Проект приказа в качестве образца


«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы»



жүктеу 3,62 Mb.
бет15/15
Дата25.11.2017
өлшемі3,62 Mb.
#1921
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы»

(коды 1232102, индексі Т-001, кезеңділігі тоқсандық)


жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

1. Бұл «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы» (коды 1232102, индексі Т-001, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы» (коды 1232102, индексі Т-001, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тәртібін нақтылайды.


2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

1) код – жауап нұсқасының нөмiрi.

2) үй шаруашылығы – бір немесе одан да көп жеке адамдардан құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект.

3) қосымша жұмыс – тұрақты, уақытша, маусымдық негізде орындалатын қоса атқарушылық бойынша жұмыс, келісім бойынша немесе кездейсоқ басқа жұмыс, бір реттік қосымша табыс, жеке негіздегі жұмыс, заңды тұлға құрылмаған кәсіпкерлік қызмет, жекелеген азаматтарда жалданып істелген жұмыс болуы мүмкін.

4) жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – айлықақы, сыйлықақы, үстемеақы және тағы сол сияқты немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

5) отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері – туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.

6) негізгі қызмет – сыйақыны (жеке немесе отбасылық табысты) ақшалай немесе заттай түрде алу мақсатында зерттелетін апта ішіндегі белгілі бір жұмыс. Жұмысы болғанмен уақытша жұмыс істемейтін, алайда одан байланысын үзбеген және оған оқыс жағдайлар кезеңі аяқталғаннан кейін оралуға уәде берілсе немесе жұмысқа қайта келу күні, айы, жылы белгілі болса, мұндай жұмыс негізгі болып қала береді.

7) ыңғайлы жұмыс (қызмет) – респонденттің жұмыс таңдаған кезде еңбекке ақы төлеу мөлшері, жұмыстың жағдайлары немесе тәртібі, әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі, тағы сол сияқты өз талаптарын қанағаттандыруы.

8) жұмыс берушілер – өзінің жеке кәсіпорнын басқаратын немесе экономикалық қызметтің қандай да бір түрінде тәуелсіз кәсіпкерлікпен шұғылданатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

9) респондент – статистикалық байқау объектісі бойынша деректер беретін жеке немесе заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) не оның учаскелері немесе олардың топтары.

10) өз бетінше жұмыспен қамтылу – бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылу.

11) өз бетінше жұмыс істейтін жұмысшылар – өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктеспен жұмыс істейтін, өз бетінше жұмыспен қамтылу негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.

12) супервайзер – үй шаруашылығы зерттеуін жүргізетін, интервьюердің жұмысын бақылайтын аумақтық статистика департаменті қызметкері.

13) кооператив мүшелері – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, еңбек кооперативінің мүшесі болып табылатын адамдар.

3. Зерттеу кезеңі әрбір тоқсанның ортасындағы айда жүргізіледі, яғни ақпан, мамыр, тамыз және қараша, ал сыни (зерттелетін) аптаға есепті айдағы соңғы аптаның алдындағы апта белгіленеді.

4. Статистикалық нысан іріктеуге түскен әрбір жеке үй шаруашылығына (отбасына) толтырылады. Үй шаруашылығы мүшелерінің отбасынан айырмашылығы туысқандық қатынаста болмауы да мүмкін. Статистикалық нысанның бір бланкісіне әртүрлі үй шаруашылықтарына жататын респонденттер жөніндегі ақпарат жазбаларын біріктіруге болмайды, тіпті олар бір үйде бірге тұрса да. Егер бір мекенжайда екі немесе үш әртүрлі отбасы (туысқан не туысқан емес болса да бәрібір) тұрып жатса немесе жаңадан пайда болған «жас отбасы» отау құрса, онда оларға статистикалық нысанның басқа (бөлек) бланкілері толтырылады.

Статистикалық нысан ол жерде ұзақ уақыт бойы тұрмаған мынадай адамдарға толтырылмайды:

барлық оқу орындарының оқитын жері бойынша тұратын студенттері мен оқушыларына;

басқа елді мекендерде немесе шетелдерде алты ай және одан да көп уақыт іссапарда жүргендерге;

Қарулы Күштердің казармалары мен әскери аймақтарында мерзімді қызметте жүрген әскери қызметшілерге;

ауруханаларда емделуге жатқандарға (алты ай және одан да көп);

қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тұратын бас еркінен айырылу жазасына кесілгендерге;

зерттелу аптасына дейінгі алты ай және одан көп бұрын кеткендердің бәріне.

Статистикалық нысанның бланкісі отбасының 15 және одан жоғары жастағы барлық мүшелеріне толтырылады, пікіртерімді жүргізуге уәкілетті тұлға (бұдан әрі – интервьюер) олардың әрқайсысына сұрау барысында Үй шаруашылығының құрамының бақылау карточкасына (коды 1856102, индексі Т-002, кезеңділігі тоқсандық) сәйкес реттік нөмірін береді. Егер үй шаруашылығында сұралатындардың саны 5 адамнан асса, онда ол үй шаруашылығына екі немесе одан көп статистикалық нысан толтырылады, олардың титулдық бетіне «Жалғасы» деген белгі соғылады. Бұл статистикалық нысандардағы респонденттерге нөмірлер тізбектік тәртіппен беріледі. Яғни статистикалық нысанның екінші бланкісінде 1-Респонденттің орнына 6-Респондент, 2-Респонденттің орнына 7-Респондент, тағы сол сияқты деп жазылады.

Бірінші жазылған респонденттің тегі, аты, әкесінің аты қысқартусыз толық келтіріледі (соның ішінде «Жалғасы» деген белгі соғылған статистикалық нысандарда да).

Сұхбат кезінде сұрақтар оқылып беріледі, жауаптардың әртүрлі нұсқаларына тиісті белгілер соғылып, олар статистикалық нысанға жазылады. Респонденттің жауап нұсқасының коды дөңгелектеп қоршалады.

Барлық жауаптар сұралғандардың сөздері бойынша жазылады, оларды растайтын құжаттар талап етілмейді. Статистикалық нысанда қойылған сұрақтардың жауаптарын респонденттердің тікелей өздерінен де, егер статистикалық нысанның барлық сұрақтарына толық жауап бере алатын болса, отбасының бірге тұратын ересек мүшелерінен алады.

Сұхбатты жүргізу кезінде интервьюер респонденттерге сұрақтарды сұрақнамада қалай келтірілсе, сұрақтың келтірілген тұжырымынан өзгертпей оқып беру керек.

Пікіртерім жүргізген кезде «Сұраққа көшу» бағанындағы сөйлемге айрықша назар аудару керек, онда жауаптың қандай да бір таңдап алынған нұсқасынан кейін қойылатын сұрақтың нөмірі көрсетілген.

5. «Үй шаруашылығы және оның мүшелері туралы мәліметтер» бөліміндегі 2-8-сұрақтарды, интервьюер Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасына (коды 1856102, индексі Т-002, кезеңділігі тоқсандық) сәйкес толтырады. Егер респондент үй шаруашылығынан уақытша шыққан болса, осы бөлім міндетті түрде толтырылады. 2-сұрақта код бақылау карточкасының 14-17 жолдарына сәйкес жазылады.

6. 1-бөлім. Экономикалық белсенділік (сұрақтары өткен аптаға қатысты):

1) 13, 14, 15, 19, 20, 21-сұрақтарды толтыру кезінде зерттелетін апта ішінде респонденттің заттай не ақшалай табыс табу үшін белгілі бір жұмыс атқарғанын немесе қандай да бір кәсіппен шұғылданғанын анықтайды. Ол ең болмағанда аптасына бір сағат жұмсаса да, тұрақты, уақытша, кездейсоқ және басқа жұмыс, халықты жұмыспен қамту органдары арқылы жұмыс, дара еңбек қызметі, түрлі қызметтер көрсету, жеке ауладағы, үй іргесіндегі учаскедегі жұмыс болуы мүмкін;

2) 13-сұрақ респонденттің зерттелетін аптадағы экономикалық белсенділігін анықтауды біріктіретін (жиынтық) өлшемі болып табылады және 14, 15, 19, 20, 21-сұрақтардың жауаптарымен әдістемелік байланыста. Егер респондент бұл сұрақтарға «Иә» деп жауап берсе, онда 13-сұрақта да «Иә» деген жауап көрсетіледі.

Зерттелетін аптада еңбек немесе ақысыз демалыста, жүктілігіне немесе бала күтіміне, тағы басқаға байланысты жұмыста болмадым деп жауап берген респондент үшін «Иә» деген жауап жазылуы тиіс, өйткені ол шын мәнінде жұмысқа тіркелген, жұмыспен қамтылған, бірақ ол уақытша жұмыста болмаған болып табылады, сондықтан ІІ бөлімде жауабы жазылып, 37-сұрақта жұмыс орнында уақытша бола алмау себебі көрсетіледі;

3) 14-сұрақты толтыру кезінде «үйдегі жұмысқа» ақшалай немесе заттай табыс табу үшін жеке ауладағы жұмыстан басқа (үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда) кез келген қызмет түрі жатады;

4) 17 және 18-сұрақтар – 15-сұраққа «Иә» деген жауап алынғанда қойылады. Бұл сұрақтың жауаптары жеке аулада (үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда) алынған өнімді пайдалануды және тұтынуды сипаттайды;

5) 21-сұрақта кездейсоқ және уақытша тапқан табыстар, сондай-ақ жұмыспен қамту органдары арқылы алынған жұмыстар да қосылады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, бірақ зерттеу аптасында қандай да бір жұмысты орындап жүрген, соның ішінде қоғамдық жұмыстарда жүргендер ағымдағы сәтте уақытша жұмыспен қамтылғандарға жатады;

6) 22-сұрақ осы бөлімнің 13, 14, 15, 19, 20, 21-сұрақтарының ең болмағанда біреуіне «Иә» деп жауап берген респонденттерге толтырылады.

Бір аптадағы жұмыс істеген күндер мен сағаттар саны барлық белгіленген жұмыс үшін жиынтық етіп қойылады және ол бұдан кейін 16, 35, 48 және 63-сұрақтарда сипатталған нақты жұмыста болған сағаттардың жиынтығына тең (немесе артық) болуға тиіс.

22-сұрақта жұмыспен өтелген сағат сандары туралы жауапты жазған кезде блоктағы барлық торлар толтырылады (4 сағат - 04, 13 сағат -13) және көрсеткіштер толық санға дейін дөңгелектенеді.

Респондент осы бөлімнің барлық сұрақтарына жағымсыз жауап берген кезде ІV-бөлімнің 64-сұрағына көшкен жөн, мұнда оның жұмыс іздер жүр ме, жоқ па себептері нақтыланады.

7. ІІ бөлім. Негізгі қызмет, яғни зерттелетін аптада негізгі болған жұмыс:

1) бұл бөлімнің сұрақтары респондент өзі үшін негізгі (бірінші дәрежелі) санайтын негізгі жұмысқа (табысты кәсіпке) қатысты. Егер тұрақты жұмысы жоқ респондент зерттелетін аптада әртүрлі кездейсоқ жұмыстар атқарса, солардың біреуін негізгі ретінде көрсетуге болады. Дау тудырған жағдайларда негізгі жұмысқа өтелген сағат саны көп қызмет жатады;

2) 35-сұрақты толтыру кезінде зерттелетін аптада респонденттің тек негізгі жұмысында шамамен алғандағы нақты жұмыс істеген күндері мен сағаттары жазылады, оған сол кәсіпорын ішінде және басқа жерлерде қосымша атқарған уақыты қосылмайды.

35-сұраққа респондент бірден жауап беруге қиналса, интервьюер оған зерттелетін аптаның әрбір күні бойынша оның жұмысын (қызметін) қалпына келтіруге көмектеседі.

36-сұрақтың 1-кодын жұмыс күні ұзақтығы заң бойынша қысқартылған (ауыр жұмыспен қамтылғандар, зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайы; 18 жасқа толмаған жұмыскерлер; 1 және 2-топ мүгедектері) сонымен қатар жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек (ұжымдық) шартымен қарастырылған адамдар белгілейді.

Егер респондент зерттелетін аптада негізгі жұмысында уақытша болмаса, онда бұл сұрақтың тұсына «0» (нөл) сағат жауабы қойылады және 37-ші сұраққа көшіп, оның уақытша бос жүру себебі нақтыланады;

3) 42-сұрақты толтыру кезінде респонденттен сұралатын апта кезінде қай жерде жұмыс істегенін және кәсіпорын (ұйым) немесе өз ісінің (кәсібінің) сипатының қайсы қызмет түріне жататынын нақтылау қажет. Сонымен қатар, осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген «Экономикалық қызмет түрлері бойынша түсініктемелерді» басшылыққа алу керек.

Сұрақтарға жауап беруші жұмыс істеген ұйымды (бөлімшені) экономикалық қызметтің белгілі бір түріне жатқызуы қиынға түскенде респонденттің жұмыс орнын қысқартпай толық жазу, содан кейін супервайзердің көмегімен қызмет түрін анықтау және тиісті кодын белгілеу қажет («Рахат» фабрикасы емес, «Рахат» кондитерлік фабрикасы немесе «Рахат» кондитерлік фабрикасы жанындағы дүкен (асхана, медпункт және тағы басқа) жазылады.

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлерге (жұмыс берушілер, отбасылық кәсіпорындарда, кооперативтерде, сондай-ақ жеке ауласында (ақысыз) жұмыс істейтіндер) олар атқарған жұмыстың немесе кәсіптің сипатына (өзіндік ерекшелігіне, бағытына) сәйкес қызметтің түрі қойылады;

4) 43-сұрақты толтыру кезінде респонденттің оқу нәтижесінде алған мамандығын (біліктілікті) емес, негізгі жұмыста тікелей атқаратын немесе жұмыс орнында шұғылданатын лауазымын немесе кәсібін көрсетуді ескеру қажет.

Лауазым немесе кәсіп осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес қысқартылмай толық жазылады, өйткені кәсіптер мен лауазымдардың көбісінің атаулары бірдей болғанмен, қызметтің әртүрлі салаларына жатады.

Егер респондент әртүрлі біліктілік талап етілмейтін жұмыстарда жүрсе, оның орындайтын жұмысының сипатын және кәсібін анықтап жазу қажет («жүкші»). Ауыл шаруашылығында біліктілік талап етілмейтін жұмыстардағы адамдарды жұмысының ерекшелігі ескеріліп, «өсімдік шаруашылығының жұмысшысы» немесе «мал шаруашылығының жұмысшысы» деп жазылады. Жеке негізде жұмыс істейтін адамдар үшін жұмысының (кәсібінің): (өздігінше жұмыс істейтін жұмыскерлер) қол өнерінің (шаруасының) «киім тігуші», «етікші», «базардағы сатушы», «көшедегі сатушы», «жиhаз жасаушы», «пәтер жөндеуші», тағы сол сияқты сипаты көрсетілуі тиіс. Діни қызметкерлері мен діни ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың атқаратын қызметі жазылады;

5) 45-сұрақты толтыру кезінде мамандық (біліктілік) респондент аяқтаған оқу орындары ішінен деңгейі ең жоғарғысы бойынша есептеледі. «Үй шаруашылығы және оның мүшелері туралы мәліметтер» бөлімінің 7-сұрағында 1-4-кодын белгілеген тұлғалар үшін (яғни, тек мектепті бітіргендерге немесе арнайы білімі жоқтарға) бұл сұрақ қойылмайды.

8. III бөлім. Өткен апта ішіндегі қосымша жұмыс (айналысатын іс):

1) Бұл бөлімнің сұрақтары респонденттің зерттелетін апта ішінде жалақы немесе табыс табу мақсатында басқа қосымша жұмыс (кәсібіне) атқарғанынына қатысты. Бұл тұрақты, уақытша, маусымдық негізде орындалатын қоса атқарушылық бойынша жұмыс, келісім бойынша немесе кездейсоқ басқа жұмыс, бір реттік қосымша табыс, жеке негіздегі жұмыс, заңды тұлға құрылмаған кәсіпкерлік қызмет, жекелеген азаматтарда жалданып істелген жұмыс болуы мүмкін;

2) 62-сұрақты толтыру кезінде респонденттің қосымша жалақы алу мақсатында демалыс күндері немесе түнгі уақытта жүзеге асырған қосымша табысының бар-жоғы нақтыланады.

Оң жауап алынғанда 63-ші сұраққа көшу қажет, онда осы жұмысты орындауға жұмсалған уақыт көрсетіледі. Теріс жауап алынғанда - 65 сұраққа көшу керек.

9. ІV бөлімде респонденттің жұмыс (негізгі немесе қосымша) іздеп жүрген-жүрмегені, таяудағы 2 апта ішінде оған кірісіп кете алатынын, іздестіру себебі мен болашақ жұмысынан күтілетін жағдайлары нақтыналады.

10. V бөлімде респонденттің бұрын жұмыс істегені, жұмысты аяқтау себептері, алдыңғы жұмысының қызмет түрі, VI бөлімде респондент пен халықтың жұмыспен қамту органы арасындағы қарым-қатынасының сипаты нақтыналады.

11. VII бөлімнің 85-сұрағы әрбір респонденттің зерттелетін айдағы күнкөріс қаражатының көздерін анықтауға мүмкіндік береді.

86-сұрақта респонденттің соңғы айда алған жиынтық кірісінің (үй шаруашылығы мүшелерінің еңбекақы төлеу түрінде алған ақшалай қаражаттарының, өз бетінше жұмыстан келген кіріс (оның ішінде жеке кәсіпкерліктен), әлеуметтік төлемдердің (зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар және басқа төлемдер), меншіктен түскен пайыздар, дивиденттер мен басқа да кірістердің, өзге де ақшалай түсімдердің, сонымен бірге үй шаруашылығыңда өндірілген және тұтынылған тауарлар мен қызметтердің бағалау құнының сомасы) жалпы сомасы көрсетіледі. Табыс болмаған кезде 1-код белгіленеді.

87-сұраққа тек 85-сұрақтың «Өз бетінше жұмыс (кіріс)» 2-кодын белгіленген респонденттер жауап береді, қалғандары бұл сұрақтан өтіп, 88-сұраққа көшеді.

87-сұрақта респондент соңғы бір айда алған жиынтық кірістің өз бетінше жұмыспен қамтудан (үй шаруашылығыңда өндірілген және тұтынылған тауарлар мен қызметтердің бағалау құнын, сонымен бірге жеке ауладан (үй іргесіндегі учаскеден, саяжайдан) алынған заттай өнімдерді қосқанда) түскен кірістің үлесін салмағын көрсетеді.

Пікіртерімді бітірген соң интервьюер 88-сұрақты толтырады.

12. Пікіртерімді бітірген соң, интервьюер қандай болса да бір бөлімдер немесе сұрақтар қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін статистикалық нысанды тексереді және респонденттерге ынтымақтастығы және көмектескендері үшін міндетті түрде алғыс білдіреді. Интервьюер үй шаруашылығынан тыс жерде статистикалық нысанды қайта қарап шығады және егер қандай да бір сәйкессіздік тапса, онда үй шаруашылығына қайта баруы (жеке немесе телефонмен) және жеткіліксіз ақпаратты анықтауы керек.

«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы» жалпымемлекеттік статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулығына (коды 1232102 , индексі Т-001, кезеңділігі тоқсандық)

1- қосымша


«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасының» (коды 1232102, индексі Т-001, кезеңділігі тоқсандық) 42-сұрағын толтыру үшін экономикалық қызмет түрлері бойынша түсініктемелер


Экономикалық қызметтің негізгі түрлерінің атауы

Коды

Қызмет түрлері және олардың құрамына енетін қызмет көрсетулер

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01.1

01.2


01.3

01.4


01.5

01.6
01.7


02.1
02.2

02.3


02.4
03.1

03.2


Маусымдық дақылдарды өсіру

Көп жылдық дақылдарды өсіру

Питомник өнімдерін өндіру

Мал шаруашылығы

Аралас ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласындағы қызметтің көмекші түрлері

Осы салада қызмет көрсетуді ұсынуды қоса алғандағы аңшылық пен аулау

Орман шаруашылығы және өзге де орман шаруашылығы қызметі

Ағаш материалдарын дайындау

Орман шаруашылығының ағаш емес өнімін жинау

Орман шаруашылығы саласындағы техникалық қызметтер

Балық аулау

Аквадақыл


Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

05.1

05.2


06.1

06.2


07.1

07.2


08.1

08.9
09.1


09.9

Тас көмірді өндіру

Лигнитті өндіру

Шикі мұнайды өндіру

Табиғи газды өндіру

Темір кенін өндіру

Түсті металдар кендерін өндіру

Тас, саз және құм карьерлерін қазу

Басқа топтамаларға енгізілмеген карьерлерді қазу және кен өндіру өнеркәсібінің салалары

Мұнай мен табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызмет көрсету

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары және жер асты қазба жұмыстары үшін техникалық қолдау



Өңдеу өнекәсібі

10.1
10.2
10.3
10.4

10.5


10.6
10.7

10.8


10.9

11.0


12.0

13.1


13.2

13.3


13.9

14.1


14.2

14.3
15.1

15.2

16.1


16.2
17.1
17.2
18.1
18.2

19.1


19.2

20.1


20.2
20.3
20.4

20.5


20.6

21.1


21.2

22.1


22.2

23.1


23.2

23.3


23.4

23.5


23.6
23.7

23.9
24.1

24.2
24.3
24.4

24.5


25.1
25.2
25.3
25.4

25.5

25.6

25.7
25.9



26.1

26.2


26.3

26.4


26.5

26.6
26.7


26.8
27.1

27.2


27.3
27.4

27.5


27.9

28.1


28.2
28.3
28.4
28.9
29.1

29.2
29.3

30.1

30.2
30.3



30.4

30.9
31.0

32.1
32.2

32.3


32.4

32.5
32.9


33.1
33.2

Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

Балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

Өсімдік және мал майы мен тоң май өндіру

Сүт өнімдерін өндіру

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру

Нан және ұн өнімдерін өндіру

Басқа да тамақ өнімдерін өндіру

Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру

Сусындарды өндіру

Темекі өнімдерін өндіру

Иіру, тоқу және өңдеу өндірісі

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру

Басқа да тоқыма бұйымдарын өндіру

Үлбірден тігілген киімнен басқа, киім өндіру

Үлбір бұйымдарды өндіру

Тоқылған және тоқыма бұйымдар мен киімдерді өндіру

Теріні илеу және өңдеу; жүк сөмкесін, әйелдер сөмкесін, қайыс бұйымдарды және әбзелдерді өндіру; үлбірді өңдеу және бояу

Аяқ киім өндіру

Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі

Ағаш, тоз, сабан немесе өруге арналған материалдардан өнімдер өндіру

Ағаш массасы мен целлюлозаны, қағаз және қатырма қағазды өндіру

Қағаз және қатырма қағаздан жасалған бұйымдарды өндіру

Баспа ісі және баспа ісіне байланысты қызмет көрсету түрлері

Тасымалдауыштағы жазбаларды қалпына келтіру

Кокс пештерінің өнімдерін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Негізгі химикаттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, бастапқы пішіндегі пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастика өндіру

Сабын және жуу құралдарын, тазалайтын және жылтырататын препараттар, парфюмерлік өнімдер мен косметикалық заттар өндіру

Өзге химиялық өнімдер өндіру

Жасанды талшықтар өндіру

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

Фармацевтикалық препараттар өндіру

Резеңке өнімдерін өндіру

Пластмасса бұйымдарын өндіру

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдарды өндіру

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

Саздан құрылыс материалдарын өндіру

Өзге фарфор және қыш бұйымдар өндіру

Цемент, әк және сылақ өндіру

Бетоннан, цементтен және ғаныштан құрылысқа арналған бұйымдар өндіру

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

Түрпілі бұйымдар мен өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтерді өндіру

Бастапқы өңдеу арқылы өзге болат бұйымдарын өндіру

Негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру

Металл құю

Құрылыстық металл конструкциялар мен бұйымдарды жасау

Металл цистерналар, сұйыққоймалар және жүксауыттар жасау

Орталықтан жылыту қазандарынан басқа, бу қазандарын жасау

Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру

Табақша металды роликпен соғу, баспалау, штампылау және белгілі бір қалыпқа келтіру және роликті қаңылтыр игіш машинада табақша металды белгілі бір қалыпқа келтіру; ұнтақ металлургиясы

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар түсіру; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

Асхана құралдарын, металл қол аспаптарын және жалпы мақсатқа арналған металл бұйымдарын өндіру

Басқа дайын металл бұйымдар жасау

Электронды бөлшектерді өндіру

Компьютерлер мен шалғай жабдықтар өндіру

Байланыс жабдығын өндіру

Тұрмыстық электроника құралдарын өндіру

Өлшеуге, тестілеуге және жаңартуға арналған құралдар мен аспаптарды; қол сағаттарын және өзге сағат түрлерін өндіру

Сәулелендіргіш электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар жасау

Оптикалық құралдар мен фотографиялық жабдықтар жасау

Ақпарат таратудың магнитті және оптикалық құралдарын жасау

Электромоторларды, генераторларды, трансформаторларды және электр бөлгіш және бақылағыш аппаратурасын жасау

Батареялар және аккумуляторлар жасау

Электр өткізгіштер мен электр өткізгіш құралдар жасау

Электрожарықтандыру жабдықтарын жасау

Тұрмыстық құралдар жасау

Өзге электр жабдықтарын жасау

Жалпы мақсатқа арналған машиналар жасау

Жалпы мақсатқа арналған өзге де техникаларды жасау

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникаларын жасау

Металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты және механикалық станоктарды өндіру

Арнайы мақсатқа арналған техниканың өзге де түрлерін шығару

Автокөлік құралдарын жасау

Автокөлік құралдарына арналған шанақтарды жасау; трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау

Автокөлік құралдарының және олардың қозғалтқыштарының бөлшектері мен құрал-саймандарын жасау

Теңіз кемелерін және қайықтарды жасау

Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамды жасау

Әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау

Әскери жауынгерлік автокөлік құралдарын жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік жабдықтарын жасау

Жиһаз жасау

Зергерлік бұйымдарды, бижутерияларды және ұқсас бұйымдарды жасау

Музыкалық аспаптарды жасау

Спорт тауарларын жасау

Ойындарды және ойыншықтарды жасау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды жасау

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де дайын бұйымдарды жасау

Дайын металл өнімдерін, машиналар мен жабдықты жөндеу

Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу


Электрмен жабдықтау,газ, бу беру және ауа баптау

35.1

35.2


35.3

Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу

Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу

Бу беру және ауа баптау жүйелері


Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

36.0

37.0


38.1

38.2


38.3

39.0


Суды жинау, өңдеу және бөлу

Кәріз жүйесі

Қалдықтарды жинау

Қалдықтарды өңдеу және жою

Қалдықтарды кәдеге жарату

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер



Құрылыс

41.1

41.2
42.1


42.2

42.9
43.1


43.2
43.3

43.9


Құрылыс жобаларын әзірлеу

Тұрғын үй және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы

Автомобиль жолдары мен темір жолдардың құрылысы

Инженерлік құрылыстарды салу

Азаматтық құрылыстың өзге де объектілерінің құрылысы

Бұрыннан бар ғимараттарды құлату және құрылыс үшін алаңдар дайындау

Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары

Әрлеу жұмыстары

Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциелдерді жөндеу



45.1

45.2
45.3


45.4

46.1
46.2


46.3
46.4
46.5
46.6
46.7

46.9


47.1

47.2


47.3
47.4
47.5
47.5
47.6
47.7
47.8

47.9


Автомобильдерді сату

Көлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

Автомобильдер бөлшектерін, тораптарын және құрал-саймандарын сату

Мотоциклдерді, олардың бөлшектерін, тораптарын және құрал-саймандарын сату; мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Сыйақы үшін немесе шарт негізінде көтерме сауда сату

Ауыл шаруашылығы шикізатын және малды тірідей көтерме саудада сату

Тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын көтерме саудада сату

Тұтынушылық мақсаттағы азық-түлік емес тауарларды көтерме саудада сату

Ақпараттық және коммуникациялық жабдықтарды көтерме саудада сату

Өзге де техникаларды, жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді көтерме саудада сату

Көтерме сауданың өзге де қызметтері

Мамандандырылмаған көтерме сауда

Мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда

Мамандандырылған дүкендерде сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін және темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату

Мамандандырылған дүкендерде отынды бөлшек саудада сату

Мамандандырылған дүкендерде ақпараттық және коммуникациялық жабдықтарды бөлшек саудада сату

Мамандандырылған дүкендерде өзге де тұрмыстық жабдықтарды бөлшек саудада сату

Мамандандырылған дүкендерде мәдени-ойын-сауық сипаттағы тауарларды бөлшек саудада сату

Мамандандырылған дүкендерде өзге де тауарларды бөлшек саудада сату

Палаткалар мен базарлардағы бөлшек сауда

Дүкендер мен базарлар арқылы сатылмайтын бөлшек сауда


Көлік және қоймалау

49.1

49.2


49.3

49.4
49.5

50.1
50.2

50.3


50.4

51.1


51.2

52.1


52.2

53.1
53.2



Жолаушылар темір жол көлігі, қалааралық

Жүк темір жол көлігі

Өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігі

Автомобиль көлігімен жүк тасымалы және қалдықтарды шығару бойынша қызметтер

Құбырмен тасымалдау

Теңізде және жағалау суларында жүретін жолаушылар көлігі

Теңіз және жағалау суларында жүретін жүк көлігі

Өзен жолаушылар көлігі

Өзен жүк көлігі

Жолаушылар әуе көлігі

Әуе жүк көлігі және көліктік ғарыш жүйесі

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

Тасымалдау кезіндегі қызметтің қосалқы түрлері

Жалпыға бірдей қамту аймағында қызметтерді ұсыну міндеттемелеріне сәйкес почталық қызметтер

Өзге де почталық және курьерлік қызмет


Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

55.1

55.2
55.3


55.9

56.1
56.2


56.3

Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

Туристік лагерлер, демалыс және ойын-сауық парктері

Тұрғын үйдің басқа түрлері

Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер

Тапсырыспен тамақ жеткізу және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша басқа қызметтер

Сусын беру


Ақпарат және байланыс

58.1
58.2

59.1
59.2


60.1

60.2
61.1

61.2

61.3


61.9

62.0
63.1


63.9

Кітаптар, мерзімдік басылымдар шығару және баспагерлік қызметтің басқа түрлері

Бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару

Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет

Фонограммалар мен музыкалық жазбаларды шығару бойынша қызмет

Радиохабарлар

Телевизиялық бағдарламалар жасау және тарату қызметі

Кабельдік телекоммуникациялық байланыс

Сымсыз телекоммуникациялық байланыс

Телекоммуникациялардың спутниктік жүйесі

Телекоммуникациялық қызметтердің басқа түрлері

Компьютерлік бағдарламалау, кеңестер беру және басқа ілеспе қызметтер

Деректерді қайта өңдеу және орналастыру бойынша қызметтер; веб-порталдар

Өзге де ақпараттық қызметтердің жұмысы


Қаржы және сақтандыру қызметі

64.1

64.2


64.3
64.9

65.1


65.2

65.3


66.1

66.2
66.3



Ақша-кредит делдалдығы

Холдингтік компаниялар қызметі

Тресттер, қорлар және басқа осындай қаржы объектілері

Сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерінен басқа, қаржылық қызметтердің басқа түрлері

Сақтандыру

Қайта сақтандыру

Зейнетақы қорларының қызметі

Сақтандырудан және зейнетақымен қамтамасыз етуден басқа, қаржылық қызмет көрсетуді ұсыну бойынша қосалқы қызмет

Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша қосалқы қызмет

Қорларды басқару бойынша қызмет



Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

68.1

68.2
68.3



Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату

Жалға беру және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті басқару

Сыйақы үшін немесе келісім-шарт негізінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар


Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.1

69.2
70.1

70.2
71.1
71.2

72.1


72.2

73.1


73.2
74.1

74.2


74.3

74.9
75.0



Құқық саласындағы қызмет

Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша кеңес беру

Бас компаниялар қызметі

Басқару мәселелері жөнінде кеңес беру бойынша қызмет

Сәулет саласындағы қызмет, инженерлік ізденістер және осы салаларда техникалық кеңес беру

Техникалық сынақтар мен талдаулар

Жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер

Жарнама

Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу

Дизайн бойынша мамандандырылған жұмыстар

Фотография саласындағы қызмет

Аударма (жазбаша және ауызша) ісі

Басқа санаттарға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

Ветеринарлық қызмет


Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77.1

77.2
77.3


77.4

78.1


78.2
78.3
79.1

79.9
80.1

80.2

80.3


81.1

81.2


81.3

82.1
82.2

82.3

82.9


Автокөлікті жалға алу және жалға беру

Жеке тұтынатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және жалға алу

Өзге де машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалдау және жалға беру

Қорғалған авторлық құқықтармен жасалатын жұмыстарды қоспағанда, зияткерлік меншікті және ұқсас өнімдерді жалға алу

Жұмысқа орналастыру агенттіктерінің қызметі

Уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі

Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі өзге де ұйымдардың қызметі

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

Брондау бойынша көрсетілетін қызметтердің өзге түрлері және оған ілеспе қызметтер

Жеке күзет қызметінің жұмысы

Күзет жүйелері саласындағы қызмет

Тергеу жүргізу жөніндегі қызмет

Объектілерге кешенді қызмет көрсету

Тазалау жөніндегі қызмет

Абаттандыру бойынша қызмет; пейзаждық жоспарлау

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің жұмысы

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

Басқа санаттарға енгізілмеген шаруашылық қызметтеріне қосалқы қызмет көрсету


Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамассыз ету

84.1
84.2

84.3


Жалпы сипатты мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық басқару

Мемлекеттің қоғамға қызметтерді тұтастай ұсынуы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет


Білім беру

85.1

85.2


85.3
85.4

85.5


85.6

Мектепке дейінгі білім беру

Бастауыш білім (бірінші саты)

Жалпы орта білім беру (екінші және үшінші сатылары)

Жоғары білім

Білім берудің өзге де түрлері

Қосалқы білім беру қызметі



Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86.1

86.2


86.9

87.1
87.2

87.3
87.9

88.1
88.9



Аурухана мекемелерінің қызметі

Дәрігерлік және стоматологиялық практика

Денсаулықты қорғау бойынша өзге қызмет

Тұруды қамтамасыз етумен науқастарды күту мекемелері

Ақыл-ой және дене кемшіліктері, психиатриялық аурулары мен наркологиялық ауытқулары бар адамдарға арналған тұруға байланысты қызмет

Тұруды қамтамасыз етумен қарттар мен мүгедектерді күту қызметі

Үйде күту бойынша қызметтің өзге түрлері

Қарттар мен мүгедектер үшін тұруды қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызметтер көрсету

Басқа санаттарға енгізілмеген, тұруды қамтамасыз етпей көрсетілетін өзге әлеуметтік қызметтер


Өнер, ойын-сауық және демалыс

90.0
91.0
92.0

93.1


93.2

Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және мәдени қызмет көрсететін басқа да мекемелер қызметі

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

Спорт саласындағы қызмет

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет


Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

94.1
94.2

94.9


95.1

95.2
96.0



Коммерциялық, кәсіпкерлік және кәсіби мүшелік ұйымдар қызметі

Кәсіподақтар қызметі

Басқа қоғамдық бірлестіктердің қызметі

Компьютерлер мен байланыс жабдықтарын жөндеу

Жеке тұтынатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жөндеу

Өзге де дербес қызметтер ұсыну



Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

97.0
98.1
98.2

Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

Жеке тұтыну үшін тауарлар өндіру жөніндегі үй шаруашылықтарының қызметі

Жеке тұтыну үшін қызметтер өндіру жөніндегі үй шаруашылықтарының қызметі


Аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметі

99.0

Аумақтан тыс ұйымдардың қызметі


«Халықтың жұмыспен қамтылуын

іріктеп зерттеу сауалдамасы»

(коды 1232102, индексі Т-001,

кезеңділігі тоқсандық)


жалпымемлекеттік статистикалық

байқаудың статистикалық нысанын

толтыру жөніндегі нұсқаулыққа

2-қосымша



Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу

сауалдамасының» (коды 1232102, индексі Т-001,

кезеңділігі тоқсандық) 43-сұрағын толтыру мысалы





Былай жазылмайды

Дұрыс жазылуы

директор

мектеп директоры, мейрамхана директоры

агент

жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агент, сақтандыру агенті

бөлім бастығы

облыс немесе аудан әкімдері аппаратындағы бөлім бастығы, өнеркәсіп кәсіпорнының бөлім бастығы

меңгеруші

тоқыма фабрикасының қойма меңгерушісі

шебер

өнеркәсіп кәсіпорнының жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебері

оператор

машинамен сауу операторы, компьютерге қызмет көрсету жөніндегі оператор

жұмыс беруші

«Тұрмыс» жиhазды жасап шығарушы кәсіпорынның директоры сусындар өндіретін «Сайрам» АҚ басшысы


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8161 болып енгізілді.


1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші ҚР МК 11-2009.

2 Мұнда және бұдан әрі-сұрақтың коды.

3 ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

4 Мұнда және бұдан әрі көрсеткіштерді кодтау “Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы” жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

5 Мұнда және бұдан әрі кәсіп коды http://www.enbek.gov.kz/node/243262 сайтында орналасқан қызметтер жіктеуішіне сәйкес толтырылады

жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау