![]() Программа дисциплины ф со пгу 18. 2/07 для студентовСТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
1 2
2 Кустың компоненттері 2.1 Тәжірибелік сабақтардың тізімі Тақырып 3 Орман шаруашылық шаралардың тиімділігі Механикаландырылған топырақты дайындау шаралар тиімділігін есептеу. Тақырып 4 Орман және орман-парк шаруышылығындағы ғылыми-техникалық процесс пен инвестиция Топырақты дайындағанда ормашылықта жаңа техниканы еңгізу тиімділігін; жаңа еңбек құралдарды еңгізуге дейін және кейін көрсеткіштер мәнін есептеу. Тақырып 6 Мемлекеттік орман кірісі 1 га механикаландырылған тәсілмен дайындалған топырақ, 1 га құны үшін, өзіндік құнын; өндірістің кіріс (шығын), рентабельділіген есептеу. Тақырып 7 Өндірістік бағдарламаларды құру 200 жылына орманшылық өндірістік бағдарламаларды құру. Тақырып 9 Өндірістік процесс және оны ұйымдастырудың негізгі принциптері Тұқымның орманды өсіру өндірістік циклды әртүрлі тәсілмен оларды өндірісін уақытта бөлек кезеңдерді бөліп шығаруын бейнелеу Тақырып 11 Орман шаруашылық өндірісін ұйымдастыру Өндірістік бағдарламаны берілгедерін пайдаланып, жұмыстардың механизациясы, еңбек пен өндіріс деңгейінің көрсеткіштерін есептеу. Тақырып 14 Өнімдер мен қызмет сапасын бақылауды ұйымдастыру Орман және орман-парк шаруашылығында өнімдер, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жоғарлату бойынша шараларды әзірлеу. Тақырып 15 Өндірістің қызмет көрсетуін ұйымдастыру Орманшылықты көмекші – күту қызметінің құрылымын құру. Тақырып 17 Еңбекті техникалық нормалауды ұйымдастыру Жұмыс күннің өткізілген фотосүретті жұмыс уақытының бөлек элементтерді бөліп шығаруы арқылы байқағыш парағын өндіру; жұмыс уақытының айрылуын; еңбек өнімділігінің жоғарлауын, өнімнің жобалау нормасын есептеу. Тақырып 18 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру Орман шаруашылық қызметші еңбек ақы төлеу жылдық қорын есептеу. 2.2 Студенттің өзіндік жұмысының сипаттамасы Студенттің өзіндік жұмысыны кіреді: дәріс сабақтарға дайындалу; тәжірибелік сабақтарға дайындалу; курстың жеке сұрақтарын өздігінен меңгеру; межелгі бақылауға дайындалу; курстық жұмысты орындау. ОӨЖ көлемі сағатпен кестелерде көрсетілді (күндізгі оқу түрі) ОӨЖ мазмұны (7 семестр)
ОӨЖ мазмұны (8 семестр)
2.3 Курстық жұмыстың мазмұны Курстық жұмыс пән бойынша студенттердің білімдерін мен дағдыларын бекіту және өзіндік жұмысының талғамын дамыту.
2.4 Курстың жеке тақырыптарын өздігінен меңгеруге арналған сүрақтар: Дамудың ұзақ мерзімдік және орташа мерзімдік бағдарламалары. «2030-Стратегиясының» ролі. Аймақтардың оптимальды ормандылығы. Жұмыстар мен қызметтердің тиімділігі туралы түсінік. Орман және орман-парк шаруашылығына капитал еңгізудің тиімді бағыттары: орманды қорғау, орманды қалпына келтіру, орманды өсіру және әлеуметтік инфрақұрылым. Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау қызметтерді тұтынушылармен, тауар берушілермен қаржы бойынша қарым-қатынастары. Орман түсімін көбейту мен оның мөлшерін орман және орман-саябақ шаруашылығы қызметкерлері мекемелерімен арттыру жолдары. Жоспарлау базасы: мемлекеттік тапсырыс, лимиттер мен экономикалық нормативтер, орман шаруашылығын құру материалдары, нормативті-техникалық карталар (НТК). Орман шаруашылық өндірісі бойынша, қосалқы шаруашылық бойынша, орманды өсіп тұрғанда пайдалану өнімдерінің өндірісі бойынша, табиғатты қорғау бойынша, орман-парк шаруашылығы бойынша бизнес жоспарларды құру реті мен тәсілдері. Орманды өсірудің өндірістік циклі. Орман және орман-парк шаруашылығында жобалық жұмыстардың міндеттері мен кезеңдері. Жұмыстардың механизациясы, еңбек пен өндіріс деңгейінің көрсеткіштері. Орман шаруашылық өндірісі – орман шаруашылығы құрамының негізі. Сүректен басқа өнімдерді жинау және қосымша пайдалануды ұйымдастыру. Орман-парк шаруашылығын ұйымдастыру. Орман және орман-парк шаруашылығында өнімдер, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жоғарлату жолдары мен міндеттері. Өндірістің көмекші – күту қызметінің құрамы мен тағайындалуы. Жұмыскерлерді дайындауды және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру. Еңбекті нормалаудың мәні мен міндеттері. Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда мекеменің құқығы. Межелгі бақылау сұрақтары Межелгі бақылау 1 (7 семестр) Орман және орман-парк шаруашылығының дамуын жоспарлаудың ролі. Кеңес кезінде дамуды жоспарлаудың жүйесі мен оның орман шаруашылығы саласындағы ролі. Дамуды жоспарлау мен болжаудың қазіргі қатынасы. Дамудың ұзақ мерзімдік және орташа мерзімдік бағдарламалары. «2030-Стратегиясының» ролі. Индикациялық жоспарлау және оны нарықтық даму жағдайында орман және орман-парк шаруашылығын басқарудың жергілікті және төменгі буындарының негізгі түрлері мен олардың негізгі функциялары. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі формалары. Өндірістің негізгі жағдайлары мен орналастыру факторлары. Орман және орман-парк шаруашылығында өндірісті мамандыру, шоғырландыру, кооперациялау мен жинақтау, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары. Орман өнімділігінің түсінігі мен көрсеткіштері. Аймақтардың оптимальды ормандылығы. Орман қорларын қалпына келтірудің негізгі жолдары. Олардың қарапайым және кеңейтілген, экстенсивтік және интенсивті қалпына келтіру. Орманды аумақтарды экстерсивті жолдарымен жоғарылату қорлары (резервтері). Орман мен орманды жерлердің өнімділігін жоғарылату жолдары. Ормандар мен орманды пайдалану өнімділігін жоғарылату жолдары. Ормандар мен орманды пайдалану өнімділігін бағалау критериі. Жұмыстар мен қызметтердің тиімділігі туралы түсінік. Күтім кесулерінің жеке түрлерінің, орманды күзету мен қорғаудың, тұқымдарды дайындаудың, отырғызу материалдарын өсірудің, орманды қалпына келтіру мен өсірудің, әртүрлі мақсаттағы қорғаныш алқаағаштарының жалпы экологиялық және экономикалық тиімділігі. Орман және орман-парк шаруашылығындағы жаңа техника мен технологияның ролі. Орман шаруашылығының қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштері. Орман, орман-парк және ауыл шаруашылығында иннвестицияның қайнар көздері: мемлекеттік қаржылар мен банк несиелер. Капитал еңгізудің жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі. Оны жоғарылату жолдары. Орман және орман-парк шаруашылығына капитал еңгізудің тиімді бағыттары: орманды қорғау, орманды қалпына келтіру, орманды өсіру және әлеуметтік инфрақұрылым. Орман және орман-парк шаруашылығын қаржыландыру қайнар көздері. Бюджеттік қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Банк несиелерінің ролі мен түрлері. Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау қызметтерді тұтынушылармен, тауар берушілермен қаржы бойынша қарым-қатынастары. Межелгі бақылау 2 (7 семестр) Орман түсімі құрылымының көздері. Түбірдегі орманның өтем ақысы және бюджеттегі басқа да өтем түрлері. Олардың жинақталуы мен қолданылуы. Орман түсімін көбейту мен оның мөлшерін орман және орман-саябақ шаруашылығы қызметкерлері мекемелерімен арттыру жолдары. Меншікті құралдар, олардың мақсаты мен құрылу көздері. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспары – мемлекеттік мекеме қызметін жоспарлаудың және оның ұйым жобасымен, орман және орман-парк шаруашылығын дамыту мен байланысының басты пішіні. Жылдық жоспарлар мен операциялық-өндірістік жоспарлау. Жоспарлау базасы: мемлекеттік тапсырыс, лимиттер мен экономикалық нормативтер, орман шаруашылығын құру материалдары, нормативті-техникалық карталар (НТК). Жоспарларды өндеу және бекіту реті. Мемлекттік мекемелердің жоспарлық ұйымдастырудағы міндеттері. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының құрылымы мен мазмұны. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының құрылымы. Орман шаруашылық өндірісі бойынша, қосалқы шаруашылық бойынша, орманды өсіп тұрғанда пайдалану өнімдерінің өндірісі бойынша, табиғатты қорғау бойынша, орман-парк шаруашылығы бойынша бизнес жоспарларды құру реті мен тәсілдері. Техникалық даму мен капитал болу және капиталдық құрылыстың жоспары. Жобалық ізденіс және орман шаруашылығын құру жұмыстарын жоспарлау. Еңбек пен кадрларды жоспарлау. Еңбек өндірістілігін жоспарлау. Еңбекақы қорын жоспарлау. Өндірістің өзіндік құнын, пайдасын, рентабельдігін жоспарлау. Мекеменің қаржы жоспары. Кіріс пен шығын балансы. Қаржыландыру қайнар көздерін жоспарлау, бюджетпен, жоғарғы органмен банкпен қарым-қатынасы. Өндірістік процесс және оны ұйымдастырудың негізгі принциптері мен талаптары. Орманды өсірудің өндірістік циклі. Өндірістің ұйымдастырушылық типтері мен олардың техникалық-экономикалық сипаттамасы. Орман және орман-парк шаруашылығында жобалық жұмыстардың міндеттері мен кезеңдері. Өндірістің технологиялық дайындауын ұйымдастыру. Орман шаруашылық жұмыстардың негізгі түрлеріне нормативті-технологиялық карталарды құру. Межелгі бақылау 1 (8 семестр) Жұмыстардың механизациясы, еңбек пен өндіріс деңгейінің көрсеткіштері. Шикізат пен материалдарды пайдалануды шектеу, олардың шығын көлемін есептеу. Орман шаруашылық өндірісі – орман шаруашылығы құрамының негізі. Орман шаруашылық өндірісі құрамында өзара байланысты жұмыстар мен шаралардың блоктарына бөлу. Оны объектілер мен орындау мерзімдері бойынша жүзеге асыру жоспарын жасау. Күтім кесуі бойынша ағаш дайындау, тасымалдауды, сүрек шикізаты мен қалдықтарын өңдеу және сақтауды, азықтық және сүректен басқа өнімдерді жинау және қосымша пайдалануды ұйымдастыру. Орман-парк шаруашылығын ұйымдастыру. Питомниктерде, гүл өсіру мен басқа шаруашылықтарда декораиялық отырғызу материалын өсіруді және тұқым алуды ұйымдастыру. Алқа ағаштарды пайдалану және оларды күту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Орман және орман-парк шаруашылығында өнімдер, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жоғарлату жолдары мен міндеттері. Орман және орман-парк шаруашылығы кәсіпорындарында өнім өндірісі мен жұмыстарын техникалық бақылауды ұйымдастыру. Өндірістің көмекші – күту қызметінің құрамы мен тағайындалуы. Транспорт шаруашылығын ұйымдастыру. Жөндеу жұмыстарының шыруышылығын ұйымдастыру. Қойма шаруашылығы. Еңбекті ұйымдастыру мәні және міндеттері. Еңбекті ұйымдастырудың әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық негіздері. Межелгі бақылау 2 (8 семестр) Орман шаруашылық кәсіпорындарында еңбек бөлу және еңбек кооперациясы. Еңбекті ұйымдастырудың бригадалық пішіні. Жалдау және жалгерлік мердігерлік. Жұмыс орындарының есебі, оны нормалау және аттестация жүргізу. Жұмыскерлерді дайындауды және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар. Еңбекті нормалаудың мәні мен міндеттері. Жұмыс уақытының және құрал-жабдықтарды пайдалану уақытының шығындарын жіктеу. Еңбек нормаларының түрлері мен нормалау тәсілдері. Бақылау арқылы жұмыс уақытының шығындарын зерттеу тәсілдері: жұмыс уақытының фотографиясы, хронометраж және фотохронометраж. Техникалық нормалаудың нормативтік базасы. Мамандар мен қызметкерлердің еңбегін нормалау тәсілдері. Қазіргі еңбек нормаларын еңгізу реті мен ұйымдастырылуы. Техникалық дәлелденген нормалар бойынша жұмыстарды ыңталандыру. Орман және орман-парк шаруашылығындағы еңбек ақы. Еңбек ақы төлеуде әртүрлі формалар мен жүйелерді қолдану жағдайлары. Мамандарға, қызметкерлер мен жұмысшыларға еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыру. Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда мекеменің құқығы. 3 Курстың саясаты Студент дәріс, тәжірибелік сабақтарана қатысуға, курстың жеке сұрақтарын өздігінен меңгеруге міндетті: уақытында тәжірибелік тапсырмаларды орындау, студенттік ғылыми конференцияларына қатысу. Студент дәріс және тәжірибелік сабақтарындың талқылағанда және топтың жұмысында белсенді болу, топтастардың оқытуына жәрдем беру керек. Сабақтан кейін студенттен дәріс конспектің көрсетуді сұрау оқытушыда құқығы бар. Сабақ үстінде тәртіп ережелерді бұзғанда студент осы жоспарланған бақылау түрінен баллдардан айырылады немесе аудиториядан қуып шығарылады, бұл университеттің ішкі тәртібін бұзушылық ретінде саналады студентті максималды жазалау түрінде университеттен шығарады. Келесі штрафтық санкциялар қойылады:
себепсіз дәріс, тәжірибелік сабақтарды босатқан үшін –осы бақылау түріне қойылған, рейтингтің максималды балл қойылады; тәжірибелік тапсырмалар, өздігінен меңгеруге курстың сұрақтары уақытында тапсырылмаса – осы бақылау түріне қойылған, рейтингтің максималды балл 50% қойылады. Семестр бойы екі шеқара бақылау жазбаша түрде қарастырылды. Олар өтілген материалдар бойынша пәндердің тақырыптарына сәйкес жүргізіледі. Шекаралық бақылауда болмағанда немесе шекаралық бақылауды өтпегенде студентке деканаттын рұқсатымен сабақтан тыс уақытта өтуге мүмкіндік беріледі. Қорытынды форма – сынақ, жазбаша түрде сұрақтар бойынша өткізіледі. Сынақта көшіреге болмайды. 4.1 Ағымдағы үлгерімнің бақылау іс-шаралардың күнтізбелік графигі Әр рейтинг (Р1,Р2) үшін қорытынды ағымдағы үлгерім бойынша жалпы балл дәріске қатысуынан, уақытында орындалған және тапсырылған тәжірибелік тапсырмалардан, студенттік ғылыми конференциясы жұмысына қатысуынан, курсты жеке тақырыптарын өздігінен меңгеруінен, межелгі бақылау қорытындысынан алынған балдардан жиналады.
Шарт қойылған белгілер: СҚ – сабаққа дайындалу, Қ – сабаққа қатысу, ТО – тапсырманы орындау, КС – курстың сұрақтары, К - конспект 4.2 Бақылау түрлері бойынша өлшеуішті бөліктер «Орман шарашылығын басқару» пәнінен қорытынды бақылауын ағымдағы үлгерімнің бақылауна сынық кіреді. Ағымдағы үлгерімнің бақылауына ағымғы және межелгі бақылау кіреді. Қорытынды бақылаудың өлшеуішті бөліктер кестеде келтірілген.
Пән бойынша балдармен қорытынды рейтинг келесі формуламен анықталады мұндағы Р1, Р2, з – 100 балдық шкала бойынша анықталатын бірінші және екінші рейтинг, сынақ қорытындысы бойынша сәйкес алынған балдар. ВДту, ВДз – семестр, сынақ бойы ағымдағы үлгерімнің өлшеуішті бөліктері. 4.3 Қорытынды рейтинг (аралық аттестацияның бағалауы) Әр семестр жартысы (бірінші және екәнші рейтинг) үшін қорытынды ағымдағы үлгерім бойынша жалпы балл дәріске қатысуынан, өзіндік жұмысынан, тапсырылған тәжірибелік тапсырмалардан, студенттік ғылыми конференциясы жұмысына қатысуынан, межелгі бақылау қорытындысынан алынған балдардан жиналады. Л программы дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/08 для студентов
студенттерге арналған бағдарламаға келісу парағы2008-2009 оқу жылы
жүктеу 0,72 Mb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |