|
Процент. Санның процентін табуПроценті бойынша санды табу
|
бет | 2/4 | Дата | 19.02.2018 | өлшемі | 424,43 Kb. | | #10102 |
| Проценті бойынша санды табу.
1%-і 75 болатын санды табыңыз.
Жауабы: 7500
34%-і 170 болатын санды табыңыз.
Жауабы: 500
1%-і 85 болатын санды табыңыз.
Жауабы: 8500
Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36%-і болса, барлық жолды табыңыз.
Жауабы: 1400 км
13%-і 325 болатын санды табыңыз.
Жауабы: 2500
Саяжайдағы ағаштардың 30-ы жеміс ағаштары. Бұл барлық ағаштардың 75%-і. Саяжайда барлығы қанша ағаш бар?
Жауабы: 40
60%-і 30-ға тең тең белгісіз санды табыңыз.
Жауабы: 50
40%-і 52-ге тең белгісіз санды табыңыз.
Жауабы: 130
60%-і 108-ге тең белгісіз санды табыңыз.
Жауабы: 180
80%-і -ке тең белгісіз санды табыңыз.
Жауабы: 12
Көкеніс дүкені өзіндегі бар картоптың 28%-ін сатты. Осыдан кейін дүкенде сатылғаннан гөрі 22 т картоп артық қалды. Дүкенде болған картоптың салмағы:
Жауабы: 50 т
Егер станок бағасының %-і 240 теңге құрайтын болса, станок бағасын анықтаңыз.
Жауабы: 40000 теңге
Саяхатшы бірінші күні маршруттың 40%-ін, екінші күні қалғанның 45%-ін, осыдан кейін оған екінші күнге қарағанда 6 км артық өтетін жол қалды. Маршруттың барлық ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 100 км
Санның өрнектің мәніне тең. Сол санды табыңыз.
Жауабы: 250
Автомобиль бірінші жол жүруге бактағы бар бензиннің 10%-ін, сосын екінші рет қалғанның 25%-ін жолға жұмсалды. Осыдан кейін ең басында болғаннан бакта 13 л кем бензин қалды. Бактағы бастапқы болған бензин.
Жауабы: 40 л
Санның 30%-і 60, 48, 45 сандарының ең үлкен отрақ бөлгішінің және ең кіші ортақ еселіктің қосындысына тең. Сол санды табыңыз.
Жауабы: 2410
Санның -і 12-ге тең болса, онда берілген санды табыңыз.
Жауабы: 90
80%-і 16-ға тең белгісіз санды табыңыз:
Жауабы: 20
Бір сыныптағы оқушылардың 14-і ұл балалар, ал қыздардың одан 7-еуі артық. Сыныптағы оқушылардың неше проценті ұл балалар?
Жауабы: 40%
18 саны 15-тің неше проценті?
Жауабы: 120%
Фотоаппараттың бағасын екі рет бірдей процентке арзандатқанда оның бағасы 300 теңгеден 192 теңгеге түсті. Фотоаппараттың бағасы екі ретінде де неше процентке арзандатылған?
Жауабы: 20%
Сағатына 70 км/сағ жол жүретін жүрдек поезд С станциясынан Д станциясына қарай шықты, ал 1 сағ өткеннен кейін оған қарама-қарсы Д станциясынан сағатына 45км/сағ жол дүретін жүк поезы шықты. Егер СД темір жол бөлігінің ұзындығы 530 км болса, онда осы екі поезд бірімен-бірі Д станциясынан қандай қашықтықта кездесер еді?
Жауабы: 180 км
Санның 13%-і 1,69-ге тең болса, онда берілген сан нешеге тең?
Жауабы: 13
Жұмысшы жалақысының 11%-ін жұмсағаннан кейін 7120 теңге қалды. Оның алған жалақысы қанша?
Жауабы: 8000 теңге
Екі санның 120, біреуінің 40%-і екіншісінің 60%-не тең. Осы сандарды табыңыз.
Жауабы: 72 және 48
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|