ПОӘК 042-18.31.1.78/01-2014
|
Баспа №1 11.06.2015 ж.
|
8 беттің -шісі
|
ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Инклюзивті білім»
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2015
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы _____________ «04» 05.2015 ж. Оралканова И.А., аға оқытушы, PhD доктор, кафедра «Педагогикалық психология»
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра мәжілісінде «Педагогикалық психология»
Хаттама № 9 «12» 05. 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Джумажанова Г.К.
2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысынлда қарастырылыды
Хаттама № 6 «14» 05. 2015 ж.
Төрайымы _________________ Ахметова Т.Ш.
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 6 «11»06. 2015 ж.
Төрайым ________________ Искакова Г.К.
4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН «11» 06. 2015 жылғы №1 баспа
Мазмұны
1 Қолдану саласы
|
4
|
2 Нормативтік сілтемелер
|
4
|
3 Жалпы ережелер
|
4
|
4 Оқу пәнінің (модульдің) мазмұны
|
6
|
5 Білім алушылардың өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі
|
10
|
6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы
|
11
|
7 Әдебиеттер
|
11
|
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
Пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамындағы оқытушыға арналған «Инклюзивті білім» пәні бойынша бағдарламасы 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Аталған оқытушыға арналған «Инклюзивті білім» пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сай бекітеді:
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана: Акорда, 2010, 7 желтоқсан. - №1118.
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 23 тамызында №1080 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты;
- 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу жоспары;
- СТУ 042-ГУ-4-2014 Университет стандарты «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және рәсімдеу жалпы талаптары»;
- ДП 042-1.01-2014 құжатталған рәсімдеме «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны».
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы реформалар гуманисттік бағыттылыққа ие, мұнда білім берудің заманауи жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы ерекше орын алады. Бүкіл әлемде жалпы қабылданған беталыс болып дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың, шектеулігі жоқ балалармен бірлескен оқыту және тәрбиелеуді көздейтін инклюзивті білім беру болып табылады, ал ол өз алдына олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ете отырып, әлеммен байланысында кедергілерді жоюға және тұтас қоғамға интеграциялануына мүмкіндік береді. 2011-2020 жылдарына арналған Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және оны жүзеге асыру бойынша стратегиялық жоспарларда мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үдерісіне кірістіру механизмдері көрсетілген, оларға қолайлы ортаны қамтамасыз ету жағдайлары анықталған. Аталған құжаттарға сәйкес, 2020 жылға дейін жалпы білім беретін мектептердің 70%-да инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалуы керек және, осыған сәйкес, жалпы білім беретін педагогтарды даярлау және қайта даярлаудың талаптары ұсынылуы қажет.
Жоғарыда көрсетілген өзектіліктерді ескере отыра, болашақ педагог-психологтарға инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, нормативті құжаттары, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндіру.
3.2 Пәнді оқу мақсаты: экономикалық жағдайына немесе дамуының артта қалуына, этникалық және діни қатысымдылығына, жынысы және жасына қарамастан, түрлі білімдік қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне кіріктіру бойынша жұмысқа болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын жүйелі түрде қалыптастыру.
3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:
білім алушылардың инклюзивті білім жайлы ғылыми білімдерін дамыту;
инклюзивті білімнің нормативті-құқықтық негіздері жайлы түсініктерін қалыптастыру;
білім алушыларда инклюзивті білім берудің әлеуметтік мәдени негізі туралы түсінікті дамыту;
инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасау үшін болашақ педагогтардың кәсіби көзқарастарын дамыту;
білім алушылардың инклюзивті білім беруде оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру үшін кәсіби біліктері мен дағдыларды тудыру.
3.4 Білім алу нәтижесі:
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
білу:
инклюзивті білім берудің концептуалды негіздерін;
Қазақстан Республикасында және әлемде инклюзивті білім беруді дамытудың тенденцияларын;
инклюзивті білім беруде оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін;
мамандардың «топта» жұмыс жасау ерекшеліктерін;
ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың әдістері және формалары.
игеру керек:
инклюзивті білім беруде оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін;
мамандардың «топта» жұмыс жасау ерекшеліктерін;
ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың әдістері және формалары.
меңгеру керек:
инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін;
мүмкіндігі шектеулі балалардың сұранысына сай болу.
түсінуі керек:
инклюзивті білім берудің негізгі философиялық идеологиясын;
инклюзивті білім берудің талаптарын.
иемдену керек:
инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды;
бейімделген бағдарламаның негізгі қағидаларын;
істей алуы керек:
инклюзивті білім үрдісін ұымдастыруды;
бағдарламаны бейімдеуді;
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды;
топта жұмыс жасауды.
3.5 Пән пререквизиттері:
- Жалпы психология.
3.6 Пән постреквизиті:
- Психология бойынша практикум;
- Психокоррекция және кеңес беру негіздері;
- Білім берудегі психологиялық қызмет.
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді:
1 кесте
Курс |
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс сағ.
|
Практ.сағ.
|
Зертх.сағ.
|
БОӨЖ
сағ.
|
БӨЖ сағ.
|
Жалпы сағ.
|
Қортынды
бақылау түрі
|
3
|
6
|
3
|
15
|
30
|
-
|
22,5
|
67,5
|
135
|
Емтихан
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
2 кесте
Тақырыптардың атауы және оның мазмұны
|
Сағат саны
|
Дәріс сабақтары
|
Модуль 1. Инклюзивті білім берудің болмысы
|
«Инклюзивті білім» пәнінің мақсаты және міндеттері. Жалпы білім беру үрдісіне ерекше оқу қажеттіліктері бар балаларды кіріктірудің өзекті мәселелері. Инклюзивті білім берудің әлеуметтік мәдени болмысы. «Инклюзивті білім» пәнінің мақсаты және міндеттері. «Инклюзивті білім беру» түсінігі. Инклюзивті білім берудің философиясы.
|
1
|
Инклюзивті білім беру әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың тәсілі ретінде. Инклюзивті білім беру олардың әлеуметтік бейімделуіне және жалпы білім беру үрдісіне барлық ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды толықтай кіріктіруге және кедергілерді жоюға бағытталған білім беру үрдісі ретінде:
1) денсаулығында кіңараты барлар (мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек-балалар);
2) қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары барлар (әлеуметтік психологиялық статусы және әлеуметтік-экономикалық тұрмысы төмен отбасыларынан, девиантты мінез-құлықтары бар балалар);
3) босқындар, оралмандар, мигранттар отбасыларынан щыққан балалар. Барлық категориядағы ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруде инклюзиялық білім берудің ролі.
|
1
|
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше қажеттілігі бар балалардың бірден бір категориясы ретінде. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық дамуының ерекшеліктері. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы:
есту бұзылыстары бар балалар (саңыраулар, нашар еститіндер, кеш естімей қалғандар);
көру бұзылысы бар балалар: (соқырлар, нашар көретіндер, кеш көрмей қалғандар);
тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балалар;
тіл кемістігі бар балалар;
ақыл-ой кемістігі бар балалар;
психикалық дамуында тежелуі бар балалар;
жүріс-тұрыс және эмоционалды-ерік аймағында бұзылыстары барлар;
күрделі кемістігі барлар, соның ішінде соқырмылқаулар.
|
1
|
Қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері. Девиантты мінез-құлқы бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс. Әлеуметтік психологиялық статусы және әлеуметтік-экономикалық тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
|
1
|
Босқындар, оралмандар, мигранттар отбасынан шыққан балалармен жүргізілетін педагогикалық әрекет. Босқындар, оралмандар, мигранттар отбасынан шыққан балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Жалпы білім беру үрдісіне аталған категориядағы балаларды кіріктіру бойынша психологиялық-педагогикалық әрекет.
|
1
|
Интегративті оқытудың формалары және түрлері. Интеграция тұрақты білімдік кеңістікке балаларды кіріктіруге бағытталған күш ретінде.
Интегративті оқытудың түрлері:
Әлеуметтік-білімдік интеграция;
Аралас интеграция;
Толық интеграция;
Жартылай интеграция;
Уақытша интеграция.
Инклюзивті білім беру балаларға барлық білімдік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін үрдіс және саясат ретінде.
|
1
|
Модуль 2. Әлемдегі инклюзивті білім беру
|
Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қарым-қатынас тарихы. Әлемдегі дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның қарым-қатынасының эволюциясы. Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның қарым-қатынасының модельдері:
«Адам емес»;
«Күнәшілдік» и «Жын-шайтан ретінде»;
«Пана»;
«Емдеу»;
«Оқыту»;
«Кіріктіру»;
«Мінсіз модель».
|
1
|
Инклюзивті білім беруді дамытудың шет елдік тәжірибесі. Инклюзивті білім берудің шет елдік модельдері: мектептердің десегрегациясы, білімге қолжетімділікті кеңейту, (wideningparticipation), интеграция, мейнстриминг (mainstreaming), инклюзивті білім беру, social invention (әлеуметтік өнертабу). Батыс Еуропа елдері және АҚШ-та инклюзивті білім беруді дамытудың тәжірибесі.
Жақын шет елдердегі инклюзивті білім беру. Әлемдегі инклюзивті білім беруді дамытудың келешегі.
|
1
|
Инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасы. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін білім алуға теі құқықтық ұстанымын қарастыратын, білім беру аймағында халықаралық құжаттар. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқытудың қолайлы шарттарын іздеуді шарттайтын, халықаралық құжаттардың негізіне сәйкес заңдар.
|
|
Модуль 3. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру
|
Қазақстан Республикасында дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қарым-қатынас тарихы. Тарихтың түрлі кезеңдерінде дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қазақ халқының қарым-қатынасының сипаттамасы. Барлық категориядағы ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға қоғам қарым-қатынасның көрсеткіші ретінде ауызекі ұлттық шығармашылық және әлеуметтір нормалар.
|
1
|
ҚР-да инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі тәжірибесі.
ҚР-дағы инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасы. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын заңлық құжаттар. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тендиясы. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудің келешегі.
|
1
|
Модуль 4. Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі
|
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі түсінігі. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс атқаратын педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің ерекшеліктері. Инклюзивті білім беру жағдайында жүмыс жасауға педагогтың дайындығының психологиялық ерекшеліктері.
|
1
|
Инклюзивті сыныпта оқу және физикалық ортаны ұйымдастыру. Инклюзивті сыныпта оқу және физикалық ортаны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Сыныпта ерекше қажеттілігі бар балаларды орналастыру ережелері. Инклюзивті білім беру жағдайында «мамандар тобында» педагог жұмысының ерекшеліктері. Инклюзивті білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалар және қалыпты балалар ата-аналарымен жұмыстың формалары және әдістері.
|
1
|
Тәртіптеме (режим) және сабақты құрудың талаптары. Оқу тәртіптемесі және сабақты құруға деген талаптар. Инклюзивті білім беруде сабақты құру ерекшеліктері. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жекешелендіру және дифференцияландыру. Ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың формалары және әдістері. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың білімін бағалау ерекшеліктері.
|
1
|
«Ерекше» балалар үшін білім бағдарламаларын бейімдеу. «Ерекше» балалар үшін білім бағдарламаларын бейімдеуге талаптар сипаттамасы. Бейімдеу бағдарламасын құрастырудың ұстанымдары. Түрлендірілген бағдарламаны құрастырудың ұстанымдары.
|
1
|
Практикалық (семинар) сабақтар
|
«Мүгедектік» және «дамуында мүмкіндіктің шектелеуі»
1. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық дамуының ерекшеліктері.
2. Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы:
есту бұзылыстары бар балалар (саңыраулар, нашар еститіндер, кеш естімей қалғандар);
көру бұзылысы бар балалар: (соқырлар, нашар көретіндер, кеш көрмей қалғандар);
тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балалар;
тіл кемістігі бар балалар;
ақыл-ой кемістігі бар балалар;
психикалық дамуында тежелуі бар балалар;
жүріс-тұрыс және эмоционалды-ерік аймағында бұзылыстары барлар;
күрделі кемістігі барлар, соның ішінде соқырмылқаулар.
|
2
|
Қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1. Қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері.
2. Девиантты мінез-құлқы бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс.
3. Әлеуметтік психологиялық мәртебесі және әлеуметтік-экономикалық тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
|
2
|
Босқындар, оралмандар, мигранттар отбасынан шыққан балалармен жүргізілетін педагогикалық әрекет
1. Босқындар, оралмандар, мигранттар отбасынан шыққан балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
2. Жалпы білім беру үрдісіне аталған категориядағы балаларды кіріктірудің мәселелері.
3. Жалпы білім беру үрдісіне аталған категориядағы балаларды кіріктіру бойынша психологиялық-педагогикалық әрекет.
|
2
|
Интегративті оқытудың формалары және түрлері
1. Интеграция тұрақты білімдік кеңістікке балаларды кіріктіруге бағытталған күш ретінде.
2. Интегративті оқытудың түрлері:
Әлеуметтік-білімдік интеграция;
Аралас интеграция;
Толық интеграция;
Жартылай интеграция;
Уақытша интеграция.
3. Инклюзивті білім беру балаларға барлық білімдік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін үрдіс және саясат ретінде.
|
3
|
Әлемдегі дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қарым-қатынас тарихы
1. Әлемдегі дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның қарым-қатынасының эволюциясы.
2. Дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамның қарым-қатынасының модельдері:
«Адам емес»;
«Күнәшілдік» и «Жын-шайтан ретінде»;
«Пана»;
«Емдеу»;
«Оқыту»;
«Кіріктіру»;
«Мінсіз модель».
|
2
|
Инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасы
1. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін білім алуға тең құқықтық ұстанымын қарастыратын, білім беру аймағында халықаралық құжаттар.
2. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқытудың қолайлы шарттарын іздеуді шарттайтын, халықаралық құжаттардың негізіне сәйкес заңдар.
|
2
|
Инклюзивті білім беруді дамытудың шет елдік тәжірибесі
1. Инклюзивті білім берудің шет елдік модельдері: мектептердің десегрегациясы, білімге қолжетімділікті кеңейту, (wideningparticipation), интеграция, мейнстриминг (mainstreaming), инклюзивті білім беру, social invention (әлеуметтік өнертабу).
2. Батыс Еуропа елдері және АҚШ-та инклюзивті білім беруді дамытудың тәжірибесі.
3. Жақын шет елдердегі инклюзивті білім беру.
4. Әлемдегі инклюзивті білім беруді дамытудың келешегі.
|
2
|
Қазақстан Республикасында дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қарым-қатынас тарихы
1. Тарихтың түрлі кезеңдерінде дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қазақ халқының қарым-қатынасының сипаттамасы.
2. Барлық категориядағы ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға қоғам қарым-қатынасның көрсеткіші ретінде ауызекі ұлттық шығармашылық және әлеуметтік нормалар.
|
2
|
ҚР-дағы инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық базасы
1. Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын заңдық құжаттар.
2. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар.
|
2
|
ҚР-да инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі тәжірибесі
1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тендиясы.
2. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудің келешегі.
|
2
|
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі
1.Педагогтың кәсіби құзыреттілігі түсінігі.
2.Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс атқаратын педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің ерекшеліктері.
3. Инклюзивті білім беру жағдайында жүмыс жасауға педагогтың дайындығының психологиялық ерекшеліктері.
|
3
|
Инклюзивті сыныпта оқу және физикалық ортаны ұйымдастыру
1. Инклюзивті сыныпта оқу және физикалық ортаны ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2. Инклюзивті сыныпта оқу ортасын ұйымдастыру.
|
3
|
Тәртіптеме (режим) және сабақты құрудың талаптары
Түрлі категориядағы балалармен жұмыс жасаудағы формалар және әдістер.
Бейімдеуші бағдарламаны құрастыру ұстанымдары.
Түрленген бағдарламаны құрастыру ұстанымдары.
|
3
|
5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасап жатқан педагогтар үшін «ережелер кодесін» құрастыру.
5.2 «Жалпы білім беретін мектепте және арнайы мектепте ерекше қажеттілігі бар бала» тақырыбына презенция даярлау.
5.3 Инклюзивті білім беру жағдайында «мамандар тобында» жұмыс жасауға ережелердің этикалық кодексін құрастыру.
5.4 «Ерекше балалардың» ата-аналарымен қарым-қатынас, «қалыпты» балалар ата-аналары үшін есткертпе.
6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
3 кесте
Әдебиеттер және оқу-әдістемелік құжаттар |
Кітап
саны
|
Білім алушылар саны
|
Қамтамасыздық пайызы
|
Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Инклюзивное образование: учебное пособие, Алматы, 2013. – 200 с.
|
3
|
1
|
100
|
Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования: методическое пособие, Алматы, 2013. – 165 с.
|
3
|
1
|
100
|
Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс: Учебное пособие, Алматы, 2014. – 236 с.
|
3
|
1
|
100
|
Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: учебное пособие. - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.
|
1
|
1
|
100
|
7 ӘДЕБИЕТ
7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1 Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Инклюзивное образование: учебное пособие, Алматы, 2013. – 200 с.
7.1.2 Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования: методическое пособие, Алматы, 2013. – 165 с.
7.1.3 Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс: Учебное пособие, Алматы, 2014. – 236 с.
7.1.4 Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: учебное пособие. - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.
7.2 Қосымша әдебиеттер:
7.2.1 Кусаинов, А.К. Профессиональная подготовка взрослого населения в области инклюзивного образования: Метод. пособие / А.К. Кусаинов; А.Х.Аргынов, Р.А. Жумаканова.- Алматы: АПН Казахстана, 2008.- 120 с.
7.2.2 Лекотека как форма психолого-педагогического сопровождения детей с особенностями развития: (из опыта работы по созданию и организации работ лекотек) / Семипалатинский гос. пед. ин-т; [сост.: Н.Л. Татаурова, И.А. Тирская, Т.А. Дрыгина и др.; ЮНИСЕФ].- Семей: Тенгри, 2010.- 189с.
7.2.3 Хитрюк В.В. Готовность педагога к работе с «особым» ребенком: модель формирования ценностей инклюзивного образования // Вестник Балтийского федерального университета им. И. Канта. - 2013. - № 11. – С.72-79.
7.2.4 Forlin C., Chambers D. Teacher preparation for inclusive education: Increasing knowledge but raising concerns // Asia-Pacific Journal of Teacher Education. – 2011. - Vol. 39, №1. - P. 17 – 32.
7.2.5 De Boer A., Pijl S.J., Minnaert, A. Regular primary schoolteachers’ attitudes towards inclusive education: a review of the literature // International Journal of Inclusive Education. - 2011. - Vol. 15, issue. 3. - P. 331 – 353.
7.2.6 Мовкебаева З.А. Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования // Педагогика и психология. – 2013. - №2. – С. 6-11.
7.2.7 Митчелл Д. Эффективные педагогические технологии специального и инклюзивного образования. РООИ: Перспектива. - 2011.
7.2.8 Алехина С.В. Профессиональная готовность воспитателя к работе в условиях инклюзивного образования // Педагогика и психология. – 2012. - №3-4. – С.164-171.
7.2.9 Сулейменова Р.А. Методологические подходы к развитию инклюзивного образования в Республике Казахстан // Открытая школа. - 2012. - №7. – С. 3-7.
Достарыңызбен бөлісу: |