ПоәК 042-18-31 40/03-2014 Редакция №2



жүктеу 294,5 Kb.
бет3/4
Дата21.11.2018
өлшемі294,5 Kb.
#23228
1   2   3   4

Әдебиеттер:

1.В.Б.Успенский, А.П.Чернявская. Введение в психолого-педагогическую деятельность, 2003г.

2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекции.- М.ЧеРо,1996- 336б.

3. Гальперин П.Я. Введение в психологию. – М.1996

4. Годфруа Ж. Что такое психология.- М.1992

5. Грофф С. За пределами мозга. –М, 1984.

6. Голдстейн М., Голдстейн И. Как мы познаем мир. –М.1984
4 тақырып: Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология

Жоспар:


  1. Психологиялық ғылымның дамуы.

  2. Спиноза

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы ұзақ және тарихи қысқа болды.Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстарды түсіндірмек болған.Онда психика, жанды табиғаттың 1 бөлігі ретінде қарастырған: жануарда-жан бар, ол қозғалыс пен даму көзі. Жан денеден тыс өмір сүреді де адам тағдырына, денсаулығына,сәттілігіне әсер етеді. Психика табиғатын бұлай түсіндіру анимизм деп аталады (латын тілінен anima –жан,дух).

Психиканың түсіндірілуі бұдан кейін Демокрит және Плотонмен байланысты. Демокрит – психиканыматериалистік тұрғыда түсіндірушілердің бірі. Жан атомдардан тұрады және кездейсоқ құбылыстар болмайды,-деген. Плотон-І идея, ІІ материалды дүние, деген.Плотон- философия идеализімнің басы.

Антикалық ғалымдар, философтар,дәрігерлер психика мен ми байланысын түсіндірді, психика мен қоршаған орта, адам психикасының тұрақты индивидуалды көрсеткіштері туралы көзқарасын ұсынды.

ХІVғ дін адамдарды зеріттеуге тыйым салды. Бірақ ХVғ механика психологияның дамуына көп үлес қосты.Механиканы адам мен жануар психикасына алғаш рет қолданған.Декарт ол адам организімінің техникамен салыстырады, ол жануарда жан жоқ, ол тек сыртқы әсерлерге жауап береді,сол оның тәртібі, деді.Ламерти жануарлар машина тәрізді дегенді адаммен байланыстырды.Декарт рефлекс және сана ұғымдарын енгізді, бірақ оларды «бөліп тастады».Жануар тәртібін және адамның кейбір қылықтарын рефлекторлы деуге болады,-деді. Сана – тек адамның өзін-өзі бақылауына ғана болатын,тұйық құбылыс,-деді.Дене тек қозғала алады, жан-тек ойлайды, деген. Бұл ғылым дуализм деген атқа ие болды.

Спиноза – дуализімнен асып, адамды тұтастай қарастыруды ұсынды.Ол адамды 3 қозғаушы күш бар деді, ол: қуану, қайғыру, ынтығы және эмоцияналды күйлер пайда болады. Қайғыру – дене белсенділігін азайтады, қуаныш – көбейтеді.

Дүниетанудағы сезімдердің Лок негізін қалады, дамытты. Ол сенсуализім деп аталды. Ол ақыл-ойда сезім органдарынан өтпеген ештеңе жоқ деді. Нәрестенің психикасы – «таза тақта», тәжірибе оған мазмұн жазады,-деді. Психикалық әрекеттің негізгі миханизімі – ассоциация.Ассоцация ілімі ХХғ басына дейін етек алды.

Француз психологтары ХVІІІғ Дидро, Гольбах, Гельвеций, Кондильяк адам психикасының әлеуметтік дитермикациясын ашты.

ХІХғ басында психиканы түсіндірудің жаңа бағыттары пайда болды, психология ғылым ретінде қалыптаса бастады.Осы кезде анатомия мен жүйке-жүйесінің физиалогиясы дамыды.Чех зеріттеушісі Прохазка, француз зерттеушісі Мажанди және ағылшындық Белла сенсорлы және маторлы жүйке жолдарын ашты және Декарттың рефлекторлы доға идеясы іске асты.

Австрия анатомы Гальдің френалогиясы (грекше pxren-жан) кеңінен тарады. Ол қабілеттіліктер ми құрылымына байланысты, бас сүйегіне қарап ми дамуы мен адам қабілеттіліктері туралы айтуға болады,- деді және зеріттеушілер ми мен психикалық әрекетті зеріттеді. Осы кезде Фритче мен Гитцег қозғалыс орталығы, сезім, Брока, Вернике (моторлы және сенсорлы сөйлеу) орталықтарын ашты.

Осы кезеңде сезім органдарының физиялогиясы дами бастады (Мюллер,Гельмгольц). Дарвин қағидасына сүйене психика эволюция нәтижесі ретінде қарастырылды.

Психиатрия мен көтеріліп ауратындарға көзқарас өзгерді. Бұғанға дейін оларды диявл билеген деген, (мұндай суға салған, ауырту тітіркендіргіштерін жасаған т.б). Психикалық ауруды емдеуге болатындығы норма мен паталогия ұғымдарын ашты.

ХІХғ ІІ жартысында биология, физиология, медицина, ғылымдарының дамуымен психология ғылымы пайда болады.

Ғылыми психологияның пайда болатына эксперементтік әдістердің енуі әсер етті, бұған дейін тек интроспекциялар (өзін-өзі бақылау) болған. Осы кезде Вебер сыртқы тітіркендіргіш күші мен сезіну көлемінің қатынасын анықтады, Фехнер осы заңдылықты математикалық қорытындылады. Гельмгольцтың, сезім органдарының психофизиялогиясы жұмысы пайда болды.

Эксперементалды психология 1879ж 15сентябрьде Германияның Лейпицг қаласында Вельгельм Вунттың эксперементальды психологиялық лобараториясының ашылуынан басталады. Түйсіну, қабылдау, реакция жылдамдығы, ассоциациялар, сезімдерзерттелебастады. Вунт объективті зеріттеу әдістерін қолдана отырып, оны интерпритациялауда идеалистік көзқарас ұстанды. Психикалық реакцияларды зеріттеуде өзін-өзі бақылау негізгі орын алды.

Матералистік психологияны 1863ж Сеченевтің еңбегі дамытты рефлекс-адам психикасының негізгі миханизмі деді. Рефлекторлық доға түсінігін рефлекторлық сақинамен алмастырды.

Ресейдегі І психологиялық лабараторияны В.М.Бехтерев ашты медицинада, жас ерекшелік, әлеуметтік психологияның негізін қалады.

ХІХғ аяғы-ХХғ басында қолданбалы эксперементальды психология дамыды.Эббингауыз эксперементте сандық талдау жүргізді де, өзінің психологиялық заңдылығын ашты.

Гальтон индивидуалды ерекшеліктерімен тестті ашты. Алғашқы шетел зеріттеулерге арналған тесттерді Француз психолыгы Бине енгізді.

ХХғ психологияны зерттеу пәні мен әдістері туралы көзқарастар бірікпеді, бірнеше психологиялық мектептер пайда болды.

Бихевиоризм. Бехтерев, Павлов ықпалымен америка психологиясында пайда болды. Бағдарламасын құрған Уотсонтерминін енгізді. Адам санасы, еркі қабылдауы т.б «қара жәшік» деді. Дене белсенділігі сырт ортаға ішкі реакцияға байланысты көрінеді.

Толмен стимул-орта, звено, реакция-аралық өзгеріс терминін енгізді, ол күту, білім, бағдар бұдан Когнитивті бихевиоризім деп аталды және Холм Скиннер.

Гештальт-психология (неміс Gestalt-бейне, конфигуранция) ХХғбасындаГерманияда пайда болды. Негізін қалаушы Вертгеймер, Келер, Коффки.

Тәртіп – рефлекстер байланысынан кең, тұтас. Мысалы: қабылдауда тұтас бейне пайда болды, бұл- гештальт, ал тез арада есепті шешу- инсайт.

Психоанализ Фрейд: Жеке адам белсенділігі-бейсанада. Психика құрылымы: бейсана - Ид (Оно), сана алды - Эго(Мен), саналы - Супер эго (Жоғарғы Мен). Бейсаналы энергия көзі - сексуалдылық. Ид-организімді соматикалық және психикалық процестер.

Әдебиеттер:

1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.

2.Феофраст. Психология личности. М.1982

3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981 ж.

4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М. Владос,1998 ж.

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.

6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.

7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.


5 тақырып: Ғылыми психологияның пайда болуы.

Жоспар:

  1. Психология пайда болуы

  2. Педогогиканың қазіргі уақытта жағдайы

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдетт.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бірқарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінентұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Жан туралы ғылыми түсінік желгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстанут.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал – жабдық аспаптардың көмегімен зерттейбастады. Ғылымның осы саласына эксперименттітұңғыш енгізген неміс ғұламасыВ.Вундт (1832-1920) болды. Ғылыми психология адамның ой - өрісі, сана – сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сиптта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу-ғылыми психологияның ең негізгі принципі.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді. Педагога-психологаның негізгі методтары. Педагога-психологаның өз жұмысына бірсыпыра тәсілдерді қолданады. Тәсіл ұғымы бұл (совокупность способов и примеров) өз жұмысында қолданылатың. Психологтардың қолданылатын: зерттеу, опрос, интервью, тест. Олар бірнеше топқа бөлінеді. Экстәсіл модельдеу, тәсілдердің коррекциясы және дамуы бірнеше топтарға бөлінеді педагогикада бұл дидактикалық тәрбиелеу тәсілдері. Әрбір тәсіл көп тәсілді ортақ етеді және методикалық мысалдар, техника. Методиканың әр бір құбылысын техника әрбір маман өзінше арсенал немесе методикалық жиынға келтіреді. Осыған орай нелерді басшылыққа алады? Ең бірінші методологиялық позиция. Педагога-писхолога т.б. принциптер системасы осы жұмыстың негізгі және осы жиынның организациясы. Методологиялық позицияларда 3 деңгей орнатылған:

  1. жалпы методологиялық және жалпы философиялық;

  2. метологиялық білім;

  3. нақты методологиялық немесе нақты теоретикалық тағылымдар;

Жалпы методологиялық деңгей философия арқылы жоғары деңгейге шығады т.б. материалдық диалектика оның принциптары мен заңдықтары.

Педогогиканың қазіргі уақытта кең өріс жайған екі тәсілі бар: Субъективті-объективті, мінез құлықтық автолитарлық, педоггика және субъекті қазіргі гуманитарлық педогогикаға сай. Қазіргі кезде субъекті тәсіл бала объект болып қарастырылады. Бала мұғалім үшін таза тақта сияқты. Оған қажетті білім, моральді нормалар, өзін-өзі ұстау ережелері т.б. Осыған орай оқушы индивидуалды тұлға ретінде қарастырылмайды. Бұл жұмыстар әрбір баламен бір деңгейде өткізілуі тиіс. Бірақ, субъективті қарастыру бала үшін индивидуалды бәрімен тең активті ұжымның бір мүшесі болып саналады. Методологиялық позиция теориялық позицияны айқындайды. «Педогога-психолога» психология және педогика негізі теориялық тараптар бар. әдеттегідей маман өзі үшін екі-үш тиімді тәсіл іздейді. Тәсілді таңдаған кезде белгілі бір ситуацияға байланысты және балалардың санына қатысты қамтиды.

Тәсілдер «Педогога-психолога» екіге бөлуге болады: 1) иследовательский; 2) консультативті осының біреуі классификациялық психологиялық тәсілдер зерттеуінде болған ғалым Г. Пирьов. Ол мынандай тәсілдерді айқындады.

Педагог-психологтың оқыту және тәрбиелеу процесстерінде негізгі әдістерді қалай дұрыс қолдана алу шеберлігі. Әр әдіс- тәсілдің өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктерің көрстеу. Негізгі әдістерге бақылау, сұрау, сұқбаттасу, психодиагностика тестары, тәжірибе, тәрбиелеу дидактикалық әдістеріне жекелей тоқталу. Методологиялық позиция туралы түсінік. Психологиялық әдістер. Психологиялық кеңсе беру әдісі. Дарынды оқушылармен олардың қиыншылықтарына психологиялық көмек. Қиын балалардың іс-әрекеттері.

Педагог-психолог жаттығулардың әдістерін де игеруі керек. Тіпті тренинг психологиялық әдіс бола тұра, оның өзі де жаттығудың бір түрі. Жаттығу – ол бірнеше рет қайталанатын және соның барысында қабілеттер мен икемділіктер қалыптасатын іс-әрекет.

Жаттығуларды тиімді қолдану үшін оған қойылатын педагогикалық талаптарды сақтаған жөн: жаттығуды түрлендіріп отыру, орындалып жатқан іс әрекетке байланысты оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, т.б.

Жұмысы жемісті болу үшін педагог-психолог әртүрлі әдістерді игеруі қажет және соның ішінде өзіне ең қолайлы, нәтижелілерін анықтап, таңдап алып, сол әдістерге сүйене отырып өзінің жеке іс-әрекеттік стильін қалыптастыруы қажет.

Әдебиеттер:

1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.

2.Феофраст. Психология личности. М.1982

3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981 ж.

4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М. Владос,1998 ж.

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.

6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.

7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.



6 тақырып: Психология мектебі және бағыты.

Жоспар:


    1. “Педагогика-психология” мамандығының жалпы мінездемесі

    2. Коррекциялық дамуы

    3. Консультациялар

“Педагогика-психология” мамандығының жалпы мінездемесі. Педагог-психологтың басты мақсаттары: оқытушылық, ғылыми-методикалық әдіс, әлеуметті - педагогикалық, тәрбиелік, мәдени ағартушылық және меңгерушілік болады.

Коррекциялы – дамушы қызметі – Коррекция қазақ тілінен латын тіліне аударғанда – “өзгешелік, жөндеу” деген мағынаны білдіреді. Ал “даму” – ол жаңа көтеріліп жатқан сатымен жүру. Мысалы: оңайдан қиынға көшу, төменгі сатыдан жоғарыға көшуді айтамыз.

Коррекциялық дамушы қызметтермен жұмыс істеу үшін, ең алдымен даму диагностикасын, білім деңгейін, дағдыларын, жеке адам тұлғасын білу қажет. Оның жұмысында, ол өзіне бағыт бағдар болып саналмайды, керсінше эффекті ұжымдық жұмыс амалы болып табылады.

Коррекциялық дамушы мұғалім педагогтың қызметі: білім беру, жаттықтыру немесе консультация арқылы өткізу керек. Білім беру туралы нарықтық “оқытушылық және мәдени-ағартушылық қызметі” бөлімінде жазылған. Жаттықтырушы амал- нарықты немесе белгілі бір дағды немесе шеберлігін: арақатынаса алу. Мысалы: тіл табыса алу, профессионалды қасиеттердің жақсы дамуы үшін.

Консультация беру – педагог-психологтың мәдени түрде оқушымен, оның ата-анасымен, немесе топпен тіл табыса алуы.

Консультациялар – жеке немесе топтық болады. Педагог-психолог консультация негізінде мынадай сұрақтарға жауап беруге көмек береді – сабақтағы жаман үлгерімі, баланың мінез- құлқы, қарым-қатынасы туралы, бала бойында оқуға деген құштарлық қызығу, мұғалімдердің шеберлігін арттыру, шеберліктерін дамыту, 11-ші сынып оқушыларына мамандық таңдауына көмек көрсету, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

Дубровинаның мәліметтері бойынша, педагог-психологтар жиі: Мектеп администрациясына мұғалімдерге, оқушыларға (сабақ үлгеріміне байланысты) ата-аналарға (бала тәрбиесі жөнінде), жеке топтарға (өзін-өзі тәрбиелеу жөнінде) консультация береді.

Консультация беру – жеке өзі бөлек сапа болып тек ХХ ғасырдың 50 жылдары бөлінген. Бұл уақытқа дейін ол психотерапияның сапасы болған.

Психотерапиядан басқа ол білім берумен байланысты. Консультация педагог-психолог сау адаммен қарым-қатынасады, сол кеде ол адамның активтіленуіне, адамның мүмкіндігіне негіз салады. Адамның дамуы тек қана оған білім берумен шектелмейді, консультантпен жақсы қарым –қатынас тудырды, соның арқасында адам өздігінен дамиды.

Консультация алатын адаммен жақсы қарым-қатынас туғызу. Осы кезде адам маңызды мәселелерді қозғамайды, және адам қаншалықты осының бәрін ашылып айтатын болса, осыған байланысты қорытынды шығарады. Ал бала ашық білу үшін, ол маманға сенуі керек, сондықтан ара-қатынас бұл жұмыста өте маңызды. Консультацияның баламен (үлкен адаммен) жақсы қарым-қатынаста болу себебі бар. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетін дамыту және түзету жолдарын анықтау. Кәсіби іс-әрекет жетістігін арттыруды, ғылыми негізделген бағытпен жүргізу. Коррекционды-дамыту іс-әрекеті. Оқытушы мәдини ортаны қалыптастырушы. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекеті. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті. Басқару іс-әрекеті. Білім беру процессінің психологиялық қамтылуы.



Әдебиеттер:

1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.

2.Феофраст. Психология личности. М.1982

3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981 ж.

4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М. Владос,1998 ж.

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.

6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.

7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.



7 тақырып: Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.


Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады. Әдістемелік  өңдеулер биографиялық көрсеткіштер терминологиялық сөздіктер пайда болды. «Ұлттықбілім беру мен тәрбиелеу» атты Алматы облыстық ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және этнопедагогика орталығы қайтадан жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылыми және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден асты. Оның 30-дан астамы кандидат, 5-уі ғылым докторлары.

Біздің ойымызша, Қазақстандағы психология ғылымының мәселелерінің бірі осы үлкен аймақтың экологиялық, демографиялық,  этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы білімнің теоретикалық, методологиялық негіздірен құру. Себебі Батыста жүргізілген психологиялық зерттеулердің негіздеріне сүйенген әдістер теріс нәтижеге әкелуі мүмкін. Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа дейінгі дамуының жоғарғы рухани адамгершілік жүйесіне тәрбиеленуінің, Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын ашу. Сонымен қатар нарықтық қатынасқа, коммерциялық саудаға өту жағдайындағы жеке адамның психологиялық жаңа құрылымдарының қалыптасу механизмдерін, экономикалық реформалардың аспектілерін зерттеу маңызды болып табылады.

Көп ұлтты Қазақстан этнопсихологиялық зерттеулердің алып орталығы болуы керек.  Бүгінгі таңда экологиялық кризистен шығудың тиімді жолдарын іздеу өзекті болуда. Бұл жерде экологиялық жүріс-тұрыстың мотивациясын зерттеу қоршаған ортаға тигізген кері әсерінің себептерін анықтау үшін адамдардың іс-әрекетін анықтау. Арал теңізінің , Семей ядролық полигандағы экологиялық кризистің психологиялық зардаптарын (психологиялық денсаулық бұзылуы, суицид феномені, т.б.) зерттеу.

Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген  халық өзі өмір сүрген ортаның   әлеуметтік–экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына   орайлас жас  буынға тәлім – тәрбие берудің айрықша талап тілектерін    дүниеге әкелді.  Мәселен,  бұлар жас адамның  жұртқа    танымал     моральдық   – психологиялық  нормасын «сегіз  қырлы,   бір   сырлы»   делінетін   қанатты   нақыл сөздермен   қисындады. Осынау   аталы   сөздің  мән– мағынасы   мыналар еді: көшпелі   мал шаруашылығын жете игеру; еңбек   сүйгіштікпен қиыншылыққа   төзе   білу;   ел  намысын  қорғау; жаудан беті  қайтпау; ата тегін  жадында сақтау; сөз   асылын     қастерлеу; тапқырлық   пен  алғырлық,  ат  құлағында   ойнау;   ата   салтын    бұзбау. Көшпелі өмір тіршілігі    қара    күшке мығым,  қиыншылыққа төзімді,    құбылмалы    табиғат    жағдайына тез    икемделгіш     болумен бірге,   жан  –   жүйесі жағынан да  жан–жақты жетілген, кемел адамдарды    қалыптастырды.  

Психология ғылымына тікелей қатысты болғанымен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып, XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқы ғұламаларының , ағартушы-демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын-жыраулардың өлең-толғауларында,билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдарда, ел намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берердей мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде әр тарауы зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

Аса көрнекті ғалым Шоқан Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы , оның таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылады.Ыбырай Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-ақ, Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді егжей-тегжейлі қамтиды. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырып, «Дене азыққа тоюдан жан ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар» дейді. Ол адамның тәнімен бірге оның жанын да, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деген реалистік қорытынды жасады. Осы бағыттағы психологияялық ой-толғаулар мен пайымдау-түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын- жырауларда көп кездеседі.

Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, оның аясы халыққа білім беру, тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі және өнет таңдау» деген туындысы – психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920 – 1930 жылдары Ахмет Байтұрсынов ,Мағжан Жұмабаев , Міржақып Дулатовтардың оқу-ағарту, тәлім-тәрбие істерімен өзара ұштастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой-пікірге толы терең мәнді еңбектер жазғаны мәлім. Сонымен қатар, С.Балаубаев, Е.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев тәрізді психолог мамандарының ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы психология ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары салаларға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.


Әдебиеттер:

1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.

2.Феофраст. Психология личности. М.1982

3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А.,1981 ж.

4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М. Владос,1998 ж.

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.

6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.

7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.


8 тақырып: Қазіргі Қазақстан психологиясының және этнопсихологиясының дамуы.

Жоспар:

1 .Психология

2 .Этнопсихология

Бүгінгі халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.

Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психолгия – психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген» тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психолгиялық білімдерінің жүйесі. Бұл – адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психолгиясын ажыратуға жөнді қарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылыми саласы шұғылданады.

Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.), жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінінде Ресейде, кейінірек батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде «халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама – ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.

Қазақтың ұлттық мінез-бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері

Бұл – өте күрделі, әлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жайтты жақсы аңғарған Н.Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние».

Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата-тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б.).

Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген кемел адамдарды қалыптастырады. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі жауынгер болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «Өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым» сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадыр-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайынан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадырлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды.

Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси-экономикалық өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тілі мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім-кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б .) байланысты небір асылдарды, қысқасы ұлттың бүкіл болмыс-бітімін жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту өте қиын, өйткені, қазақ этаосының қазіргі бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр, жөн-жоралғысы кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.

Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық адамға деген мейрімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігнен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.

Психология ғылымына тікелей қатысты болғанымен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып, XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқы ғұламаларының , ағартушы-демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын-жыраулардың өлең-толғауларында,билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдарда, ел намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берердей мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде әр тарауы зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

Аса көрнекті ғалым Шоқан Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы , оның таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылады.Ыбырай Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-ақ, Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді егжей-тегжейлі қамтиды. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырып, «Дене азыққа тоюдан жан ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар» дейді. Ол адамның тәнімен бірге оның жанын да, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деген реалистік қорытынды жасады. Осы бағыттағы психологияялық ой-толғаулар мен пайымдау-түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын- жырауларда көп кездеседі.

Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, оның аясы халыққа білім беру, тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі және өнет таңдау» деген туындысы – психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920 – 1930 жылдары Ахмет Байтұрсынов ,Мағжан Жұмабаев , Міржақып Дулатовтардың оқу-ағарту, тәлім-тәрбие істерімен өзара ұштастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой-пікірге толы терең мәнді еңбектер жазғаны мәлім. Сонымен қатар, С.Балаубаев, Е.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев тәрізді психолог мамандарының ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы психология ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары салаларға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.


жүктеу 294,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау