205
шығару порттарынан оқу арқылы жҥзеге асыру
Мәліметтер – белгілі бір процесс кӛмегімен тасымалдап, ӛңдеуге болатын,
формальды тҥрде бейнеленген
фактілер мен идеялар
Мәліметтер – сан мәндерін, мәтін ретіндегі сӛз тіркестерін де мән ретінде
қабылдай алатын тҧрақтылар (константалар), айнымалылар, тағы осылар тәрізді
қҧрылымдар немесе солардың адрестері
Меншіктеу операторы – жазылған ӛрнектердің
мәнін есептеп, оны айнымалыға
(функцияға) беру операторы
Нақты сандар – аралас сандардың бҥтіні мен бӛлшегін нҥкте (немесе Е) арқылы
бӛліп жазу тәсілі
Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,
дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу
Нұсқауыш – С тіліндегі мәліметтердің адресін сақтайтын айнымалы, яғни
адрестің символдық тҥрде кескінделуі
Оператор – операциялар мен мәндерді кӛрсететін немесе солардың элемент-
терінің қай жерде орналасқанын
білдіретін символдар жиыны
Оператор – программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын
тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сӛйлемі
Операциялар немесе амал-әрекеттер – берілген, есептелген мәндерді
меншіктеу, соларды ӛңдеу, салыстыру істерін орындау
Ӛрнек – арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген
айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар тағы да басқа мағынасы бар
сӛздер тізбегі
Параметрлі цикл операторы (for) – параметр ӛзінің алғашқы мәнінен соңғы
мәніне дейін берілген қадаммен ӛзгеру барысында циклге кіретін бір немесе
бірнеше әрекеттерді қайталап орындау ісін атқаратын оператор
Паскаль программалық блогы – программаның тақырыбы, сипаттау бӛлімі және
begіn және
end сӛздерімен қоршалған операторлар бӛлімінің жиыны
Паскаль тілі – 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт
жасап шығарған оқып ҥйренуге қолайлы программалау тілі
Пиксель – экранның адрестелетін
ең кіші элементі
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің ерекшеліктерін еске
ала отырып, есептің математикада жазылу тіліне жақындастырылған тілдер
Программа – алгоритмді машинаға тҥсінікті нҧсқаулар тізімі ретінде жазу
Программалау тілінің түйінді сӛздері – бір-бірімен айыру белгілерімен бӛлініп,
программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сӛз тіркестері
Программаны орындау ортасы – программалау тілдерінде программа кодын
қҧрастырып, оны орындауға мҥмкіндік беретін
біріктірілген орта
Процедура – программадағы бірнеше операторларды олардың бастапқы парам-
етрлерін ӛзгерте отырып, бірнеше рет қайталап орындауды жҥзеге асыратын
қосалқы программалар тҥрі
Рекурсия – процедура немесе функция операторларының орындалуы барысында
оның ӛзін-ӛзі, яғни осы қосалқы программаның ӛзін ӛзінің ішінде пайдалану тәсілі
С – программалық жабдықтамалар жасауға және әртҥрлі есептер шығаруға
арналған қҧрылымдық программалау тілі
Стандартты функциялар – жиі кездесетін математикалық және басқа да
функциялардың программалау тілінің ішкі объектісі ретінде берілуі
Сызықтық құрылым – бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан
бірнеше әрекеттер (операторлар) жиыны
206
Таңдау операторы (switch) – бірнеше тармақты операторлардың ішінен берілген
ӛрнектің мәніне байланысты біреуін таңдауды жҥзеге асыратын оператор
Тармақты құрылым – шартқа байланысты екі
оператордың бірінің орындалуы
Тип (мәліметтердің немесе
шамалардың типі) – программалау оюъектілерінің
қабылдай алатын мәндерінің және солармен орындауға болатын амалдардың
жиыны, яғни шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама
Транслятор – программалау тілін машина тіліне аударатын программалар тобы
Тұрақты (немесе
константа) – программаның орындалу барысында мәндері
ӛзгеріссіз қалатын
шамалар
Тілдің әліпбиі – программаның элементтерін қҧруда қолдануға болатын
символдар жиыны
Тілдің қарапайым объектілері – сан, идентификатор, константа, айнымалы,
функция, ӛрнек ҧғымдары
Тіркестік (жолдық) константа – С тіліндегі қос тырнақшаға алынған
символдар жиыны
Тіркестік айнымалы – мән ретінде апострофтармен қоршалған сӛз тіркестерін
қабылдайтын айнымалы
Тіркестік ӛрнек – амал белгілері, тіркестік тҧрақтылар, айнымалылар және
функция атауларынан қҧралған, ҧзындығы 256 символдан артпайтын сӛз
тіркестерінен қҧралған
тізбек
Файл – сыртқы есте сақтау қҧрылғыларында (магниттік дискілерде) орналас-
тырылған және мәлімет ӛңдеу, тасымалдау кездерінде біртҧтас кҥйде қарасты-
рылатын мәліметтер жиыны
Файл (fіle) – магниттік дискілерде тізбектеле орналасқан жеке элементтерден
тҧратын белгілі бір ат қойылған ақпараттар тобы.
Функция – жҧмыс нәтижесінде бір ғана мәнді анықтайтын қосалқы прог-
раммалар (операторлар тізбегі) тҥрі
Цикл – белгілі бір шарт орындалса (кейде орындалмаса), кӛрсетілген команда-
лардың бірнеше рет қайталанып атқарылуы немесе шарт кӛрсетілмей-ақ алдын
ала олардың неше рет қайталанатынын бҥтін санмен беру
Цикл – операторлар бӛлігінің бірнеше
рет қайталана орындалуы
Шартты оператор (if) – тармақталу процестері бар алгоритмдерді ҧйымдас-
тыратын, белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты
екі мҥмкіндіктің бірін таңдау операторы
Шартты операция (? :) – берілген шартқа байланысты әртҥрлі мән қабылдай
алатын
шартты ӛрнектер қҧратын ҥшорынды операция (С/C++ тілінде).
Шартын алдын ала тексеретін цикл операторы (whіle) – орындалар алдында
қайталану шартының мәні есептеліп, соның ақиқат/жалған болуына байланысты
циклді ҧйымдастыру операторы.
Шартын соңынан тексеретін цикл операторы (do..while) – цикл тҧлғасы
орындалғаннан кейін қайталану шартының мәні есептеліп, соның ақиқат/ жалған
болуына байланысты циклді ҧйымдастыру операторы.