8-тақырып. Ә.Дүйсенбиев, Ж.Кәрбозин, Б.Ысқақов, Қ.Ыдырысов, Н.Әлімқұлов шығармашылығы.
Ә.Дүйсенбиев шығармашылығының зерттелуі. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған өлеңдері. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған өлеңдердің танымдық-көркемдік сипаты. Б.Ысқақовтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі поэмасы және Рабғузидің «Қисса сұл-әнбие» шығармасы. Қ.Ыдырысовтың «Әке жолы» реалистік поэмасындағы әке тағдыры. Н.Әлімқұлов өлеңдеріндегі бала бейнесі.
9-тақырып. Ә.Табылдиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Қ.Баянбай шығармашылығы.
Ә.Табылдиевтің өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәні. Табиғаттағы түрлі жан-жануар, құстардың бейнесі. Ж.Смақов – балалар әдебиетінің шебері. Қ.Мырзалиев өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік, идеялық сипаты. Қ.Мырзалиев шығармашылығының зерттелуі. Т.Молдағалиев өлеңдеріндегі табиғат суреттері Қ.Баянбай өлеңдерінің идеялық-тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері. Балалар лирикасындағы балалар өмірінің, табиғат құбылыстарының, жан-жануар, хайуанаттар, құстар, аңдардың бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |