БЕКІТЕМІН
ФЖи¤ факультетініњ деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев
« ___» ___________2007 жыл
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Кажыбаева Г.К.
Аға оқытушы Кәріпжанова А.О.
Қазақ филологиясы кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПЄН БАЃДАРЛАМАСЫ
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пєні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыныњ студенттері ‰шін
Студенттерге арналѓан пєн баѓдарламасы «___»_________ 2007 жылы бекіген ж±мыс баѓдарламасы негізінде дайындалды
Ќазаќ филологиясы кафедрасының « » 2007 ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №
Кафедра меңгерушісі: _____________ Жүсіп Қ.П. «___» ________ 2007 ж.
Филология, журналистика және өнер факультетінің 2007 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №
ӘК төрайымы:________________ Семенова М.В.
Оқытушы туралы мәлімет :
Ф.ғ.к., доцент Кажыбаева Гүлден Кеңесқызы
Тел. (8-3182) 32-43-08
Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 10-00, ауд. №324
Аға оқытушы Кәріпжанова А.О.
Тел. (8-3182) 60-07-36
Қабылдау уақыты: жұма сағат 12-00, ауд. №324
Пән туралы мәліметтер :
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында 6 семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы саѓат саны-135с, дєріс-37,5с, тєжірибешілік-37,5 с, С¤Ж-60с.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні- мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың әлемдік білім тәжірибелерімен сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Пәннің қысқаша аннотациясы:
Әдеби білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау.
Пәннің мақсаты:
Студенттер «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін» оқуы барысында қазақ тілі мұғаліміне тән іскерліктерді қалыптастырады. Олар мыналар :
-мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі ;
- әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі;
- оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.
Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.
Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А. 2003.
Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.
Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. - А., 1969.
Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.
Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.
Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. Мектеп, 1969.
Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А. 1974.
Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.
Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.
Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000.
Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.
Мақпыров С., Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.
Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.
Мәшһүр Жүсіп.Қ. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2002.
Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. А., 2000.
Ќосымша:
21. Абайдың тәлімгерлік тағылымы. (құрастырушы Ә.Дайырова). А., 1996.
22. Құсайынов А. Оқулықтану мәселелері. А., 2000.
23. Марацман Б., ЧирковскаяТ. Проблемная изучение литературного произведения в школе. М., Просвещение, 1977.
24. Мемлекеттік білім стандарты. А. 2000.
25. Прессман Л. Кабинет литературы. М., 1975.
26.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М., 2000.
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
|
Тақырып
|
Сағат саны ҚТӘ-31
|
Сағат саны СҚТӘ- 31
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні.
|
2
|
2
|
4
|
1
|
1
|
7
|
2
|
Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.
|
2
|
2
|
4
|
1
|
|
7
|
3
|
Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.
|
2
|
2
|
4
|
1
|
1
|
7
|
4
|
Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері.
|
2
|
2
|
4
|
1
|
|
7
|
5
|
Әдебиетті оқыту әдістері
|
4
|
4
|
4
|
2
|
1
|
7
|
6
|
Көркем шығарманы оқыту.
|
4
|
4
|
4
|
2
|
2
|
7
|
7
|
Эпикалық шығармаларды оқыту
|
3
|
3
|
4
|
2
|
1
|
7
|
8
|
Драмалық шығармаларды оқыту.
|
2
|
2
|
4
|
1
|
1
|
7
|
9
|
Лириканы оқыту.
|
2
|
2
|
4
|
1
|
1
|
7
|
10
|
Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері.
|
3
|
3
|
4
|
1
|
1
|
7
|
11
|
Әдебиет сабағы
|
3
|
3
|
4
|
1
|
1
|
7
|
12
|
Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.
|
3
|
3
|
4
|
1
|
1
|
7
|
13
|
Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері.
|
1
|
1
|
4
|
1
|
|
7
|
14
|
Мұғалім даярлау жүйесіндегі педпрактика
|
2
|
2
|
4
|
1
|
1
|
7
|
15
|
Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.
|
2,5
|
2,5
|
4
|
1
|
|
7
|
|
Барлығы: сағат
|
37,5
|
37,5
|
60
|
18
|
12
|
105
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылыми пән екендігі. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті пәнін мектепте оқытудың мақсат-міндеттерін, әдеби білім мазмұнын, оны анықтайтын ұстанымдарды және өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздері. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделіп философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы. Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамыту. Әдебиетші мұғалімінің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.
2-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.
1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі. Олар: Қадым мектебі, Жәдит мектебі, Медреселік білім беру жүйесі.
Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласындағы тарихи тәжірибесі. Ы.Алтынсариннің қазақ мектептерін ашудағы еңбегі. Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарастары және оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.
Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі: Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.
Әр кезеңде мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жааудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Ақшолақов, т.б. еңбектері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін қалаудағы Ә.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаевтың алатын орны. Олардың ғылыми-әдістемелік мұрасы.
Қазіргі кездегі қазақ әдебиетін оқытуды жетілдіруге байланысты соны әдістемелік ізденістер.
3-тақырып. Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.
Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі.
Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Бастауыш (1-4), базалық білі (5-9) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, 10-11 сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы.Базалық білі беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері.
Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдарының ізденістері.
5-9 сыныптар курсы. Бұл сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелерінің бағдарламада қамтылу қажеттігі. 10 сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық көңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпалы.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға шығармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістеріне байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.
10-11 сыныптар курсы. Жоғары сыныптағы тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен тығыз сабақтастығы. әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқылатыны. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.
Шетел және туыс халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.
4-тақырып. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері.
Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі. Күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары. Дәстүрлі емес сабақтар: экскурсия, баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар, т.б. мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.
Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық-психологиялық, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны.
5-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістері.
Әдебиетті оқытудың әдебиеттің ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптеріне сүйенетіндігі. Сол принциптерден туындайтын әдістемелік принциптер.
Әдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсентіндігі.
Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, дәріс, пікірлесу, т.б.
Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация.
Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі рөлі.
Шығармашылық оқу әдісі. Осы әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас-зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы.
Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толықтыратындығы. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. әдеби шығарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылықтар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны. Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.
Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қоятыны. Оқушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жүйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зерттеу әдісін қолдану процесінде қалыптасып дамитыны. Бұл әдістің эвристикалық әдіспен сабақтастығы, айырмашылықтары. Зерттеу әдісінің сыныптағы әдебиет сабақтарында қолдана бермейтіндігі. Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жүргізуге лайықтылығы.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдістің мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің дәрісінен, оқулықтан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйренетіні.
6-тақырып. Көркем шығарманы оқыту.
Мектепте әдеби білім беру заңдылықтарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық). Пәннің функционалды қызметінің толықтығын сақтау, білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушы жас ерекшелігіне лайықтылығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б.
Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіндігі. Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері. Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.
7-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқыту.
Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация әдіс-тәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстардың орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық қиял, әртүрлі болжамдар туындайды т.б.
Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.
Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі. Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.
8-тақырып. Драмалық шығармаларды оқыту.
Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтармен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог,, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.
Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі.
Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі. Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер.
9-тақырып. Лириканы оқыту.
Мектепте лириканы оқытуға арналған әдіскерлердің еңбегіне шолу. Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.
10-тақырып. Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері.
Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жұмыс кезеңі, қорытынды сабақ.
Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесінде алатын орны. Оларды ұйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың дұрыс ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері.
Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтеуге қатысты кіріспе сабақтар.
Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңнің сабақтың кіріспе бөлімімен сабақтастығы. Көркем мәтінмен жүргізілетін мәнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жұмыстар кешені.
Талдау түрлері. Мұғалім нақты шығарманы талдау түрін әдеби шығарманың көркемдік табиғатындағы белгілерге сүйеніп айқындайтыны. Көркем мәтінді талдаудың көптүрлілігі. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіндігі.
Қорытынды сабақтар. Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтнмен жұмыс кезеңімен тығыз сабақтастығы. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғысабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні. Бекіту сұрақтарының орны.
11-тақырып. Әдебиет сабағы
Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны. Оқу қызметін ұйымдастырудағы мақсат-міндеттер. Әр сабақтың өз тұжырымдамасы, логикасы, білімділік, тәрбиелік бағыт-бағдары болатыны. Сабақтың өзіне дейінгі, өзінен кейінгі сабақтармен үзіліссіз, біртұтас білімдік жүйе құратындығы. Мұғалімнің сабақ процесіндегі ізденісі, шығармашылық қызметі. Сабақтың мұғалім-сынып-оқушы қызметіне қатысты дидактикалық принципке негізделген. Ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін қосымша: Ұлт мектептеріндегі қазақ әдебиетін оқытудың жалпы мәселелері. Ол туралы еңбектерге шолу. Орыс тілді сыныптардағы қазақ әдебиеті сабағы, онда берілетін әдеби білімнің көлемі, мақсат міндеттері, өзіне тән ерекшеліктері. Бағдарламаға енгізілген қазақ әдебиеті туындыларының орыс тіліне аударылуындағы проблемалық мәселелер, аударма сапасы жөнінде түсінік беру қажеттігі. Көркем шығармадағы қазақ халқындағы салт-дәстүрлік ерекшеліктері әдеби материалмен байланыста түсіндірілетіні. Қазақ әдебиеті туындыларын орыс әдебиетінің ұқсас шығармаларымен салыстыра отырып оқып-үйретудің тиімділігі. Мәтінді меңгеруге арналған әдебиет тапсырмалар жүйесі, мәтінге дейінгі дайындау кезеңі оқушының белсенділігін, қызығушылығын ояту мәселелерін, сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру, сөздік қорын байыту т.б.
Оқыту әдісмесіндегі ұтымды, қолайлы әдіс-тәсілдері орнымен пайдалана білу; оқушылардың бағдарлама бойынша алған білім-дағдыларын ары қарай дамытып, теңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.
12-тақырып. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.
Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары. Өзіндік ерекшелігі. Тіл дамыту сабақтарындағы пәнаралық байланыс қызметінің маңызы. Мәнерлеп оқып ауызша мазмұндау жұмыстарының оқушы тілін дамытудағы рөлі. Оқушыны шешендік өнерге баулудың тіл дамыту жұмыстарына қатыстылығы. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыту процесінде жеке сөз, сөз тіркестері, сөйлемдермен, образдармен жұмыс істей білуге баулу.
Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту. Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жазу арқылы оқушының аналитикалық ойлау жүйеснің қалыптасатыны. Оқушыны шығарма жазуға үйретудің әдістемелік тәжірибелері. Мазмұндама жаздыру. Оның оқушының әдеби материалды еске сақтау және жүйелі әрі бейнелі мазмұндау тілін қалыптастыратыны.
5-7, 8-9 сыныптардағы шығарма жұмыстарының спецификасы. 10-11
сыныптардағы тақырыптық, бағларламалық, шығармашылық, публицистикалық шығарма түрлері. Щығарманың оқушынң жазу тілін қалыптастыруға әсер-ықпалы.
13-тақырып. Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері.
Әдебиет сабағының көрнекілігі. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың мақсаты. Көрнекіліктерді сыныпта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультатив сабақтарда пайланудың елеулі айырмашылықтарының болатыны. Мұғалімнің көрнекіліктерді сыныпта әдеби білім берудің мақсатына берудің мақсатына орай таңдап алатыны. Көрнекіліктердің түрлері (көру, есту, синтетикалық, т.б.) және олардың пайдаланудың тәртібі.
Сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың түрлері, олардың әрқайсысының қызметі. Әдебиет сабақтарында көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты жақтары.
Сабақта көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.
14-тақырып. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.
Студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Мектептің әдеби білім талаптарына сай орталау сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Жоғары сыныптардағы тарихи -әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойында көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру мақсатын құру.
15-тақырып. Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.
Мектеп оқушысына сыныпта әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізіледі. Мерекелік датаға арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі, т.б. жұмыстар оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады. Әдеби мұралардың көлемі ұшан-теңіз. Оның, барлығын әдебиеттік оқу сабақтарында түгел қамту мүмкін емес. Бағдарламалық материал негізінде оның көлемін кеңейту, сыныптан тыс жүргізілген әртүрлі жұмыстар арқылы іске асырудың жолдары.
Сыныптан тыс оқу. Оның сыныптағы әдебиет сабақтарымен тығыз байланыстылығы. Сыныптан тыс оқуды жылдық жоспарлаудың тиімділігі. Оны ұйымдастырудың тәсілдері. Оқушылардың әдеби білімінің аясының кеңеюі, әдебиеттің идеялық, эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, түсінуі оқырмандық қызығушылының қалыптасуы сыныптан тыс оқумен толықтырлады. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу.
Факультативтік сабақ. Оның сыныптағы әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстардың арасын жалғастырушылық сипаты. Ерекшеліктері. Арнаулы бағдарлама арқылы жоғары сыныптарда өтілетіні. Мұндай сабақтарды жүргізу әдістемесі.
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып. Орта мектепте әдебиетті пән ретінде оқыту мәселелері.
Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктеріне, қазақ әдебиеті пәнін мектепте оқытудың мақсат-міндеттеріне, әдеби білім мазмұнына, оны анықтайтын ұстанымдарды және өмір талабына сай оқыту әдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздеріне талдау жасау, талқылау.
2-тақырып. Жаңа білімді меңгерту технологиялары.
Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістердің жаңа білімді игертудегі орны.
3-тақырып. Әдіс-тәсілдер, танымдық іздендіруші әдістер.
Проблемалы сұрақтар жасау әдістемесі, оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері және олардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.
4-тақырып. Сабақтың түрлері, дәстүрлі емес сабақтар.
Педагогикалық технологияның мәні. Қазіргі дәстүрлі емес сабақтардағы оқушы мен мұғалімнің рөлі. Дәстүрлі емес сабақтардағы дидактикалық мақсат пен оқыту технологиялары.
5-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту.
Қ.П.Жүсіптің «Көркем сөздің құдіреті» еңбегінен әдебиетті оқыту технологияларын үлгі ретінде ала отырып, сабақ жоспарларын құрастыру.
6-тақырып. Оқытудың түрлері (ұжымдық, даралап, саралап оқыту).
Осы оқыту түрлерінің тәжірибеге соңғы кезде еніп, нәтиже беріп жүргендігі. Студенттердің аталған оқыту түрлерінің амал-тәсілдерін қолданып, сабақ жоспарларын құруы.
7-тақырып. Шығарма жаздыруға төселдірудің жолдары.
Шығарма жазуда оқушылардың есінде болатын талаптар. Оқушыларға ұсынылатын шығарма тақырыптары. Сценарий мен инсценировкалар. Шығарма жазуға төселдірудегі рефлексияның орны.
8-тақырып. Көркем мәтінмен жұмыс.
Көркем шығармаға талдау жасау әдістері. Модульдік талдау, лингвистикалық талдау. Түсіндірмелі оқу арқылы шығарманың бөлімдеріне талдау жасау. Көркем шығармамен оқушылардың танысуы барысында алынатын бақылау жұмыстары. Көркем мәтінмен жүргізілетін мәнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жұмыстар кешені.
9-тақырып. Тіл дамыту жұмыстары.
Тіл дамытудың әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы екендігі. Оқу бағдарламасындағы тіл дамыту жұмыстарына бөлінетін арнайы сағаттар және осы сағаттарды тиімді пайдалану жолдары. Тіл дамытудағы тіл мәдениетіне дағдыландыру және көркем әдеби тілін жетілдірудегі мұғалімнің рөлі.
10-тақырып. Сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері.
Сыныптан тыс оқу. Оның сыныптағы әдебиет сабақтарымен тығыз байланыстылығы. Сыныптан тыс оқуды жылдық жоспарлаудың тиімділігі. Оны ұйымдастырудың тәсілдері. Оқушылардың әдеби білімінің аясының кеңеюі, әдебиеттің идеялық, эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, түсінуі оқырмандық қызығушылының қалыптасуы сыныптан тыс оқумен толықтырлады. Сыныптан тыс оқуға қатысты еңбектерге шолу.
11-тақырып. Модульдік оқыту жүйесінің ерекшелігі.
Модульдік оқу жүйесіндегі көркем шығарманы алгоритмдеп оқыту, көркем туындының қасиетін ашу жолдары. әдіс-тәсілдері, нәтижесі, рефлексия.
12-тақырып. Жоспар жасау.
Мемлекеттік стандарт негізінде бағдарламалар жасау. Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарларын жасау тәртібі, реті.
13-тақырып. Түсіндірмелі, проблемалы, репродуктивті, эвристикалық зерттеу әдістері. Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы. Проблемалық жағдаят туғызатын іздендіруші танымдық сипаттағы тапсырмалар жүйесі. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі. Оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстары және оның эвристикалық әдіс- тәсілдер жүйесіндегі орны.
14-тақырып. Жазба жұмыстарының түрлері.
Оқушылардың тілін ұстартуға арналған жазбаша жұмыстарының түрлері. Жазбаша жұмыстарының оқушылардың ойлау еңбегін дағдыландыратыны. Мазмұндама түрлері. Шығарма және оған қойылатын талаптар. Шығарма жазуда басшылыққа алынатын талаптар.
15-тақырып. Қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтары.
Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушыларды өз бетінше іздендіру. Осы сабақ түрлеріндегі семинар сабақтарының, жарыс сабақтарының, практикалық сабақтардың рөлі.
С¤Ж мазм±ны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
ҚТӘ-31
|
Сағат көлемі
СҚТӘ-31
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
18,75 (37,5х0,5)
|
9 (18х0,5)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
18,75 (37,5х0,5)
|
6 (12х0,5)
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
|
36
|
4
|
Курстық
жұмысты орындау
|
Курстық жұмыс
|
Курстық жұмысты қорғау
|
18,5
|
50
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
РК1, РК2
|
4
|
4
|
6
|
Барлығы
|
|
|
60
|
105
|
Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Абай Құнанбаев Шығармашылығын оқыту.
¦сынылатын єдебиет: [1], 1-16 бет, [2], 1-55 беттер, [3] 1-120 беттер.
2. Қазақ әдебиетінің бағдарламасы. Бағдарламаның құрылымы мен түрлері. Қазақ әдебиеті бағдарламаларының даму жолдары.
¦сынылатын єдебиет: [24], 1-10 беттер; [9], 1-25 беттер.
3. Қазақ әдебиеті оқулықтары. Оқулық теориясы. Оқулықтың ішкі құрылымдық – жүйелік мазмұнына талдау жасау, жаңа буын оқулықтарымен танысу.
¦сынылатын єдебиет: [22], 1-85 беттер; [24], 1-15 беттер.
4. Оқу - әдістемелік кешен. Оқу - әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары. Қосымша оу құралдары және олардың қолданылуы. Дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану. Диафильм, үлестірме кесте ағаздары, жинақтар, көрнекіліктер, техникалық құралдар жүйесі.
¦сынылатын єдебиет: [3], 6-89 бет.
5. Қазақ әдебиеті сабақтарының маңызы мен түрлері. Қазақ әдебиеті сабақтарының құрылымы. Қазақ әдебиеті сабақтарының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.
¦сынылатын єдебиет: [3], 1-200 бет, [4], 1-85 бет.
6. Шығарма жұмыстарын жүргізу. Шығарманың мәтініне қойылатын талаптар. Шығарманы жаздырту әдістемесі.
Ұсынылатын әдебиет. [1], 1-16 бет, [2], 1-55 беттер, [3] 1-120 беттер
7. Қайталау сабақтары. Қайталауды жүргізу әдістемесі, жинақтай қайталау, күнделікті қайталау, теориялық материал мен практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау.
Ұсынылатын әдебиет. [5], 35-200 бет.
8. Қазақ әдебиетінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Сабақтан тыс жұмыстар жүргізудің әдіс – тәсілдер жүйесі, олардың мақсаты мен міндеттері. Үйірме жұмыстары, олимпиада, (арнаулы курстар).
Ұсынылатын әдебиет. [8], 9-105 бет, : [10], 3-78 бет.
Курстық жұмыстардың тақырыптары.
Үш жүздің басын қосқан – Абылай.
Бұхар – ел бірлігінің жаршысы.
Абайдың «сөз, ән өнері» туралы көзқарасы.
Абай гуманизмі.
Махамбет-сыншыл да, шыншыл ақын.
Әдебиет сабағы ізгілік бастауы.
Лириканы оқыту мәселелері.
Интеграциялық сабақтардың тиімділігі.
Мәдени мұра және оны оқыту.
М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
М.Дулатұлы шығармаларын оқытуда тәлім-тәрбие беру.
Мектепте Жамбылды танытудың жаңа жүйесі.
Оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда әдебиеттің рөлі.
Дамыта оқытудың тиімділігі.
Шешендік өнер – даналық көзі.
Оқушыларға инновациялық әдістер арқылы терең білім берудің жолдары.
Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек тұтқасы (оқыту).
Кәсіби шеберлікті шыңдау мәселелері.
Әдебиетті тереңдетіп оқыту.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні
1 рейтинг (6 семестр)
|
Барлық
балл
|
Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Аптадағы максим. сағат
|
11
|
15
|
11
|
15
|
11
|
15
|
11
|
11
|
100
|
Дәріс сабағына қатысу
|
СӨЖ түрі
|
Д 1
|
Д 2
|
Д 3
|
Д 4
|
Д 5
|
Д 6
|
Д 7
|
Д 8
|
32
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Тәжірибешілік сабақтарға қатысу
|
СӨЖ түрі
|
ТС 1
|
ТС 2
|
ТС 3
|
ТС 4
|
ТС 5
|
ТС 6
|
ТС 7
|
ТС 8
|
40
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Үй тапсырмасын орындау
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 1
|
ҮТ 2
|
ҮТ 3
|
ҮТ 4
|
ҮТ 5
|
ҮТ 6
|
ҮТ 7
|
ҮТ 8
|
25
|
Бақылау формасы
|
К1
|
К2
|
К3
|
К4
|
К5
|
К6
|
К7
|
К8
|
Макс. балл
|
4
|
3
|
4
|
3
|
3
|
2
|
3
|
3
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
СӨЖ түрі
|
|
ҚМ1
|
|
ҚМ2
|
|
ҚМ3
|
|
|
3
|
Бақылау формасы
|
|
Р1
|
|
Р2
|
|
Р3
|
|
|
Макс. балл
|
|
1
|
|
1
|
|
1
|
|
|
2 рейтинг (6 семестр)
|
Барлық
балл
|
Апта
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Аптадағы максим. сағат
|
17
|
11
|
17
|
11
|
17
|
11
|
16
|
100
|
Дәріс сабағына қатысу
|
СӨЖ түрі
|
Д 9
|
Д 10
|
Д 11
|
Д 12
|
Д 13
|
Д 14
|
Д 15
|
28
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Тәжірибешілік сабақтарға қатысу
|
СӨЖ түрі
|
ТС 9
|
ТС 10
|
ТС 11
|
ТС 12
|
ТС 13
|
ТС 14
|
ТС 15
|
35
|
Бақылау формасы
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Үй тапсырмасын орындау
|
СӨЖ түрі
|
ҮТ 9
|
ҮТ 10
|
ҮТ 11
|
ҮТ 12
|
ҮТ 13
|
ҮТ 14
|
ҮТ 15
|
33
|
Бақылау формасы
|
К9
|
К10
|
К11
|
К12
|
К13
|
К14
|
К15
|
Макс. балл
|
4
|
5
|
4
|
5
|
4
|
6
|
5
|
Қосымша материалдарға дайындық
|
СӨЖ түрі
|
ҚМ 4
|
|
ҚМ 5
|
|
ҚМ 6
|
|
ҚМ 7
|
4
|
Бақылау формасы
|
Р
|
|
Р
|
|
Р
|
|
Р
|
Макс. балл
|
1
|
|
1
|
|
1
|
|
1
|
Пәннің оқытылған модулі бойынша семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкала бойынша ағымдық үлгерім (АҮ) шығарылады. Межелік бақылау бағасы (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. Межелік бақылауға АҮ бойынша балдары бар студентте босатылады. АҮ мен МБ бағалары бойынша пән бойынша студенттердің рейтингілері (Р1 және Р2) анықталады: Р1(Р2)=АҮ1(АҮ2)х0,7+МБ1(МБ2)х0,3.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі кафедра мәжілісінде бекітілді. Хаттама № . «___» _________ 2010.
Кафедра меңгерушісі Н.Қ.Жүсіпов
Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:
- дєріске ќатысу – 1балл.
- тєжір. сабаќќа ќатысу – 1 балл.
- тєжір. жұмысты орындау – 3 балл.
Тєжірибешілік жұмыстарын орындау барысында
Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру – 2 балл;
Жазба жұмыстарын орындау – 1 балл;
¤здік жєне курстыќ жұмыстарын орындау және қорғау барысында:
материалды толық меңгеру – 3 балл.
Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу – 2 балл
Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы – 2 балл.
Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 балл.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
сабақты босату (себепсіз);
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаќќа себепті жаѓдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаќќа µтеу (отработка) жасайды. Біраќ ±пай азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрлері
|
¤лшемдік ‰лес
|
|
Емтихан
|
Емтихан
|
0,4
|
1
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,6
|
2
|
Сынақ
|
Сынақ
|
0,4
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,6
|
3
|
Емтихан
К/Ж
|
Емтихан
|
0,4
|
Курстық жұмыс
|
0,3
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,3
|
4
|
Курстық жұмыс
|
Курстық жұмыс
|
0,6
|
Ағымдық үлгерімді бақылау
|
0,4
|
Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж
мұндағы Р1, Р2, Е, С,КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ±пай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші
ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.
Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.
Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.
КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.
Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.
Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші
Балл түріндегі қорытынды баға
|
Балдың сандық баламасы
|
Әріп жүйесі бойынша бағалау
|
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға
|
Емтихан, дифф. сынақ
|
сынақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
95-100
|
4
|
А
|
өте жақсы
|
Есептелді
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
Жақсы
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
Д+
|
50-54
|
1,0
|
Д
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
|
есептелмеді
|
Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:
Қ= _Қ1*К1+Қ2*К2+...+Қn*Кn
К1+К2+...+Кn
Мұнда Қ1 ,Қ2 ,Қn – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;
К1,К2,Кn – семестр бойынша пән сағаты
n – семестр саны
Достарыңызбен бөлісу: |