Программаларды жасаќтау технологиясы



жүктеу 1,99 Mb.
бет7/11
Дата20.05.2018
өлшемі1,99 Mb.
#15009
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Арифметикалық өрнектер

Сандық тұрақтылармен айнымалылармен және стандартты функциялармен кәдімгі арифметикалық амалдарды орындауға болады.

Стандартты мәндердің есептелу ережесін білдіретін символдық жазуды арифметикалық өрнек дейміз. BASIC тілінде арифметикалық өрнектер жалпы қабыланған табиғи пішімге жазылады. Ол сандардан, айнымалылардың және функциялардың аттарынан арифметикалық амалдардың таңбаларынан және жақшалардан тұрады.

Арихметикалық амалдардың таңбаларына мыналар жатады:



  • ^ - дәрежеге шығару;

  • * - көбейту;

  • / - бөлу;

  • + -қосу;

  • - - алу.

Өрнектерді жазуда мына мөмендегі ұсыныстар мен шектеулерді ескеру қажет:

1. Формулалар ешқандай төменгі немесе жоғары таңбаларсыз бір қатарға жазылуы тиіс:

Арихметикалық өрнекті жазудың мысалдары:

Математикалық жазылуы BASIC тілінде жазылуы

5 5

а А

в+5 В+5

3с 3* С

а+в

4+с (А+В)/(4+С)

2 Әсіресе өзіңе-өзің сенімсіздеу жағдайларда орындалтын амалдардың реттілігін көрсету үшін дөңгелек жақшаны пайдалану қажет. Жақша ішіндегілер бірнеще кезекте есептеледі. Егер жақшаға алынған өрнектің өзі жақшаға алынған болса, онда есептеу ішкі жақшадан басталады. Жақшаның ішінде амалдар солдан оңға қарай амалдардың дәрежесіне сәйкес орындалады:


  • алдымен функцияның мәні есептеледі;

  • одан соң барлық дәрежеге шығару амалдары;

  • бұдан кейін көбейту мен бөлу;

  • ең соңында қосу және бөлу;

Мысады, BASIC тіліндегі -2+А/В*С+3^2 өрнегі мына -2+А/В*С+3^2 математикалық өрнекке баламалы. Оны есептеу алгаритімі мынандай реттілікпен орындалады:

  • Х= 32;

  • Ү=(А/В)С;

  • Z=-2+Ү+Х.

3. Арихметикалық амалдың екі таңбасын екі бірінің жаңына бірін қоюға және көбейгіштердің арасындағы көбейту таңбасын қалдырып кетуге болмайды. Мысалы, мына 8ху/-z математикалық өрнекті BASIC тілінде былай жазылады:8*Х*Ү/(-Z). типтері бірдей арихметикалық өрнектермен арифметикалық амалдар орындалғана сол типтегі нәтиже алынады. A%+ B% +10% = бүтін сан, С1* D= нақты сан.

4. Бүтін және нақты шамалармен орындалатын амалдар нақты нәтиже береді. Мысалы, А*В%= нақты сан, 5.4*3% =16.2

5. mju Бүтін дәрежеге шығару көптеген рет көбейту арқылы орындалады. Мысалы, A^ 3% =A*A* A C^ N%= C*C*… C. N рет

6. Егер дәреженің көрсеткіші нақты сан болса, онда нәтижені есептеу ЕХР және LOG функцияның көмегімен жүзеге асырылады: Х^ Y= EXP (Y*LOG(X)). Арихметикалық өрнектерді жазуда кететін қателіктер: 3А+В, 2*-В, SIN +В.


Логикалық өрнектер және операциялар
Кейбір жағдайдарда программада қандай әрекет жасау керектігін таңдау қандайда әрекет жасау керктігін таңдау бір айнымалының мәніне тәуелді болады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін есептеу дискриминантының таңбасына байланысты әр түрлі орындалады.

Екі өрнектің мәнін салыстыру нәтижесіне ақиқат және жалған болатын логикалық өрнек алынады. BASIC праграммалау тілінде логикалық мәндер сан түрінде беріледі; нөлдік мән жалған ретінде ал нөл емес мән ақиқат ретінде қарастырылады. Егер праграмма екі өрнекті салыстыра отырып логикалық мәнді өзі есептеп шығаратын болса, онда- 1 мәні алынады.

BASIC праграммалау тілі алты салыстыру операциясын пайдалынылады. Осы операциялардың кейбіреуіне сәйкес келетін стандартты математикалық символдардың таңбалары стандартты пернетақтада болмағандықтан құрама таңбалар ретінде теріліп жазылады:

Таңба Операция

> үлкен

<> тең емес

>= үлкен немесе тең



<= кіші немесе тең

Мұнда «= » таңбасына ерекше назар аудару керек. Жоғарыда біздер бұл таңба таңба меншіктеу операциясын сипаттайды делік. Ал берілген жағдайда «= » таңбасы – бұл логикалық салыстыру операторы. Траслятор берілген таңбаны қалай пайдалану керек екендігін маңынасына қарай өзі анықтайды.

Логикалық өрнектерде пайдалынылатын операциялар логикалық операциялр деп аталынады.Санды пайдаланғанда нәтижесі де сан болатын арихметикалық операцияға ұқсас логикалық операцияларда логикалық өрнектер пайдалынылады және нәтижеде логикалық өрнектер алынады.

Логикалық операциялар праграммалауда кеңінен тараған және жиі пайдалынылады. Ол бір шарттың өзіне бірнеше талаптарды біріктіуге мүмкіндік береді.

BASIC тілінде праграммалауда қызметші сөздердің көмегімен мына төмендегідей алты логикалық операция жиі беріледі:


  • AND- коньюнкция (логикалық көбейту);

  • OR – дизъюнкция (логикалық қосу);

  • NOT- логикалық теріске шығару;

  • XOR – немесе емес;

  • EQV- баламалық (бір мезгілде ақиқат немесе бір мезгілде жалған);

  • IMP- импликация (бірнеше ақиқат болғанда мәні жалған, қалған басқа жағдайлардың бәрінде екінші жалған және ақиқат).

Біз осы келтірілген логикалық операциялардың ішінен (AND) логикалық көбейтуді; (OR ) логикалық қосуды және (NOT) логикалық теріске шығаруды қарастырамыз. Бұл операциялардығ қолданылуы нәтижесін мына төмендегідей кестеден көреміз:

А В А AND В А OR В NOTА

Ақиқат Ақиқат Ақиқат Ақиқат Жалған

Ақиқат жалған Жалған Ақиқат

Жалған Ақиқат Жалған Ақиқат Ақиқат

Жалған Жалған Жалған Жалған



AND операциясы. Кестеде көрініп тұрғандай А AND В өрегі А және В операциялары ақиқат болғанда ақиқат болады. Сіз өзініз суретіңізді бөлмеңіздің қабырғасына іліп қойғыңыз келді дейік. Қағылатын шегені А аргументімен, ал болғаны В мен белгілейік. Оң нәтиже алу үшін ( суретті қабырғаға ілу) сіздің қолыңызда шеге де және балға да болу керек. Егер сіз қолыңызда осы аталған екі нәрсенің біреуі ғана болса, онда сіздің бөлмеңізді әсемдей алмайсыз.

OR операциясы. Жоғарыда келтірілген кестеде егер А және В операндыларының кез келгенін мәні (немесе екеунің мәні де) ақиқат болса, А OR В өрнегінің мәні де ақиқат болатындығы көрінеді. Сіз аштығығыңызды аласыз. Ал егер сізді ешқайсы болмаса, онда сіз аш қаласыз. Мұның теріс нәтиже екендігіне келіспеу қиын.

NOT операциясы. Бұл операция қарастырылған операцияларды ішіндегі ең қарапайымы. Оның әрекеті логикалық өрнектің бастапқы мәнін теріске шығару. Басында ақиқат болса, онда NOT А-ның әрекеті жалған болады. Сіздің қолыңызда жоғары мысалда айтылғандай алмаңыз болсын дейік. Осы алманы жеп қойып сіз жағдайды өзгертесіз, нәтижеде сізде ешнәрсе болмайды, яғни жағдай теріске айналады.

BASIC тілінде программалау негіздері

BASIC тіліндегі нөмірленген қатарлардың (Q BASIC программалау тілінде нөмірлеуге де болады) тізбегінен тұрады. Әрбір қатарда бір немесе бірнеше операторлар болады. Олар бірінен – бірі («:») қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Қатардың жазылу пішімі:



<Қатар нөмірі> <оператор> <ЕП> немесе <қатар нөмірі> <1-оператор>: <2-оператор>...<ЕП>

Ескерту: <ЕП> жазуы «Енгізу пернесі» дегенді білдіреді.

Оператор деп – BASIC тілінде жазылған компьютерге берілетін нұсқауды айтамыз. Ол компьютерлерге қандай әрекетті орындау керектігін көрсетеді. Оператор арнайы бөлініп алынған сөздерден және деректерден тұрады.

Оператордың жазылу пішімі:

<аты> <мазмұны>

Мұнда:

  • <аты> - жазылуы қатаң белгіленген және компьютердің нені орындайтындығын білдіретін ағылшын тілінде жазылған арнайы сөз:

  • <мазмұны> бұл операторлардың орындалуы үшін қажетті деректер. Мысалы, LET A=B

Атынан басқа операторлардың құрамына арнайы бөлініп алынған қызметші сөздер де енеді. Олар операторлардың орындайтын әрекеттерін нақтылай түсу қызметін атқарады. Кейбір операторлардың тек аты ғана болады. Мысалы, STOP.

BASIC тілінде бір қатар 255 символды қамти алады. Олай болса BASIC тілінің бір қатары экранда бірнеше қатарды алып жатады. Өйткені экрандағы бір қатарға 64 немесе 80 символ ғана сыяды. Программалау тілінен алғаш танысқанда программаның мазмұны түсінікті болу үшін әр қатарға бір оператордан ғана орналастырған жөн. Программаларды жазуда қатарларды 10 қадаммен өзгеретіндей етіп нөмірлеу қабылданған. Бұл жағдай программада қалып кеткен қатарларды қажетті қатар нөмірлері арасына ендіруге мүмкіндік береді. Программа қатарларының нөмірлерінің өсу ретіне қарай орындалады.

Операторлы қатарларды былай жазамыз:


  • A=5

  • B=7

  • C=A+B

  • PRINT C

  • END

Мұнда А айнымалысына 5 мәні, В айнымалысына 7 мәнімен жіктеледі, ал PRINT операторы С айнымалысының мәнін баспаға шығару.
BASIC тілінің интерпретаторы және

оның командалары
Шын мәнінде компьютерге машина тіліндегі программаларды ғана түсінеді және орындайды. Ал осы BASIC, PASCAL т.б. программалау тілдерін түсінбейді. Бірақ осы аталған тілдерді компьютерге машина тіліне аударып беретін программалар болады. Мұндай программалар компьютердің программаның қамсыздандыруының құрамына енеді және компьютерлер зауытта алғаш жасалғанда оның тұрақты жадына жазылып жіберіледі. BASIC тілінде жазылған программаны аударуға арналған программаны жоғарыда айтқанымыздай BASIC тілінің интерпретаторы деп атайды.

Интерпретатор компьютердің белгілі бір түріне арналған болады және әр түрлі компьютерлерге арналған интерпретаторларының бірінен – бірінің мүмкіндіктері жағынан ғана айырмашылығы болуы мүмкін. Интерпретатор пайдаланушыға мына төмендегідей мүмкіндіктер жасайды.



  • BASIC тілінде жазылған бастапқы программаның қателіктерін хабарлай отырып ендіреді және жөндейді;

  • Бастапқы программаның құрылғысына шығарады;

  • BASIC тілінің операторын таңдайды, тексереді және орындайды. Жұмыс программасы бойынша есептеу кезінде интерпретатор есептелу процесін бақылауды ұйымдастырады және кездескен қателіктер туралы хабарды экранға шығарады;

  • Бастапқы информацияларды сыртқы тасмалдаушыларда сақтайды.

Компьютер операторды мынадай екі режімнің бірінде орындайды:

  • Программалау режімі;

  • Тікелей есептеу режімі.

Программалау режімінде программаның әрбір қатары оператордың орындалу реттілігін көрсететін нөмірден басталады.

10 К=1


  • PRINT K

  • K=K+1

  • PRINT K

Бұл режімде оператордың орындалуы арнайы нұсқау бергеннен кейін басталады. Тікелей есептеу режімінде операторлар нөмірсіз теріледі. Мысалы,

К=1


PRINT K

K=K+1


PRINT K

Операторлар <ЕП> пернесін басқаннан кейін бірден орындалады. Бұл режім кәдімгі калькуляторлық режімге ұқсас болғандықтан оны кейде калькуляторлық режім деп де атайды. BASIC тілінің интерпретаторларының жұмыс істеуде жеңілдететін өзінің арнайы жүйелік командалары бар.



Жүйелік команда - әр түрлі әркеттерді орындау үшін интерпретаторға берілетін нұсқауды айтамыз. Мұндай командалар нөмірсіз жазылады.

Қажетті программаны компьютерге теріп енгізбес бұрын алдымен компьютердің оперативті жадын NEW командасының көмегімен тазартып алу керек. Ол үшін мынадай команда береміз: NEW <ЕП>

Сонда компьютер жаңа программаны енгізуге дайын тұрады, экранға интерпретатордың жұмысқа дайындық белгісі <ОК> шығады. Осыдан кейін программаның қатарларының нөмірлері мен операторларын пернетақтадан тере отырып программаны енгізуге болады.

BASIC тілінің интерпретаторында қатар нөмірлерін автоматты түрде нөмірлеуге мүмкіндік беретін арнайы AUTO командасы бар. Оның жазылу пішімі: AUTO N1, N2, N3.

Мұнда AUTO – команданың аты; N1, N2 - N1 нөмірінен бастап N2 қадаммен нөмірлеу. Мысалы, AUTO 10,5 командасын ендірсек компьютер программа нөмірлерін 10 – қатардан бастап әр қатардың арасына 5 қадам қалдырып нөмірлей бастайды.

Интерпретатор бұрын ендіріліп қойылған программа қатарларының нөмірлерін қайтадан өзгертіп нөмірлей алады, ол RENUM командсы арқылы жүзеге асырылады. Жазылу пішімі: RENUM N1, N2, N3.

Мұнда RENUM – команданың аты; N2 – нөмірден бастап, N3 қадаммен жаңа N1 – нөмірге алмастырылады. Интерпретатор программаның барлық қатарларын немесе кейбір қажетсіз деп есептелген қатарларын өшіріп тастай алады, ол DELETE командасы арқылы орындалады. Мысалы, DELETE N1 – N3 командасы программаларын N1 – нөмірлі көрсетілмеген болса, онда қатарлар программаның басынан бастап N3 нөмірге дейін, ал егер N3 нөмірі көрсетілмеген болса, онда N1 – ден бастап программа соңына дейін өшіріледі.

Программаны толық ендіріп болғаннан кейін оны орындау үшін жұмысқа қосуға болады. Ол командасы арқылы жүзеге асырылады, нәтижеде программаны орындау жұмысы ең бастапқы нөмірден басталады. Егер бұл команда RUN N пішінінде берілетін болса, онда программаны орындау жұмысы N – нөмірден басталады.

Қатардың саны өте көп үлкен программаны компьютерге енгізгенде бүкіл экран толғаннан кейін оның ең жоғарғы қатары экраннан шығып, көрінбей кетеді, бірақ одан ол жойылып кетті деген ой тумауы тиіс, өйткені жадында сақтайды.

командасын беру арқылы енгізілген программаның мәтінін экранға шығаруға және қателіктердің бар немесе жоқ екендігін тексеруге болады. Команданың жазылу пішімі: LIST N1-N4

Мұнда LIST – команданың аты; N1 және N4 экранға шығарылатын қатарлардың бастапқы және соңғы нөмірлері. Мысалы, LIST 10-40 командасын беру арқылы экранда нөмірлері 10-нан 40-қа дейінгі қатарларды шығаруға болады.



BASIC тілінің операторларын екі топқа бөлуге болады:

  • орындалатын операторлар – бұл программалар интерпретаторға қандай әркеттің орындалуы қажеттігін көрсетіп программаларда жасалатын әркеттерді анықтайды.

  • орындалмайтын операторлар – бұл деркетердің ерекшеліктерінің жаңа бір тәртіпке келуін сипаттайды, программаға түсініктеме түріндегі ерекшеліктер мен хабарларды ендіруге мүмкіндік береді.


Түсінік беру операторы

Мектептің информатика курсындағы алгоритм тақырыбында келесі деректер келтірілген;



  • алгоритмнің аты;

  • типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелердің тізімі;

BASIC тілінде алгоритмнің аты REM деп аталатын түсініктеме беру операторы арқылы сипатталады. Алгоритмдегі аргументтерді BASIC тілінде IUT операторының көмегімен енгізу қолайлы. Программаны толығымен құрып, компьютерге ендіріп орындалғаннан кейін, оның орындалу нәтижелерін экранға шығару қажет болады. Ол BASIC тілінде PRINT операторының көмегімен жүзеге асырылады.

Мысалы,


алг Мысал (нақ а, в, лит к )

берілгені а,в алгоритмнің

керек к тақырыбы

басы

командалар тобы алгоритмнің



денесі

соңы

Осы алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы:

10 REM Мысал

20 INPUT A!, B!





100 PRINT K

110 END


REM операторы программаға түсініктеме беру арқылы оның көрнектілігін арттыру үшін қолданылады.Түсініктеме – беру пернетақтадан енгізілген кез келген символдар тізбегінен тұрады.

REM операторы программаның орындалуына ешқандай әсер етпейді, өйткені програманы трансляциялау барысында ескерілмейді.



Сызықтық алгоритмнің BASIC тіліндегі жазылуы. Меншітеу операторы

Сызықтық алгоритм бірнеше меншіктеу операторынан тұрады. Мұндай алгоритмді BASIC тілінде жазудың ешқандай қиындығы жоқ. Тек өрнектердің BASIC тілінде қабылданған жазылу тәртібін сақтасақ жеткілікті. Мұндай операторлар бір қатарға орналаса алады. Бұл жағдайда олар “:” қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Алгоритмдік тілде “;” нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.



Мысалы,

алг трапеция ауданы (нақ a, b, h, s)

берілгені a, b, h

керек s

басы
s: =(a+b) /(2*h)

соңы



Бұл алгоритм BASIC тілінде былайша жазылады:

10 REM Трапеция ауданы

20 INPUT A!, B!, H!

30 LET S = (A+B) / (2*H)

40 PRINT “Трапетцияның ауданы S = ” ; S



50 END

BASIC тілінің операторларын мына төмендегідей мүмкіндіктерге ие топтарға жіктеуге болады.



  • мәндерді есептейді және оларды айнымалыларға меншіктейді;

  • информацияны ендіреді және нәтижелер мен хабарларды баспаға шығарады;

  • есептеулердің орындалуын басқарады;

Компьютерде программаның орындалуы кезінде айнымалы шама әр түрлі мәндер қабылдауы мүмкін. Дербес жағдайда есептелетін арифметикалық өрнектің мәні меншіктеу операторы арқылы айнымалы шамаға меншіктеледі.

BASIC тілінде бұл амал “ =” таңбасымен белгіленеді. Меншіктеу белгісінің сол жағына айнымалының аты, ал оң жағына арифметикалық өрнек жазылады. Бұл амалды орындайтын арнайы меншіктеу операторы бар.

Оператордың жазылу пішімі: к LET v = e

Мұнда к- қатар нөмірі; LET-оператордың аты; v- айнымалының аты; е-арифметикалық өрнек (жеке жағдайда сандық немесе литерлік тұрақты немесе сандық және литерлік айнымалы болуы мүмкін).

Меншіктеу операторының орындалуын екі кезеңге бөлуге болады:


  • е өрнегінің мәні есептеледі;

  • е өрнегінің есептелетін мәні v айнымалысына меншіктеледі, яғни v айнымалысына бөлінген жады ұяшығына жіберіледі.

Егер е сандық тұрақты немесе айнымалы болса,онда бірінші кезең орындалмайды.

Мысал келтірейік:



  1. LET X%=1-бүтін айнымалы Х-ке 1 саны меншіктелед;

  2. LET А=27,4- нақты айнымалы А-ға 27,4 саны меншіктелед;

  3. LET А$ = «Мектеп» -символдық (мәтіндік) айнымалы А$-ға литерлік тұрақты «Мектеп» сөзі меншіктеледі.

Ал мына мысалдарды жоғарыда аталған бірінші кезең орындалады:

  • LET Х=А* SIN(T)-нақты айнымалы х-ке а Sin t өрнегінің есептелген мәні меншіктеледі.

  • LET C$=A$+B$ -символдық айнымалы C$-ға символдық айнымалылар A$ мен B$-ның ағымдағы мәндерінің қосылуынан пайда болған нәтиже меншіктеледі.

Осылайша LET операторының орындалар алдында "=" меншіктеу таңбасының оң жағындағы өрнектегі барлық айнымалылардың мәндері, басқаша айтқанда е өрнегі анықталған (есептелген) болуы тиіс. Мына төмендегі программада 10,20,30 – қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалмайды, ал 40,50-қатарлардағы операторлар орындалғанда бірінші кезең орындалады.

10 LET А=5

20 LET B=3

30 LET C=-2

40 LET D=B^2-4*A*C

50 LET K= «Дискриминантты есептеу»

60 PRINT"D=;K=;K

BASIC тіліндегі "=" меншіктеу таңбасы мен кәдімгі математикадағы теңдік таңбасының арасында үлкен айырмашылық бар. Мысалы, математикалық жазуда мына Х=X+1 өрнегі дұрыс емес, ал BASIC тіліндегі 30 LET Х=X+1 жазылуы дұрыс және мынадай мағына береді:


  • жадтың Х атты ұясынан айнымалының мәні алынады;

  • бұл алынған мән бірімен қосылады да Х+1- ге жаңа мән жасалады;

  • осы пайда болған Х+1 мәні Х атты жады ұясына ондағы алғашқы мәнді өшіріп өзі орналасады.

Мысалы,

10 LET X=5

20 LET X=4

30 LET X=X+Y

программа үзіндісіндегі 30-қатардағы LET операторы орындалғанда Х айнымалысы 9-санын меншіктейді яғни жадтың Х аты ұясында алғашқы 5санының орнына 99саны пайда болады.

BASIC тілінің көптеген түрлерінде оператордың орны LET сөзін қалдырып кетуге де болады. Мысалы, жоңғарыда келтірілген программа үзіндісі былай жазылады.

10 LET X=5

20 LET X=4

30 LET X=X+Y
Информацияны енгізу және

баспаға шығару операторлары

Компьютерде қандай да бір деректерді өңдеу үшін, ол деректер алдын-ала компьютердің жадына ендіріліп қойылуы тиіс. Компьютерге деректерді сыртқы құрылғылардан да енгізуге болады. Бұл деректер инфомацияның сыртқы тасымалдаушыларында мысалы, магниттік дискіде сақталады. Сыртқы тасымалдаушылардан деректерді қажет болғанда компьютерге енгізу үшін, программаға арнайы ендіру операторларын қосады.

Мүндай операторлар бірнеше болуы мүмкін және олар программаның кез келген жерінде орналаса алады.

BASIC тілі компьютермен диалог режімінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін өте қолайлы тіл. Мұнда барлық деректер компьютерге ендіру құрылғысынан келіп түседі. Бұл жағдайда деректің әрбір қатары пернетақта арқылы теріліп, экранда көрінеді. Келесі қатарды теру үшін, пернетақтадағы (ЕП) пернесін басу керек.

Басқау құрылғысының көмегімен пайдаланушы программаны түзетеді, программаның орындалуын басқарады. Экранға немесе баспаға шығару құрылғысына нәтижелер шығарылады. Олар сандар, кестелер, графиктер, суреттер немесе мәтіндер болуы мүмкін,

Енгізу операторы
Енгізу құрылғысынан деректерді енгізу үшін, INPUT (енгізу) операторы қолданылады.

Оператордың жазылу пішімі: к INPUT р1,р2,...,рп

Мұнда к-қатар нөмірі; INPUT–оператордың аты; р1, р2,..., рп – үтірмен ажыратылып жазылған аинымалылар тізімі.

Бұл оператор былайша орындалады. Программаны орындау барысында, компьютер INPUT операторын кездестіре сала, экранға сұрақ белгісін шығарады. Компьютер өз жұмысын уақытша үзеді, осы үзіліс кезінде пайдаланушы пернетақтадан айнымалының мәндерін үтірлермен ажырата отырып, теріп шығады да, <ЕП> пернесін басады. Сонда ендірілген мәндердің ішіндегі бірінші мән, ендіру ооператорының тізіміндегі бірінші айнымалыға, екінші мән тізімдегі екінші айнымалыға т.с.с. меншіктелген болады. Бірақ енгізілген мәндерді пернетақтадан терген кезде, олардың саны және типі айнымалылар тізімінде көрсетілген айнымалылардың саны мен типіне дәл келуін қадағалау керек. Егер оларды артығымен терсеңіз, онда артық сандар есепке алынбайды.

Ал егер ендірілген мәндердің саны жеткіліксіз болса, онда компьютер тағы да сұрақ белгісін шығарып, жеткіліксіз мәндердің енгізілуін күтеді.

Барлық деректер дұрыс және түгелімен ендіріліп болғанан кейін, компьютер INPUT операторынан кейінгі келесі операторы орындауға көшеді. Мысалы, программаның орындалуының белгілі бір кезінде компьютер жадына мынадай мәндерді енгізу керек болсын: 1.2,-0.004, 2-ші, мектеп және де бұл мәндер Х,Ү,Z$ K$ айнымалыларына меншіктелсін. Осы аталған әрекеттердің орындалуы үшін мына төмендегі программа үзіндісі жұмысқа қосылсын:




.

.

.

100 INPUT X,Y,Z$,K$

120 LET A=X+Y

125 LET В=K+Z

.

.

.

Компьютер осы программаның 100-қатарындағы INPUT операторын кездестіргеннен кейін, экранға сұрақ белгісін шығарады да, пайдаланушы пернетақтадан тиісті мәндерді енгізгенше күтіп тұтады. Пайдаланушы жоғарғыда айтылған? 1.5,-0.4 Е-2, "2-ші", "мектеп" мәндерін теріп, <ЕП> пернесін басады, осыдан кейін Х,Ү,Z$,K$ айнымалыларына осы мәндер меншіктеледі.



Баспаға шығару операторы
Компьютердің оперативтік жадынан, деректерді магниттік дискілерге, баспаға шығару құрылғыларына және экранға шығаруға болады. Деректерді баспаға шығару үшін PRINT операторы қолданылады.

Оператордың жазылу пішімі:



к PRINT <шығарылатын тізімдер>

Мұнда к-қатар нөмірі; PRINT оператордың аты; <шығарылатын тізімдер> - бірінен-бірі үтірмен немесе нүктелі үтірмен ажыратылып шығарылатын элементтердің тізімі.

Баспаға шығарылатын элементтерге мыналарды жатқызуға болады:


  • сандар;

  • айнымалылар;

  • өрнектер;

  • мәтіндер;

  • ТАВ(Х) функциясы.

PRINT операторы былай орындалады. Егер қандай да бір сандарды баспаға

шығару керек болса, онда оларды жай ғана шығарылатын тізімге қосып қою керек. Тізімге айнымалылардың да аттарын көрсетуге болады. Айтарлық, мына PRINT 24,Х,А,5 операторын орындау кезінде Х және А айнымалылардың 7 және 8 мәндеріне ие болсын . Сонда PRINT операторы орындалғаннан кейін, экранға 24,7,-8,5 сандары шығады. Шығарылған тізімде өрнектер мен функциялар да кездесуі мүмкін . Бұл жағдайда алдымен олардың мәндері есептеледі, одан кейін сол мәндер экранға шығады.

Экранға орыс алфавитінің әріптерімен жазылғани кез келген мәтіндерді де шығаруға болады. Мәтіндер экранға шығу үшін PRINT операторынан кейін тырнақшаға алынып жазылады.Мысалы,

10 LETX=EXP(1)

20 PRINT"X=";X

.

.

.
программа үзіндісі орындалғанда экранда Х = 2.71828 мәтіні шығады.

Экранда шығарылатын деректердің орналасуы әр түрлі компьютерде түрліше болады. Егер әрбір шығарылатын санға 15 орын бөлінген болса, онда қатардың ең үлкен ұзындығына қарай экрандағы қатарға 4-5 санды сыйғызуға болады.

Айтарлық, қатарда 60- тан кем емес орын бар болсын. Онда оны 15 орыннан ұратын төрт аумаққа бөлуге болады. Әрбір аумаққа оның басынан бастап орналасатын бір санды жазуға болады. Ол үшін тізім элементтерін үтірмен ажыратып жазуымыз керек.

Мысалы, ΡRINT A, B, SQR (A^2+B^2) операторының орындалуы үш санды төмендегідей тәртіпен баспаға шығарады:



А – ның мәні В – ның мәні А+В

1 орыннан 16орыннан 31 орыннан 46 орыннан


Сандарды тұрақты нүктелі пішінде және жылжымалы нүктелі пішінде баспаға шығаруға болады: Бұл олардың шамаларымен түріне және компьютерге байланысты болады. Өйткені әртүрлі компьютерлер деректердің әртүрлі пішімдерімен амалдар орындайды, олай болса соған сәйкес сандарды жазып көрсету аралықтары да түрліше болады. Егерде шығарылатын тізімдегі элементтер саны 4-тен көп болса, онда лағашқы төртеуі 1-қатарда қалған төртеуі 2-қатарда т.с.с орналасады. Сонымен, аумақтың сол жақ шетнен бастап орналасатын болады. Сандарды баспаға шығаруға аумақтағы бірінші орын санның таңбасына бөлінеді. Егер санның таңбасы «+» болса онда ол орынды бос орын баспаға шығады.

Мысалы PRINT 15,26,34,45,50,62,70,83,30,98 операторының орындаллуы нәтижесінде сандар төмендегідей реттілікпен экранға шығады:

15 26 34 45

50 62 70 83

90 98

Осылайша, бөлгіш ретінде үтірді пайдалану, әр уақытта кезектегі санды келесі аумаққа шығарады. Алдыңғы қатардағы барлық аумақтар толып қалса, келесі қатардан бастап сандарды аумақтарға орналастырады. PRINT операторының шығару тізімінде бөлгіш ретінде нүктелі үтірді пайдалансақ, онда сандарды бұданда жиі (тығыз) етіп баспаға шығаруға болады. Бұл жағдайда келесі сан аумаққа емес, бір бос орыннан кейін баспаға шығады. Мысалы, PRINT 1; 2; - 3; -4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; операторының орындалуы нәтижесінде сандар мынадай реттпен экранға шығады: 1 2 -3 -4 5 6 7 8 9 10.



Егер алдыңғы қатарда тізімнің кезектегі элементін баспаға шығару

үшін орын жетпейтін болса, онда ол келесі қатардың басынан бастап баспаға шығарылады.

Программа мәтіннің де бірнеше баспаға шығару операторы PRINT бола алады. Бұл жағдайда кезектегі баспаға шығару операторы жаңа қатардың басынан бастап баспаға шығару операторының тізімінде аяқталған бөлгішке (үтір, нүктелі үтір немесе таңбаның жоқ болуы) тәуелді болады:

Айнымалыларға мән беру операторы.

DATA операторы
Айнымалыларға мән беруді DATA READ, RECTORE операторларының көмегімен жүзеге асды.

DATA операторлары бұл оператордың LET операторын өзгешелігі мұнда айнымалыларға мән беру мәліметтер блогын пайдалануға негізделген. Айнымалыларға мән беру меншіктеу осы блокпен сандарды не символдық тұрақтыларды оқу жолымен орындалады. Бұл бағдарламаны орындар алдында ЭЕМ зердесінде қалыптастыратын реттелген сандық информацияларды бастапқы бағдарламада DATA операторы арқылы беріледі.



Оператордың жазылу үлгісі:

k DATA C1,C2…Cn

Мұнда k-қатар нөмірі, DATA-оператордың аты, C1,C2…Cn- үтірлермен бөлінген тұрақтылар.

Мысал:

10 DATA-1;0;86;0. 3Е-5 бұл оператор бойынша бағдарламаны орындар алдында бір саны бірінші 0.86 саны екінші 5 және 0,310 саны DATA операторы орындалуын операторы тобына жатады және бағдарламаның кез-келген жеріне құрылған бағдарлама бойынша ЭЕМ-де есеп шығару екі кезеңнен тұрады.



1. Бағдарламаның операторын ЭЕМ-ге түсінікті үлгіге түрлендіру. Бұл кезеңде DATA операторы арқылы берілген мәліметтер блогы қалыптасады.

2. Бағдарламаның операторын нөмірлерінің өсу ретіне қарай орындалады. Егер бағдарламаның орындалуын барысында DATA операторы кезеңде өтіп кеткендіктен ол есептеуге ешқандай әсерін тигізбейді. Осы бағанда алынған DATA операторы орындалмайтын оператор болып табылады. Бастапқы бағандарда бірнеше DATA операторлары болуы мүмкін бірақ олардан тек бір ғана мәліметтер блогын жасалады.

Мысалы,


5 DATA 2,- 1,0

. . .

20 DATA 0,3 -71,12



. . .

100 DATA 10, 12

Бұл жағдайда мәліметтер блогы DATA операторының бағдарламада кездесу ретімен жасалады.

DATA операторын басқа оператормен бірге бір қатарға жазуға болмайды ол нөмірленген қатардағы жалғыз ғана оператор болуы тиіс. DATA операторы READ операторлардың көмегімен оқылатын мәліметтер блогын жасайды.


READ операторы
READ операторы – деректер блогынан мәндерді іріктеп алуы операторлар болып табылады.

Операторыдң жазылу пішімі:

k READ v1,v2,vN

Мұндағы k-қатар нөмері, READ-оператордың аты, v1,v2,vN- айнымалылардың аты.

Бұл оператор арқылы программаның орындалуы кезінде деректер блогын сандық информация іріктемеліп алынып айнымалыларға меншіктеледі.

Мысалы, мынадай программа үзіндісі берілсін

10 DATA 6,-10 1.2, 100

20 READ X,Y,Z



.

.

.

50 READ A



.

.

.

20 қатардағы оператордың орындалуы кезінде х айнымалысына 10-мәнді A,Z айнымалысына 1,2-мәні меншіктеледі, бұдан соң деректер блогында пайдаланылған тек бір ғана 100 саны қалады. Ол ақырында READ-операторы орындалғанда іріктелініп алынуы мүмкін. Мысалы, 50-қатардағы READ-операторы орындалғанда сол қалған 100 саны А-айнымалысына меншіктеледі іріктелініп алуға ғана рұқсат етеді. Мысалы, деректер блогын бірден үшінші санды алынған деректер блогынан санды алуға әрекет жасау қате есептеледі. Интерпретаторы «?» таңбасымен баспаға шығарады және программаның орындалуы тоқтатылады. Айнымалылардың бастапқы мәндерін қалыптастыру үшін READ-операторын пайдалану ыңғайлы. Бұл оператордың жалпы санын үнемдейді.

Бастапқы параметрлерді өзгерту үшін тек DATA операторының тізімін өзгерту ғана талап етіледі. Бір қатарға бірнеше операторды, жазуға READ-операторын программаға кез-келген орынға жазуға болады. Программаны орындалуының алдында интерпретатор барлық DATA операторын олардың программадағы кездесу реті бойынша қарап шығып, бір ғана деректер блогын жасайды. Программа READ-операторы кездескен сайын интерпретатор блогынан мәндерді ретімен алады және оларды READ-операторының айнымалысына ретімен оқылған дерек мәндерінің орны деректердің кезектегі элементтеріне орналастырылған ерекше көрсеткіштің көмегімен есте сақталады. Келесі READ-операторы мәндерді осы элементтен басып алады.

RESTORE операторы
Бұл оператор деректер блогынан мәндер алынып болған жағдайда оны қалпына (бастапқы күйіне ) келтіру қызыметін атқарады. Оператордың жазылу пішімі: RESTORE

Мұнда RESTORE (қалпына келтіру) оператордың аты. Бұл оператор орындалғаннан кейін READ оператормен сандарды оқу деректер блогының бірінші санынан басталады.

RESTORE операторы программа жұмысының кез келген кезеңінде, яғни деректер блогынан барлық сандар оқылып болғанға дейін де орындала алады.

Мына:


10 DATA 10,0.3 2.8. -0.9

20 READ M,A,B,C.

.

.

.



  • RESTORE

.

.

.



120 READ A,A,B,C.
программа үзіндісінде 20-оператор орындалғанда айнымалыларға мынадай мәндер меншіктеледі.

М=10; A=0.3; B=2.8; C=-0.9.

Есепті шешу кезеңінде бұл айнымалылар қандайда бір басқа мәндерді де қабылдай алады. Бұдан әрі А,В және С айнымалыларына М айнымалысының мәнін қалпына келтірмей-ақ бұрынғы мәндерін қайтадан меншіктеу талап етілсін делік. Бұл үшін деректер блогынан сандарды бірінші саннан бастап оқуды даярлайтын RESTORE операторы пайдаланылады. М айнымалысына бірінші санды меншіктеуді қалдырып кету үшін 120-операторда А айнымалысына екі рет жазылған. Мұнда А айнымалысына бірінші меншіктелген мән жазылған, ал одан кейін екінші рет меншіктелетін мән ақиқат болады.

RESTORE операторы DATA операторының кіші нөмерлі қатарларынан бастап DATA операторындағы тұрақтыларды қайталап пайдалануға мүмкіндік береді. RESTORE операторы қатардағы бірден бір оператор немесе қатардағы бірнеше оператордың бірі бола алады.



Шартты өту операторы
Тармақталу алгоритм мектептік алгоритмдік тілде егер командасы арқылы жүзеге асырылатындығын сіздер бұрыннан білдесіздер. Мектептік алгоритмдік тілде егер командасы толық және қарастырылған пішімдер жазылады.

Толық пішім Қарастрылған пішім

Егер «шарт» Егер «шарт»

Онда «1-әрекет» онда «әрекет»

Әйтпесе «2- әрекет» бітті

Бітті

Ал BASIC программалау тілінде осы егер команданың қызметін атқаратын арнайы оператор бар. Оны шартты операторы деп аталады. Бұл операторды да толық және қарастырылған пішімді жазып пайдалануға болады.

Шартты өту операторының толық пішімінің жазылу үлгісі:

1kIF el xe2 THEN k+10 ELSE k+20

2kIF el xe2 THEN k 1 ELSE m2

3 kIF el xe2 THENe1 ELSE e2

4 kIF el xe2 GOTO k+10 ELSE k+20

Мұнда:


  • k қа тар нөмірі;

  • IF- оператордың аты;

  • el xe2 - тектлерілген шарт;

  • е1*е2- арияметикалық өрнектер;

  • х-қатынас оператордың таңбалары (<,<>, =,)

  • m1 m2 – шаттың сақталу немесе сақталмауына байланысты орындалатын оператор:

- THEN- қызметші сөз:

  • ELSE- Қызметші сөз:

  • k+10- Шатты сақталған жағжайда оператордың нөмірі;

  • k+20- Шартты сақталған жағдайда оператордың нөмірі:

  • GOTO- шаттыз өту операторы:


Шартсыз өту операторы
Шарттсыз өту операторын GOTO (өту) есептеуді одан әрі жалғастыруда программаның келесі кезекте орындалытын операторын көрсету үшін, яғни программаның қандайда бір бөлігін өту үшін қолданылады. Оператордың жазылу пішімі:

GOTOk

Мұнда GOTO-оператордың аты; k-GOTOоператордың соң орындалатын оператордың қатарының нөмірі. Осылайша, GOTO операторы программаның табиғи реттілікпен орындалатын бұзады. Мысалы, 10 GOTO 120 операторын нөмірі 10-қатардан кейін 120- операторы орындалады.

Мысалы,

10 A=7


20 GOTO 40

30 A=1


40 A=A+3

50 PRINT A

60 END

Пргорамма орындалғанда 10- қатардағы меншіктеу операторы А айнымалысына 7 мәнін меншіктейді. 20 – қатардағы операторынна кейін 40- операторы орыедалады, онда айнымалсына сол айнымалының алғашқы мәніне 3-ті қосқандағы мән меншіктеліп нәтижесі баспаға шығарылады. Ал мына төмендегі программа орындалғанда Ы. Алтынсариннің «Кел балалар оқылық» атты өлеңі экранға шығады.



10 REM «өлең»

20 PRINT «Кел балалар оқылық» GOTO70

30 PRINT «Ықылыспен тоқылық» GOTO 80

40 PRINT «Шамнан шырақ жағылар» GOTO 90

50 PRINT «Іздемей-ақ табылар» GOTO 100

60 PRINT «Оқығанды көңілге» GOTO 30

70 PRINT «Оқысаның балалар» GOTO 40

80 PRINT « Тілегенің алдыңнан» GOTO 50

Бұл программа орындалғанда мына төмендегідей нәтиже экранға шығады.

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысанңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар.


жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау