Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___
ӘК төрайымы____________________
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Курсты оқу барысында әдеби құбылыстарды біртұтас және саластырмалы тарихи әдістер қолданылады. «Әдебиеттануға кіріспе» әдебиет теориясының алғашқы курсын құрайды. Оны оқу студенттерге басқада әдеби пәндерді меңгеруге көмектеседі. Көркем әдебиеттің негізгі мәні, ерекшелігі туралы мәліметтер көркем әдебиеттің әлеуметтік-эстетикалық мәні студенттерге әдеби құбылыстарды қабылдап, ойдағыдай меңгеруі алғашқы ғылыми анализ жасау дағдыларын қалыптастыруға және әдбеи көркем шығарманы бағалауға қажет.
Пәнді оқыту мақсаты:
Әдебиет тарихы мен фольклорды одан әрі тереңдеп тану үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесін қамту, көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйрету. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретіндегі ерекшелігін ашу, көркем шығармашылықтың мазмұны мен пішінінің өзгеше сипатын таныту.
Пәннің міндеттері:
Әдебиеттің қоғамдық танымның және өнердің бір түрі ретіндегі ерекшелігін ашу; әдеби шығарманың мазмұн ерекшелігі мен форма ерекшелігін ашу; әдебиеттің негізгі тарихи даму заңдылықтарын ашу.
Пәннің міндеттері:
- негізгі ѓылыми жєне оќу єдебиеттерін білу;
-ѓылымныњ негізгі теориялыќ жаќтарын мењгерту;
Студенттер білуі тиіс:
- Студенттер әдебиеттануға қатысты терминдер мен түсініктер жүйесін толық меңгеруі тиіс;
- Шығарманың идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуі тиіс.
- Көркем шығарманы ғылыми тұрғыдан талдап, пайымдау, оның даму заңдылықтарын түсінуі тиіс.
Студенттер істей білуі тиіс:
- Студенттер эпитет, теңеу, троп, фигура түрлерін ажырата алады.
- Шығарманың идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуге дағдыланады.
- Өлең құрылысына талдауды меңгереді.
- Көркем шығармаға әдеби-теориялық талдау жасауға дағдыланады.
Пререквезиттер:
- қазақ әдебиетінің тарихы
- тарих
- философия
- психология
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Сөз өнері туралы түсінік.
Қарастыратын сұрақтар: Әдебиеттің негізгі салалары болып табылатын әдебиеттің тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны сияқты жеке салалардың өзара бірлігі мен ерекшеліктері. Әдебиеттанудың салалары: текстология, библиография және историография. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы.
2-тақырып. Әдебиеттану ғылымының даму кезеңдері. Әдебиеттң қоғамдық мәні және танымдық, тәрбиелік, эстетикалық қасиеттері.
Қарастыратын сұрақтар: Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларындағы сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық түсініктер. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар. Орта ғасырлардағы діни түсініктер және ғылым. Ғылымның, өнердің дамуы, озық ой-пікірлердің мистикалық, схоластикалық тұжырымдарымен күресі. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыптасу кезеңдері.
3-тақырып. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық сипаты туралы ұғым.
Қарастыратын сұрақтар: Өнер мен қоғамдық шындық. Суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы. Өнер туындысын бағалау критерийлері. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі. Халықтық ұғымның әр кезеңдегі әдебиеттегі көрінісі. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипатты жайлы ой-толғамдар. Сыншы В.Г.Белинскийдің әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары. М.Әуезов Абайдың халықтығы жөнінде. Кеңестік әдебиеттану ғылымы өнердің, әдебиеттің халықтығы туралы. Мәселеге бүгінгі көзқарас.
4-тақырып. Жинақтау мен даралау және образ жасау жолдары.
Қарастыратын сұрақтар: Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Өмірдің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Образдың суретті сөз екендігі. Көркем шығармадағы деталь. Өнердегі типтілік мәселесі, типтендіру процесі. Типтік бейне ерекшелігі. Суреттеу тәсілдері. Портреттік тәсіл, түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері (тура және жанама), характер айқындаудағы мәні. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Ішкі монолог психологиялық талдау тәсілінің бір түрі.
Талдау: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
5-тақырып. Көркем образ және оның түрлері. Романтикалық және реалистік образдар.
Қарастыратын сұрақтар: Көркем бейненің әдіс тұрғысынан, тек, тәсіл тұрғысынан жіктелуі және олардың ерекшелігі. Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Лирикалық, эпикалық және драмалық образдар.
6-тақырып. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы ғылыми пайымдаулар. Көркем шығармадағы тақырып пен идея.
Қарастыратын сұрақтар: Көркем шығарманың тақырыбы. Тақырып туралы түсінік. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі, проблемалылығы. Көркем шығарманың идеясы, автор дүниетанымымен байланыстылығы. Шығарма идеясының оқиға дамуы, кейіпкерлердің іс-әрекеті, тартыстың шешімі арқылы танылатындығы. Идеяның түрлері, негізгі өзекті идея және объективті идеялар. Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.
Талдау: М.Әуезовтің «Көксерек» повесіне талдау
7-тақырып. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы туралы ойлар.
Қарастыратын сұрақтар: Сюжеттік оқиғалар мен қаһармандардың өзара қарым-қатынасы, тартыстың нақты көрінісі екендігі. Сюжет пен фабула. Сюжетсіз шығармалар. Композиция-көркем шығарма құрлысы, образдардың өзара байланысуы
Талдау: М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі.
8-тақырып. Көркем әдебиеттің тілі және оның өзіндік ерекшелігі.
Қарастыратын сұрақтар: Ауызекі тіл мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілінің ерекшеліктері, талаптары. Жазушының тіл байлығын игеру жолдары. Поэтикалық тілдің көркем шығармада кейіпкер тілі және автор тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.
Талдау: Көркем шығармадан эпитет пен теңеу түрлеріне картотека теру.
9-тақырып. Троп пен фигураның қызметі
Қарастыратын сұрақтар: Тілдің стилистикалық ерекшеліктері. Әдеби тілді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолданудың ерекшеліктері. Оның шығарма көркемдігіне әсері. Троптың классификациясы. Жасалу жолдары, көркемдік қызметі. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар, қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі, түрлері.
Талдау: Көркем шығармадан троп пен фигура түрлеріне картотека теру.
10-тақырып. Өлең және оның жанрлық ерекшелігі.Өлең жүйелері. Өлең өлшемдері. Ұйқас, ырғақ, буын, бунақ, шумақ туралы қазіргі пайымдаулары.
Қарастыратын сұрақтар: Өлең құрылымын ажыратудың жолдары. Өлең жүйелері. Шумақ. Бунақ. Ұйқас. Олардың түрлері. Қазіргі қазақ өлеңіндегі соны ізденіс-өрнектер. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері. Өзіндік ерекшіелігі. Ішкі ұйқас.Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Өлең өлшемдері. З.Ахметовтың өлең құрылысы жөніндегі еңбегі. Қазақ ғалымдарының өлең құрылысы жайлы ғылыми еңбектерінің маңызы.
Оқуға: З.Ахметов. Өлең сөздің теориясы. –А., 1973
11-тақырып. Әдебиеттегі тек пен түр. Әдеби жанр мәселесі. Әдебиеттің тектері: лирика, эпос, драма. Әдебиеттің түрлері және олардың жіктелу жолдары.
Қарастыратын сұрақтар: «Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Эпикалық тек. Лирикалық тек. Драмалық тек. Қазақ драматургиясында бұл жанрдың туу, қалыптасу жайы. Әдебиеттің тектері - эпос, лирика, драма. Әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б.Жанрлардың өзара байланысы және олардың шартты шекаралары. Аралас жанрлар ерекшелігі.
12-тақырып. Қаламгер және стиль мәселесі. Әдеби ағымдар мен бағыттар туралы ой-пікірлер.
Қарастыратын сұрақтар: Әдеби процестің тарихи сипаты. Әдеби процестің үздіксіздігі және ұлттық ерекшілігі. Әдеби поцестегі көрнекті жазушы мен талантты сыншының рөлі. Әдеби даму заңдылықтары. Дәстүр және жаңашылдық мәселесі. Әлем және орыс әдебиеттеріндегі озық дәстүрлердің қазақ әдебиетіне ықпалы. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. Көркемдік әдіс туралы. Классицизм. Сентиментализм ағымы. Романтизм әдісі. Романтизм туралы пікірлер. Қазақ әдебиетіндегі романтизм. Реализм әдісі. Әдеби стиль жайлы ұғым. Ғалымдардың стиль туралы пікірлері.
Оқуға: Қ.П.Жүсіпов. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. -П., 1999.
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
1. Абрамович Г. Введение в литературоведение. М., 1976.
2. Ахметов З.А. ¤лењ сµздіњ теориясы. Алматы, 1973.
3. Єдебиеттану терминдерініњ сµздігі. Алматы, 1996.
4. Байт±рсынов А. Шыѓармалары. Алматы, 1989.
5. Введение в литературоведение. Хрестоматия. М., 1988.
6. Введение в литературоведение / Под. Ред. Проф. Г.Н.Поспелова. М., 1976
7. Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. М., 1976.
8. Ж±малиев Ќ. Єдебиет теориясы. Алматы, 1959.
9. Ќабдолов З. Сµз µнері. Алматы, 1992.
10. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. М., 1980.
11. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974
Ќосымша:
Ахметов З.А. Казахское стихосложение.
әл-Фараби. ¤лењ µнерініњ ќаѓидалары туралы трактат. Алматы, 1980.
Винокуров Г.О языке художественной литературы. М., 1991.
Дербісєлин Є. Єдебиет туралы толѓаныстар. Алматы, 1990.
Методические указания Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ќазаќ филологиясы кафедрасы
«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына өздік жұмыстарды орындауға арналған
ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУ
Павлодар 2008
Лист утверждения к Форма
методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ФЖж¤ факультетініњ деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев
« ___» ___________2008 жыл
Ќ±растырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева
Ќазаќ филологиясы кафедрасы
Єдістемелік н±сќау
Өздік жұмыстарды орындауға арналған
«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша 050205 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығыныњ студенттері ‰шін
Ќазаќ филологиясы кафедрасының « » ________ 2008 ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №
Кафедра меңгерушісі: _____________ Жүсіп Қ.П. «___» ________ 2008 ж.
Филология, журналистика және өнер факультетінің 2008 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Мәжілісхат №
ӘК төрайымы:________________
Әдістемелік нұсқау
Оқудың сессия ағымында орындалатын студенттердің өздік жұмысы – оқытылатын пәнді тереңірек тануда, өз бетімен білімін толықтыра түсуде студент үшін айрықша маңызды, жауапты іс болып табылады.
Орындалатын студенттердің өздік жұмысы проблеманы зерттеуге арналады да, өз бетімен ғылыми еңбекпен шұғылдануға, алғашқы тәжірибе, дағды алуға, көркем құбылысты талдаудағы әдіс- тәсілдерді үйренуге баулып, методологиялық, шығармашылық тұрғыдан қолдануға жағдай жасайды.
Студенттердің өздік жұмыстарының формалары.
1. Ауызша
2. Жазбаша
Студенттердің өздік жұмыстарының түрлері және әрбір өздік жұмыстың түрлеріне байланысты уақыт бюджеті
Дәріс материалдарын өңдеу – 1 дәріске 1 сағат;
Дәріс курсының қосымша тақырыптарын оқу – 1 академиялық сағатқа сәйкес келетін материалға 2 сағат;
Үй тапсырмасын орындау – 1 тапсырмаға 0,5 сағат;
Тәжірибешілік сабақтарға дайындық – 1 сабаққа 1 сағат;
Коллоквиумдарға дайындық – 2 сағат;
Семинар сабақтарға дайындық – 2 сағат;
Бақылау жұмыстарына дайындық – 1 бақылау жұмысына 1 сағат;
Ғылыми баяндамаларға, реферат жазуға дайындық – 4 сағат;
Студенттердің өздік жұмыстары
Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.
әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;
дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.
СӨЖ мазмұны
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1х15)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1х15)
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
20
|
4
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
Реферат
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
6
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
РК1, РК2
|
4
|
|
Барлығы
|
|
|
60
|
Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1 Єдебиеттану ѓылымыныњ даму кезењдері.
Адамзат тарихындаѓы алѓашќы ауызша-жазбаша деректер, олардаѓы єдеби-эстетикалыќ балањ пайымдаулар. Мысыр, ‡нді, Ќытай т.б. халыќтардыњ ежелгі жазбаларындаѓы саќталѓан алѓашќы єдеби м±ралар туралы маѓл±маттар. Кµне Грециядаѓы єдеби-эстетикалыќ т‰сініктер.
¦сынылатын єдебиет: [1], 15-35бет, [8], 18-55беттер.
2 Єдебиеттіњ халыќтыѓы мен ±лттыќ сипаты туралы зертетулер
Орта ѓасырдаѓы Ќазаќстандаѓы саяси-єлеуметтік жаѓдай жєне ѓылым мен білімніњ даму ерекшеліктері. Ислам діні жєне философиялыќ эстетикалыќ ілімніњ µркендеу сипаты. ¦лы ойшылдардыњ, єдебиетшілердіњ шыѓарманыњ халыќтыѓы мен ±лттыѓы туралы ойлары.
¦сынылатын єдебиет: [1], 88-101 беттер; [9], 75-96 беттер.
3. Єдебиеттіњ ќоѓамдыќ мєні жєне танымдыќ, тєрбиелік, эстетикалыќ ќасиеттері туралы зерттеулер
Єдебиеттіњ даму зањдылыќтары мен єлемдік сµз µнерініњ ортаќ ќасиеттерін, шыѓармашылыќтыњ мазм±ны мен µзіндік µнер ретіндегі ерекшеліктері. Кµркем єдебиеттіњ єлеуметтік-эстетикалыќ мањызы мен мєні туралы негізгі мєліметтер.
¦сынылатын єдебиет: [1], 80-85 беттер; [9], 12-44 беттер.
4. Ќаламгер жєне стиль мєселесінің зерттелуі.
Кµркем єдіс туралы т‰сінік. Стиль жєне шыѓармашылыќ ерекшелік.
¦сынылатын єдебиет: [1], 255-302 беттер; [8], 105-120 беттер; [9], 120-155 беттер.
5. Єдеби аѓымдар мен баѓыттар туралы ой-пікірлер. Кµркемдік єдіс, єдеби аѓым, баѓыттар туралы т‰сінік.
¦сынылатын єдебиет: [8], 150-175 беттер; [9], 205-279 беттер.
Реферат тақырыптары.
1 Лирикадағы сюжет мәселесі
2 Аралас жанрлар ерекшелігі
3 Көркем бейне түрлері
4 Қазіргі қазақ өлеңінің даму сипаты
5 Көркем шығарма тілі
6 Лирикалық жанрлар түрлері
7 Көркем бейне жасау жолдары
8 Композицияның сюжеттік элементтері
9 А.Байтұрсыновтың төл әдебиетттану терминдерінің қалыптастырудағы еңбегі
10 Стиль туралы зерттеулер, соны ізденістер.
Өздік жұмыстардың орындалуы барысындағы әдіс-тәсілдер:
берілген тақырыпты терең талдауға қажет көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектерді іздеу, дайындау;
жинап алған шығармалар мен еңбектерді оқу, зерттеу, жүйелеу, міндет-мақсаттарды айқындау;
жоспар жасау;
өздік жұмысты тиянақты орындау үшін пән оқытушысынан кеңес алуы қажет;
өздік жұмысты жазу, орындау.
Рефераттың көлемі А-4 форматында 8-10 бетті қамтуы тиіс және компьютерде теріліп жазылуы керек.
Конспект жұмыс дәптеріне жазылады. Оның көлемі шектелмеген.
Әдебиетті іздеу, іріктеу
Әрбір өздік жұмыстың тақырыбына байланысты оқылатын, зерттелетін негізгі көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектер көрсетіледі. Ал тақырыпты терең зерттеп, жаңа бір қырын көрсету үшін қажет әдебиет көп болады. Таңдап алған тақырыпқа байланысты көркем шығармалар мен зерттеу кітаптарды, сын мақалаларды студенттің өзі іздеп тауып, тізімін жасап шығуға міндетті. Бұл істі орындау барысында студент кітапханалардың каталогтарын, газет-журнал мақалаларының көрсеткішін пайдалануды үйренеді. Ғылыми мекемелер, кітап шығаратын арнаулы библиографиялық көрсеткіштерді де пайдаланудың жәрдемі зор.
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
1. Абрамович Г. Введение в литературоведение. М., 1976.
2. Ахметов З.А. ¤лењ сµздіњ теориясы. Алматы, 1973.
3. Єдебиеттану терминдерініњ сµздігі. Алматы, 1996.
4. Байт±рсынов А. Шыѓармалары. Алматы, 1989.
5. Введение в литературоведение. Хрестоматия. М., 1988.
6. Введение в литературоведение / Под. Ред. Проф. Г.Н.Поспелова. М., 1976
7. Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. М., 1976.
8. Ж±малиев Ќ. Єдебиет теориясы. Алматы, 1959.
9. Ќабдолов З. Сµз µнері. Алматы, 1992.
10. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. М., 1980.
11. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974
Ќосымша:
хметов З.А. Казахское стихосложение.
әл-Фараби. ¤лењ µнерініњ ќаѓидалары туралы трактат. Алматы, 1980.
Винокуров Г.О языке художественной литературы. М., 1991.
Дербісєлин Є. Єдебиет туралы толѓаныстар. Алматы, 1990.
Достарыңызбен бөлісу: |