ПоәК 042-18-31 62/03-2014 №3 басылым «11». 06. 2015 ж


Айнымалы және тұрақты шама



жүктеу 1,18 Mb.
бет5/5
Дата26.05.2018
өлшемі1,18 Mb.
#17906
1   2   3   4   5

Айнымалы және тұрақты шама


Айнымалы шама — әр түрлі сан мәндерін қабылдайтын шама. Ал сан мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты шама деп аталады. Дегенмен айнымалы шама мен тұрақты шаманың арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде болады. Өйткені кейбір мәселедегі тұрақты шама, басқа бір жағдайда айнымалы шама болуы мүмкін.

Айнымалы шаманы математикаға енгізіп, оны жүйелі түрде зерттеуді бастаған француз ғалымы Рене Декарт (15961650) болды. Айнымалы шаманың негізінде өзгеріс пен қозғалыс жатыр. Сондықтан тұрақты шама математикасынан айнымалы шама математикасына көшу ғылыми ойлаудағы үлкен төңкеріс болды. Сөйтіп, интегралдық және дифференциалдық есептеу әдістері арқылы процестер мен өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік жасалды. Кейде айнымалы шамалар арасындағы байланысты функция деп те атайды. Математика онан әрі дамыған сайын зерттелетін функциялар саны да көбеюде.


Тәуелсіз және тәуелді


Зерттелетін мәселелерде бірден артық айнымалылар болса тәуелсіз және тәуелді айнымалыларға ажыратылады. Тәуелді айнымалылар тәуелсіз айнымалылардың (аргументтердің) функциясы ретінде қарастырылады. Жоғарыда мысалға келтірілген қозғалыста, егер h биіктіктің t уақытқа тәуелділігі зерттелетін болса, онда тәуелсіз айнымалы - t уақыт болып есептеледі, ал тәуелді айнымалы t-ның функциясы - h биіктік болады; егер жылдамдықтың биіктікке тәуелділігі зерттелетін болса, онда биіктік тәуелсіз айнымалы, ал жылдамдық h-тың функциясы болады.Сонымен, айнымалы тек бір-біріне ғана қатысты тәуелді немесе тәуелсіз болады, бұлардың айырмашылығы есептің шарттарында анықталады.
Дәріс №15

Тақырыбы: Психологиялық эксперименттің этикасы

Психологтың эткалық ұстанымдары және мінез-құлық кодексі. Экспериментатордың құзыреттілігі және шынайылығы. Экспериментке балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуы. Зерттеуде жануарлардың қатысуы және оларға қарау. Әлеуметтік жауапкершілік. Жеке және зерттеушілік жауапкершілік.

Кез келген салада қызмет ететін психолог психологиялық көмек көрсету барысында этикалық принциптерді қолда-нады. Психологиялық көмек көрсету барысындағы «психодиагностика» бағыты елеулі орынға ие. Өйткені, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу барысында этикалық принциптерге арқау артпаса, онда психолог психодиагностикалық жұмысының адекваттылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз.

Сондықтан да психологиялық диагностиканың этикалық-құқықтық аспектілері психологтың назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Жалпы алғанда, психодиагностика - жеке адамның даралық-психологиялық, даралық-психофизиологиялық ерекшеліктерін тану және бағалаудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін психологияның бір саласы болмақ және психологиялық диагноз қоюдың ғылымы мен практикасы болып табылады.

«Диагноз» термині организімнің қа-лыпты қызмет етудің ретінде немесе дамудың кез келген ауытқу ретінде тану және нақты обьектінің жағдайын анықтау ретінде түсініле бастады. Диагностикалық жұмыстың мақсаттарына байланысты психологтың қойған диагнозының тағдыры әр түрлі болуы мүмкін. Қойылған диагноз зерттелініп отырған жеке тұлғаның қасиеттері туралы ақпараттар мен коррекциялық-дамыту нұсқаулары маманадарға (дәрігер, педагог, дефектолог, логопед, психолог) ұсынылып, олар оны зерттелініп отырған жеке тұлғамен жұмыс істеуде қолдана алады Яғни, зерттеу нәтижесінен кейін психолог зерттелушімен коррекциялық-дамыту, консультациялық, психотерапевтік жұмыстарды жүргізеді.

Сонымен бірге педагог психолог тек диагноз қоюмен ғана шектелмейді, жеке тұлғаның дамуын және оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаны құрып, сол бағдарламаның және нұсқаулардың орындалуын қадағалауы қажет.

Психологиялық қызметтегі диагнос-тиканың басты мағынасы - балаларды бір-бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.

Психодиагностика көмегімен практик психолог мына негізгі міндеттерді шешеді (Немов Р.С., 1995):

- Адамда психологиялық қасиет-тердің немесе мінез-құлық ерекше-ліктерінің болуын анықтау;

- Белгілі қандайда бір қасиеттің даму деңгейін анықтау (сандық және сапалық);

- Адамда диагносталған психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін бейнелеу;

- Әртүрлі адамдардың зерттелген қасиеттерінің даму деңгейін салыстыру;

Сонымен бірге психодиагностика адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыдан талдайды.

Психологтың кәсіби іс-әрекеті этикалық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психологиялық зерттеу әдістерін және әдістемелерін жақсы білуі қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби-этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.

Білім саласындағы психологтың міндеттері және құқықтары мынадай:

- Баланың қызығушылықтарын белсене қорғау;

- Өзінің құзыреттілігі негізінде кәсіби шешімді өзбеттілік қабылдау;

- Егер балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері баланың қызығушы-лықтарына сәйкес келмесе әрі зиян келтіретін болса, онда араласуға міндетті;

- Егер әртүрлі медико-психолого-педагогикалық және басқа комиссиялардың бала тағдырын шешуіне байланысты мәселе туындаса, онда психолог дауыс беруге және әрекет етуге құқығы бар. Егер комис-сияның шешімімен келіспеген жағдайда (екінші жылға қалдыру, басқа мектепке ауыстыру және т.б.) психолог өзінің пікірін жоғары инстанцияларға жеткізуге құқығы бар;

- Балаларға дефектологиялық, медицина-психологиялық, соттық – психоло-гиялық сараптаманы жүргізуде және оларды зерттеуде өзі қатысуы міндетті;

- Білім мекемесіндегі әкімшілікке және педагогтар ұжымына негізгі мәсе-лелерді шешуде, оқушылардың психикалық дамуына және олардың индивидуалдық мәселелеріне байланысты мәселе-лерді шешуде көмек көрсету.

Қазіргі кезде психодиагностиканың негізгі тәсілі психологиялық тестілеу болып табылады.

«Тест» термині ағылшын тілінен аударғанда «сынау», «тексеру» дегенді білдіреді. Психологиядағы тест бұл зерттелген қасиеттінің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік беретін психодиагностиканың стандартталған әдістемелері.

Психолог жұмысында зерттеу нәтижесінің сапалығын арттыру үшін психодиагностикалық әдістемелерге мы-нандай талаптар қойылады:

- Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, нәтижелерін қорытындылауда абай болып және баланың құқығын бұзбауы керек;

- Психологиялық білімі және кәсіби дайындығы жоқ адамдар психология мәселелері бойынша психодиагностикалық, психокоррекциялық және басқа жұмыстардың жүргізулеріне жол бермеу қажет;

- Кәсіби тәуелсіздік принципін сақтау;

- Ғылыми талаптарға (сенімділік, валидтілік, нақтылық) сәйкес келуі қажет.

Әрбір психодиагностикалық әдістеме ғылыми талаптарға сәйкес келгенде ғана алынған нәтиженің адекватылығына еш күмән болмайды. Алайда кез келген психодиагностикалық әдістемелерді қолданушыларға төмендегі ережелерді жадыда сақтаса артық болмас деп ойлаймыз:

- Адамды өзінің келісуінсіз, еркінен тыс немесе алдау жолымен психологиялық зерттеуге мәжбүрлей алмаймыз, тек соттық және медициналық тәжірибе жағдайла-рында ғана мәжбүрлей алады;

- Кез келген адам өзінің зерттеу нәтижелерін білуге құқылы;

- Кәмелетке толмаған балаларды тестілеуде олардың ата аналары тестілеудің нәтижелерін білуге құқылы;

- Зерттеушілерге психологиялық тес-тілеудің қорытындысы ұғынықты әрі жеткілікті деңгейде түсіндірілуі керек;

- Егер тестілеу адамның ақыл ой деңгейін анықтау (конкурстық таңдау немесе жұмысқа орналастыру) мақсатында жүргізілсе, онда зерттелінуші тестілеудің мақсаттарын және нәтижелерге қойылатын талаптарды білуге құқылы;

- Психолог диагностика нәтижесінде алынған мәліметтерді таратуға және барлығына жария етуге болмайды (егер мәлімет оқушыға және айналасын-дағы-ларға зиян келтірсе, егер зерттелушіге кұпиялықты сақтаймын деп кепілдік берсе) құпиялықты сақтауы қажет;

- Психолог психодиагностикалық жұмыстың қорытындысының адекватты-лығына жауапты және кәсіби психодиагностиканың барлық талаптарына сәйкес келуі керек.

Психологтың ұстанатын этикалық принциптері баланың мүддесін қорғаумен бірге, оның жан дүниесіне зиян келтіруге мүмкіндік бермейді.

Әрбір психолог этикалық-құқықтық ережелерді жұмыс барысында ұмытпағаны жөн, бұл психологтың кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, өзін өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді. Осындай қасиеттерге Н.Н. Обозовтың пікірінше:

- Ұстамдылық және Шыдамдылық.

- Жоғары мәдениеттілік деңгей.

- Жағдайды талдау біліктілігі.

- Коммуникативтік біліктілігі.

- Мінез-құлықтың икемділігі.

- Кәсіби әдептілік.

- Конфликтология негіздерін білу.

- Өзін ұстау біліктілігі.

- Ұйымдастырушылық біліктілігі.



Әрине жоғарыда аталған кәсіби және тұлғалық қасиеттердің барлығы педагог психологтың жұмыс тәжірибесінде, оның кәсіби іс-әрекетінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Бірақ психологтың кәсі-би іс-әрекетінде диагностикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, білімділік-тәрбиелік, профилактикалық функция-ларды орындау да жан-жақты білімді, біліктілікті қажет етеді (КЕСТЕ 1).

Кесте 1


Сонымен бірге білім саласында қызмет істейтін психолог Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогты қолдау туралы», «Бала құқығы туралы»» заңдарды және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық психология, жалпы психо-логия, жас ерекшелік физиология теория-сын, әлеуметтік психология мен даму психологиясын, мектеп гигиенасын; оқыту бағдарламасы мен жоспарын, оқулықтарды, психология және педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктерін білуге міндетті.

Әрбір психолог адамның жан жарасын емдеушісі ретінде психодиагностикалық жұмысты жүзеге асыру үшін өзіне, бірінші кезекте белгілі дәрежеде өзінің жеке тұлғасына талаптар қоя білуі керек.

Өйткені, психологтың жұмысы білім ордасындағы баланы жан жақты дамуына ықпал етеді және адам тағдырында маңызды да жауапты орын алады. Тек өзінің кәсіби іс әрекетін дамыта алатын, кәсіби – қажетті деңгейде көмек көрсете білуге дағдыланған маман ғана еңбек нарығы мен қоғам сұранысына ие және білім беру қызметінің сапасын жоғарлатуға ықпалын тигізеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген.



3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
1 семинар тақырыбы: Экспериментатор іс-әрекеті және сыналушылардың мінез-құлқы

  1. Жеке топтармен немесе сыналушылармен жүргізілетін эксперимент.

  2. Зерттеудегі таңдау тобының қалыптасуы және оның үш критерийі.

  3. Таңдау санына қойылатын талаптар. Таңдау репрезентативтілігі ұғымы.

  4. Рандомизация «таңдау эффективтілігін» басқару тәсілі ретінде.

2 семинар тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін тағайындау



  1. Нәтижелерді бақылау психологиялық болжамды эксперименттік зерттеудегі бітіруші кезең ретінде.

  2. Психологиялық болжамды тексерудегі статистикалық қорытынды.

3 семинар тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін тағайындау



  1. Нәтижелерді жалпылау мәселесі: объектілерге қатысты; биологиялық сипаттамалар, әлеуми-мәдени ерекшеліктер бойынша; зерттеу шартына байланысты.

  2. Д.Кэмпбелл бойынша қосымша айнымалылардың артефактілердің қайнар көзі ретіндегі мәселесі.

4 семинар тақырыбы: Тұлғаны және топты эксперименттік зерттеу



  1. Тұлғаны эксперименттік зерттеу.

  2. Тұлғаны тікелей зерттеу жасаудың дамуы.

  3. К. Левиннің тұлғаны зерттеу жұмыстары.

  4. Тікелей әдістерді қолдану арқылы бала тұлғасын зерттеу.

5 семинар тақырыбы: Психологиялық эксперимент және оны өлшеу



  1. Эксперимент айнымалыларды манипуляциялаушы ретінде (Д.Кэмпбэлл).

  2. Эксперименттік психологиялық зерттеу белгілері (Р.С. Немов).

  3. Психологиядағы өлшеу ұғымы.

  4. С.С. Паповян бойынша психологиялық өлшеулің жіктемесі. Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар.

  5. Айнымалылар арасындағы қатынас.

6 семинар тақырыбы: Сыналушылардың мінез-құлқы



  1. Эксперименттегі экспериментатордың іс-әрекеті.

  2. Экспериментатор мен сыналушылардың арасындағы қатынасқа әсер етуші жағдайлар эксперимент нәтижесін бұрмалаушы факторлар ретінде (С.Розенцвейг).

7 семинар тақырыбы: Психологиялық эксперименттің этикасы



  1. Психологтың эткалық ұстанымдары және мінез-құлық кодексі.

  2. Экспериментатордың құзыреттілігі және шынайылығы.

  3. Экспериментке балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуы.

  4. Зерттеуде жануарлардың қатысуы және оларға қарау.

  5. Әлеуметтік жауапкершілік.

  6. Жеке және зерттеушілік жауапкершілік.

8 семинар тақырыбы: Эксперимент процедурасы және эмпирикалық мәліметтерді жинақтау



  1. Эмпирикалық мәліметтерді жинақтау кезіндегі есеп беруді ұйымдастыру.

  2. Эксперименттік мәліметтерді жасау.

  3. Құрал-жабдық және стимулдық мәліметтер.

  4. Нұсқау және постэксперименттік сауалнама.

  5. Эксперимент хаттамасы және эксперименттік журнал.

9 семинар тақырыбы: Психологиядағы корреляциялық зерттеу



  1. Корреляциялық зерттеу ұғымы.

  2. Корреляциялық зерттеулердің қолдану аясы. Корреляциялық зерттеудегі айнымалылар.

  3. Айнымалылар арасындағы корреляциялық байланысты интерпретациялау.

  4. Корреляциялық зерттеудың негізгі түрлері: қарапайым, салыстырмалы, құрылымдық.

  5. Салыстырмалы корреляциялық зерттеудегі топтардың стратегиясын қалыптастыру.

10 семинар тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін көрсету



  1. Ғылыми презентациялардың негізгі формасы.

  2. Эксперименттік есеп берудің құрылымы.

  3. Ғылыми психологиялық текстілердегі хаттың академиялық стилі.

11 семинар тақырыбы: Эксперименттің құрылу мәселесі және болжамдар шығару



  1. Психологиялық эксперименттегі тексерілетін болжамдар түрі.

  2. Теориялық, эмпирикалық және статистикалық болжам.

  3. Эксперименттік болжам, контрболжамдар және бәсеке болжамдар.

  4. Конструктілерді операционализациялау ұғымы.

  5. Ғылыми мәселелердің негізгі қайнар көздері.

  6. Бақылау және өзіндік бақылау. Теория.

  7. Әдебиеттерде сипатталған эксперименттер.

  8. Кәсіби қарым-қатынас.

12 семинар тақырыбы: Ғылыми психологиялық зерттеудің әдіснамалық негізі



  1. Ғылым, теория, әдіснама, әдіс және әдістеме анықтамасы.

  2. Эксперименттік психологияның әдіснамалық ұстанымдары.

  3. Зерттеудің ғылыми әдістері, оның негізгі нормативтері: жоспарлаудың стандарты және зерттеуді жүргізу, нормативті ғылыми ойлау.

13 семинар тақырыбы: Жалпы психология және психофизиологиядағы эксперимент



  1. Психологиялық эксперименттердің құрылымдық-әдіснамалық сызбасы.

  2. Жалпы психология және психофизиологиядағы эксперимент.

  3. Психологиядағы салалық эксперимент.

  4. Жасерекшелік психологиядағы эксперимент.

  5. Әлеуметтік психологиядағы эксперимент.

14 семинар тақырыбы: Ғылыми зерттеу әдісі және оның негізгі нормативтері



  1. Зерттеудің ғылыми әдістері, оның негізгі нормативтері: жоспарлаудың стандарты және зерттеуді жүргізу, нормативті ғылыми ойлау.

  2. Ғылым туралы ұғым.

  3. Абсолютті және қатысты шындық.

  4. Эмпирикалық зерттеу. Теориялық зерттеу.

15 семинар тақырыбы: Психологиялық экспериментті жүргізу



  1. Зерттеудің өзектілігі ұғымы, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы.

  2. Мазмұнды жоспарлау және эксперименттің типін таңдау.

  3. Эксперименттік психологиялық зерттеудің логикалық сызбасы


4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.



Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.



Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.



2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.



3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.



4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.

Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.



5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

БӨЖ – өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.



Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

БӨЖ тақырыптарының тізімі

1 Эксперименттік зерттеулердің теориясы мен методологиясы. Теория және парадигмма.

2 Эксперименттік қарым қатынастың ерекшеліктері.

3 Психологиялық эксперименттің процедурасы.

4 Тәуелді және туелсіз өзгергіштіктер

5 Психологиялық эксперименттің тазалығы

6 Психологиялық лабораториялық эксперимент процесін тексеру тәсілдері

7 Корреляция коэффициенттері

8 SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері

9 Мәліметтерді алғашқы өңдеу.

10 Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар.

11 Қазіргі жаңа психологиялық эксперимент моделдерін құрастыру.

12 Өз диссертациялық зерттеу көлемінде тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктерді анықтау.

13 Өз зерттеуіңдегі корреляция коэффициентін анықтау және оны есептеу.

14 SPSS бағдарламасын өзіңнің психологиялық зерттеулеріңе қолдану мысалдары.

15 Психологиялық эксперимент нәтижелерін интерпртациялауды құрастыру.






жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау