Проект приказа в качестве образца



жүктеу 3,62 Mb.
бет4/15
Дата25.11.2017
өлшемі3,62 Mb.
#1921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Атауы Мекенжайы

Наименование________________________________________ Адрес _____________________________________________

_____________________________________________________ ______________________________________________________
Телефон ______________________________________________________

Электрондық почта мекенжайы

Адрес электронной почты__________________________________________________________________________



Орындаушының аты-жөні және телефоны

Фамилия и телефон исполнителя__________________________________ Телефон ___________________________________________


Басшы (Аты-жөні, тегі, қолы)

Руководитель___________________________________________________________ (Ф.И.О. подпись) ___________________________________________


Бас бухгалтер (Аты-жөні, тегі, қолы)

Главный бухгалтер ______________________________________________________ (Ф.И.О. подпись) ___________________________________________


М.О.

М.П.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы

1 қарашадағы №303 бұйрығына

4 -қосымша
«Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық

байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

(коды 1191104, индексі 1-Е, кезеңділігі жылдық)
1. Бұл «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1191104, индексі 1-Е, кезеңділігі жылдық) (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1191104, 1-Е индексі, кезеңділігі жылдық) толтыруды нақтылайды.

2. Келесі анықтамалар еңбек бойынша статистикалық нысандарды толтыру мақсатында қолданылады:

1) жұмыс күшінің қозғалысы – есепті кезеңде қызметкерлердің тізімдік санының өзгеруін сипаттайтын қызметкерлердің жұмысқа қабылдануы және шығуы;

2) жұмыспен өтелген адам-сағат саны – кəсіпорынның барлық қызметкерлері жұмыстың қалыпты кезең аралығында да, жəне одан тыс істелген жұмыс нақты уақыты;

3) жұмыс уақыты – жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сəйкес қызметкердің еңбек міндеттерін (функцияларын) атқаратын уақыты;

4) қызметкерлердің жалақы қоры (еңбекке ақы төлеу) - қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін ұйымдардың олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан есептеген жиынтық ақшалай қаражатының, сондай-ақ ақшалай бірлікке айналдырылған заттай түрдегі қаражаттар. Салық және басқа да ұстап қалулар ескерілген (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер)), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер);

5) қызметкерлердің нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшін алынатын) – жұмысқа формалды тіркелуі бар қызметкерлердің жекелеген санаттары шегерілген тізімдік құрамдағы жұмысшылардың саны (жүктiлiкке және босануға, бала күтіміне байланысты және басқа да демалыстарда жүрген адамдар);

6) қызметкерлердің тізімдік саны – шартты жасасу мерзіміне қарамастан еңбек шарты бойынша қабылданған адамдар саны;

7) қызметтің негізгі түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;

8) қызметтің қайталама түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;

9) қызметтің көмекші түрі – осы объектінің қолдануы үшін арналған қысқа мерзімді сипаттағы тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ете отырып, объектінің негізгі қызмет түрлерін қолдау үшін жүзеге асырылатын қызмет түрі;

10) өкілдік – заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерін қорғайтын және ұсынатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда оның атынан мәміле және басқа да құқықтық әрекеттерді іске асыратын оқшауланған бөлімше;

11) толық емес жұмыс уақыты – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінде белгiленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның iшiнде:

толық емес жұмыс күнi, яғни күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;

толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту;

бiр мезгiлде күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту;

12) филиал – заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның қызметін, соның ішінде өкілдіктер қызметтерін түгел немесе бір бөлігін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшесі№

3. Респонденттер еңбек бойынша статистикалық нысандарды статистика органдарына меншіктің иелігі мен нысанына қарамастан өзінің тұрған жері бойынша тапсырады.

Заңды тұлғалар немесе оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер әділет органдарында тіркелмеген, бірақ статистика мүддесі үшін қажет (цех, зауыт және т.б.), оның ішінде басқа облыстар аумағында орналасқандар әрбір бөлімшелер бойынша көрсетілген статистикалық нысанды жеке бланкілерде толтырады.

4. Еңбек бойынша статистикалық нысандарды респонденттер қатаң түрде белгіленген күнтізбелік есепті кезең уақытында толтырады: ай және жыл. «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны (индексі 1-Е, мерзімі айлық) есепті айдың бірінші күнінен соңғы (қосқанда) күні кезеңінде, «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысаны индексі 1-Е, мерзімі жылдық) 1-қаңтардан 31-желтоқсан (қосқанда) кезеңіне толтырылады.

Деректер жұмыс берушінің актілері және бастапқы есеп құжаттамасының біріздендірілген нысандары: қызметкерді жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру, еңбек шартын бұзу, тоқтату туралы бұйрықтар (өкімдер), жұмыс уақытын пайдалану есебінің табельдері, есеп айырысу-төлем тізімдемелерінің негізінде толтырылады.

Жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелінде жұмысқа шықпау себептері, толық емес жұмыс күні, мерзімінен тыс жұмыс туралы және басқа белгіленген жұмыс тәртіптерінен ауытқулар туралы белгілер тиісті құжаттар (еңбекке жарамсыздық қағаздары, бос тұру туралы бұйрықтар (өкімдер), мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқарғаны туралы анықтамалар) негізінде ғана көрсетіледі.

5. Есепті кезең ішінде құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер бір заңды тұлғадан екінші тұлғаға берілген жағдайда, берген заңды тұлғаның еңбек туралы статистикалық нысанынан көрсетілген деректер жыл басынан бергі кезең үшін алып тасталынады және заңды тұлғаның құрамына кірген осы құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер сол сияқты жыл басынан бастап соның есебіне енгізіледі.

Заңды тұлғаның шаруашылықты жүргізуінің ұйымдастыру-құқықтық түрі өзгерген жағдайда, заңды тұлғаның жаңа статусы бойынша деректер осы өзгеріс болған айдан бастап есептелінеді, бұрынғы статусы бойынша жыл басынан бергі айлардағы деректер еңбек бойынша статистикалық нысандардан шығарылмайды.

6. Еңбек бойынша нысандарда қателер және басқа да бұрмалаушылықтар анықталған жағдайда заңды тұлғалар есептік деректерді түзетуді бұдан кейінгі есептердің өспелі қорытынды деректерінде қателер немесе бұрмалаушылықтар табылғаннан кейін жүргізеді.
2. Қызметкерлердің саны
7. Тізімдік санда жұмыс берушінің актілерін орындай отырып, жұмысты белгілі бір мамандығы немесе біліктілігі, лауазымы бойынша орындайтын есепті кезеңде ұйымның тізімінде саналатын барлық қызметкерлер ескеріледі.

8. Тізімдік санға енгізілетін қызметкерлер:

1) нақты жұмысқа келгендер және бос тұру себебі бойынша жұмыс істемегендерді қоса;

2) қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданғандар. Бұл қызметкерлер тізімдік санға еңбек шартының әрекет етуінен бастап енгізіледі.

3) еңбек шартының талаптары бойынша толық емес жұмыс күніне немесе толық емес жұмыс аптасына жұмысқа қабылданғандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген қызметкерлер (он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер; бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер), сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін адамдар (жалақы есептелмейтін).

Толық емес жұмыс күніне немесе толық емес жұмыс аптасына жұмысқа қабылданған қызметкерлердің, сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін адамдардың (жалақы есептелмейтін) тізімдік санында әрбір күнтізбелік күн бүтін бірлік ретінде есептеледі;

4) егер олардың сол ұйымдағы жалақысы сақталатын болса, қызметтік іссапарларда жүргендер, сондай-ақ шетелдерде қызметтік қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлерді қосылады;

5) жұмыс берушімен жұмысты үйінде (үйде жұмыс iстейтiн жұмысшылар) жеке еңбегімен орындау туралы еңбек шартын жасағандар.

Жұмыс берушiмен жұмысты өз материалдарымен және өзiндiк немесе жұмыс берушi бөлiп беретiн не жұмыс берушi қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегiмен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер деп есептеледi.

Қызметкерлердің тізімдік санында үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер әрбір күнтізбелік күн бүтін бірлік ретінде есептеледі;

6) егер олар жалақыны осы ұйымнан алатын болса, ұйымнан тыс жерлерде уақытша жұмыс істейтіндер (жүктелім бойынша);

7) егер олардың жалақысы негізгі жұмыс орны бойынша сақталмайтын болса, басқа ұйымдардан жұмысқа уақытша тартылғандар;

8) вахталық әдіспен жұмысты орындау үшін жіберілгендер;

9) уақытша жұмыста жоқ қызметкерлердің (ауыруы, жүктiлiк және босану бойынша демалыс, бала күтіміне байланысты демалыста болуы) орнына қабылданғандар;

10) ұйымда өндірістік практика өткізіп жүрген және жұмыс орнына немесе лауазымға қабылданған, білім беру мекемелерінде оқитын студенттер (оқушылар);

11) егер олар штаттық лауазымға қабылданған болса, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу секторларына жұмысқа тартылған жоғары оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері;

12) бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істейтін басқа елдердің жұмысшылары мен мамандары, сондай-ақ шетел жұмыс күштері – республика аумағында еңбек әрекетін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші елден тысқары жұмыс беруші жалдаған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар.

9. Сондай-ақ тізімдік құрамға ұйымда уақытша жоқ болған қызметкерлер де кіреді:

1) сырқатына байланысты жұмысқа келмегендер (уақытша еңбекке жарамсыздық қағазына сәйкес жұмысқа шыққанға дейін ауырған бүкіл кезеңіне немесе мүгедектікке шыққанға дейін);

2) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға байланысты жұмысқа шықпағандар;

3) ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға жіберілгендер, оның ішінде құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарын орындау мақсатында жіберілгендер;

4) егер олардың жалақысы сақталатын болса, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін білім беру ұйымдарына жұмыстан босатылып жіберілгендер;

5) ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында, ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысында жүргендер;

6) жүктілік және босануға байланысты демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстарда жүргендер;

7) қызметкерлердің өтiнiшi негiзiнде еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша жалақы сақталмайтын демалыста жүргендер;

8) еңбек ақыны толық немесе жартылай сақтауымен сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшiн оқу демалыстарында жүргендер;

9) бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген және жалақысы сақталмайтын демалыста жүргендер, сондай-ақ еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде бiлiм беру ұйымдарына түсетін және түсу емтихандарын тапсыру үшін жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

10) өндірістің бос тұруына байланысты орнында болмағандар;

11) жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып, актiлерiмен бекiтiлген ауысымдық кестеге сәйкес демалыс күндері бар;

12) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін қосымша демалыс күнін алғандар;

13) әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынған қызметкерлерді қоса, себепсіз жұмысқа шықпағандар;

14) сот өкімі шыққанға дейін тергеуде жатқандар.

10. Қызметкерлердің тізімдік құрамына қосылмайтындар:

1) басқа ұйымдардан қосымша қызмет бойынша жұмысқа қабылданғандар.

Қосымша қызмет бойынша жұмысты орындайтын қызметкерлерге негізгі жұмыс уақытынан бос уақытта еңбек шарты талаптарында келiсiмi бойынша тұрақты ақы төленетін басқа жұмысты орындайтындар жатады.

Ұйымда еңбек қатынастарында тұрған (негізі жұмыс орны бойынша) немесе екі, бір жарым мөлшермесі бар қосымша қызмет атқарушылық бойынша жұмыс атқаратын қызметкерлер осы ұйым қызметкерлерінің тізімдік санына бір адам (бүтін бірлік) ретінде саналады;

2) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысты орындаушылар.

Жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар бойынша орындайтын тұлғаларға ұйымның ішкі тәртібіне бағынбай жүзеге асырылатын, белгіленген нақты жұмыс көлемін (бір жолғы, арнаулы шаруашылық) орындау уақытына ғана шарт бойынша қабылданғандар жатады;

3) егер олардың негізгі жұмыс орнындағы жалақысы сақталмайтын болса, басқа ұйымға уақытша жұмысқа жіберілгендер;

4) жұмыс беруші білім беру ұйымдарына жұмыстан қол үзіп оқуға жіберілгендер осы ұйымның қаражаты есебінен стипендия алатындар;

5) жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл негізінде ұйымға жұмыс үшін тартылғандар;

6) жалақы алмайтын сол ұйымның меншік иелері.

11. Есепті кезеңнің басындағы (соңындағы) қызметкерлердің тізімдік саны есепті кезеңнің белгілі бір сол күні қабылданғандармен кеткен қызметкерлерді қоспағанда айдың бірінші немесе соңғы күні ұйымның тізімдік құрамы санының көрсеткіші болып табылады.

12. Белгіленген кезең ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік санын анықтау үшін жұмыс берушінің актілері негізінде нақтыланатын (қабылдау, қызметкерлерді басқа жұмысқа ауыстыру және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтар мен өкімдер) тізімдік құрамдағы қызметкерлер санының күн сайынғы есебі жүргізіледі. Тізімдік құрамдағы қызметкерлердің әр күнгі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалануын есепке алу табелінің деректеріне сәйкес болуы қажет.

Есепті айдағы қызметкерлердің орташа тізімдік саны мереке (жұмыс істемейтін) және демалыс күндерін қоса алғанда есепті айдың әрбір күнтізбелік күндегі, яғни айдың 1-нен 30 немесе 31 (ақпан айы үшін – 28 немесе 29-ын қоса) күнін қоса, тізімдік құрамның қызметкерлер санын қосу және алынған соманы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен есептеледі.

Демалыс немесе мереке (жұмыс істемейтін) күнгі тізімдік құрамдағы қызметкерлер саны соның алдыңғы жұмыс күнгі қызметкерлердің тізімдік санына тең деп қабылданады. Қатарынан екі немесе одан да көп демалыс немесе мереке (жұмыс істемейтін) күндер болса, осы күндердің әрқайсысындағы тізімдік құрамдағы қызметкерлер саны әлгі демалыс немесе мереке (жұмыс істемейтін) күндердің алдындағы жұмыс күнгі тізімдік құрамдағы қызметкерлер санымен теңдей етіп алынады.

13. Толық ай істемеген ұйымдардағы (жаңадан құрылған, таратылған, өндірістің маусымдық сипаты бар ұйымдардағы) қызметкерлердің орташа тізімдік саны ұйымның есепті айдағы барлық жұмыс күндеріндегі, жұмыс кезеңіндегі демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндерді қоса, тізімдік құрамдағы қызметкерлер санының қосындысын есепті айдағы күнтізбелік күндердің жалпы санына бөлу жолымен анықталады.

14. Жыл басынан бастап есепті айды қоса есептеген кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны жыл басынан бастап есепті айды қоса есептеген кезеңдегі барлық өткен айлардағы қызметкерлердің орташа айлық санын қосу және жыл басынан бергі кезең ішінде ұйымның жұмыс істеген айларының санына әлгі қосындыны бөлу жолымен анықталады.

15. Қызметкерлердің орташа жылдық тізімдік саны есепті жылдың барлық орташа айларындағы қызметкерлердің орташа санын қосу және алынған қосындыны 12-ге бөлу жолымен анықталады.

16. Егер ұйым толық жыл істемесе (жұмыс сипаты маусымдық немесе пайдалануға есептік жылдың қаңтарынан кейін құрылған), онда қызметкерлердің орташа жылдық тізімдік саны ұйымның жұмыс істеген барлық айларындағы қызметкерлердің орташа тізімдік санын қосып, алынған қосындыны 12-ге бөлу жолымен анықталады.


3. Қызметкерлердің нақты саны

17. Қызметкерлердің нақты санын алу үшін (орташа жалақыны есептеу үшін алынатын) тізімдік құрамдағы қызметкерлер санынан мынадай санаттағы қызметкерлер шығарылып тасталады:

1) жүктілік және босануға байланысты демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалыстарында жүргендер;

2) қызметкердің өтiнiшi негiзiнде еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста жүргендер;

3) бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген және жалақысы сақталмайтын демалыста жүргендер, сондай-ақ қызметкердің өтiнiшi негiзiнде еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша бiлiм беру ұйымдарына түсетін және түсу емтихандарын тапсыру үшін оған жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

4) егер олардың жалақысы сақталмаса, ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға соның ішінде құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарын орындау мақсатында жіберілгендер;

18. Қоса атқарушылық бойынша қабылданған не толық емес жұмыс күніне немесе толық емес жұмыс аптасына қабылданған (ауыстырылған) қызметкерлер қызметкерлердің нақты санында есепті саналады және олардың саны есепті айдағы істелген адам-сағатты бір айдағы жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығына бөлу жолымен анықталады;

19. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша ұйымға жұмыс үшін тартылған қызметкерлердің нақты санында әрбір күнтізбелік күн бүтін бірлік ретінде есептеледі.

20. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер қызметкерлердің нақты санында әрбір күнтізбелік күн бүтін бірлік ретінде есептеледі.

21. Жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдармен өзара іс-әрекеттесу негізінде ұйымға жұмыс үшін тартылған тұлғалар қызметкерлердің нақты санында, егер олардың атқарған жұмысы үшін еңбекақы аудару жүргізілсе, онда әрбір күнтізбелік күн бүтін бірлік ретінде септеледі.

22. Толық емес ай (жыл) жұмыс істеген ұйымдар бойынша кезең ішінде орташа алғанда, нақты санды есептеу тәртібі (орташа жалақыны есептеу үшін қабылданған) осы Нұсқаулықтың 12-16-тармақтарында баяндалған, кезең ішіндегі орташа алғанда, тізімдік санды есептеу тәртібіне ұқсас.
4. Ұйымның негізгі және қосымша қызметінде жұмыс істейтін персонал
23. Тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі үрдісінде өндірістік бірліктер негізгі, қосымша және қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асырады.

24. Ұйымның негізгі қызметімен қамтылған персоналдарға негізгі өнім (тауарлар немесе қызмет көрсету) және басқа ұйымдарға немесе кәсіпорындарға өткізілетін, негізгімен қатар сөзсіз алынатын жанама өнімдер өндірісінде тікелей жұмыспен қамтылған қызметкерлер жатады.

25. Ұйымның қосымша қызметімен жұмыспен қамтылған персоналдарға қызметтің басқа (негізгіден басқа) түрлеріне жататын жұмыстарды орындайтын қызметкерлер жатады.

26. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын персонал қызметтің негізгі түрін жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын персонал ұйымның негізгі қызметімен қамтылған қызметкерлер құрамында есепке алынады.


5. Персоналдың санаттары және қызметтердің жіктеуіші

27. Еңбек бойынша статистикалық нысандарда қызметкерлер саны негізгі екі санатқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметшілер.

28. Жұмысшыларға материалдық құндылықтарды құру, өнімдер (қызмет, жұмыс) өндіру үрдісіне тікелей қамтылған, сондай-ақ жөндеу, жүк тасу, жолаушылар тасымалдау, материалдық қызмет көрсетумен айналысатын тұлғалар жатады.

29. Қызметшілерге әкімшілік-шаруашылық, басқарушылық, инженерлік-техникалық, экономикалық функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ құжаттарды дайындау және рәсімдеумен, есепке алу және бақылау шаруашылық қызмет көрсетулер және басқа ұқсас жұмыстармен қамтылған тұлғалар жатады.

30. Қазақстан Республикасы Мемстандартының 1999 жылғы 16 қазандағы №22 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қызметтерінің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес ұйымдағы барлық жұмыспен қамтылған қызметкерлер келесі негізгі қызмет топтары бойынша жіктеледі (бөлінеді):

1) ұйым басшыларын қосқанда барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшылары (өкілдері);

2) біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар;

3) біліктілігі орта деңгейдегі мамандар;

4) ақпараттар дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен, есеп жүргізу және қызмет көрсетумен қамтылған қызметшілер;

5) қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласының және қызметтің осы тектес түрлерінің қызметкерлері;

6) ауыл, орман, аңшылық шаруашылықтарындағы, балық өсіру және балық аулаудың білікті қызметкерлер;

7) өндірістік кәсіпорындардың, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геология мен жер қойнауын барлаудың білікті жұмысшылары;

8) құрылғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылар;

9) біліктілігі жоқ жұмысшылар.

Техникалық, кәсiптiк және орта оқу орнынан кейінгі бiлiмі бар қызметкерлерге негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім базасында училище, колледж, кәсіптік лицей, кәсіптік техникалық мектеп, техникум және жоғары техникалық мектепті бітірген тұлғалар жатады.

Жоғары білімі бар қызметкерлерге жоғары оқу орындарын, оның ішінде ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орнын, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңелген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) бітірген тұлғалар жатады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлерге резидентура, магистратура және докторантураны бітірген тұлғалар жатады.


6. Жалақы қоры
31. Ұйымдар еңбек бойынша статистикалық нысанда қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін есептелген жалақы қорын көрсетеді.

32. Жалақы қорында ақша түріндегі, сондай-ақ ақша бірлігіне ауыстырылған заттай ақы төлеу түріндегі барлық төлемдер ескеріледі.

33. Төлеу үшін есептелген ақшалай сомалар, қызметкерлерге жұмыс істелмеген уақытына (жыл сайынғы демалыс, мерекелік күндер) есептелген ақшалай сомаларды қосқанда, қызметкерлерге жалақысы бойынша есеп айырысатын төлем құжаттарына сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген сомалар «бруттоға» (салықтар мен басқа да ұстап қалуларды есептемегенде) келтіріледі.

34. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстарына, ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстарына есептелген сомалар осы айдың демалыс күндеріне келетін сомада ғана есепті айда көрсетіледі. Келесі айдағы демалыс күндері үшін есептелетін сома келесі айдың есебіне кіреді. Сонымен бірге сауықтыруға төленетін жәрдемақы бойынша сомалар бөлінбейді және есепті айда толық көлемде көрсетіледі.

35. Ай, тоқсан, жартыжылдық, жылдық жұмыстың қорытындысы бойынша есептелген сыйақылар (тұрақты және мезгілдік сипаттағы) тиісті есепті кезеңде толық көлемде есептеледі.

36. Жалақы қорына қосылатындар:

1) қызметкерлерге орындалған жұмыс немесе жұмыс істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, келісімді бағаламалар түскен табыстан пайызбен және үлес бойынша ұйымда қабылданған еңбекақы төлеудің түрлері мен жүйелеріне қарамастан есептелген жалақы;

2) ынталандыру сипатындағы төлемдер:

тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлықақыларға үстеме ақылар (еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, кәсіби шеберлігі, мемлекеттік тілді білуі, ғылыми дәрежесі, дипломатиялық рангі және тағы басқалар);

сыйақылар (олардың төлем көздеріне қарамастан тұрақты немесе мерзімді сипаттағы);

төлем көздеріне қарамастан біржолғы сыйақылар;

бір жылдық жұмыс қорытындысы бойынша сыйақылар;

ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актілерімен анықталған басқа да төлемдер мен мадақтаулар;

3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері:

экологиялық апат және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін төлемдер;

еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер (өте ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені, сондай-ақ еңбектің ерекше жағдайлары үшін);

түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша төлемдер;

демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу;

жұмыс кезінен тыс уақыттағы жұмысқа ақы төлеу;

жер астындағы жұмыстарда ұдайы болатын қызметкерлерге шахтадағы (рудниктегі) оқпаннан жұмыс орнына дейін және кейін қайтатын нормативтік уақыт үшін қосымша төлемдер;

геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және басқа да дала жұмыстарында істейтін қызметкерлерге далалық қаражат;

тұрақты жұмысы жол үстінде өтетін немесе жол жүру сипаты бар ұжымдық шарт, еңбек шарты және (немесе) жұмыс беруші актісімен белгіленген мөлшерде қызмет көрсету учаскелері шегінде қызметтік жол жүрумен байланысты жағдайлардағы тәуліктік ақының орнына жалақыға қосылатын төлемақылар;

жұмыс кестесінде көзделген, вахта кезеңінде жұмысты вахталық әдіспен орындау кезінде жұмыс жүргізу орындарында болған әрбір күнтізбелік күнге, сондай-ақ ұйымның орналасқан жерінен жұмыс істейтін жерге дейінгі жолдағы және кері қайту жолындағы нақты күндерге төленетін үстеме ақылар;

4) жұмыс істелмеген уақытқа ақы төлеу:

жыл сайынғы еңбек және қосымша еңбек демалыстарына ақы төлеу, пайдаланылмаған демалыс үшін ақшалай төленетін өтемақы;

демалысқа сауықтыру үшін жыл сайынғы жәрдемақы (демалысқа материалдық көмек);

жұмыстағы арнаулы үзілістерге ақы төлеу, жасөспірімдердің жеңілдікті сағаттарына ақы төлеу;

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлердің жұмыс уақытына ақы төлеу;

қызметкерлердің кінәсынан болмаған бос тұрып қалуларға ақы төлеу;

амалсыздан жұмыссыз жүрген уақыт үшін ақы төлеу;

жұмыс уақытын амалсыздан толық істемеген қызметкерлерге ұйым қаражаты есебінен төленетін сомалар;

білім беру ұйымдарына өндірістен қол үзіп біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жіберілген қызметкерлерге негізгі жұмыс уақытысының жалақысы;

5) төлеу үшін есептелген басқа да ақшалай сомалар:

өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін төленетін қосымша ақы сомалары;

еңбек міндеттерін орындауға байланысты алған еңбек жарақатынан, кәсіби аурудан немесе денсаулығына өзге де зақым келуден еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жағдайларда бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақысының арасындағы айырмашылықты төлеу сомасы;

газет, журнал және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары қызметкерлерінің тізімдік құрамында тұрған қызметкерлерге төленетін қаламақы;

тарифтік мөлшерлемеге (айлықақыға) қосымша төленетіндігіне немесе негізгі ақы төлеу болып табылатындығына байланыссыз пайыздық немесе комиссиялық сыйақылар, атап айтқанда, штаттағы делдалдарға;

ұйымда өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген және жұмыс орындарына немесе лауазымдарға алынған, білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің (оқушылардың) еңбегіне ақы төлеу;

жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті орғанмен өзара іс-әрекеттесу негізінде ұйымға жұмыс үшін тартылған адамдардың орындаған жұмыстары үшін есептелеген сомалар;

әскери қызметтегі міндеттерін орындауға байланысты алатын әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне төленетін төлемдердің барлық түрлері;

ұйым қызметкерлерінің тізімдік құрамында тұрмайтын, жұмысты (қызмет көрсетуді) азаматтық-құқықтық шарт жасасу бойынша орындайтын тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу. Мұның өзінде бұл қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қаражатының көлемі осы шарт төлем құжаттары бойынша жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау сметасынан анықталады.

37. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.


7. Жалақы қорында есептелмейтін жұмыс күшіне жұмсалған шығындар

38. Еңбек бойынша статистикалық нысандарын ұйымдастыруда, сондай-ақ еңбекақы қорында есептелмейтін жұмыс күшін ұстаумен байланысты төлемдер мен шығыстар көрсетіледі.

39. Жұмыс күшіне жұмсалған негізгі шығыстарға қосылатындар:

қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұйымның шығыстары;

қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған ұйымның шығыстары;

қызметкерлерді кәсіби даярлауға (қызметкерлерді оқытуға) ұйымның шығыстары;

мəдени іс-шараларды өткізуге жəне демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар;

жоғарыда келтірілген топтарға жатпайтын жұмыс күшіне ұйымның өзге де шығыстары;

жұмыс күшін пайдалануға байланысты салықтар.

40. Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның шығыстарына мыналар жатады:

қызметкерлердің меншігіне берілген тұрғын үйдің құны;

қызметкерлерге тұрғын үй құрылысына немесе тұрғын үйді сатып алуына берілетін өтеусіз демеуқаржылар, қызметкерге ұйымның сатқан пәтерлерінің нарықтық құнымен қызметкер төлеген соманың арасындағы айырмашылығы;

басқа да шығыстар (жалға беруді қоса), яғни қызметкерлердің тұрғын орын-жайды (пәтер ақысы, жатақханадағы орын, жалдау) және қарастырылған шығыстардан асатын коммуналдық қызметтер бойынша ақы төлеу шығындарын өтеу тәртібінде ұйым төлейтін сомалар.

41. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған ұйымның шығыстарына мыналар жатады:

1) әлеуметтік аударымдар;

2) қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерін (болған жағдайда) ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ұйымның төлейтін сақтандыру төлемдері (жарналары);

3) ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты қызметкерлерді босату (жұмыстан шығару) кезінде еңбек шартын бұзу нәтижесінде төленетін өтемақы сомалары;

4) жалпы сырқаттануына, еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына, жүктілік пен босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ бала (балалар) асырап алған адамдарға төленетін әлеуметтік жәрдемақылар;

5) бұл қызметкердің орындаған жұмысына байланысты емес жағдайларда, қызметкерге (үйлену тойына, бала туылған кезде, ақылы медициналық операция жасау үшін, жерлеуге және құжатпен расталған жағдайда жаппай сипаты жоқ басқа да төлемдер) бір жолғы тәртіппен көрсетілетін материалдық көмек;

6) жұмыс берушінің кінәсінен алған жарақатына немесе денсаулығына өзге де зақым келсе, келтірілген зиянды өтеуге байланысты қызметкерге сақтандыру өтеуі төленбеген жағдайда төленетін төлемақылар;

7) сауықтыру және басқа да іс-шараларды жүргізуге арналған шығыстар (жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге денсаулық сақтау қызметтерінің әр түрін көрсететін ұйымдарға ақы);

8) қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған ұйымның басқа да шығыстарына кіретіндер:

осы ұйымда жұмыс істемейтін тұлғаларға (зейнеткерлерге, мүгедектерге, қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына) көрсетілетін материалдық көмек;

жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұйымдардың өз қызметкерлерінің пайдасы үшін жасалған жеке басты, мүлікті және өзге де сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемдері (жарналары);

басқа да шығыстар.

42. Кәсіби дайындауға ұйымның шығыстарына (қызметкерлерді оқыту) (осы Нұсқаулықтың 36-тармағы 4) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген жалақыға арналған шығыстардан басқа):

кешкі және сырттай білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге берілетін оқу демалыстарына төлем;

жұмыс берушінің (ұйымдардың) оқу орындарына оқуға жіберген студенттер мен оқушыларға тараптардың келісімі бойынша ұйымның қаражаты есебінен төленетін стипендиялар;

оқытуға арналған басқа шығыстар (тренинг, білім беру іс-шаралары шығыстарын қосқанда) жатады.

43. Мəдени іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға жұмсалған шығыстарға:

мәдени-ағарту іс-шараларын жүргізуге арналған шығыстар;

қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен көрсетілетін туризм және демалыс қызметтерінің әр түрін көрсететін ұйымдарға төлем;

демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша басқа да шығыстар жатады.

44. Ұйымның бұрын келтірілген топтарға жатпайтын, жұмыс күштерін ұстауға арналған басқа шығыстарына:

1) халықаралық немесе шетелдік коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдары берген, грант түрінде алынған сомалар;

2) тараптардың келісімі бойынша ғылым, әдебиет, өнер, өнертабыс шығармаларын жасауға, басуға және өзге де пайдалануға шарт бойынша төленетін авторлық сыйақылар (осы Нұсқаулықтың 36-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген сомалардан басқа);

3) бөлінген сомалар шегінде және асатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар (іссапарда болған уақыттағы тәуліктік ақыны қоса, тағайындалған жерге дейін бару және қайту шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар);

4) тараптардың келісімі бойынша қызметкерлердің басқа жердегі жұмысқа ауыстырылуына байланысты шығыстарының өтемақылары;

5) тараптардың келісімі бойынша қызметкерге жеке автомобилін қызмет мақсатында пайдаланғаны үшін материалдық шығыстардың (еңбек ақының сомаларынсыз) өтемақысы;

6) қызметтік ұзақ мерзімге іссапарға, оның ішінде құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарын орындау мақсатында жіберілген қызметкерлердің тәуліктік және пәтер ақыларының орнына негізгі жұмыс орны бойынша сақталатын орташа жалақысының сомалары;

7) берілген арнаулы киім мен аяқ киімнің және басқа жеке қорғану құралдарының, сабын және басқа жуу құралдарының, зарарсыздандыру құралдарының, сүттің және емдеу-профилактикалық тамақтанудың құны немесе ұйым әкімшілігі оларды бермеген жағдайда қызметкерлердің өздері сатып алған арнаулы киім мен аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары үшін шығыстарын өтеу;

8) қызметкерлерге өтеусіз ұсынылған тамақтандыру мен өнімдердің құны немесе оларды өтеумен ұсынғандығы үшін ақшалай өтемақының сомасы;

9) ұйымның (толықтай немесе ішінара) тамақтандыру құнын төлеуі (талондар түрінде асханаларда, буфеттерде);

10) өтеусіз берілетін, кейіннен тұрақты жеке пайдалануында қалатын заттардың (арнаулы киімді, киім-кешекті қоса) құны немесе оларды төмендетілген бағамен сатуға байланысты жеңілдіктер сомасы;

11) жұмыс орнына қоғамдық көлікпен, арнаулы бағыттағы көліктермен, ведомстволық көлікпен жүргеніне төлем;

12) өкілдік шығыстарға Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Салық Кодексінің 102 бабы 1 тармағына сәйкес:

өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;

салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.

Өкілдік шығыстарға аталған тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.;

13) жұмыс күшіне жұмсалған басқа да шығыстар жатады.

45. Шетел жұмыс күшін пайдаланумен байланысты жататын шығындарға 2012 жылғы 13 қаңтардағы ҚР Үкіметінің №45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу тәртібіне сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту шарттарына, тәртібіне және ресімдеу мен рұқсат алу үрдісімен байланысты шығындар жатады.


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау