Портфолио ученика



жүктеу 14,68 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі14,68 Kb.
#6611
түріСабақ
  • Риза Маней, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің әдіскері Әдістемелік семинар
  • Мақсаты:
  • Мектепте қызмет жолын жаңа бастаған жас мұғалімге кәсіптік тұрғыдан күш пен рух беру, кәсіптік біліктілікке, әлеуметтік өмірге баулу және өздігінен даму дағдысын қалыптастыру
  • Міндеттер:
  • үздіксіз білім беру жүйесінде жас мамандардың қажетттілігін қанағаттандыру;
  • педагогикалық ситуациялардан шығу жолдарын көрсету;
  • қисынды әрекеттер мен мектепте қордаланған озық тәжірибелерді қолдану арқылы жетістікке жетуге баулу.
  • Жұмыс формасы: әдістемелік семинар
  • Әдіс-тәсіл, технология: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, коучинг пен менторлық
  • Құрал-жабдық: интербелсенді тақта, компьютер, постер, маркер, стикер
  • Ұйымдастыру формасы:
  • топпен жұмыс,
  • диалог, сайыс
  • Қатысушылар «Білімділер», «Көшбасшылар», «Зияткерлер» деген 3 топқа бөлінеді
  • (семинарға жас мамандармен қатар тәжірибелі ұстаздар да қатысады, бірақ жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар аралас отырады).
  • Семинардың жоспары:
  • Амандасу
  • 1.Мозайка әдісі арқылы топтарға бөлініп отыру
  • 2.Мотивация (постер беріледі)
  • 3.Тақырыпқа ену
  • 4.Мұғалімдердің кәсіби білімдерін белсендендіру (пікірлесу)
  • 5.Педагогикалық-психологиялық тренинг
  • 6.Қазақ тілі пәні бойынша панорамалық сабақ көрсету (5-6 минут).
  • 7.Оқу материалын қалай жоспарлауға болады?
  • 8.Ширату «Күн сәулесінде»
  • 9.Практикалық жұмыс. Әр топ өздері әзірлеген әзірлемелерін қорғайды.
  • 10.Рефлексия
  • Қоштасу
  • Семинардың
  • барысы
  • Мозайка әдісі арқылы қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады
  • І топқа 1-5-билет,
  • ІІ топқа 6-10-билет,
  • ІІІ топқа 11-15 билет).
  • 1 минут
  • «Мұғалім қандай болу керек?»
  • (постер беріледі)
  • (3 минут)
  • Мотивация Топтастыру стратегиясы
  • Бағалау:
  • әр топ серіктес топтарды бағалау кезінде өз пікірлерін стикерге «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы түсіреді, пікір қорғалады
  • (3 минут)
  • Әр топтың спикері өз тұжырымдарын ортаға салады
  • «Жүректен жүрекке» стратегиясы
  • Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір-біріне жүрекшелер сыйлайды. Аты-жөндерін айтып, танысады.
  • (Мақсаты: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру)
  • 5 минут
  • “Миға шабуыл» стратегиясы (брэйнсторминг)
  • Диалог өткізу.
  • 1-топ “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі ”
  • 2-топ: “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”
  • 3-топ: “Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон
  • пішер” [4,14]
  • 5 минут
  • Топтардың жұмысын бағалау: «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы
  • Тақырыпқа ену
  • Шарты: үстелде жатқан қиынды қағаздардан бүтін пішін жасау.
  • (45 секунд)
  • Құрметті әріптестер, бөлшектерден бүтінді құрастырғаныңыз сияқты 45 минуттық сабақ та – бірнеше кезеңдерден, педагогикалық сан қилы әрекеттерден құралатын бүтін бір педагогикалық үдеріс. Әр кезеңді жақсы ойластырып, ұтымды ұйымдастыра білсек, сабақ нәтижелі болмақ.
  • (1 минут)
  • «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі (пікірлесу)
  • Сұрақ жазылған билет алып, топ ішінде пікірлерін айтады, кейін тәжірибелі ұстаздармен пікірлеседі
  • Шарты: мұғалімдердің кәсіби білімдерін белсендендіру
  • 1-билет. Сабаққа дайындықты неден бастау керек?
  • 2-билет. Сабақтың мақсатын қалай анықтаймыз?
  • 3-билет. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін не жоспарлаймыз?
  • 10 минут
  • Соңында №1-слайд-шоу көрсетіледі
  • 5 минут
  • Педагогикалық-психологиялық тренинг
  • 1-топқа: Сіз сыныпқа кіріп келсеңіз, оқушылар сыныпта бірі-бірін қуып, шулап жүр. Сізге назар аудармайды. Сіз не істейсіз?
  • 2-топқа: Сыныптағы ер бала қыз балаға ат қойып, айдар тағып, оны жылатыпты. Ал қыз бала Сіз сабаққа кіріп келгенде шағымданып, жылады. Сіз қандай шара қолданасыз? Әлде ол мәселені шешпестен сабақ бастайсыз ба?
  • 3-топқа: Сабаққа қандай мақсатпен кіресіз?
  • 5 минут
  • Қазақ тілі пәні бойынша
  • панорамалық
  • сабақ үлгілерін көрсету
  • 5-6 минут
  • Оқу материалын қалай жоспарлауға болады?
  • Бұл үшін сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін қандай ережелерді сақтау қажет.
  • (Ережелермен танысайық және сабақты жоспарлауға арналған №2-слайд-шоуды тамашалайық).
  • 10 минут
  • Ширату тренингісі «Күн сәулесінде»
  • Мақсаты: Өзінің жақсы қасиеттерін анықтау, оларды қиын жағдайды жеңіп шығуда қор (ресурс) ретінде қолдану.
  • Жүргізуші:
  • «Қағазға күнді салыңыздар, балалар салатындай: ортасында шеңбер оның жан-жаққа шашып тұрған сәулелерін. Шеңбердің ішіне өзіңіздің атыңызды жазыңыз. Әр сәуленің жанына өзіңіз туралы жақсы пікір жазыңыз. Сіздің міндетіңіз - өзіңіз туралы көбірек жазу.
  • (3 минут)
  • Қатысушылардың есіне:
  • Жүргізуші:
  • «Осы бір бет қағазды әрқашан өзіңізбен бірге алып жүріңіз, анда-санда сәулелерін қосып отырыңыз. Егер де жабырқап қалсаңыз, сол Күн салынған суретке қарап, есіңізге түсіріңіз, өзіңіздің қасиеттеріңізді неге жаздыңыз?!» [1,15].
  • 1 минут)
  • Практикалық жұмыс
  • (әр топқа жеке компьютер беріледі)
  • «Етістік туралы түсінікті меңгерту» атты сабақтың тақырыбы беріледі (6-сынып).
  • Тапсырма мынадай:
  • 1-топ сабақтың мақсатын құрады,
  • 2- топ негізгі бөлімде орындалатын тапсырмаларды, оны өткізу әдістемесін, ұйымдастыру формаларын анықтайды,
  • 3-топ сабақты қызықты өткізу жұмыстарын, рефлексияны құрастырады.
  • 10 минут
  • Әр топтың спикері өздері әзірлеген жұмыстарын қорғайды.
  • (15 минут)
  • Топтардың жұмысын бағалау: «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы түсіреді, пікір қорғалады
  • Рефлексия
  • Өткізілген семинардан алған білімдерін смайлик арқылы бағалау, өз пікірлерін топ ішінде стикерге «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы түсіру.
  • (немесе «Ойлаудың 6 шляпасы», «Тиімді өлшем» атты мастер-кластар арқылы рефлексия жасауға болады). [10,51]
  • 4-5 минут
  • «Қоштасу».
  • 3 топ бір-біріне қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тілдік көркем ерекшеліктерін қолдана отырып, қоштасу сөздерін айтады, игі тілектерін білдіреді.
  • 5 минут
  • соңы

жүктеу 14,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау