Программа занятости 2020



жүктеу 334 Kb.
бет2/7
Дата25.01.2020
өлшемі334 Kb.
#27284
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан бері негізінен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы.

2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуінің алдын алуға, жұмыспен нәтижелі қамтудың артуына жәрдемдесуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 қаулысымен бекітілген болатын.

Алайда әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсенді халықтың 6,6 %).

Жұмыссыздықтың өсуі, қызметкерлердің одан әрі босатылуы әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупі орын алды.

Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзірледі.

Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кеңінен қолдану нысаналы топтар құрамындағы адамдардың белсенділігін арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,7 %) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен көрсеткіште белгіленді.

Жол картасының негізгі нәтижелері: шамамен 9 мың жоба іске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жіберілді, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберіндегі жұмыс орындарына орналастырылды.

Дағдарыс жағдайында іске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзімді стратегиясы – Жол картасы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуімен қатар, оның деңгейінің 2009 жылғы екінші тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 % көрсеткішке дейін төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жұмыспен қамтудың өсуі халық табысының артуы мен кедейлік деңгейінің төмендеуіне негіз болды. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылы 18,2 %-ға және 2010 жылы 6,9 %-ға азайды.

Алайда оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып табылады.

Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тікелей салдары кедейліктің сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз.

Табысы аз адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесінде жұмыспен қамтуға және табыс табуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жеткілікті қолданылмайды.

Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтеріне жүргізілген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиімділігін төмендетті.

Осы орайда қалыптасқан жағдай кедейлікті төмендету қарқынын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басу қарсаңында жұмыс күшіне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын аңғартады.

Әлемдік тәжірибеде осы тектес проблемаларды шешу үшін еңбек нарығындағы белсенді бағдарламалар (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеуді жетілдіру (жұмыспен қамту қызметтерін құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жігерін жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік қолдау жүйесімен үйлестіру («құқықтар мен міндеттер» немесе «өзара міндеттер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды іздеуді жүзеге асыруға міндеттенеді) арқылы жүзеге асырылады.

ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелі қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін, әлеуметтік тұрғыдан – жұмыссыздықтың төмендеуін, еңбек белсенділігінің артуы мен адам әлеуетінің дамуын болжайды.

Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзеліс кезеңінде және жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болған кезде қолданылған, ал қазіргі уақытта – экономикасы ауыспалы елдердегі өнеркәсіптік қайта құрылымдаудың кері әсерін азайту және еңбек нарығынан айтарлықтай алшақ халықтың әлжуаз топтарын кіріктіру үшін қолданылады.

Осының негізінде қол жеткізілетін оң нәтижелер ЕНББ әзірлеудің және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектілігін арттырып отыр.

Жол картасын іске асыру барысында жинақталған еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару тәжірибесі біздің бұл тұрғыдағы мүмкіндіктерімізді арттыра түседі.




  1. жүктеу 334 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау