Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары



жүктеу 51,75 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі51,75 Kb.
#13006


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

201_ жылғы «__» ____________

№___ бұйрығына

3-қосымша




Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары



  1. Жалпы ережелер




  1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін белгілейді.

  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

2) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

4) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.



2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

  1. өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;

  2. жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;

  3. пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;

  4. квотадан тыс жұмыс берушілер мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;

  5. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық пробация қызметтері халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар тізімінің;

6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар тізімінің негізінде әзірлейді.

4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілейді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

6. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.

7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

8. Аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

10. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.

11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

12. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлермен еңбек шартын бұзу еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлай отырып жүзеге асырылады.

13. Халықты жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.



Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.
жүктеу 51,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау