Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
· Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
· Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
· Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
· Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
· Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау:
· Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
П роблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Бұл тәсілді соңғы жылдары көптеген методистер сөз етуде. Проблемалық оқытудың теоретиктері Липецк озаттарындай мәселені мазмұн жағынан емес, көбіне форма жағынан бастайтын сияқты. Сұрақтарды: проблемалық сұрақ, міндет деп екіге бөледі.
Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемісті болады.
Оғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарағанда, болашақ маманға қойылатын талаптар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарында белгіленген. Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыта отырып білім беруге елеулі маңыз беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |