Кадрлық құрам және білім сапасын жоғарылату
Білім алушы теориялық білім мен практикалық білімді тәжірибелі мамандар,еңбек сіңірген
ғылыми қызметкерлер,үлкен педагогикалық өтілі бар оқытушылар және өзінің бейіні бойынша
практикалық тәжірибелік жұмыс жетекшілігімен алады.
Университет қабырғасында жоғары деңгейлі ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді, олардың ішінде
ғылыми доктор, докторPhD,ғылым кандидаттары.
Білім сапасын жоғарылату мақсатында жүзеге асырылатындар:
Жыл сайын профессорлық-оқытушылық құрамды іріктеу (ПОҚ);
ПОҚ-тың біліктілігін арттыру тұрақтылығы;
Материалдық базаны жарақтандыру мен жаңарту,зертхана спектрін және олардың мамандануын
кеңейту,полигон сынақтарын және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру ;
ПОҚ және студенттердің ғылымзерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Студенттерге академиялық жинақылық тәртібі бойынша Қазақстандық және халықаралық ЖОО-
мен келіссөздер жүргізе отырып, оқуға мүмкіндік беру және академиялық жинақылық
бойынша,Қазақстан ЖОО-да шет елдік студенттерді және басқа білім алмасу бойынша оқып
жатқан студенттерді қаржыландыру;
Пән оқытуда алдыңғы, заманауи және жаңартпа әдістерді қолдану;
Тәжірибелік дағдылар алу үшін студенттерді алаңдармен қамтамасыз ету,тәжірибе және жұмыспен
қамтуды ұйымдастыру;
Әр түрлі әдіспен аралық бақылауды өткізу және ұйымдастыру: ауызша, жазбаша, тестілеу,
шығармашылық тапсырманы орындау, кешенді емтихан және т.б. білім алушылардың жан-жақты
дайындықтары үшін,олардың шешендік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін
ынталандыру;
Пән бойынша білімді бағалаудың ақиқат жүйесін өңдеу,енгізу және жетілдіру
Жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі «Quiz» жаңа ағымдық бақылауды енгізу;
Кітапхана қызметтерін, оның ішінде университеттің электрондық кітапханасына және басқа
электронды анықтамалық материалдар мен іздеу жүйесіне кіруге болатын электрондық портал
ұсыну үшін ақпараттық-білім жұмыстарын ұйымдастыру (АБЖ);
Шет тілін үйренуші студенттер және бітіруші курс студенттерінің дайындау және кеңес алуы үшін
университет шығарушы мамандықтар аясында жұмыс жасаушы шет ел мамандары мен
оқытушыларын шақыру үшін ;
Олардың өзіндік жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында магистранттардың ғылыми
еңбектерін ,студенттердің дипломдық және курстық жұмысын,СӨЖ-ын плагиатқа тексеруді
жүзеге асыру.
Оқу ақысын төлеу ережесі
Білім беру қызметінің, қосымша білім беру қызметінің,сондай-ақ әр академиялық жылға әкімшілік
және студенттік төлемін төлеу құны университеттің тиісті мүшелері бекіткен Прейскурантта келтірілген
ЖОО-ның Ғылыми кеңесі жариялаумен ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Университеттің барлық студенттері оқу және басқа қызмет ақысын уақтылы төлеуі керек. Білім
алушылардың қаржылық берешегі болған жағдайда сабаққа қатыса алмайды және емтихан тапсыра
алмайды.
Университетте оқу ақысының икемді жүйесі істейді(жеңілдіктерді ұсыну ережесін қараңыз).
Университет білім қызметінің және қосымша білім қызметінің ,сондай-ақ әкімшілік және басқа
төлемдерді уақтылы төлемеген жағдайда келіссөзді бұзуға құқы бар.
Білім алушының барлық түскен қаржылары «студенттің дербес шотын толтыру» деген атпен
болады.Университет белгілеген кезек бойынша дербес шотқа түскен қаржыны есептен шығару жүргізіледі.
Әр оқу айының 1-і күні оқу ақысын есептен шығару жүргізіледі. Жылдық оқу ақысы 8 оқу айында
жүргізіледі.Емтихандық сессия басталар алдын студентте ағымдық семестрде қаржылық берешегі болмауы
тиіс .
Оқытудың кредиттік технологиясы
Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – демалыс күндері белгіленген ағымдағы оқу
жылының бақылау,тәжірибелік және оқу іс-шараларының күнтізбесі (демалыстар мен мерекелер ).
Академиялық кезең (Term) –15 аптадан тұратын бір семестрге тең теориялық оқыту кезеңі.
Академиялық ұтқырлық - бұл белгілі бір академиялық кезең үшін оқу немесе ғылыми зерттеулер
жүргізу үшін стажерлердің немесе академиялық зерттеушілердің қозғалысы: басқа оқу орнында (ел ішінде