196
13. ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Компьютердің машиналық тілінде жҧмыс істеу программалаушының ӛте
жоғары деңгейін талап етеді. Есептеу машиналарының бірте-бірте кӛбеюіне
байланысты онымен қарым-қатынас жасауды оңайлату қажеттілігі пайда болды.
Біріншіден істелген іс – компьютер жадын бӛлу жҧмысы автоматтандырылды
және машиналық командалар ҥшін адамға тҥсінікті белгілеулер енгізілді. Осылай
пайда болған компьютермен қатынасу тілі
Ассемблер тілі деп аталды. Кейін-
нен кӛптеген тілдер дҥниеге келіп, олар уақыт талабына сай мҥмкіндігінше
жетілдіріліп отырылды.
Программалау тілдерін жасау және дамыту жҧмысының басында АҚШ-
тағы атақты IBM фирмасы тҧрды. Бҧл фирма кәсіби программалаушылардан
басқа да мамандарға алгебралық формулалармен жҧмыс істеуге дағдыланған
ғылыми қызметкерлер мен инженерлерге жеңіл қолдануға болатын компьютер-
лер шығаруға тырысты.
1953 жылы Джон Бэкус компьютерлердің IBM-704 атты нҧсқасына арнап
программалауды оңайлататын жаңа тіл ойлап шығаруды ҧсынды. Осыған орай
жаңа тілдің сӛйлемдерін (операторларын) машиналық кодқа тҥрлендіретін
программаны – трансляторды да жасап шығару керек болды.
Алдыңғы кезде мамандар Бэкустың жҧмыс тобына ҥлкен сенімсіздікпен
қараған болатын, ӛйткені машиналық кодты жетілдіру істерінің алғашқы
ҧсыныстары айналасында, «адам тілінде сӛйлейтін» компьютерлер болады
деген әңгіме-сӛз кӛп болған еді.
Әйтсе де, FORTRAN
(FORmula TRANslator — формулаларды тҥрлендіргіш)
деп аталған тіл 1957 жылдың сәуірінде дайын болды және ол машина тіліне тек
«формулаларды аударып» қана қоймай, циклдерді ҧйымдастыру істерін де
автоматтандыра білді.
Бҧл жҥйенің табысы кҥткен мҥмкіндіктен бірнеше есе асып тҥсті, 1958
жылдың ӛзінде-ақ IBM-704 компьютерлеріндегі машиналық командалардың
жартысынан астамы қолмен емес, осы Фортран тілінің трансляторы арқылы
алынды.
Негізінде, Фортран жаңа программалау қҧралы емес, бҧрынғы нақты маши-
наға кӛмекші ретінде, оны сату ісін арттыратын мҥмкіндіктің бірі ретінде ғана
жасалған жҧмыс болатын.
Бірсыпыра кемшіліктерінің болуына қарамастан, мысалы, кейбір програм-
малау идеологтары Фортранды «зердені тҧйыққа тірейтін, синтаксис ереже-
лерімен біріккен бҧтақшалардың тізбегі, оны оқып ҥйренуге тиым салу» керек
деп шулағанымен, бҧл тіл кӛпшілікке кең таралып кетті және оны басқа маши-
наларға да икемдеп енгізу ісі жҥргізіле бастады.
Икемдеу ісі (адаптация), Фортран тілінен басқа машина тілдеріне транс-
лятор программалар жасау арқылы жҥргізілді, әрине, ол оңай іс емес болатын.
Дегенмен, программалау тарихында тҧңғыш рет программаны жақсы
қойылған тапсырма бойынша (Фортран тілінің ережелерімен) жасау, «не