ПСИХОЛОГИЯ
Психологияға кіріспе
Дәріс жоспары
Психологияға кіріспе
Пәні, міндеттері, мақсаттары
Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер писхология алғашқы уақытта теориялық басымдау не танымдық пән болса, сол қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарудағы білім беру жүйесіндегі, денсаулық , заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі , спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс – әрекеттің бір саласына айналуда.
Сонымен осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әр түрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте психология салаларының жіктеудің негізгі принципі-психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әр түрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған ьбілімдерге жіктеледі. Оларлдың ішінде инженерлік психология авиацуия психология, ғарыштық психология т.б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметі адамды оқыту мен тәрбиелеудің психолдогиялық заңдарын ашу. Оның бөлімдері оқу психологиясы, тәрбие психологиясы сондай ақ мұғалім психологиясы, даму жетімсіз балаларды оқыту , тәрбиелеу психологиясы.
Медицнналық психология дәрәгер қызыметі мен сырқат адам мінез – құлқының психолрогиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың физиологиялық құрылымдары мен байланысын айқындаушы нейро психология емдір дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалын белгілеуші фармако психология науқасты емдеуде қолданатын психикалық әсердерді зерттейтін психотерапия, психикалық алдын алу профиалктика және психо гигиена тарауларына бөлінеді.
Құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады, онда бірнеше салаларға жүктеледі. Қылмыскер психология үкім шығаушы мен орындаушы психолгиясы және т.б. Әскери психогогия адамның соғыс жағдайындағы қылық әрекетін, қой басшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт наситхат психологиясының әдістерін және т.б. зерттейді. Аталған топ қатарынва спорт сауда, ғылым және өнер шығармашылық психологиясы да кіреді.
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғылымдар әулетінің зерттеу обьектісі болып келеді. Осы таритхи мен қалай пайда болғанын тілі мен әдеттерән танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының аталатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатынаоның саналы қоғам шеңберінде өркендеу мен қалыптасуына , төңірегіндегі басқа адамдар мен қарым – қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызығушылық уақыт озығуымен өрістей түскен. Қазіргі кезде өндіріс, ғылым, медицина өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірден бір іс әрекеттік психологиялық заңдылықтарды түсініп танып білмей тиімді орындалу мүмкін емес. адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі. Бұл қоғамның кемелденіуі үшін өте қажет адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьекті ал ғылымдардың әр бірі өзіне тәнерекше көкейкесті мәселер мен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |