Программа құру ерекшеліктері. 1 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/4
Дата09.01.2018
өлшемі0,6 Mb.
#7367
түріПрограмма
1   2   3   4

Ескерту:

1) егер х аргументі INTEGER типіне жататын болса, онда sqr (x), abs(x) функциялары да INTEGER типті;

2) Round, Trunc функциялары REAL типті мәндерді INTEGER типіне өзгертеді, ал Int – REAL типін қалдырады;

3) стандартты скалярлық функциялар қатарына жатпайтын тригонометриялық функция мәнін есептеу үшін алдымен оны стандартты функциялар арқылы өрнектейді;



4) негізгі оң сан болатын х дәрежесін ln(x) және exp(x) функцияларын пайдаланып есептеуге болады (x>0), яғни

х=exp(n*ln(x))
Паскаль тіліндегі стсндартты функциялар:

1. Ord(‘x ’) – ‘x ’ символының кодын анықтайды.

Мысалы, ord(‘A’)=65;

2. Chr(n) – коды бойынша символды анықтайды.

Мысалы, chr (66)= ’B’;

3. Succ (x) –REAL- дан басқа типтегі мәндер тізімінде соңғы мәнді

анықтайды. Мысалы, succ (46)= 47; succ (‘a’) = ‘b’ ;

4. Pred (x) – succ (x) –ке кері функция.



Мысалы, pred (47)= 46; pred (‘b’)=’a’.

Программалау тілдерінде енгізу мен шығаруды ұйымдастыру.

Операторлар форматтары
Паскаль тілінде енгізу операторының жазылуының жалпы үлгісі:

READ (x1,x2,…,xn)

мұндағы x(k=1,2,…,n) ендірілетін мәндерді сәйкес түрде қабылдайтын айнымалылар (read - оқу).

Программаның орындалу барысында read операторы кездессе , компьютер айнымалылар мәндерін жадқа ендіруді күтіп тоқтап қалады. Мәндер аралықтарына бос орын қалдырылып пернетақтадан енгізілуі тиіс. Енгізу аяқталған соң программаның орындалуы одан әрі жалғасады.

READ операторының алдында мәндерді жадқа ендірілуі тис айнымалыларды write операторы арқылы экранда көрсетіп қойған дұрыс. Мысалы, begin write (‘a,b,h = ?’); readln (a,b,h);

S:= (a+b)*h/2; write (‘s = ’, s:5:2);

End.

Кейде write, read – операторларының соңына ln жалғауын қосып, writeln, readln түрінде жазуға болады. Мысалы, readln(a,b,h); writeln(x:5:2);



Мұндай операторлар орындалған соң курсор экранда өзінің тұрған орнынан келесі жолдың басына ауыстырылады да, кезекті оператордың орындалуы экранда осы жерден бастап көріне бастайды.Егер келесі жолды бос күйінде тастап кету қажет болса,программаға соңғы орындалатын ln жалғауы оператордан соң парыметрсіз writeln операторын енгізсе жеткілікті.
Тармақталу командасы.Шартты операторлар

Сызықты программада операторлар ретіне қарай бірінен соң бірі орындалады.Мұны программаның табиғи реттілікпен орындалуы дейді.Тәжірибеде көптеген есептер мұндай сызықтық құрылымға келе бермейді.Есептерді шешуде есептеу жолдары тәуелді болатын шарттар жиі кездеседі.

Тармақталу алгоритмі алгоритмдік тілінде егер командасы арқылы жүзеге асырылатындығын белгілі.Тармақталу командасының толық және толық емес түрі бар. Олар мыналар:



Qbasic тілінде


Pascal тілінде

а) if <шарт> then S1 else S2;
ә) If <шарт> then S;

a) IF<шарт> then <оператор1> else <оператор2>;
ә) If <шарт> then <оператор>;

Құрама шарттардың жазылуы:




Математикада

05

Бейсик тілінде

x>0 and x<1, x=0 or x<>5

Паскаль тілінде

(x>0) and(x<1), (x=0) or (x<>5)

Программалау тілдерінде шартты өту операторы – IF. Бейсик тілінде шартсыз өту операторы бар, ол – GOTO. Шартсыз өту операторы GOTO есептеуді одан әрі жалғастыруда программаның келесі кезекте орындалатын операторын көрсету үшін,яғни программаның қандай да бір бөлігін орап өту үшін қолданылады.Оператордың жазылу үлгісі: GOTO k. Мұнда к – қатар нөмері; GOTO (өту) – оператордың аты; k – GOTO операторынан соң орындалатын операторлық қатардың нөмері.Осылайша GOTO операторы программаның табиғи реттілікпен орындалуын бұзады.Кейде бір жолға нөмер қою керек болады. Ол GOTO операторы үшін керек. Мұнда ұқсастық, тармақталу командасының жазылу үлгісі QBASIC және PASCAL тілдерінде бірдей.Құрама шарттардың жазылуы да ұқсас. Тек PASCAL тілінде шарттар жақшаға алынып жазылады.


Qbasic , Pascal тілдерінде таңдау командасы.

SELECT – CASE операторы
Qbasic тілінде таңдау командасы үшін арналған ыңғайлы, құрылымдық SELECT – CASE операторы бар. (Select – таңдау, Case – жағдай).

Жазылу үлгісі:


SELECT CASE <айнымалы>
CASE<1-мән>: <1-блок>

CASE<2-мән>: <2-блок>


END SELECT

Жалпы жағдайда Case қызметші сөзінің параметрлері IS (IS - болу) сөзінін басталатын өрнек. Таңдау командасын SELECT – CASE операторын пайдаланып жазу программаны құрылымдық түрде жазу талабына сәйкес келеді.

Паскаль тілінде таңдау командасы END қызметші сөзінен аяқталатын Case m of операторы арқылы беріледі де, END операторынан соң нүктелі үтір қойылады. Мұндағы Case (жағдай) – деген қызметші сөз, m үшін Real типінен басқа кез келген скалярлық типте берілген айнымалы немесе өрнекті алуға болады.Оны сұрыптаушы деп атайды. Of (бойынша) – деген мағынасын білдіретін қызметші сөз.Яғни, Case - m сұрыптаушысы бойынша таңдау операторы. m айнымалының мәнін жадқа осы оператордың орындалуынан бұрын енгізілуі тиіс. Мұндағы m – Integer не 1..3 шектеулі типті айнымалы.Мысалы:


Case m of

1: y:=2*x-1;

2: y:= 3*sqr(x)-x+4;

3: y:= 5*sqr(x)*x-41;

end;
Qbasic, Pascal тілдерінде циклды ұйымдастыру
Qbasic тілінде “әзірше” циклын IF жәнеWHILE –WEND операторлары бойынша құруға болады.WHILE (әзірше) операторының құрамына логикалық амалдар мен қатынас белгілерінен тұратын өрнек кіреді.Құрамындағы шарт сақталып тұрған кезде цикл жұмыс істеп тұрады.Операторлардың орындалу нәтижесінде басқару WHILE операторына бағытталып, ондағы өрнек қайталанып есептеледі, яғни WHILE және WEND операторларының аралығындағы амалдар орындалады. Егер шарт сақталмайтын болса,онда басқару WEND операторынан кейін тұрған операторға бағытталады. WEND (wend – while және end сөздерінен құралған,бұл қызметші сөз циклдың соңы деген мағынада қолданылады).

Qbasic тілінде әзірше циклы төмендегі құрылымдар бойынша жазылуы мүмкін:

1) DO WHILE P 2) DO 3) WHILE P
S S S

LOOP LOOP WHILE P WEND


Мұндағы DO, WHILE, LOOP – (орындау, әзірше, айналу) қызметші сөздер, P – шарт, S – цикл денесі.

Pascal тілінде “әзірше” циклінің жазылу түрі: WHILE P DO S

WHILE P DO – цикл тақырыбы; WHILE (әзірше), DO (орындау ) – қызметші сөздер (DO соңына нүктелі үтір қойылмайды);

P –шарт (логикалық немесе бульдік өрнек); S – цикл денесі.

.

Qbasic тілінде “дейін” циклының “әзірше ” циклынан айырмашылығы “дейін” циклында шартты тексеруден бұрын цикл денесі бір рет орындалады. ”Дейін” циклы төмендегі құрылымдар бойынша жазылуы да мүмкін:



1) DO UNTIL P 2) DO

S S


LOOP LOOP UNTIL P

Pascal тілінде “дейін” циклының жазылуы:

REPEAT S UNTIL P

Repeat – цикл тақырыбы, UNTIL – циклдың аяқталу шарты. Repeat (қайталау), Until (дейін) – қызметші сөздер. Олар операторлық жақша ролін атқарады.

Until қызметші сөзінің алдындағы оператордан соң нүктелі үтір қойылмауы тиіс.Until қызметші сөзінен кейін соң жазылған шарт жақшаға алынбауы мүмкін.
Qbasic тілінде “үшін” циклы. Егер қайталаулар саны алдын ала белгілі болса, онда циклды FOR – NEXT (for – үшін,next - екелесі) операторлар арқылы ұйымдастырған тиімді.

“Үшін” циклының жазылуы:



FOR K=K TO K [STEP H]

S

NEXT <[цикл параметрі]>


FOR – цикл басының операторы немесе цикл тақырыбы, NEXT – цикл соңын көрсететін оператор, K – цикл параметрі немесе цикл санауыш немесе басқарушы айнымалы деп аталады. K мен K- параметрдің бастапқы және соңғы мәндері (H – қадам ұзындығы, S – цикл денесі), STEP (қадам), TO (дейін). Егер H=1 болса, STEP H қызметші сөзін жазбаса да болады.

Pascal тілінде “үшін” циклының жазылуы:

FOR <цикл параметрі>:=<бастапқы мән>

TO <соңғы мән > DO S

немесе FOR<цикл параметрі>:=<бастапқы мән>

DOWNTO <соңғы мән> DO S


Мұндағы FOR … DO цикл тақырыбы; FOR (үшін), TO (дейін), DOWNTO (төменге дейін) –қызметші сөздер; цикл параметрі Integer типті айнымалы. Мұнда бастапқы және соңғы мәндер өрнек түрінде берілуі де мүмкін.

FOR циклында параметр Integer типті болса, оның қадамы 1 не -1 мәндерінен өзгеше болуы мүмкін емес (FOR – TO циклында қадам 1-ге, FOR – DOWNTO циклында қадам - 1-ге тең). Қадамның басқа мәндерінде WHILE не REPEAT циклын пайдалану керек.


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау