Практикалық сабақтың мазмұны
Сызықтық алгоритмді программалау
Мақсаты:
а) Сызықтық алгоритмді программалау. Паскаль тілінің қарапайым операторлары арқылы сызықтық кұрылымды алгоритмдердің программасын жазуды үйрену.
б) Программалау кезеңдерін меңгеру және оларды қолдану дағдысын қалыптастыру. Программаны толықтыру (түзету) және тестілеу.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Теориялық мәліметтермен танысу. Жеке нұсқада тапсырмалар орындау. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Орындалған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.
Әдістемелік нұсқаулар
Алгоритм - есепті шешу үшін орындаушыға біртіндеп, рет-ретімен берілетін нұсқаулар жиынтығы. Алгоритм құрылымына қарай үш түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу, қайталану (циклдік). Сызықтық алгоритмнің атында тұрғандай, бұл алгоритм қүрылымындағы нұсқаулар жазылу реті бойынша бірінен кейін бірі сызықты түрде орындалады. Осы сызықтық алгоритмді Паскаль тілінде программалау қалай жүргізілетінін қарастырайық.
Кез келген программаны құруда, программалаудың төмендегідей кезеңдерін ескеріп, жұмыс жасаған ыңғайлы. Программа кұру кезеңдері:
Есептің математикалық қойылымын (математикалық
моделі) жасау;
Есепті шешу алгоритмін жазу
Алгоритмге сәйкес программа кұру, компьютер
жадысына енгізу;
Программаның қатесін тексеру ;
Программа нәтижесін алу;
Енді осы кезеңдердің ерекшеліктеріне тоқталайық.
Есептің математикальщ қойылымын (математика-лық моделін) жасау.
Бұл кезеңде берілген есепті шешуге қажетті аргументтер және нәтиже алынатын теңдеулер анықталынады. Мысалы: Үшбүрыштың ауданын анықтау керек болсын. Үшбүрыштың ауданын есептеуге Геронның формуласын қолданамыз.
Мұндағы: а,Ь,с - үшбүрыштың үш қабырғасының өлшемі пернетақтадан енгізіледі. Ал, үшбүрыштың жарты периметрі мына тендеумен анықталынады р=(а+Ь+с)/2.
Есепті шешу алгоритмын жазу.
Программалаудың бұл кезеңінде берілген есепті шешудің алгоритімі жазылады, яғни қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын нұсқаулар рет-ретімен жазылады. Алгоритмді көп жағдайда блок схема түрінде жазған ыңғайлы. Блок схема - алгоритмнің графикалық түрде сипатталуы (ағылшын тіліндегі оқулықтарда блок сема - flowchart деп аталады).
Үшбұрыштың ауданын есептеудің блок схемасы
Алгоршпмге сәйкес программа құру.
Бұл кезеңде алгоритмге сәйкестендіріліп программа жазылады. Жоғарыдағы алгоритмнің Turbo Pascal програм-малау тілінде программасын жазайық. Бұл программада операторлар жазылу реті бойынша орындалады, яғни программаның сызықтық құрылымды екендігін байқаймыз.
Program esep1;
Var a,b,c,p, S: real;
Begin
Writeln(‘a,b,c-енгіз’);
Readln(a,b,c);
p:=(a+b+c)/2;
S:=sqrt(p*(p-ar(p-b)*(p-c));
Writeln('S=’, S:4:2);
Readln;
End.
Программаның қатесін тексеру.
Құрылған программаны компьютерге енгізгеннен кейін Аlt+Ғ9 перне комбинациясын орындап, программаның қатесі тексеріледі. Егер, программада қателер кездессе экранға қатені хабарлау мәліметі шығады.
Программа нәтижесін алу
Бұл кезеңінде бастапқы берілгендердің мәні пернетақтадан енгізіледі. Ол үшін программаны орындауға жібереміз, яғни Ctrl+F9 пернелер комбинациясы басылып немесе менюдағы Run (орындау) командасы орындалады. Құрылған программа бір типтес бірнеше есептерді шешуге ыңғайлы болуы керек. Сондыктан, программаның дұрыстығына көз жеткізу үшін, нәтижесі алдын-ала анықталынып қойылған есепті программаға саламыз. Осылайша, кез-келген программаны тестен өткізу қажет.
Мысалы, жоғарыдағы программаны а=4, Ь=5, с=3 болғанда, аудан S=6 тең болады деп тексереміз. Үшбүрыштың қабырғалар өлшемі а,Ь,с пернетақтадан енгізілгенде а<Ь+с, Ь<а+с, с<Ь+а шарттарының орындалуын қамтамассыз етіңіз.
Тапсырмалар:
Трапецияның а,Ь қабырғалары және һ биіктігі берілген. Трапецияның ауданын анықтау қажет.
Тіктөртбұрыштың a,b қабырғалары берілген, оның ауданын S=a*b және периметрін P=2*(a+b) анықтау.
Берілген қабырғалардың а,b,c ұзындығы бойынша үшбұрыштың биіктігін есептеу керек.
Мұндағы, р=(а+Ь+с)/2, қабырғалар өлшемі a,b,c пернетақтадан енгізіледі және aс<b+a шарттарын ескеріңіз.
Массалары ml, m2, mЗ және координаталары (xl,yl), (х2,у2), (хЗ,уЗ) материалдық нүктелерінің ауырлық центрлерінің координаттарын табу керек.
Берілген АВ кесіндісінің nl:n2 қатынасы арқылы бөлінетін нүктенің координаттарын есептеу қажет.
мұндағы
Қабырғалары a,b,c үшбұрыштың медианаларын табу керек.
F=g(x-y) функциясының t=7 болғандағы мәнін табу керек, мұндағы g=5x+sin2y, y=x2+5x+lnx, x=0.02t3-25
Мұндағы функциялардың х=3,2 болғандағы мәнін табу керек: q=cosx-tgx, w=lg(5+x3+2x2), e=sin(x-5)2, t=cos(2x-5)3
Табан дөңгелегінің радиусы R, биіктігі һ болатын цилиндірдің толық беті мен көлемін табу S=2R(R+h); V=R2h, мүндағы R және һ пернетақтадан енгізіледі, ал, =3,14
Шаршының қабырғалары берілген, оның ауданын S=a2 және периметрін Р=4*а анықтау
Z=5xy+x функциясының t=2 болғандағы мәнін табу керек, мүндағы у=5х-2; x=0.2t2+2t
F=z(x-y) функциясының t=0.02 болғандағы мәнін табу керек, мұндағы z=5xy+sin22y, y=x2+5x+lg4x, x=0.2t3+2t
Шеңбердің радиусының өлшемі берілген, оның ауданын S=r2 анықтау қажет.
Шардың көлемін аныктау V=43
Негізі үшбұрыш болатын пирамиданың көлемін анықтау. V=Sh/3 мүндағы S - үшбүрыштың ауданы, һ-пирамида биіктігі.
Достарыңызбен бөлісу: |