Постановление 2021 жылғы 27 ақпан №9 Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 110,36 Kb.
бет2/7
Дата22.01.2022
өлшемі110,36 Kb.
#34587
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7
19da28fd17a44e5822e561f77f133e2b original.113004

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері Е. Қиясов

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы _27_ ақпандағы

№ ­­_9_ қаулысына

1-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

24-қосымша
Пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) мекемелерде

санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі
1. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың туыстарымен белгіленген тәртіппен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер өткізуіне мынадай талаптар сақталған жағдайда рұқсат етіледі:

1) ұзақ кездесулерге келетін туыстардың алған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынуы;

2) ҚАЖ мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келетін барлық адамдардың дене температурасын өлшеу және сауалнама толтыру арқылы сауал алу, кейіннен ұзақ кездесулердегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізу;

3) ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының қысқа мерзімді кездесулерді беру кезінде маска режимін сақтауы;

4) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесулер бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 реттен сиретпей, кейіннен желдету және кварцтау арқылы тұрақты жинау жүргізу;

5) ұзақ кездесу берілген сотталғандарды 14 күн бойы карантинге жатқызу.

2. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау бөлмелерінде, жиналу бөлімшелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдету және ауаны зарарсыздандыру арқылы күніне 2 реттен сиретпей ағымдық жинауды тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету.

3. 3.COVID-19 сырқаттанушылығының жоғары деңгейі тіркелген өңірлерде (қызыл аймақта) ҚАЖ және ІІМ мемлекеттік мекемелерінде жұмысқа орналасқан мекеме персоналынан, этаппен алып жүруге (тасымалдауға) жататын адамдардан және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталған адамдарынан басқа адамдардың ҚАЖ мекемелеріне көлікпен кіруі мен шығуы (жаяу кіруі мен шығуы) тоқтатыла тұрсын.

ҚАЖ мекемесінен жоспарлы этаппен жіберу шеңберінде кететін сотталғандар ҚАЖ мекемелерінен шыққанға дейін ПТР әдісімен CОVID-19-ға тексерілуге жатады.


  1. Шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеушіге және адвокатқа маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды және жабық түрдегі көзілдіріктерді міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шараларды шектеу.

5. Дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың, жеке гигиена құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (маскалар, респираторлар), медициналық термометрлердің және басқа да материалдық ресурстардың қорын ұстауды қамтамасыз ету.

6. Тұрғын отрядтарда, камераларда, тамақтану объектілерінде, өндірістік учаскелерде, жұмыс орындары мен қызмет атқару орындарында жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

7. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, қызмет көрсетуші қызметкерлердің және арнайы контингенттің маска режимін сақтауын қамтамасыз ету.

8. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің арнайы контингентті қабылдау кезінде жеке қорғаныш құралдарында (маска, қолғап, көзілдірік) болуын қамтамасыз ету.

9. ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адамдардың, сондай-ақ мекеме шлюзіне кірер алдында ілесіп жүретін адамдар мен жүргізушілердің денесінің температурасын өлшеуді және сұрау алуды қамтамасыз ету.

10. Дене температурасы жоғары (37,20 С және одан жоғары), респираторлық симптомдары бар күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдар мен жүргізушілерді, сондай-ақ шет елдерден оралған немесе соңғы 14 күн ішінде COVID-19 науқастарымен байланыста тұрған адамдарды ҚАЖ мекемелеріне жібермеу және қабылдамау.

11. Тергеу іс-әрекеттерінен қайтып оралғаннан және арнайы контингенттің мекеме аумағынан басқа шығуынан кейін адамдар жаңадан келгендер ретінде күнделікті медициналық қарап-тексеру, сұрау, термометрия ұйымдастыру арқылы 14 күннен кем емес мерзімге оқшаулауға жатады.

12. ҚАЖ мекемелеріне УҰИ-дан келіп түсетін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар адамдарды қабылдауды жүзеге асыру.

13. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді, тамақтануды, өндірістік қызметті ұйымдастыру кезінде жергілікті секторларда тұратын сотталғандар ағынының қиылысуын азайту.

14. Ортақ пайдаланылатын және адамдар жиналатын орындарда (асханалар, БПК, өндірістік учаскелер, тамақ өндірісі, дүкендер және басқа да объектілер) дезинфекциялық режимді күшейту. Дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау жүргізу жиілігін арттыру, бактерицидті сәулелендіргіштерді пайдалану. Дезқұралдармен тамақтанатын залдарды (үстелдер, орындықтар, едендер) жинауды осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес тамақтанатын сотталғандардың әрбір ауысымынан кейін ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритміне сәйкес жүргізу.

15. Тамақтанатын залдарды жабық бактерицидті сәулелегіштермен үздіксіз режимде өңдеуді, үй-жайларды желдетуді, осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкесұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану орындарында, ас блоктарында және сауда объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

16. Күн сайын медициналық қарап-тексеруді, күніне 2 рет термометрияны, респираторлық симптомдарды анықтау мақсатында декреттелген топ қызметкерлерінің денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізуді қамтамасыз ету.

17. Әкімшілік ғимараттарға, мекемелердің аумағына кіретін есіктерді тері антисептиктерімен жабдықтау, міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету.

18. Мекеме қызметкерлері мен контингенттің жеке гигиенасын сақтауын бақылауды күшейту.

19. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің денсаулық жағдайы туралы күнделікті сауалнама жүргізуді, жұмыс орындарындағы дене температурасын өлшеуді, міндетті түрде арнайы ашылған журналға жазба жүргізуді ұйымдастыру. Температурасы жоғары және респираторлық инфекция белгілері бар адамдарды қызметтен (жұмыс орнынан) дереу шеттету.

Персоналда симптомдар пайда болған кезде ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері үшін дереу уақытша инфекциялық изоляторға орналастыру және дәрігер-консультантты шақыру. Көрсетілімдер бойынша инфекциялық аурулар стационарына жатқызу.

20. COVID-19 ауруына күдік анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың регламенттелген кешенін дереу жүргізу.

21. 2 сағаттың ішінде телефон арқылы, одан кейін 12 сағат ішінде жазбаша түрде (немесе электрондық байланыс арналары арқылы) СОVID-19 әрбір жағдайына шұғыл хабарламаларды беруді қамтамасыз ету.

22. ҚАЖ мекемелеріне тамақ өнімдерін жеткізу үшін, сондай-ақ күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды айдауылдау үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу жөніндегі шараларды дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимін пайдалана отырып күшейту.

23. Сәлемдеме қабылдау бөлмесінде сәлемдемелер (сәлемдемелер) берілетін үй-жайларға ультракүлгін бактерицидті өңдеу жүргізуді, сондай-ақ сәлемдемелер (сәлемдемелер) түсетін ыдыстарды дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз ету. Сәлемдемелер қабылдау бөлмелері қызметкерлерінің санитариялық киімде, медициналық маскада, бахилаларда жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

24. Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде іскерлік, спорттық, мәдени, ойын-сауық және т. б. өткізуге тыйым салу.

25. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау, жиналу бөлімшелерінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирусты инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.

26. Тергеу немесе сот әрекеттерін жүргізу үшін ҚАЖ мекемелерінен арнайы контингентті уақытша әкету тек ерекше жағдайларда ғана қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы басшысының не оны алмастыратын адамның рұқсатымен жүзеге асыру.


жүктеу 110,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау