ПоәК 042-18-31 40/03-2014 Редакция №2



жүктеу 294,5 Kb.
бет1/4
Дата21.11.2018
өлшемі294,5 Kb.
#23228
  1   2   3   4

ПОӘК 042-18-31.1.40/03-2014

Редакция №2

от 11.09.2014ж.,





30 беттің -сі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-31.1.40/03-2014

ПОӘК


«Психологиялық Мамандыққа Кіріспе»

Оқу әдістемелік материал


Редакция №2

11.09.2014ж.

№1

05.09. 2013ж.



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Психологиялық мамандыққа кіріспе»


5В010300 - «Педагогика және психология»

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лаборториялық сабақ

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

Академия - жоғарғы кәсіптік білім мен жоғары оқу орныннан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны.

Ақылы білім беру (платное обучение) – 1. ұйымдардың өз жарғысына сәйкес ақылы қызмет көрсету есебінен кіріс келтіретін қызмет. Қызмет көрсету мен жұмыс бағасы заңмен реттеледі; 2. оқу орындарында төлемді білім беру жүйесі. Ақылы оқыту жүйесі мемлекеттік стандарттан тыс қосымша білім беру жағдайында, оқушының, ата-ананың еркі мен қалауы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі ақылы оқу тәртібі Қазақстан Республикасында арнаулы ережемен бекітілген.

Ақысыз білім беру- оқу орындарында тегін орта және жоғары білім беру жүйесі.



Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Бакалавр (лат. baccalaureus) – бірсыпыра елдерде алғашқы ғылыми дәреже; төрт жылдан төмен емес негізгі білім бағдаламасын жетік меңгерген, қортынды аттестаттаудан өткен адамдар үшін жоғарғы кәсіптік білімнің алғашқы сатысы.

Бақылау (Контроль; франц. Controle) -1) қадағалау, тексеру және белгіленгкн мақсаттан ауытқулар мен олардың себептерін анықтау мақсатындағы іс-әрекет; 2) қабылдаған шешімдердің іс жүзіндегі жағдайға сәйкестік дәрежесін анықтайтын басқару функциясы.

Білім (Знание) – адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының , деректері мен пайымдарының, т.б. жиынтығы.Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білім тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып табылады. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады.

Білім базасы (База образования) 1) студенттердің, оқушылардың меңгерген білім қоры; 2) оқу орындарындағы білім білім алушылардың білім деңгейі, қоры; оқу құрал- жабдықтары, техникалық құрал жабдықтары және т.б.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.

Білім беру гранты (Образовательный грант) – білім алушыларға кәсіптік білімге төлеу үшін берілетін нысаналы ақша сомасы.

Білім беру кредиті (Оразовательный кредит) – білім алушыларға кәсіптік білім алуға төлеу үшін берілетін нысаналы кредит.

Білім беру мекемесін аттестаттау (Аттестация образовательного учреждения) – білім беру мекемесінің мемлекеттік білім стандартына мазмұн, деңгей және сапасының сәйкес келуін анықтау. Оң баға – жарамды, теріс баға – жарамсыз деп белгіленеді.

Білім берудің жалпы қолжетімдігі (общедоступность образования) – барлық типтегі оқу мекемелерінің білім алушыларға жынысына , нәсіліне, ұлтына, дініне, т.б. айырмашылықтарына қарамастан білім беруіне заң жүзінде толық құқық беру.

Білімді (Образованный) – оқыған азамат. Көп оқып, оқығанын ойға тоқып, күнделікті іс-әрекетке жарата білетін адамды білімді азамат деп атайды. Ал оқығаны бар, бірақ бойындағы білімді халық, қоғам қажетіне жұмсай алмайтын азаматты: «оқу соққан, оқыған болса да, тоқығаны жоқ» деп айыптайды. Адам көп білгіштіктен ақылды болмайды.

Ғаламдық білім (Глобальное образование) – оқушыларда дүние жүзін біртұтастық деп ұғынушылық пен гуманистік көзқарас тұрғысынан қалыптастыру. Ғ.Б. тұжырымдамасы оқушыларда Жер шары ортақ мекен, барша адамдар бір отбасы және әрбір адам дүниежүзілік құрлымға белсене қатысуға қабілетті деп ұғынуды қалыптастыруға бағдарланған.

Ғұлама (Гений) – үлкен оқымысты, асқан дана ақыл-ой иесі, білгір ғалым (ғұлама ғалым). Өз заманында бар өмірін ғылым жолына арнаған, ғылым-білім жолын жалықпай қуған, сол жолдан орасан зор жаңалық тапқан адам.

Ғылым- 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принцитер мен жалпы заңдылықтарды қортып шығаруға жұмылыдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардаң ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.

Ғылым докторы (Доктор наук; лат. doctor – оқытушы , үйренуші) – ғылымның бір саласындағы ғылыми қызметкерлерге немесе оқушыларға берілетін дәреже. Ғ.д. дәрежесін беру тұңғыш рет 1130 ж. Болонья университетінде (Италия) қабылданды. Ғ.д. дәрежесі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсынысы бойынша іргелі ғылыми еңбектері жарияланған, ресми түрде докторлық диссертация қорғаған ғылым кандидатына (жоғары аттестаттау комиссиясының ЖАК бекітуімен ) беріледі.

Ғылым кандидаты (Кандидат наук) – жоғары білімі бар, кандидаттық емтихандар тапсырған, еңбектері баспасөз беттерінде жарияланған, ғылыми конференцияларда баяндамалар жасаған, маңызды тақырып бойынша диссертация қорғаған адамға жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі ғылыми кеңес беретін ғылыми дәреже.

Дамыту (Развитие) – алдыңғыдан кейінгінің, алғы сөзден кейінгі сөздің, алдыңғы ой-пікірден соңғы лебіздең, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы.

Дана (парсы тілінен аударғанда –білгір) –білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай тұлға. Дәстүрлі қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, рақымды кісі» деген мағына береді. Даналардың өнегелі өмірі, ғибратты сөздері мен тағылымды іс-әрекеттері – барша адамзаттың рухани игілігі.

Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын ( музыка, суретсалуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.



Дәріс (Лекция; лат. lectio – оқу) –белгілі тақырыпты, тарауды, пәнді немесе оқу материалын, ғылыми әдісін жүйелі түрде баяндау. Оқу дәрісі –оқу процесінің негізгі түрлерінің және жоғары оқу орындарындағы сабақ жүргізудің негізгі әдістерінің бірі.

Дәрісхана (Аудитория) –дәріс оқуға арналған жай (бөлме, зал,т.б.)

Декан (лат.decanus – он адамның бастығы)- жоғары оқу орнындағы факультетің жетекшісі. Жоғары оқу орындарының кеңесінде профессорлар мен тәжірибелі доцентерден сайланады. Д. факультеттегі оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстардың сапасы үшін жауап береді.

Дидактика (грек. didaktikos – үйретуші, оқытуға қатысты) – білім беру мен оқыту теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың пәні – адамға білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің бірліктегі өзараәрекеттестігі, мұның өзі білімнің мазмұныноқушылардың мұғалімнің ұйымдастырумен меңгеруін қамтамасыз етеді.

Диплом ( грек.diploma – екі кабатталған құжат) -1) жоғары (орта) оқу орнын бітіргендігін, ғылыми дәреже немесе атақ берілгендігін, ғылыми дәреже немесе атақ берілгендігін растайтын ресми құжат.

Диплом жұмысы (Дипломная работа) – студенттердің жоғары оқу орнын бітірерде өз бетімен жазбаша орындаған жұмысы.Студенттер оқуының соңғы жылында орындалады және мамандықтары бойынша жұмысқа даярлықтарын тексерудің бір нысаны болып табылады. Диплом жұмысын арнайы комиссия алдында қорғайды.

Жалпы білім беретін мектеп (Общеобразовательная школа) – негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын , әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үшсатыдан; бастауыш, негізгі және жоғары сатылырдан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Ж.б.б.м. үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны. Жалпы білім беретін мектепте мектепалды даярлық, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Жан-жақты тексеру ( Фронтальные проверки) – оқу орындарын, білім берудің сапалылығын, құжаттарды тексеру және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, оқушылырдың білімін жан-жақты бағалау.

Жоба (Проект) – жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтіруге тиісті нысындардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады.

Жоғары білім (Высшее образование) – орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және ресми құжатпен (дипломмен,сертификатпен және т.б.) расталатын білім деңгейі. Ж.б. – маманға зерттемелік және практикалық мәселелерді мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін шығармашылықпен пайдалана отырып дамытып, өз бетімен жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік беретін жүйеленген білім жиынтығы мен іс-әрекет дағдыларын меңгеру нәтижесі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру- білім беру жүйесінің жоғары сатысы ретінде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау мақсатында білім беру. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау жоғары оқу орындарының резидентурасында, аспирантурасында, адьюнктурасында және докторантурасында, ғылыми- зерттеу ұйымдарында,сондай-ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер қызметіне, ізденушілікке ауыстыру, шығармашылық демалыстар беру нысанында жүзеге асырылады.

Институт (лат.ihstitutum – мекеме) – 1) кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жоғары оқу орны; 2) оқу мерзімі 4-6 жылдық, денсаулық сақтау, мәдениет және халық шаруашылығының әр түрлі саласы бойынша жоғары оқу орындарының атауы (педагогикалық, медициналық және т.б.) 3) ғылыми-зерттеу мекемесі; 4) мамандардың біліктілігін жоғарылату жүйесінің ұйымдастыру-әдістемелік және оқу орталығы.

Картотека – еңбектің авторы, атауы, шығу орны (мекен-жайы, баспасы), жылы, бет саны, сандық реті көрсетілген белгілі бір ретпен, жүйеленген және орналастырылған карточкалар жиынтығы.

Кәсіп (Профессия; лат. professio ) – адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі. Кәсіптік бастауыш білім беру оқу орындары – бір немесе бірнеше кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын және оқушылырды тәрбиелеуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары.

Кәсіби орта білім беру (Среднее профессиональное образование) – біліктер мен дағдылардың, ғылыми білімінің бірігуін сәйкес бағдарламаларымен, қоғам өміріне белсене қатысуды қамтамсыз ететін немесе жоғары мектепте әрі қарай оқуды көрсететін жалпы білім берудің құрамдас бөлігі.

Кешкі мектеп (Вечерняя школа) – жастар мен үлкендерді еңбек әрекетінен қол үздірмей білім беретін мектеп. Кешкі мектепте оқу жастар мен үлкендердің жұмыс уақытынан тыс кешке қарай жүргізіледі.

Кешкі оқу (Вечернее обучение) - өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік беретін білім беру жүйесі.

Колледж (ағылш.college) – орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. К. кейде университет құрамына кіреді.

Коллоквиум ( лат.colloguim - әңгіме, әңгімелесу) – 1) оқу сабақтары нысандарының бір түрі ; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесу. Жоғары оқу орындарында К., әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процестерінде коллоквиумде электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналыс.

Коммерциялық білім беру (коммерческое образование) – ақылы білім беру. Қазіргі кезде ақылы оқыту орта мектептен бастау ала отырып, арнаулы орта, жоғары, магистратура, бакалавр, аспирантура, докторантураларда жүзеге асырылады.

Критерий (грек.kriterion) – бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгі; қайсыбір құбылысты пайымдау, бағамдау өлшемі. Педагогикада белгілі бір құбылыстардың критерийлерін талдап-белгілеу қиын, өйткені педагогика пәнәнәң өзі күрделі және көріністері сан алуан.

Курстық оқыту жүйесі (Курсовая система обучения) – 1) тиісті оқу орнының бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталған белгілі бір кезеңі; 2) белгілі бір оқу немесе ғылыми пән бойынша білім, шеберлік, дағдылар аясы 3) орта және жоғары оқу орындарындағы оқудың бір жылдық деңгейі.

Лаборатория (лат.laboratorium, laboro –жұмыс істеймін) 1) ғылыми, өндірістік-бақылау эксперименттері немесе оқу сабақтары жүргізілетін ғылыми мекемелердің, кәсіпорындардың, оқу орындарының құрамандағы бөлім немесе мекеме.

Лабораториялық сабақ, лабораториялық жұмыс – жалпы орта білім беретін, арнайы және жоғары мектептердегі оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, өздігіненэксперимент жүргізу дағдыларын дамыту мақсатымен жүргізілетін практикалық жұмыстар мен зерттеулер.

Магистр (лат.magister –мұғалім) – 1) бірқатар елдердегі жоғары оқу орындарында берілетін, бакалавр мен ғылым докторы аралығындағы ғылыми дәреже Университет немесе университет дәрежесіндегі оқу орнын бітірген, 1-2 жыл қосымша оқу курсынан өтіп, арнайы емтихандар тапсырған және магистрлік диссертация қорғағандарға беріледі; 2) революцияға дейінгі Ресейдегі төмен ғылыми дәреже.

Мектеп жасы (Школьный возраст) – балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең ( 11 - 12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15-тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердең әрқайсысы балалардың анатомиялық –физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен,олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысымазмұнымен, ұйымдастырылумен сипатталады.

Мектепке дейінгі мекеме (дошкольное учреждение) – сәбилік (2 жастан 3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан 6-7 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.М.д.м. жүйесіне бөбекжай, балабақша, балалар алаңы, кішкентай балаларды ойнату орталығы және т.б. кіреді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту- мектеп жасына дейінгі балаларды және (немесе) мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар 1 жастан бастап 6 (7) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауытқуы бар балалардың жеке қабіліттерін дамытуды және мұқтаж балаларға қажнтті түзету жасауды жүзеге асырады. 5-6 жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім стандарты (Государственный образовательный стандарт) – 1) оқушылардың білім алу түріне қарамастан, алуға тиіс білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат; 2) оқу пәні бойынша білімнің соңғы нәтижесі айқындалған негізгі құжат. М.б.с. пәндік білімнің мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың түсініктері мен дағдыларын білім нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді. Соңымен қатар негізгі білімдік бағдарлама мазмұнын, оқушылырдың оқу жүктемесінің көлемін, бітірушілерді әзірлеу деңгейінің талаптарын анықтайды.

Мемлекеттік емтихандар (Государственные экзамены) – оқу орны бітірушілердің білімін тексеру әдісі. М.е. тапсыру жүйесі алғаш рет Қытайда енгізілген. Орта ғасырда Европадағы университеттердегі бакалавр, магистр атағы үшін қабылданған сынақтар мемлекеттік емтихандардың алғашқы түрі болды. 19 ғасырда Европаның барлық елдерінде түрлі мемлекеттік емтихандар енгізілді. М.е. жоғары мектепке түсуге, арнаулы кәсіппен айналысуға, мемлекеттік қызметте шен алуға азаматтық саяси құқық береді. М.е. дипломдық жобаны қорғау түрінде де қабылданады.

МОДЕЛЬ (лат. modulus - үлгі, өлшем) – нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.)

МОДУЛЬ – оқыту мақсаты, ақпарат банкі және қойылған мақсатқа сәйкес, әдістемелік нұсқаулар нақты белгіленген, аяқталған ақпарат болады. М. оқыту мазмұнының аса мәнді бөліктерін айқындауға көмектеседі. М. оқу материалдарының автономдық үлесіне қатысты пән немесе пәндер кешені ерекшеліктеріне сәйкес, логикалық аяқталған өзіндік дербес білім бөлігі болып табылады.

ОҚУ (Учеба) – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. Оқытумен өзектес жүреді. О. Оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді.

ОҚЫТУ, ОҚУ (Обучение) – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгеру процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.

ОҚЫТУ ӘДІСІ, ҮЙРЕТУ ӘДІСІ (Метод обучения) – білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.

ОРТА БІЛІМ – қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажет білім деңгейі. О.Б. жалпы және арнаулы болып бөлінеді. О.б. жалпы білім беретін орта мектептерде беріледі. Кейінгі жылдарда орта мектепте берілетін О.б. мазмұны ғылым мен техниканың даму дәрежесіне сай қайта қаралды. Жалпы орта білім Ежелгі Греция, Ежелгі Римде белгілі болғанымен, 15 ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастанды.

ОРТА БІЛІМ БЕРУ- үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей болып табылады және жалпы, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды. Жалпы орта білім беру үш сатылы: бастауыш (1 - 4 сыныптар), негізгі (5 – 9 - сыныптар) және жоғары (10 -11 , 12) – сыныптар).

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ( Педагогическая система) – адамды дамыту мақстындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі.

ПЕДОЛОГИЯ (грек. paidos- жасөспірім, бала, logos- ілім) -19 ғ. Соңында қолданбалы психология мен эксперименттік педагогиканың шеңберінде эволюциялық идеяның таралуы мен дамуынан туындаған ағым. П. Терминін 1893 ж. америкалық психолог О.Хризман ұсынды.

ПРОФЕССОР - (лат. professor- оқытушы) – жоғары оқу орнының оқытушысының немесе ғылыми- зерттеу мекемесінің ғылыми қызметкерінің лауазымы және ғылыми- зерттеу ұйымының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы береді.

РЕФЕРАТ (лат. referre – баяндау, хабарлау) – ғылыми еңбектің мазмұнын жазбаша қысқаша жазу немесе ауызша баяндау. Оқушылырды реферат жазуға орта сыныптын бастап үйрете бастау қажет.

СЫНАҚ (Зачет) –жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттерінің семинар және практикалық сабақтарда,өндірістік практикада алған білімдері мен дағдыларын, сондай-ақ олардың өздігінен орындайтын міндетті жұмыстарын ( сызған сызбаларын, шығарған есептерін және т.б.) тексерудің бір түрі.

СЫНАҚ КІТАПШАСЫ (Зачетная книжка) – студенттердің білім , білік, іскерлік дағдыларына қойылатын бағаны тіркеу кітапшасы.

СЫНАҚ СЕССИЯСЫ (Зачетная сессия) – студенттермен жарты жылда бір рет жүргізілетін сынақ мерзімі.

2.«Психологиялық мамандыққа кіріспе» пәнінің дәрістік материалдары.
1 тақырып: Психологиялық ғылымға кіріспе. Психология ғылым ретінде түсінігі.
Жоспар:

1.Психология ғылымы

2. Эмпирикалық психология
Психология ерте заманнан келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - қазақ тілінде «жан», « логос » - « сөз», « ұғым » деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағынаны береді. Жан туралы осындай ұғым адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл – ой қызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасындағы айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әртүрлі ұғым болған.

«Жан» - Апейрон қасиеттерінің бірі. Оның айтуынша, дүние пайда болып қайтадан бастапқы қалпына келуі керек, ал бастапқы қалпы ұшы – қиырсыз, сондықтан, дүние шексіз қайтадан пайда бола береді. Анаксимен дүниенің негізі етіп ауаны алды. Оның ұғымынша ауа ұшы – қиырсыз, бір орнында тұрмайды, дүниені кезіп жүреді, оның болмайтын орны жоқ, ауасыз ешбір тірі нәрсе өмір сүре алмайды.

Рационалистік психология ХУІІ ғасырда француз ғалымы Рене Декарт рационалистік психологияның негізін салды. Рационалистік психология – дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы – ақыл – ой деп есептеледі. Декарт дуалист, яғни дүниенің қос негізі бар: ол материя мен ойлаушы жан. Материя кеңістіктен оырн алады, оның өлшемі, белгілі салмағы болады. Ал жан – рухани нәрсе, кеңістіктен орын алмайды, өлшенбейді, салмағы болмайды. Материя мен жан бір – біріне қарама – қарсы: бірімен – бірі еш бір байланыспайды, екеуі қатар жүрмейді, бірі барында екіншісі болмайды, әрқайсысы өз алдына жеке өмір сүреді.

Эмпирикалық психология. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе жаратылыстану ғылымының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысып, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшының белгілі философы Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақынна – алысқа көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға әсер етті.

Эмпириалық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғалымы Джон Локк таратып, әрмен қарай дамыта бастады.

Бүгінгі Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа қөзқарастар пайда болды. Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзөараспен қарау деген сөз. Қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.

Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Ол бейне адам мәнерлейтін зауыт сияқты. Болашақтың саналы, сапалы адамдарын қолдан жасап, қоладан құйып алуға болмайды. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп – бұл мідениеттің ошағы, жан – дүниеңді, эстетикалық талғам интеллектуалдық дамудың, оқушығың сана сезімін жаңа деңгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп – жан – жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Болашақ мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу.

Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеументтік ортаның барлық салаларында кеңінен таралып келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тін қиындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұны анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.

Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХУІІІ ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала басталды. ХІХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б елдерде әлеументтік – психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.

Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.

Ұлы, басты мақсаттар мүдде адам тұрмысында жетекші болып, адамды ұмтылдырып, жігерлендіріп отырады.

Творчествоға шабыт өте қажет. Шабыт – барлық қабілеттіліктерінің қозып, жігерлі түрде әрекет етуінен туындайтын күй. Шабыт үстінде жасалған шығарма, ол адам жазушы болсын, ғалым болсын, кім болса да оның еібегі жемісті болмақ. Творчествоның жемісті, нәтижелі болуы түрлі дағдыларға машықтануға байланысты.

Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны оте ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға тағы басқаларды машықтана алмаса , олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.

Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс - әрекетінің басты белгілерін атап өткен жөн. Оысындай айрықша сипаттардың бірі – адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға еңбек объектісіне, оның процесіне назар салуы, зейін қоюы, әр уақыт адам санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып отыру.

Психология бала психикасының жалпы өсіп – даму заңдарын, мектепке дейінгі балалық шаөтың түрлі кезеңдеріне лайықты жан құбылыстарының негізгі сипаттамаларын ғана зерттейді.


жүктеу 294,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау