ПоәК 042-18-31 62/03-2014 №3 басылым «11». 06. 2015 ж



жүктеу 1,18 Mb.
бет1/5
Дата26.05.2018
өлшемі1,18 Mb.
#17906
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-31.1.62/03-2014

№3 басылым «11».06.2015 ж.

беттің -сі





6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығының

2 курс магистранттарына арналған

«Психологиялық эксперименттің теориясы мен тәжірибесі»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жұмысы (жоба)

  5. Білімалушылардың өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ

Эксперимент – жалпылауға болатын нәтижелерді алу мақсатымен болмысты өзгертуді алдын ала жоспарлау шартында өткізілген зерттеу, эксперименталды гипотезаны тексеру құралы.

Эксперименталды схема – эксперименталды гипотезаны адекватты тексеру үшін сыналушыларға тәуелсіз өзгергіштіктің әртүрлі шарттарын беру жоспары.

Эксперименталды гипотеза – экспериментке тексерілетін кейбір болжамдарды нақтыландыру.

Таңдау – экспериментке қатысатын сыналушы.

Тәртіптеу – талдауға ыңғайлы болу үшін таңдау варианталарын орналасуын өңдеудің бастапқы сатысы.

Тестің валидтылығы – тестің адекваттылығы мен өтімділігі, зерттейтін қасиетті өлшеу дәлдігі.

Тестің сенімділігі – тестің көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы.

Топтық кесте / немесе корреляциялық тор / - корреляцияға зерттелінетін өзгерген екі қатардың біріккен топтасуларының нәтижелері.

Х² - критериясы /хи – квадрат/ - екі бөлудің жиіліктерін салыстыруда қолданылады.



Фактор – экспериментке сыналушының мінсіз мінез – құлқына әсер ететін кез келген болмыс.

Фишердің дәл әдісі – екі сапалы градацияның бөлу шамаларын салыстыруға арналған.

Шарт – тәуелсіз өзгергіштіктің ілескен шатасуын тексеру тәсілі.

Репрезентативтілік – реалды эксперементтің мінсіз эксперемент түрлерінің біріне жақындау дәрежесі.

Салыстыру негізі – эксперементалды схемалардың классификациясын анықтайтын бірінші параметр.

Сәйкестік – эксперементте жүргізілген болмыс немесе теориялық түсінікті бейнелеу адекваттылығының дәрежесі.

Нәтижелердің мәнділігі – эксперименттік гипотезаға жауап беретін тәуелді өзгергіштіктің орташа мәндерінің арасынан алынған айырмашылықтардың статистикалық дұрыстығы.

Өзара әрекет - факторлары экспериментте бөлініп алынған екі немесе бірнеше тәуелсіз өзгергіштіктің арасындағы арақатынаспен шарттанған сандық нәтиже.

Популяция – экспериметтік зерттеуде жас, кәсіби және басқада белгілерді біріктіретін сыналушылардың потенциалды контингенті.

2 ДӘРІСТЕР

Дәріс №1

Тақырыбы: Эмпирикалық психологиялық зерттеуде әдіснаманы қолдану ұғымы

Ғылым, теория, әдіснама, әдіс және әдістеме анықтамасы. Эксперименттік психологияның әдіснамалық ұстанымдары. Зерттеудің ғылыми әдістері, оның негізгі нормативтері: жоспарлаудың стандарты және зерттеуді жүргізу, нормативті ғылыми ойлау.



Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. 

Эмпирикалық әдістің негізгі бірнеше түрлер бар: бақылау, эксперимент, өлшеу, сипаттау, салыстыру.

Осындай әдістер нәтижесінде алынған ақпарат статистикалық өңдеуге ұшйрайды.

Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

Теориялық деңгей әдістері.:

  • Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.

  • Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б.

  • Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.

  • Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді.

  • Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

  • Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

  • Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді

  • Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет

  • Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.


Дәріс №2

Тақырыбы: Ғылыми теория құрылымы

Теория түрлері: құрылуы бойынша (аксиомалық және болжамды-дедуктивтік), ұйымдасу формасы бойынша (сапалық, формализацияланған, формальді). Ғылыми теория және болжамдар. Эмпирикалық және ғылыми фактілердің ара қатынасы. Зерттеудің негізгі ғылыми әдістері және оның валидтіліктерінің түрлері. Зерттеудің теориялық әдістері. Теориялық және ойкөрушілік әдістер. Практикалық этика және практикалық психология кәсіби іс-әрекет ретінде.

Теория (грекше theoria – қарастыру, зерттеу) - шындық туралы нақты ғылыми білімнің формасы, ол ұғым, бекіту, дәлелдеу жүйесінен тұрады, қоғамдағы заңдылықтар мен байланыстар туралы толыққанды түсінік береді. Теория таныдық әрекет пен практика нәтижесінде туындайды және шындықты бейнелеудің ойлау процессін көрсетеді. Ғылыми теория жүйе ретінде сипатталады:


  • Заттылығымен;

  • Объективті қызметтің адекваттылығымен;

  • нақтылығымен;

  • шынайылық және нақтылықпен.

Ғылыми теория логикалы болуы тиіс, фактілер мен ғылыми құрылымдарды түсіндіре білуі тиіс. Бар білімдер эксперименттік фактілердің түсініктері қанағаттандырмағанда жаңа теориялар туындайды.

Ғылыми теорияның құрылымы:



  • фактілерден – шындығы дәлелденген объектілер немесе құбылыстар туралы білімдер;

  • категориялар – маңыздырақ, құбылыстардың жалпы сапалары шынайы жалпы және фундаментальды ұғымдарды көрсетеді;

  • аксиомалар (грек.axiota) – логикалық дәлелсіз қабылданатын шынай ережелер;

  • постулаттар (лат.postulatum) – ғылыми теориямен шынайы ретінде қабылданатын бекіту;

  • принциптер (лат.principium) – кез келген теория, оқу, білім немесе әлемге көзқарастыың негізгі ережелері;

  • ұғымдар – заттарды, құбылыстарды белгілі сипаттары бойынша жалпылап, ерекшелейді, олардың маңызды сапасын (жалпы, жеке, нақты, абстарктілі, салыстырмалы, абсолютті және т.б) көрсетеді;

  • пікірлер (сөз) – айтылған ой (нақтылайтын, жалпы, нақты, шартты және т.с.с), бұнда оның мазмұны, шындығы немесе қателілігі көрсетіледі;

  • ойтұжырымдар – екі немесе одан да көп пікірлердің реттілігін қосатын ойлау процессі,нәижесінде жаңа бір пікір;

  • заңдар – құбылыстар арасындағы маңызды және қажетті қатынастар, олар жалпы байланысқа ие және объективті сипатқа ие.

Осылайша, ғылыми теория – маңызды идеялардың, көзқарастардың және логикалық принциптердің жүйесі, оның көмегімен тәжірибе жалпыланып, анық білімдер алынады, табиғаттың, қоғамның,ойлаудың түсінігі арасындағы байланыс негізінде заңдылықты даму көрсетіледі.

Әдіснаманың бірнеше белгілі термині бар.

Әдіснама – ұйымның құрылымы, логикасы туралы, ғылымның әрбір саласындағы әдістер мен құралдар қызметі туралы, оның теориясы мен тәжірибес туралы түсінік. Оқу процессіне сәйкес жоғары мектепте әдіснама ғылыми танымның принцитерінің, құралдарының, әдісері мен фомаларының жиынтығы деп түсіндіріледі.

Әдіснама – таным негіздері туралы оқу – зерттеуші ғылыми таным процессінде сүйенетін философиялық, дүниетаным көзқарастарын сараптап, бағалайды.

Әдіснама – зерттеудің әдістері мен тәсілдері туралы оқу ретінде танымның нақты әдістерінің маңызды сипатын қарастырады, олар зерттеудің жалпы бағытын құрайды. Мұндай әдістерге зерттеудің эмпирикалық және теориялық сатыларының әдістері мен тәсілдерін жатқызуға болады.

Ғылыми таным әдіснамасының мәні – ол ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелеуге мүмкіндік береді және зерттеудің келесі тиімді бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми таным әдіснамасының негізгі міндеті – ғылымның дамуы жетістіктерін тәжірибелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін жинақталған ғылыми білімнің синтезі. Әдіснама әдістерді, құралдарды және тәсілдерді зерттейді, оның көмегі арқылы білімнің әртүрлі жүйесі жинақталып, құрылады.

Әдіснамалық аппарат:


  • ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу принциптері;

  • ғылыми зерттеу әдістері мен оның стратегиясынанықтау әдістері;

  • ғылыми аппарат: ғылыми зерттеудің ұғымдық-категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық құндылығы, практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).

Таным әдіснамасының негізгі принциптері:

  • өзара келісілген болып табылатын теориялар мен тәжірибелер бірлігінің принципі;

  • осы және басқа құбылыстардың барлық факторларының есебін қажет ететін объективтілік принципі;

  • объективтік процесстер мен нақты тәсілдердің маңызды жағы мен заңдылыықтарын көрсететін нақтылық принципі;

  • ғылыми білімді таным объектісінің айырмашылықтары, сандық және сапалық өзгешеліктерін бейнелейтін ғылыми білімді қалыптастырудан тұратын даму принципі;

  • қатынастар мен олардың арасындағы байланыс есебінен құбылыстың шарттылығын қажет ететін заңдылықтар принципі.

Сонымен қатар әдіснамалық анализдің әртүрлі деңгейі бар, көбінесе:

  • динамикалық деңгей: ғылым нәтижелерінің дүниетанымдық интерпретациясы, ғылыми ойлаудың формалары мен әдістерін, оның категориялық бағытын сараптайды;

  • статистикалық деңгей: жалпы ғылыми сипатқа ие зерттеудің принциптері, бағыттары, формалары;

  • аналитикалық-синтетикалық деңгей, яғни нақты-ғылыми әдіснама – осы және басқа ғылым саласында қолданылатын зерттеудің әдістері мен принциптерінің жиынтығы;

  • Пәндік деңгей, яғни пәндік әдіснама – зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы тәріздес, ол ғылымның нақты саласында немесе ғылымдар тоғысқан ғылыми пәнде қолданылады; ғылыми пән ғылыми білімді ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

  • Пәнаралық деңгей – ғылыми ізденістің логикасына сәйкес әртүрлі ғылымдардың өзара әсерлесу шеңбері болатын пәнаралық кешенді зерттеудің әдіснамасы.

Әдіснамамен бірге ғылыми танымның негізгі элементі – ғылыми зерттеудің логикасы болып табылады, ол яғни ғылыми ізденісте белгілі бір жолды түсінеді. Ғылыми зерттеу белгілі сатылардың логикалық реттілігін қажет етеді, оның негізін рациноалды ойлау құрайды.


Дәріс №3

Тақырыбы: Ғылыми зерттеу және ғылыми ойлаудың нормативтері

Ғылым туралы ұғым. Абсолютті және қатысты шындық. Эмпирикалық зерттеу. Теориялық зерттеу. Мақсаты бойынша ғылыми зерттеулердің жіктемесі: ізденуші, критикалық, нақтылаушы, қайта жаңғыртаушы. Эксперименттік психологияның әдіснамалық мәселелері: эксперименттік мәліметтерді интерпретациялау мәселесі, нәтижелерді қайта жаңғырту мәселесі.

Ғылыми зерттеудің негізгі әдістері: бақылау, эксперимент, модельдеу болып табылады. Зерттеу әдістерін таңдау зерттеу объектісі мен нысанының ерекшелігіне және қойылған мақсаттарға негізделген.

Нақты әдістерді жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты шектеулер зерттеу нысанын жаңадан анықтауға және мақсаттарды қайта қарастыруға мәжбүрлейді.

Әдіс – бір нәрсені орындау әдісі, фактілер мен тұжырымдамалармен реттелген жұмыс, мәліметтерлі жинаудың, өңдеудің және сараптаудың принцибі мен әдістері, сонымен қатар объектіге әсер ету принципі.

Әдістеме – әдістерді жүзеге асыру формасы, әдістер мен операцялардыың жиынтығы (олардың реттілігі мен өзара байланысы), белгілі мақсатқа жету үшін процедуралар мен процедуралардың жиынтығы. Әдетте бұл процедуралар арнайы квалификацияны қажет етеді және оларды игеру тәжірибеліктің кеңбір дейгейлерін көрсетеді.

Әдістеме – бұл зерттеушінің жұмысшы құралы. Ол аз түсініксіз болған сайын, оны қолдану одан сайын қиын. Әдістеме қаншалықты аз сыналса, нәтиже алуға деген мүмкіндік те аз болады, онда алдымен түсіндіру керек, ал сосын анық нәтижелер шығару керек. Әдістеменің зерттелгендік деңгейі өте маңызы. Жетекшілікте шкалалардың ашылған түсiндiрулері, әдіснамалардың апробациясы сипаты, апробацияның сандық және сапалық нәтижелері көрсетілуі тиіс, қорытындының мазмұны мен формасына қатысты ұсынымдар және стандарт талаптарына сәйкес жетекшілікті құрауға қажетті ұсынымдар берілуі керек.

Диагностика әдістерінің негізгі доптарына келесілерді жатқызуға болады:


  1. Функционалдық көрсеткіштерді өлшеу әдістері, зерттеу құбылыстарының индикаорын қолдану.

  2. Оюсерваториялық әдістер – бақылау мен өзіндік бақылау әдістері.

  3. Праксиметриялық әдістер – қызмет өнімдерінің анализіне негізделген әдіс.

  4. Субъективті-бағалау әдістері – сыналатындардың сауалнамашылардың сұрақтары мен жауаптарына, альтернативті талқылаулардың таңдау анализіне, шкала градацияларын таңдау жауаптарына негізделген.

  5. Жобалық әдіс – жоба объектісі болатын сырттай анықталған материалдың талдау ерекшелігінің анализімен байланысты.

  6. Ассоциациялық – ассоциативті жауаптар мен зерттелетін таңдаулардың анализіне негізделген.

  7. Түстік ассоциативті әдіс – тартымдылық дәрежесі мен түсініктердің ассоциациясы бойынша түстерді таңдау анализіне негізделген.

Әрбір топта өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Әртүрлі индивидуумдар үшін бір жағдайда алынған психофизиологиялық мәліметтер немесе жеке индивидуумдар үшін әртүрлі жағдайда объективті салыстырмалылыққа жатады.

Обсервациялық әдістің ерекшеліктеріне: психиканы көрсету шеңберін мен симуляция мен диссимуляцияның әсерінің потенциалды мүмкіндіктерін тану

Ғылым туралы ұғым. Абсолютті және қатысты шындық. Эмпирикалық зерттеу. Теориялық зерттеу. Мақсаты бойынша ғылыми зерттеулердің жіктемесі: ізденуші, критикалық, нақтылаушы, қайта жаңғыртаушы. Эксперименттік психологияның әдіснамалық мәселелері: эксперименттік мәліметтерді интерпретациялау мәселесі, нәтижелерді қайта жаңғырту мәселесі.

Әдістеме - нақты материалды, оны өңдеуге және қажетті нәтижелерді алу үшін қолданылатын зерттеу еңбегінің жүйесі.

Әдіс – теориялық зерттеу немесе құбылыстарды (процесстерді) тәжірибелік іске асыру бағыты (әдіс, құрал).

Ғылыми зерттеуде қолданылатын әдістер тек заттың өзіне ғана емес, сонымен қатар зеттеудің деңгейіне де: эмпирикалық және теориялық деңгейге байланысты.

Зерттеудің эмпирикалық деңгейіне тән әдістер:


  • Бақылау;

  • Эксперимент;

  • Статистика.

  • Зерттеудің теориялық деңгейі үшін сараптама-синтез, индукция-дедукция, аналогия және т.б. әдістері қоланылады. «Ғылыми әдіс» және «ғылым әдіс» деген ұғымдарды бөліп қарастыру керек.

Ғылыми әдістерге қойылатын талаптар:

  • Детерминделген әдіс, яғни объект ретінде де, танымдық қызмет ретінде де заңдылықтармен негізделу;

  • Әдістің зерттеу мақсаты ретінде берілуі, яғни әдістің барлық компоненттерінің зеттеу мақсаттарына сәйкес келуі;

  • Әдістің нәтижелілігі мен сенімділігі, яғни жоғары деңгейдегі анықтылығымен нәтиженің болуы;

  • Тиімділік – мақсатқа аз күш жұмсау арқылы және максималды нәтижеге жету арқылы қол жеткізу;

  • Экономикалылығы, яғни қосымша күш енгізбеу арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу;

  • Түсіну мен қолдануда қолжетімділігі.

Ғылыми таным әдістерінің әртүрлілігін шартты түрде үш деңгейге бөледі:

  • Эмпирикалық (бақылаулар, салыстырулар, өлшеулер, сауалнама, әңгімелесу, тест және т.с.с);

  • Эксперименталды-теориялық (физика-химиялық, органолептикалық, микробиологиялық), анализ-синтез, индукция-дедукция, модельдеу, гипотезалық, тарихи, логикалық, абстарктілеу, иделаизация, аксиоматика, жалпылау және т.б);

  • Мета-теориялық (диалектикалық әдіс, жүйелік анализ әдісі).

Ғылым әдісі – ғылыми және танымдық қызмет құрылымында танымдық процессті ұйымдастыру, ол нақты ғылыми ізденісті қарастырады: мәселелерді құрастыру, гипотезалар құру, эмпирикалық, гипотезаны теориялық және эксперименталды тексеру, қорытындылар және келесі әзірлемелерді болжау.

Жүйелік-құрылымдық зерттеу әдісі жалпығылымдық мәнгге ие боды және ол:



  1. Кез келген объектілерді күрделі білім деп қарастырамыз, ол белгілі бір құрылымға ие және жалпы жүйелердің бөлігі болып табылады;

  2. Объекті құрылымын тану;

  3. Құрылымдық қатынсатар мен ішкі байланыстар заңын анықтау, олардың құрылуын тек сапалы түрде ғана емес, сонымен қатар сандық түрде анықтау.

Әдіснамалық дайындықты ұйымдастыру мен ғылыми ізденісті меңгеруге қабілеттілік бағалаудың келесідей белгілеріне ие: білім сапасы (толықтығы, тереңдігі, жүйелелігі, оперативтілік, иілгіштік, жалпылық, нақтылық, анықтық); қолданыстағы себеп (тұрақты танымдық қызығушылықтар, құрылымдар); өзіндік білім алудың әртүрлі формаларында білім мен үйренуді өзіндік меңгеру дағдысы (тыңдау, бақылау, эксперимент және т.б); танымдық іс-әрекетті өздігінен ұйымдастыру (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау); зерделі қызметтің операциясын орындай білу, соның ішінде маңыздыларын сараптау, салыстыру, ерекшелеу, себепті-тергеулі байланыстарды жүйелеу, дәлелдеу, жалпылауға, дәлелдеуге қабілетін көрсету, гипотеза құру және т.б; өзіндік бағаның толықтығы мен критикалық бағалау.

Ғылыми зерттеу кезінде ғылыми зерттеудің бағдарламасы анықталуы тиіс, онда: зерттейтін құбылыс, зерттеудің көрсеткіштері мен сипаттары, қолданылатын әдістер; осы және басқа әдістерді зерттеудің жалпы әдістемесінің құрамы ретінде қолдану реттілігі.

Зерттеу әдістемесі нақты міндетті шешуде өзінің даралығына қарамастан, тұрақты құрылымға ие, оның негізгі компонентері:


  1. Теориялық-әдістемелік бөлім, оның негізінде зерттеу әдістемесі құрылады.

  2. Тарихи-теориялық, құбылыстардың, процесстердің зерттеулерін олардың арасындағы байланыс пен өзара тәуелділік есебінде қарастырады.

  3. Тәжірибелік, яғни зерттеу нәтижелерін ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы ретінде жалыплау, олардың аргументтілігі.

Зерттеу тәсілдері – осы және басқа мәселелерді шешетін құрал, оқылатын құбылыстың заңдылықты байланысы ашылады. Құбылысты зерттеудің сәттілігі әдісті дұрыс таңдауға байланысты. Әдістеме оқылатын зерттеудің нақты тапсырмаларына жауап беру керек және құбылыстың ерекшелігін нақты көрсету керек, ол басқа ғылымдардан механикалық әдістемесін алмау керек. Қойылған мәселені нәтжелі шешу үшін зерттеудің таңдалған тақырыбына жауап беретін нақты әдістемені қолданудың мәні бар.

Осылайша, әдістердің жіктелуі танымдық қызметтің сипаты бойынша келесідей бейнеленуі керек:



  • Танымдық қызмет сипаты бойынша әдістердің жіктелуі;

  • Зерттеуді ұйымдастыру әдісі бойынша әдістердің жіктелуі;

Кешенді зерттеу тәсілдері күрделі бүтіндік объектінің құрылымдық-функционалды байланыстарын ашады.

Эксперттік бағалар әдісі – эксперттер тобының ойларын анықтау және өңдеу негізінде болжамдық ақпаратты алу.

Комиссияның әдісі эксперттердің жеке ойларының жиынтығы негізінде объектиті және негізделгендері таңдалатындығынан тұрады.

«Ми шабуылы» әдісі – жаңа идеялардың шығармашылық генерациясы (эксперттер тобы), олардың анализі, бағасы (аналитик топтары) және ең тиімдісін таңдау.

Эвристикалық болжау әдісі нақты теориялық негіздемемен, сарапшылардың құзіреттілігін анықтаумен және алынған ақпаратты өңдеу алгоритмімен ерекшеленеді.

Тәуелсіз сипаттамаларды, олардың анализі мен синтезін жалпылау әдісі барысында барлық қажетсіздері алынып тасталады.

Эмпирикалық мәліметтерді сапалы өңдеу әдісі – берілген критерийлер негізінде жіктеудің, дифференциацияның, категориялаудың іртүрлі тәсілдері.

Сандық әдіс құбылыстар мен олардың арасындағы байланыстың сандық сипатын көрсетеді.

Зерттеудің эмпирикалық әждістері – бақылау, диагностикалау, эксперимент кезіндегі ғылыми фактіні алу әдістері.

Теориялық зерттеу әдістері оқылатын құбылыстар арасындағы тәуелділікті анықтайды.

Болжау әдісі – зерттеушінің танымдық әрекетін объективті шындықты орнатуға бағытталған ережелердің, талатардың жүйесі.

Ақпараттық әдіс - таңдалған мәселеге қатысты монографиялық баспалардан, мақалалардан, әртүрлі ғылыми көздерден тез және тиімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Морфологиялық анализ әдісі – мәселені құрамдарға бөлу, оның әрқайсысында шешудің бірнеше әдісі бар, ал нәтижесі барлық шешімдердің мүмкін варианттарының жиынтығы.
Дәріс №4


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау