Мәндер элементтері. Паскаль тілінде негізгі мәндер элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады.
Айнымалылар. Программаның орындалу барысында өзінің қабылдайтын мәндерін өзгертіп отыруы мүмкін. Программада кездесетін кез келген айнымалы айнымалылар бөлігінде сипатталуы керек. Сипаттау var қызметші сөзімен басталып, мынадай формада жазылады:
Var <айнымалы атауы>:<типі>;
Тұрақтылар программаның орындалу барысында мәні өзгермейді, ол нақты өз мәнімен берілуі немесе оған қандай да бір атау берілуі мүмкін. Программада тұрақтылар өзінің нақты мәнімен немесе қандай да бір атаумен берілуі мүмкін. Егер тұрақты қандай да бір атаумен берілген болса, онда ол міндетті түрде тұрақтылар бөлігінде сипатталуы керек. Сипаттау const қызметші сөзімен басталып, мынадай формада жазылады:
Const <тұрақты атауы>=<мән>;
Бір бөлікте бірнеше тұрақтыны сипаттауға рұқсат етіледі.
TP айнымалылардың негізгі типін мына түрде көрсетуге болады:
Қарапайым типтер:
Шектелген
Скалярлы
Аудару
Стандартты
Бүтін
Заттық
Логикалық
Символдық
Күрделі типтер:
Жазулар
Массивтер
Көпмүшелер
Символдар жолдары
Файлдар
|
Алгебралық өрнектер және оларды программалау тілінде жазу ережелері.
Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, амал таңбалар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек болып саналады.
Мысалы, \(a^2; \, 5(3-7a); \, {x+y\over x-y}; \, -4\cdot(20+5);\ \text{т.с.с.}\)
Алгебралық өрнектің құрамындағы әріпті санмен алмастыруға болады. Әріптің берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды.
Мысалы, \(2+x\over x-1\) өрнегінде х-тың қабылдайтын мәндері 1-ден басқа сандар.
Бірнеше алгебралық өрнектерден «+» және «–» таңбалары арқылы құрастырылған жазу алгебралық қосынды деп аталады.
Мысалы, \(4a-2b+3c-5d,\) мұндағы \(4a, \, -2b, \, +3c, \, -5d\) алгебралық қосылғыштар деп аталады.
Алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды алгебралық өрнектің мәні деп атайды.
Мысалы, \((a-3)\cdot2-b\) өрнегіндегі a = 7, b = 5 болса, \((7-3)\cdot2-5=4\cdot2=5=13\) өрнектің мәні болады.
|
|
Стандартты функциялар
|
|
Сызықты алгоритмдер. Еңгізу-шығару операторлар
|
|
Тармақталған алгоритмдер. Шартты оператор. Таңдау операторы.
|
|
Қайталау алгоритмдері. Параметрмен цикл. Параметрі бар циклді алдын-ала немесе кейінгі шарты бар циклге түрлендіру.
|
|
Параметрлі цикл For to do
|
Құрастырушы: _________________________________ К.А.Калымова
Достарыңызбен бөлісу: |