Постановление акимата Зыряновского района



жүктеу 76,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі76,5 Kb.
#19711

Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы

519 қаулысы.




Халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды

әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасының, «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5, 8-бабының, «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысының негізінде және жұмысқа тұруға қиналып жүрген халықтың әртүрлі тобын қолдау үшін және мемлекеттік кепілдеме жүйесін кеңейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілсін:

1) 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқама.

2) 2 қосымшаға сәйкес жастарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқама.

3) Демалыс кезінде жастарды оқыту үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқама.

4) Кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың жол ақысы, тамаққа, тұруына және медициналық куәландыруы шығының қайтару жөніндегі нұсқама.

2. Күші жойылсын деп есептелсін:

1) «Нысаналы топтағы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және оларды қаржыландыру ережелері жөніндегі шаралар туралы» Зырян ауданы – Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 1198 қаулысы, 2005 жылдың 15 ақпанында № 2183 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген.

2) «Нысаналы топтағы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және оларды қаржыландыру ережелері жөніндегі шаралар туралы» Зырян ауданы – Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 1198 қаулысына қосымшалар енгізу туралы» Зырян ауданы – Зырян қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 3411 қаулысы, 2007 жылдың 19 шілдесінде № 5-12-47 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген.

3) «Нысаналы топтағы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және оларды қаржыландыру ережелері жөніндегі шаралар туралы» Зырян ауданы – Зырян қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 1198 қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 29 сәуірдегі № 372 қаулысы, 2009 жылдың 3 маусымындағы № 5-12-84 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Зырян ауданының әкімі Р. Мусин


Қаулы ШҚО Әділет департаменті Зырян ауданының Әділет басқармасында № 5-12-102 25.03.2010 ж. тіркелді.

Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 519 қаулысымен бекітілген

1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқама
1. Жалпы ереже

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқама уақытша жұмыс істеу үшін халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарын жұмысқа ұйымдастыру мақсатында өнделген.

2. Осы Нұсқама «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 18-1-бабына сәйкес өнделген.

3. Нұсқама халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (жеке меншіктігіне қарамастан) негізі жағдайды және есеп жүйесін реттейді.

4. Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс берушінің еңбегіне төлейтін өтемақы бөлігінің шығынымен халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен жұмыс берушілердің келісім шарты негізінде құрылатын жұмыс орындары.

5. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таралады.



2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (ары қарай – Бөлім) келісім шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады.

7. Келісім шарт тараптардың міндеттерін, түрлерін, жұмыс көлемін, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарының мерзімі мен қаржыландыру көзін қамтиды.

8. Әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топқа уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе құру жолдарымен ұйымдастырылады, уақытша сипатқа ие.

9. Әлеуметтік жұмыс орындары базасында құрылатын ұйымдардың тізімі ұйымдардың сұранымына сәйкес Зырян ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

10. Бөлім әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтағы жұмыссыздарды іріктеу кезегіне сәйкес мамандықтары бойынша жүргізеді.

11. Шарттасқан келісім шартқа сәйкес жұмыс беруші нысаналы топтағы жұмыссыздарды бөлім жолдамасымен 6 ай мерзіміне жұмысқа орналастырады, үзілетін жолдама талонды толтырып, 3 күн ішінде бөлім мекенжайына жібереді.

12. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына қатысатын қатысушыны жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес бөліммен бекітілген келісім шартпен мерзімге (контракт) еңбек шартына отырады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көзі мен шарттары
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтағы жұмыссыздардың еңбек төлемі жеке еңбек келісім шартына және атқарылған жұмыс саны мен сапасы және қиындығына байланысты ай сайын жұмыс берушінің өз қалтасынан ағымдағы жылы бекітілген минималды еңбекақыдан 50 % кем емес мөлшерімен жүзеге асырылады.

14. Әлеуметтік жұмыс орындарының қатысушыларына еңбек төлемі бөлім жағынан бекітілген смета шығынына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, бөлімге жұмыс берушімен ұсынылған жұмыс уақытының табелі негізінде онда олардың осы айда жұмыс істеген күнінің көрсетілуімен жеке есеп шотына ағымдағы жылы бекітілген минималды еңбекақыдан 50 % кем емес мөлшерімен жүргізіледі.

15. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтарға төленетін еңбекақы ҚР күші бар заңнамасына сәйкес салық салынады.

16. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін нысаналы топтағы азаматтардың еңбекақысы нақты атқарылған көлемде төленеді.

17. Нысаналы топтағы азаматтардың еңбек төлеміне арналған бюджеттік қаражаттарды мақсатсыз орындаудағы жауапкершілікті бөлім тартады.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруға бақылау
18. Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасына және шартқа сәйкес бөлім әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруға бақылауды жүзеге асырады.
Зырян ауданы

әкімі аппаратының жетекшісі Г. Дедова


Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 519 қаулысымен бекітілген

2 қосымша
Жастарды әлеуметтік қолдауын ұйымдастыру жөніндегі

нұсқама
1. Жалпы ереже
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімдері бар оқу орындарын бітірген түлектердің санынан тәжірибе, білім, дағды алу үшін жұмыссыз жастарды жұмысқа орналстыруға ықпал жасаудағы әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары мақсатында өнделген әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқама.

2. Осы нұсқама «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5,7,9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5,8-бабына сәйкес өнделген.

3. Нұсқама бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімдері бар оқу орындарын бітірген, бөлімде тіркелген жұмыссыз жастармен оларға алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға, жұмысқа орналасуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мүмкіндіктерін құру бойынша «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (ары қарай – Бөлім) жұмысының бір бағытын анықтайды.

4. Жастарды әлеуметтік қолдау жұмыс беруші және бөлімнің келісім шарт негізінде жеке нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (ары қарай – жұмыс беруші) ұйымдастырылып, жүргізіледі.


2. Жастарға әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру

5. Бөлім оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне іріктеу жүргізеді. Іріктеу критерийлері мынадай болуы мүмкін:

жұмыссыз ретінде есепте тұру;

«қатысушыларды» іріктеу кезеңінде оларға лайықты жұмыстың болғанында болмауы;

мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;

жасы 24 жасқа дейін, қоса алғанда.

Жұмыссыз жастарды уақытша жұмысқа орналастыру 6 ай мерзіміне дейін.

6. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмыс орнына қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен бөлім келісім шарт жасасады. Келісім жұмысқа қабылдаған азаматтардың санын қарастырады.

7. Келісімген келісім шартқа сәйкес бөлім жұмыссызды кәсіпорынға жібереді. Бөліммен келісілген келісім шарт шеңберінде жұмыссызды нақты жұмыс орнына қабылдау шешімін жұмыс беруші қабылдайды. Үзілетін жолдама талонды толтырып бөлім мекенжайына жібереді.

8. Жұмыс беруші жұмыссызды уақытша жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бөліммен келісілген келісім шартпен мерзімге (контракт) еңбек шартына отырады.

9. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа орналастырған жағдайда уақытша жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жұмысқа қабылдаған күннен бастап 3 күннен кешіктірмей бөлімге ұсынады.

10. Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізіледі.

11. Еңбек заңнамасын бұзған жағдайда жұмыс беруші бір жақты тәртіптегі келісім шартты бұзуға құқылы.

12. Келісім шарт мерзімінің аяқталу бойынша жұмыс беруші еңбек келісім шарты бойынша (контракт) азаматты жұмысқа қабылдау туралы немесе оның кәсіпорыннан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыспен қамту бөліміне жолдайды.


3. Жастарға әлеуметтік қолдауды қаржыландыру
13. Қаржыландыру бекітілген шығын сметасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

14. Еңбекақы төлемі:

14.1.бастауыш, орта кәсіби білімдері бар оқу орындарын бітірген түлектерге жұмыс істеген толық айларына 1,2 минималды еңбекақы;

14.2.жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге жұмыс істеген толық айларына 1,5 минималды еңбекақы көлемінде жүргізіледі.

15. Қатысушылардың еңбек төлемі бөлімге жұмыс берушімен ұсынылған жұмыс уақытының табелі негізінде онда олардың осы айда жұмыс істеген күнінің көрсетілуімен жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

16. Еңбекақы күші бар салық заңнамасына сәйкес салық салынады.


4. Ұйымдастыру және қаржыландыруға бақылау
17. Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасына және келісім шартқа сәйкес бөлім жастарды әлеуметтік қолдауын ұйымдастыру және қаржыландыруға бақылауды жүзеге асырады.

Зырян ауданы

әкімі аппаратының жетекшісі Г. Дедова
Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 519 қаулысымен бекітілген

3 қосымша

Оқитын жастарға жазғы демалыстары болған кездерінде, оларға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқама
1. Жалпы ереже
1. Осы нұсқама 16 жасқа дейін және одан да үлкен жастағы жалпы білім беру және кәсіби мектептің оқушыларына, оқу орындарының студенттеріне ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуын реттейді, оларды уақытша жұмыспен және жазғы демалыс кезінде уақытша еңбекақымен (еңбек табысы) қамтиды.

2. Нұсқама «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес өнделген.

3. Қоғамдық жұмыстар – алдын-ала кәсіби дайындықты талап етпейтін, оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдардың бағытымен азаматтардың орындайтын әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек іс-әрекетінің түрі.

4. Оқитын жастарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар жеке меншік нысанына тәуелсіз ауданның ұйымдарында ұйымдастырылады.

5. Ұйымдардың тізімі, көлемі, қаржыландыру көзі аудан әкімдігінің Қаулысымен анықталады.

6. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (ары қарай – Бөлім) есепті, тіркеуді, оқитын жастар санынан тұлғаларды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдауын жүзеге асырады.


2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
7. Сұраныс және ұсыныс негізінде оқитын жастарға оқудан бос уақытында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады.

8. Ақылы қоғамдық жұмысты өткізген ұйымдар арасында және бөліммен оларды өткізуге келісім шарт жасалады.



3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға оқитын жастарды жолдау және оларды тіркеу
9. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысуға ниет білдірген оқудан бос уақыттары бар оқитын жастардың тіркеуін бөлім келесі құжаттар негізінде жүргізеді:

1) жеке бас куәлігі;

2) салық төлеушінің тіркеу туралы куәлігі (СТН);

3) әлеуметтік коды бар туралы куәлігі (ӘЖК);

4) оқу орнынан анықтама.

10. Оқитын жастар санынан бөлім олардың кезектігі және тіркеу күніне сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа жібереді.

11. Бөлім жұмыссызды кәсіпорынға жолдамамен жібереді. Бөліммен келісілген келісім шарт шеңберінде жұмыссызды нақты жұмыс орнына қабылдау шешімін жұмыс беруші қабылдайды. Үзілетін жолдама талонды толтырып бөлім мекенжайына жібереді.

12. Жұмыс беруші жұмыссызды уақытша жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес бөліммен келісілген келісім шартпен мерзімге (контракт) еңбек шартына отырады.


3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын оқитын жастардың еңбекақы төлемі
13. Оқитын жастарға арналған қоғамдық жұмыстың қаржыландыруы бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асады.

14. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысатын оқитын жастарға бөлім белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамасымен нақты атқарған жұмысына минималды еңбекақы мөлшерінен кем болмайтындай төлейді.

15. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек төлемі бөлімге жұмыс берушімен ұсынылған жұмыс уақытының табелі негізінде онда олардың осы айда жұмыс істеген күнінің көрсетілуімен жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

16. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқан жұмыссыздарға есептелген еңбекақы күші бар салық заңнамасына сәйкес салық салынады.



Зырян ауданы

әкімі аппаратының жетекшісі Г. Дедова

Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 519 қаулысымен бекітілген

4 қосымша
Кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың жол ақысы, тамаққа, тұруына және медициналық куәландыруы шығының қайтару жөніндегі нұсқама
Осы нұсқама «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және кәсіби дайындықты ұйымдастыру және қаржыландыру, жұмыссыздардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен және басқа да заңнама актілерімен бекітілген Ережесіне сәйкес өнделген.

1. Жалпы ереже
1. Осы Нұсқамада қолданылатын негізгі түсініктер:

1) Өтінім беруші – кәсіби дайындыққа жолданған және шығынын қайтарып алуға өтініш білдірген нысаналы топтағы бос азаматтар немесе жұмыссыздар;

2) Шығының қайтару – өтінім берушіге жартылай немесе толық жол ақысының төлемі, тамағы, тұруы және медициналық куәландыруы;

2. Тұруға, тұрғын жері бойынша оқитын облыс шегінде оқу орнына ары-бері жүрген жол ақысы шығының қайтару.

3. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (ары қарай – Бөлім) тұруға, облыс шегінде оқу орнына ары-бері жүрген жол ақысы, тамағы мен медициналық куәландыруы шығының жүзеге асырады.

4. Алдын-ала тексерісті анықтауды талап ететін, мамандығы бойынша оқуға жолданғанда медициналық куәландыруы шығының өтінім беруші нәтижесіне қарамастан өзі қайтарады.

5. Өтінім берушінің шығындарын қайтару оқу бітіргеннен кейін бір айдан кешіктірмей құжаттарды тапсырған сәттен бастап қайтарылады.

6. Бөлімде ресми тіркелген және кәсіби дайындыққа, біліктіліктерін арттыруға, қайта даярлауға жолданған жұмыссыз азаматтар шығындарын қайтаруға құқылы.



2. Шығынды қайтарып алуға өтініш
7. Өтінім беруші бөлімге жазбаша өтініш және қажетті құжаттарды ұсынады.

3. Қажетті құжаттардың тізімі
8. 1) Тұрғылықты жері бойынша банкте жеке есеп шоты нөмірін көрсетуімен жазбаша өтініш;

2) Теміржол көлігінің, жолаушыларға арналған автокөліктің (таксиден басқа) немесе тасымалдау жасайтын аталған көлік түрлерімен жүзеге асыратын ұйымдардан жолақы туралы анықтама және жолақы құжаттары;

3) Медициналық куәландыру өткені туралы ақылы құжат шығынды қайтарып алуға арналған құжаттамалар болып табылады.
4. Шығынды қайтарып алу көлемі
9. Шығынды толық қайтарып алу мынадай жағдайда жүргізіледі:

1) Медициналық куәландыруға – зерттелудің бағасы, құжаттармен расталса.

2) Өңір (облыс, аудан) шегінде оқуға ары-бері жүрген жолақысы – жолақы бағасы, құжаттармен расталса.

10. Шығынды жартылай қайтарып алу мынадай жағдайда жүргізіледі:

1) Басқа қаланың өтінім берушілері оқу кезінде Өскемен, Семей қаласындағы жатақханада тұрса –айына 3 айлық есеп көрсеткіштен аспайтын төленген құжаттарды ұсынса. Жалға алған бөлмелерде тұрса – айына үш айлық есеп көрсеткіш.

2) Басқа қаланың өтінім берушілері басқа ауылды жерлердің жатақханасында тұрса - айына екі айлық есеп көрсеткіштен аспайтын төленген құжаттарды ұсынса. Жалға алған бөлмелерде тұрса – айына екі айлық есеп көрсеткіш.

11. Өскемен, Семей қаласында оқитындарға тамақтарына айына үш айлық есеп көрсеткіші көлемінде, ал басқа тұрғылықты жерде оқыса айына екі айлық есеп көрсеткіші көлемінде шығын қайтарылады.
5. Шығынды қайтарып алу төлемдері.
12. Шығынды қайтарып алу төлемі бекітілген шығын сметасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

13. Тұруға арналған жартылай шығынды қайтарып алу төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүзеге асырылады.

14. Тамаққа арналған шығынды қайтарып алу төлемі ай сайын жүзеге асырылады.

15. Медициналық куәландыруға, өңір (облыс, аудан) шегінде оқуға ары-бері жүрген жолақысы шығынын толық қайтарып алу құжаттарды ұсынған сәттен бастап ай ішінде жүргізіледі.



16. Шығынын толық немесе жартылай қайтарып алу төлемі өтінім берушінің есеп шотына ақшалай аудару жолымен жүзеге асырылады.
Зырян ауданы

әкімі аппаратының жетекшісі Г. Дедова
жүктеу 76,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау