді шешуге қолданылуы. Меншіксіз интеграл.
Ұсынылатын әдебиет: 4], 260-274б.; [3], 101-108б.
9. СОӨЖ кеңестер графигі (СОӨЖ СӨЖ-дің 25% құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңес осы семестрге сәйкес құрастырылған СОӨЖ кестесімен жүргізіледі.
10. Студенттердің білімін тексеру кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
№
|
Жұмыс түрлері
|
Тақырып
|
Әдебиет
|
Орындау
уақыты
|
Бақылау
түрі
|
Тап
сыру мер
зімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Жазбаша жұмыс
|
Сан жиындары. Сан тізбектері. Функция. Функцияның шегі. Функцияның үзіліссіздігі.
|
|
4 апта
|
|
5-ші апта
|
2
|
Жазбаша жұмыс
|
Бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеуі
|
|
2 апта
|
|
8-шы апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
тест
|
8-ші апта
|
4
|
Жазбаша жұмыс
|
Анықталмаған және анықталған интеграл
|
|
3 апта
|
|
12-ші апта
|
5
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
тест
|
15-ші апта
|
11. Студенттердің білімін бағалау критерийлері
Пән бойынша емтихан тест түрінде өткізіледі. Емтиханға жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған студенттер жіберіледі.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе тапсырмалары, межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың арифметикалық орташасынан қорытылады.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын (жұмыстарды және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру) орындаған және кіру рұқсатының рейтингі 50 баллдан кем емес студенттер жіберіледі.
Студенттің әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба))салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб).
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Пән бойынша қорытынды баға жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «қанағаттаннарлықсыз» деген бағаға теңестіріледі.
Қорытынды бағаның есептелуі дұрыс болу үшін межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихан 0 ден 100%-ға дейін пайызбен бағаланады.
Межелік бақылау бағасы ағымдағы және межелік бақылаудың бағаларының қосындысы болады.
Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:
Әріп жүйесі бойынша баға
|
Балдың цифрлық баламасы
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
12. Оқытушының талаптары, курс саясаты
Студенттер міндетті түрде сабақтарға қатысу керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың орнатқан тәртібі бойынша босатқан сабағын тапсырады. Сабаққа екі рет кешігіп келу бір сабақты босатумен теңеледі. Екі сабақтан көп босатқан жағдайда оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы. Берілген курстың студенттерінің контингенті болмайтын бөгде адамдардың дәрісте отыруына тыйым салынады.
Тапсырмаларды көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Студенттер әр оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталауға және өткен тапсырмаларды орындап тапсыруға міндетті. Оқу материалдарын меңгеру деңгейі тест немесе жазбаша жұмыстар арқылы тексеріледі. Студенттерді тестілеу алдын ала ескертусіз өткізілуі мүмкін.
Студенттің оқытушымен өздік жұмысын (СОӨЖ) орындау барысында келесі төрт негізгі функцияларды ескеру керек:
Бірінші – оқу пәні бойынша сабақтар барысында оқытушы студентке берген ақпараттың белсенді қабылдануын болжамдайды.
Екінші – студенттер өздігінен оқытушының нұсқауларын негізге алып, оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді меңгеруді, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындауды болжамдайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білуді, өздік ұйымдастырушылықты және тәртіпті талап етеді.
Үшінші – студенттің өзінің қиындық туғыздыратын жағдайларын талдау және жүйелеу, оқу материалын түсіну және меңгеру кезіндегі қиыншылықтардың себептерін анықтау, басқа оқу амалдарын орындау. Студенттер шешілмейтін қиындықтарын оқытушы үшін сұрақтар жүйесіне аударады (реттейді, құрастырады), сол сұрақтарға өз жауаптарын қосады.
Студенттердің төртінші функциясы оқытушыдан сәйкес түсініктеме, кеңес алудан тұрады.
13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Нұрбеков Б.Ж. Алгебра және геометрия: оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2008. – 170б
Қабдықайыр Қ. Жоғары математика:[жоғары оқу орындарына арналған оқулық].-Өңделiп, толықтырылған 3-шi басылымы.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-561 б.
Өсенбаева Қ. Жоғары математика курсы:оқу құралы.-Алматы:Қарасай.-2007.-328 б.
Дүйсек А.К., Қасымбеков С.Қ. Жоғары математика:оқу құралы.-Алматы.-2004.-439 б.
Махмеджанов Н.М. Жоғары математика есептерiнiң жинағы:[жоғары оқу орындарының бейматематика манадықтарының студ. арналған оқу құралы].-Алматы:Дәуiр.-2008.-389 б.
Қабдықайыр Қ. Жоғары математика:[жоғары оқу орындарына арналған оқулық]. .-Алматы.-2007.-408 б.
Қосымша
Айдос Е.Ж. Жоғары математика-2:оқулық.-Алматы:Бастау.-2008.-466 б.
Мұхтаров М.М. Математика:тәжiрибелiк сабақтарды өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар.-Павлодар:С. Торайғыров атындағы ПМУ.-2007.-135 б.
Достарыңызбен бөлісу: |