«Программалау 1» пәні бойынша бақылау сұрақтары


Программаның құрылу сатылары мен өмірлік циклдары



жүктеу 26,64 Kb.
бет2/3
Дата02.11.2022
өлшемі26,64 Kb.
#39981
түріПрограмма
1   2   3
АБ 1 (1)

Программаның құрылу сатылары мен өмірлік циклдары
Программаның өмірлік циклі деп, жазба бөліктері құрыла бастаған күннен бастап толық жазылып өндіріске енгізу үшін бірге алып жүрген аралықты айтады.
ISO/IES 12207 – (халықаралық электрондық жүйе) халықаралық стандарттары өмірлік циклдың құрамындағы үрдісін жарнамалайды.
Құрылу үрдісінің стандартына келесі бөлімдер кіреді:
а) дайындық жұмыстары – өмірлік циклдің моделін, стандарттарын, әдістерін және құрастыру ортасын таңдау;
б) жүйені талдау – функционалдық қолданушының талабын, қауіпсіздігін және ішкі интерфейстердің мүмкіндіктерін талдау;
в) жүйенің архитектурасының жобасы – құралдар құрамын жүйемен және программамен қамтамасыз етілуін анықтау;
г) қамтамасыз етілетін программаны талдау – өндірістік, функционалдық, ішкі интерфейстік қауіпсіздігінің мүмкіндіктерін талдау;
д) қамтамасыз етілетін программаның архитектурасын жобалау – қамтамасыз етілетін программа құрылысын, интерфейстер мен олардың компоненттерінің құжатталуын, алдыңғы версиялардың құжаттарын тестік және интеграциялану жобаларын анықтау;
е) программа жобасын бөлшектеп талдау – программа компоненттерін және интерфейстермен байланысу бөлімдерін толық жазу және тестке арналған және тестілеу жобаларын толық көрсету;
ж) программаны кодтау және тексеру – құрастыру және әрбір компоненттерін құжаттау, мәліметтер көмегімен әрбір бөлігін тестілеу;
з) программаны интеграциялау – интеграция жоспары бойынша программа компоненттерін жинау, квалификациялық талап бойынша программаны тест арқылы тексеру, эксплуатацияға дайындау;
к) программаны квалификациялық тексеру – программаларды тұтынушымен (заказчик) бірге тест арқылы тексеру және эксплуатацияға дайындығы:
и) жүйенің интеграциясы – жүйенің барлық компоненттерін жинау;
к) жүйені квалификациялық түрде тестілеу;
л) программаны орнату;
м) программаны өткізу.




Программалу тілінің синтаксисі. Жоғары деңгейлі программалау тілдері.
Python тілінің синтаксисі.
Негізгі ережелері:
Жолдың соңы интрукцияның соңы болып табылады (нүктелі үір қажет емес); Ендірілген инструкциялар шегіністер өлшемі (көлемі) бойынша блоктарға біріктіріледі.
Шегініс кезкелген болуы мүмкін, бастысы бір ендірілген блокқа бірдей шегініс өлшемі қолданылса болғаны.
Кодтың оқылымы туралы да ұмытпау керек. 1 бос орын шегініс - ол ешқандай шешім болып табылмайды. Тым болмағанда 4 бос орын шегініс немесе табуляция белгісін қолданған дұрыс болады.
Python тілінде әр инструкциялар бір шаблонға сәйкес жазылады, негізгі инструкция қос нүктемен аяқталған соң, оның соңынан инструкцияның ендірілген блогы шегініс арқылы орналасады.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
- атаулар (идентификатор);
- цифрлар;
- айыру белгілері;
- арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;

Барлық программалау тілдерін төмен және жоғары деңгейлі программалау тілі деп бөлуге болады.Төмен деңгейлі программалау тілі аппаратураның анықталған түріне арналған. Программаны құру микропроцессордың архитектурасын және компьютердің құрылғыларын жақсы білуді талап етеді. Бұндай тілдегі программа машина тілінде жазылған қарапайым командалардан тұрады (мысалы, Ассемблер тілі). Жоғары деңгейлі программалау адамға жақын анықталған жүйе көмегімен компьютерге команда беруге мүмкіндік береді (мысалы, Бейсик, Паскаль, Фортран, Си). Осы тілде жазылған программа мәтіні компьютерге түсінікті емес, сондықтан оны машина тіліне аудару керек. Жоғары деңгейлі тілдер көптеген алгоритмдерді үйреншікті математикалық амалдардың жазылуына жақын ыңғайлы түрде жазып түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тілдерді пайдалану программалаудағы кездесетін қиындықтарды азайтады.


Жоғары деңгейлі тілдерді программа жасауда пайдалану 60-шы жылдары басталды. Содан бері бүгінгі күнге дейін белгілі есептерді шешуге арналған әмбебап, сондай-ақ бағдарланған көптеген әртүрлі тілдер жасалып пайдаланылып келеді.
Қазіргі кезде жоғары деңгейлі программалау тілдері былай бөлінеді:

  • процедуралық (көптеген классикалық программалау тілдері, мысалы, FORTAN, PASCAL, BASIC, C);

  • логикалық (ЛИСПЫ, ПРОЛОГ т.б.);

  • объекті-бағытталған (С++, Java т.б.).

Қысқа программаларды жасауда процедуралық программалау тілдерін пайдалану ыңғайлы.Логикалық программалау тілдерін алгоритмдерді теориялық зерттеуде жасанды интеллекті оқытып үйрену жұмыстарында деректер базасымен жасалатын операцияларда өндіріс объектілерін және әскери бөлімдерді басқару жүйелерін басқаруда, ал объектік-бағдарланған программалау тілдерін бәрінен де үлкен және күрделі программаларды (Мысалы, компьютерлік ойындарда), жасақтауда пайдаланған жөн.




Структуралы және модульдық программалау.
Құрылымдық программалау – программалық қамсыздандыруды өңдеу метадологиясы. Ол программаларды иерархиялық құрылымдық блок негізінде көрсетеді. Құрылымдық программалауды ХХ ғасырдың 70 жылдары Х.Миллсом ұсынып, Н.Вирт, д.Кнут, Э.Хоар, Р.Флойд және Х.Миллсомның қолдауымен толықтырылып, өңделді. Құрылымдық программалаудың алғашқы концепцияларын А.С.Кронрод тұжырымдады. Құралымдық программалудың дамуына үлкен үлес кеңес ғалымдары қосты: мектеп басқарушы А.П.Ершов, С.С.Лавров және М.Р.Шура-Бур.
Кез келген программаның құрылымы үш типті базалық конструктордан тұрады:
• Тізбектеліп орындау - программа мәтінінде жазылған реттегі операциялардың орындалуы;
• Тармақталған – берілген шартқа байланысты екі немесе оданда көп операциялардың біреуінің орындалуы;
• Цикл – берілген шарт нәтижесі шыққанша бір операцияның қайталана орындалуы;
Негізгі құрылымдардың бағдарламасы өз бетiнше салынған болуы мүмкін, бірақ ешқандай да басқа басқару элементтері операциялардың бірізділігі қарастырылмаған.

Модуль немесе жалпы жағдайда, модульдік программалау ұғымы есептеу ісінің дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды және ең алдымен программалаудың ұлғаймалы көлемімен, олардың ішкі қиындықтарымен артуы мен жобалардың ұжымдық сипатымен түсіндіріледі. Қазіргі кездегі модуль ұғымы өз эволюциясында үлкен жол жүріп, программа текістік "бөлшектеу" немесе фрагменттер кітапханасын құру түсінігінен жеке түрде жобаланып, сақталатын және қатаң белгіленген интерфейісті тәуелсіз түрде құрастырылатын, тестіленетін программа бірліктеріне дейін жетті. Turbo Pascal жүйесінің 4 - версиасынан бастап оған модуль ұғымын ендіру оны қазіргі заманғы программалау технологиясы деңгейінде өндірістік және комерцияалық мақсаттағы ірі жобаларға жарайтын тілге айналуы жолындағы шешуі қадам болды. Turbo Pascal модульдік құралдар, модульдік жобалау принципі базалық тілдердің тиісті мүмкіндіктеріне қарағанда айтарлықтай нашар.






Типтер және деректер құрылымы.

жүктеу 26,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау