Екі өлшемді массивтің I-ші жолы мен j-ші бағанында орналасқан элементін табудың формуласын келтіріңіз. Массив негізгі жадыда баған бойынша жазылсын.
8 жол 11 бағаннан тұратын екі өлшемді массив жол бойынша 25-ші адрестен бастап негізгі жадыға жазылған. Егер массивтің әрбір элементі жадының 2 ұяшығын алатын болса, 3-ші жол 6-шы бағандағы массив элементінің адресі қандай болады?
СОӨЖ №12. Жартылай статикалық деректер структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Күнделікті өмірде стектер ұғымының кездесуіне мысалдар келтіру.
Негізгі программа А процедурасын, ал А процедурасы В процедурасын, В процедурасы жұмысын аяқтаған соң С процедурасын шақыратын болсын делік. Осы сценарий бойынша адрестерде стектердің деректермен толтырылуын көрсетіңіз.
Стек бос дегенді қалай түсінуге болады, егер жады ұяшықтың үзіліссіз блогында қолданылса?
Қарындаш пен қағазды қолдану арқылы циклдік кезектің қалай көрінетінін жазу. Кезек үшін бөлінген жады блогы тек 4 элементті қабылдайтын болсын. А элементін кірістіру. В элементін кірістіру. С элементін кірістіру. Элементті шығару. Элементті шығару. D элементін кірістіру. Е элементін кірістіру. Элементті шығару. F элементін кірістіру. Элементті шығару.
Тізімнің бос және толтырылғанын қалай анықтауға болады?
СОӨЖ №13. Динамикалық деректер структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар
Егер үзіліссіз тізімнің бірінші элементінің адресі белгілі болса, бесінші элементінің адресін қалай анықтайды. Байланысты тізім болған жағдайда не істеу керек?
Байланысты тізім бос екенін қай шарт көрсетеді?
Байланысты тізіммен белгілі бір элементті тауып, сосын өшіретін процедура құрыңыз
СОӨЖ №14. Сызықты емес деректер структурасы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Төмендегі ағаш структурасында жапырақтарды және түбірдің діңгегін көрсетіңіз.9-төбеде жатқан ұсақ ағаштарды көрсетіңіз. Ортақ аналогы бар элементтер тобын көрсетіңіз.
Машиналық жадыда байланысты ағаштың бос екенін қай шарт көрсетеді
Төмендегі ағаштың машиналық жадыда орналастыру схемасын сызыңыз:
Келесі элементтерді тізімде іздеу және сақтау бинарлы ағашын салыңыз
СОӨЖ №15. Деректердің файлдық структурасы
Сұрақтар
ОЖ мен СЖ –ң ұғымдарының ерекшеліктері.
FAT таблицалық жүйе деген не?
Файлдық тип деген не?
Файлдарды оқу үшін ашу, жазу үшін ашу қалай орындалады?
Файлдарды анықтау деген не?
Тапсырмалар: Барлық тапсырмаларда файлдарды қолдану ұсынылады.
Қоймада n тауар түрі бар. Әр тауардың мөлшерін, бағасын беру. Қоймада жалпы құны қанша тауар бар? Егер оны екі есе бағасымен сатса қанша табыс келетінін есептеу.
Қоймада n тауар түрі бар. Әр тауардың мөлшерін, бағасын, сатылған тауар мөлшерін беру. Ең көп сатылған тауар түрін анықтау.
Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. Студенттің аты-жөні енгізілгенде оның қай пәннен қандай баға алғандығы туралы ақпарат беретін программа құру.
Күрделі есептеулерге не жатады?
Көпмүшелік деген не?
Көпмүшеліктердің мәнін есептеу үшін қандай операторлар қолданылады?
s=4*6*8*...*20 көбейтіндісін есептеу
2+22+23+...+210 есептеу
5+8+11+...+35 қосындысын есептеу
у=2х+х2; х=2, 4, 6, ... , 20 функциясының мәндерін есептеу
у=10х2; х=-2, -1, 8, ..., 2 функциясының мәндерін есептеу
Фиббоначи тізбегін шығару. (тізбектің үшіншісінен бастағандағы әр саны алдыңғы екі санның қосындысы болып табылады, бірінші, екінші саны 1-ге тең. Яғни 1 1 2 3 5 8 13 21 ...)
ех қатарының Тейлор қатарына жіктелуін есептеу
sin(x) яункциясының Тейлор қатарына жіктелуін есептеу
10х19 өлшемді массив берілген. Оның бірінші жолының тура ортасындағы элементі 1, қалғандары 5, әрбір келесі жолдың элементтері өзінің алдындағы жолдың элементтерінің жартысына тең болсын.
у=10х2+sin(x); х= 8,6, 4, 2 функциясының мәндерін есептеу
4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:
СӨЖ №1
Тапсырма нұсқасын есеп кітабының соңғысының алдындағы цифрға сәйкес алу.
А) MS Word –тің графикалық мүмкіндіктерін қолданыңыз.Таблицада кестеленген функцияларды есептеу алгоритімін блок-схема құрыңыз,
Б) Берілген формаларды MS Equation3.0 объектілерінің көмегімен жазыңыз.
В) Блок-схеманың барлық элементтерін біріктіріп, тұтас объект жасаңыз.
Вариант нөмірі
|
Тапсырмалар
|
1
|
, мұндағы , ал ,
|
Достарыңызбен бөлісу: |