Дәріс № 9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Өртті комбинирленген қоспалармен сөндіру механизмі қандай?
2. Хладондардың өрт сөндіру ерекшеліктерін түсіндіріп беріңіз?
Дәріс №10 Өрт дабыл құрылғылары мен жүйелері. Олардың жіктелуі және сипаттамалары.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1. Өрт қауіпсіздігіне қажетті құралдардың сипаттамасы
2. Дабыл беру, хабарлау автоматты құрылғыларының жіктелуі.
1. Өрт қауіпсіздігіне қажетті құралдардың сипаттамасы
Өрт қауіпсіздігіне қажетті құралдар – өрттің белгілерін қабылдау үшін өрттік дабылдағышты орнатудың элементі және алдағы тасымалдау үшін ол жайлы ақпаратты өндіру. Ол қадағаланып отырған өрттің белгілерін бейнелейді, ереже бойынша, электрлік дабылға, осы дабылдың бірінші өңдеуін айқындайды және өрт жайлы мәліметті береді.
Өрт қауіпсіздігіне қажетті құрал автоматиканың элементі ретінде сипаттамаларға ие болады. Құралды электрлік емес параметрлерді электрлік дабылға бейнелеуші ретінде қарастырайық(сурет). Құралдың кірісіне v шығатын өлшемге бейнеленетін х параметрі келіп түседі.. Дабылдың бейнеленуі үшін нақты энергияны жұмсау керек:сонымен қатар, у дабылын белгілі бір қашықтыққа беру керек. Құралдар жабық алаңда орнатылады және оған әртүрлі кедергі әсер етуі мүмкін. Кедергілер қадағаланған өрттің параметрлері төзгергенде де болуы мүмкін және сәйкесінше өрттің белгілеріне айналуы мүмкін. Сондықтан құралда құрылымды түрде немесе сызба түрінде кедергіден қорғаушының нақты дәрежесі белгіленеді.
Құралдар күзетілетін нысананың жағдайы жайындағы ақпаратты жинақтаудың қарапайымдылығы мақсатында дискретті және релейлік шығындарға ие болады(иә,жоқ).
Құралдың құрылымдық сызбасын келесідей көрсетуге болады(сурет). Сезімтал элемент (СЭ) қадағаланған параметрді электрлік дабылға аналог-
Сурет. Бейнелеу ретіндегі құрал.
ты бейнелеуші болып табылады. Бұл алдын-ала жоғарылатылады (У) және дабылдың өңдеу сызбасына келіп түседі, мұнда дабылдың «өртке» қалыптасуы жүзеге асырылады.
Сурет. Құралдың құрылымдық сызбасы.
және оны релейлік құралға жолдайды (РУ). Құрылымдалған дабыл құралдың байланыс желісіне өрт дабылдағышының станциясынан келіп түседі.Дабылдың өңделуінің сызбасы өрт пен кедергілердің параметрлерінің айырмасын көрсетеді.
2. Дабыл беру, хабарлау автоматты құрылғыларының жіктелуі.
Өрттің алдын-алу шараларының ең маңыздысы – өрт дабылы және өрт туралы хабарды жеткізу автоматты қондырғыларын тиімді пайдалану болып табылады.Олар әртүрлі қасиеттеріне байланысты төмендегідей жіктеледі:
Әрекетке келтіру тәсілі бойынша:
өрт хабарландырушылары автоматты және қолмен басқарылатын болып бөлінеді.
Электр қоректену тәсілі бойынша өрт хабарландырушылары:
1) шлейф бойынша қоректенетін;
2) жеке сым бойынша қоректенетін;
3) автономды болып бөлінеді.
Адресінің қондырғысының мүмкіндігі бойынша өрт хабарландырушылары:
1) адрестік;
2) адрестік емес болып бөлінеді.
Өрттің бақылау белгісінің түрі бойынша автоматты өрт хабарландырушылары мынадай типтерге бөлінеді:
1) жылулық әсерден іске қосылатын;
2) түтін әсерінен іске қосылатын;
3) жалын әсерінен іске қосылатын;
4) газ әсерінен іске қосылатын;
5) құрама болып бөлінеді.
Автоматты өрт хабарландырушыларының ерекшеліктері
Жылулық хабарландырушылар (АТП-3, АТИМ-1, АТИМ-3, АТП-3м, ДТЛ, ДЛС-038, ПОСТ-1, ДМД, МДПИ-028 және т.б.) жану көзінен таралған жылу арқылы іске қосылады.
Жылулық хабарландырушылар температураның өсу жылдамдығына реакциясы бойынша:
1) максималды;
2) дифференциалды;
3) максимал-дифференциалды болып бөлінеді.
Максималды жылулық хабарландырушылар өрт туралы хабарды қоршаған ортаның температурасы белгілі бір шекке жеткенде береді; дифференциалдыжылулық хабарлауыштары өрт туралы хабардықоршаған ортаның температурасының өсу жылдамдығы белгілі бір шектен асқан сәтте береді; максимал-дифференциалды жылулық хабарлауыштары осы екі міндетті қатар орындайды.
Максималды, максимал-дифференциальды жылулық хабарландырушылар іске қосылу температурасы және уақытына байланысты он класқа (А1, А2, А3, В, С, D, Е, F, G, H), ал дифференциалды жылулық хабарландырушыларR1,R2 кластарға бөлінеді.
Өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша жылу өрт хабарландырушылары:
1) нүктелік;
2) көпнүктелік;
3) сызықтық болып бөлінеді.
Өрт кезінде қызған ауа жоғары көтеріледі, сол себепті хабар берушілерді төбеге орнатады. Жылулық дабыл беруші құрылғылар азаматтық, өнеркәсіп ғимараттарында, тұрғын үйлерде, сауда орындарында, көпшілік қызмет орындарында қолданылады.
Жалындық хабарландырушылары сезгіш элементтері қабылдайтын электр-магниттік сәулелену спектрінің саласы бойынша:
1) сәулеленудің ультракүлгін спектрі;
2) сәулеленудің инфрақызыл спектрі;
3) сәулеленудің көрінетін спектрі;
4) көп ауқымды спектрдеіске қосылатын болып бөлінеді.
Оттан ара қашықтық бойынша, жалын әсеріне жауап беруіне байланысты жалындық хабарландырушылар 4 класқа бөлінеді:
1- ші класс – ара қашықтық 25 м;
2-ші класс – ара қашықтық 17 м:
3-ші класс – ара қашықтық 12 м;
4-ші класс – ара қашықтық 8 м.
Олардың іске қосылу уақыттары түрлеріне байланысты әрқалай, бірақ 30 секундтан аспауы керек.
Жалындық хабарландырушы (СИ-1 АИП-М, ДПИД және т.б.) құрылғылары инертсіздікпен сипатталады және үлкен (600 м2 дейін) бақылау зонасымен ерекшеленеді. Олардың жұмысы фотоэффектінің пайда болуына негізделген. Құрылғыға орналастырылған фотоэлемент жалынның спектрінің ультракүлгін немесе инфрақызыл бөліктері әсерінен іске қосылады. Яғни, автоматты дабыл беруші ИО-1, 0,3*10... 2*10 м толқын ұзындығымен берілген инфрақызыл сәулелерді сіңіріп, одан қайта электр энергиясын шығарады, бұл энергия қабылдау бөліміне түсіп, дабыл береді.
СИ-1 жарықпен хабарлаушысы мына элементтерден тұрады: электрлік схемадан, сигналдық реледен және фотондардың есепшісінен тұрады.
Фотондардың есепшісі құрылғысының кішігірім жалын ошағын таба алу мүмкіндігі бар (мысалы,сіріңке шиінің жануы). Оның өте сезімталдығына қарамастан, бұл хабарлаушы терезеден түскен жарықтан, сондай-ақ электрлік жарықтандырудан жұмыс істей алмайды, өйткені, ультракүлгін сәулелердің бір бөлігін терезелер мен лампалардың шынылары сіңіреді. Жарықпен хабарландырушы құрылғылар қағаз өндіру цехтарында, сілтілік металдар,метал ұнтақтары, натуралды каучук шығарылатын және сақталатын орындарда қолданады.
Түтіндік хабарландырушылар басқа хабарландырушылармен салыстырғанда жану ошағын бірден тауып береді, дәл осылай өрт өте баяу өсе алады және түтін бұл оқиғада жанудың бастапқы сатыларымен бірге жүреді. Түгінді табу тәсілдері фотоэлементтердің қасиетіне немесе ионизациялық камераға түтіннің әсерінен радиоактивтіліктің өзгеру деңгейіне негізделген. Ионизациялық камераға түскен түтін, ауаның ионизациялық деңгейін төмендетеді, оның нәтижесі қабылдау станциясындағы атқарушы реленің әрекет жасауына әкеп соғып, сигнал беру жүйесін іске қосады. Түтінді хабарлаушының іске қосылу уақыты 5 секунд шамасында.
Әрекет принципі бойынша өрт түтін хабарландырушылары:
1) ионизациялық;
2) оптикалық болып бөлінеді.
Оның ішінде түтін ионизация хабарландырушылары:
1) радиоизотопты;
2) электриндукциялық болып бөлінеді.
Ал, өлшеу аймағының конфигурациясы бойынша, түтін оптикалық өрт хабарландырушылары:
1) нүктелік;
2) сызықтық болып бөлінеді.
Түтіндік хабарландырушы құрылғыларды әдетте бір уақытта көп адамдар болатын – көру залдарында, дәрістік, оқу, конференц-залдарында, үлкен көлемдегі дәліздерде, холдарда, электронды-есептеу техникасы, радиоаппараттар, электронды реттегіштер орналасқан бөлмелерде пайдаланады. Сондай-ақ бұларды синтетикалық бұйымдар, полимерлі, резина, текстильді, тоқыма, темекі, целлюлозды-қағаз, мақта, синтетикалық каучук материалдардан жасалған бұйымдарды өндіретін және сақтайтын бөлмелерге пайдаланады.
Автоматты газды өрт хабарландырушыларының ерекшеліктері
Өрт хабарландырушылары көрсетілген газдардың біріне және олардың концентрациясы төмендегі көрсеткіштер шегінде болған кезде іске қосылады:
СО2 - 1000...1500 ррm;
С0-20...80 ррm;
СхНу -10...20 ppm.
СО-ға сезімталдығы бойынша хабарландырушыларекі класқа бөлінеді:
1-ші класс - 20...40 ppm;
2-ші класс - 41 ...80 ppm.
Ескерту. Газды өрт хабарландырушылары, аспаптың техникалық жағдайында көрсетілген, жану көзіне тән басқа газдарға да сезісталдығы бар.
Шығатын сигнал түріне байланысты хабарландырушылар екі типке бөлінеді:
а) Шығатын сигналы дискретті (ерекше);
б) Шығатын сигналы аналогты (ұқсас).
Ультрадыбыстық хабарландырушылары (ДУЗ-4) қозғалмалы объектілердегі өрттермен орнықсыз өрттерді анықтау үшін қолданады. Бұл типтің жұмысшы көрсеткіші – Допплердің эффектісіне негізделген, яғни колғалыстағы заттардан ультрадыбыстық шағылыстар, механикалық тербелістер, толқынды жиіліктегі тербелістер әсері болады. Берілген хабарлаушылар инертсіз болып келеді және ауданы 1000 м2 - ге дейінгі алаңды бақылайды.
КИ-1 типіндегі Автоматты комбинирленген хабарландырушылары жылудың сондай-ақ түтіннің әсерінен іске қосылады. Ол электрлік схемадағы элемент-тердің ДИ-1 түтіндік хабарлаушысының базасындағы элементтердің қосарланған негізінде жасалған.
Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Өрт қауіпсіздігіне қажетті құралдардың қажеттілігі неде?
2. Өрт хабарландырушылары өрттің бақылау белгісі бойынша қалай жіктеледі?
Дәріс №11. Өрт хабарландырушыларына қойылатын талаптар
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1. Өрт дабылы құрылғыларын құруға қойылатын талаптар
2. Өрт дабылы құрылғыларын пайдалануға қойылатын талаптар
1. Өрт дабылы құрылғыларын құруға, пайдалануға қойылатын талаптар
1. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерінің өрт хабарландырушылары қорғалатын үй-жайда өртті үй-жайдың кез келген нүктесінен уақытында табуды қамтамасыз ететіндей орналастырады.
2. Қол өрт хабарландырушыларды эвакуациялау жолдарында өрт пайда болған жағдайда оларды қосуға қол жетімді орындарда орнатады.
3. Өрт хабарландырушылар тәулік бойы үздіксіз жұмысқа есептелген болуы керек.
4. Өрт хабарландырушылары қабылдау-бақылау аспаптарымен ақпарат-тық және электрлік сыйымдылықты қамтамасыз етуге тиіс.
5. Өрт хабарландырушыларының қауіп-қатер дабылын беру режимінде қосылатын ішіне салынған қызыл түсті оптикалық индикаторы болуы қажет.
Оптикалық индикаторды өрт хабарландырушысына орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда шығару оптикалық индикаторын қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі немесе қауіп-қатер дабылын берудің жергілікті индикация-сына арналған басқа да құралдары болуы керек.
6. Егер өрт хабарландырушысының құрылмасы оны розеткаға бекітуді қарастыратын болса, өрт хабарландырушыларын розеткадан ажыратқан кезде қабылдау-бақылау аспаптарында ақаулық туралы хабардың қалыптасуы қамтамасыз етілуі қажет.
7. Өрт хабарландырушысының сезгіштігін сыртқы туралау мүмкіндігі кезінде мынадай талаптарды орындайды:
1) сезгіштіктің әр деңгейіне өрт хабарландырушыларына арналған белгілі бір таңбалау сәйкес келуі қажет;
2) өрт хабарландырушысын жинақтағаннан кейін туралау құралдарына тікелей қол жетімділік болмауы керек.
8. Өрт хабарландырушылары оның әрбір үлгісінде сынақтар кезінде нормаланатын барлық техникалық сипаттамаларды тексеруді, сондай-ақ пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қалпына келтіру бұйымы болуы қажет.
9. Сызықтық өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі 0,4 дБ бастап 5,2 дБ дейінгі шамада, сонымен қатар хабарландырушылардың сегіз үлгісі үшін жұмыс істеудің ең жоғарғы және ең төменгі шегінің мәндері 1,3 аспауы қажет.
10. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні үздіксіз ұзақ жұмыс кезінде өзгермеуі керек.
11. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні қоректену кернеуінің номиналды мәндерінен 85 %-тен бастап 110 %-ке дейінгі шамада қоректену кернеуінің өзгерген кезде өзгермеуі керек.
12. Сызықтық өрт хабарландырушысының қарама-қарсы компонент-терінің хабарландырушының оптикалық осінің тік және көлденең жазық-тықтарға көлбеуі бұрышын өзгертуге мүмкіндік беретін туралау құрылғысы болуы қажет.
13. Сызықтық өрт хабарландырушысы кабель қосылыстарының ақаулығы жағдайында «Ақаулық» деген сигналды қалыптастырумен компоненттер арасында кабельдік қосылыстарды бақылауды қамтамасыз етуі керек.
14. Кезекші режимде тұрған сызықтық өрт хабарландырушысының тұтынатын қуаты 1,0 Вт аспауы қажет.
15. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні жолдың оптикалық ұзындығына байланысты болмауы қажет.
16. Сызықтық өрт хабарландырушысы ортаның оптикалық тығыздығы (5,2 + 0,5) дБ жылдам артқан кезде (5 с аспайтын уақытта) 10 с аспайтын уақытта «Өрт» деген сигналды қалыптастыруы қажет.
17. Оптиканы ластау компенсациясының құрылғысы бар сызықтық өрт хабарландырушысы 2,8 дБ шектік компенсациясына қол жеткізген кезде 30 мин ішінде 0,268 дБ аспайтын ортаның оптикалық тығыздығын өзгерту жылдамдығымен «Ақаулық» деген сигналды қалыптастыруы керек.
1 мин ішінде 0,109 дБ аспайтын жылдамдығы бар ортаның оптикалық тығыздығы одан ары артқан кезде компенсация құрылғысы бар сызықтық хабарландырушы 10 дБ ортаның оптикалық тығыздығы мәніне қол жеткізгенге дейін "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.
18. Сызықтық хабарландырушы таратқыш (1 + 0,1) с сәулеленуі үзілген кезде "Ақаулық" немесе "Өрт" деген сигналды қалыптастырмауы қажет.
19. Дискретті шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушыларының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет. Сигналды ажырату қоректендіруді 3 с аспайтын уақытқа ажырату арқылы немесе арнайы құрылғының көмегімен жүргізілуі қажет.
20. Оптикалық өрт хабарландырушысының қоректену кернеуінің номиналды мәні 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В қатарынан немесе 30 В анықталады.
21. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштігін 0,05 дБ/м бастап 0,2 дБ/м дейін шамада таңдалады.
22. Дискреттік шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгіштіктің нақты мәнін белгілейді.
23. Ұқсас шығусигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысы бақылайтын ең жоғарғы меншікті оптикалық тығыздық қалыпты жағдайларда 0,2 дБ/м кем болмауы қажет.
24. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштік мәні:
1) өрт хабарландырушысының іске қосылу санына байланысты болмауы қажет;
2) ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет;
3) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы қажет;
4) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек;
5) нақты типті оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада айтылған кернеу ауқымының ішінде қоректену кернеуіне байланысты болмауы қажет.
25. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:
1) салыстырмалы бірліктердің 0,2 бастап 3,0 дейін шамасында болуы қажет;
2) барлық үлгілер үшін біркелкі болуға тиіс.
26. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:
1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;
2) ауа ағынының бағытының өзгеруіне байланысты болмауы қажет;
3) ауа ағынының (1,0 + 0,1) м/с жылдамдықпен әсері кезінде өзгеруі қажет.
27. Ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығы кезінде радиоизотопты өрт хабарландырушысы "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі қажет.
28. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің (аэрозольдың) әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет.
29. Газды өрт хабарландырушылары төменде келтірілген газдардың бір немесе бірнешеуіне мына концентрациялар шегінде реакцияға түсуі қажет:
1) (СО2) көміртегінің ррm бастап 1500 ррm дейінгі шегінде;
2) диоксиді үшін 1000 (СО) көміртегі оксиді үшін 20 ррm бастап 80 ррm дейінгі шегінде;
3) (СхНу) көмірсутегі газдары үшін 10 ррm бастап 20 ррm дейінгі шегінде.
30. Газды өрт хабарлағыштары қоректену кернеуінің номиналды мәнінен 75 % бастап 115 % дейінгі шегінде қоректену кернеуі өзгерген кезде жұмысқа қабілеттілігін сақтауы қажет.
31. Автономды өрт хабарландырушысы іске қосылған кезде дыбыс деңгейі 4 мин. бойы 85 дБ кем болмайтын "Дабыл" деген сигналды беруі керек (автономды хабарландырушыдан 1 м. арақашықтықта өлшенген).
32. Оптикалық-электронды түтін автономды өрт хабарландырушы-ларының сезгіштігі 0,05 дБ/м бастап 0,20 дБ/м дейінгі шамада болуы қажет.
33. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігінің мәні (іске қосылу шегі):
1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;
2) ауа ағынының бағытына бағдарға байланысты болмауға тиіс;
3) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек.
34. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігі 0,2 м/с бастап 1,0 м/с дейінгі жылдамдығы бар ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет.
35. Автономды өрт хабарландырушысының ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығының мәні кезінде "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі керек.
36. Автономды өрт хабарландырушысының кезекші режимде қоректенудің ішкі көзінен тұтынатын тоқтың мәні 50 млА аспауы қажет.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, жобадағы нысанға ғимарат бөлмесінің жанғаны жөнінде дер кезінде хабардар болу үшін ВЭРС– ПК4 дыбысты өрт-хабар қабылдағышы және жарықты хабаршы «Маяк 12 КП»қолдануды көздейді,Өрт хабарландырушыларының датчиктері іске қосылған жағдайда сыртқа шығу (эвакуация) жолдарына қойылған жарық – дыбыспен хабардар еткіш құралдар ӨКД аспабы арқылы автоматты түрде жұмыс істеп кетеді.
Өрт дабылын қабылдау, бақылау аспабы күзет бөлмесіне , еденнен 0,8 – 1,5 м жоғары деңгейде орналасуы керек.
Жану туралы хабарландырушылар қорғанысы бөлмелердегі төбеге орнатылған ИП 212 – 41М түтін және ИП 103-3-А2-1М жылулық хабарлағыштар арқылы түседі. Өрт хабарлағышының торабы төбе мен қабырғаға ашық қойылған КСПВ – 2*0,5 және КСПВ 4*0,5 кабіл желісінің күшімен жұмыс істейді.
Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1. Өрт хабарландырушыларын құруға қандай талаптар қойылады?
2. Өрт дабылын қабылдау, бақылау құралдарына қандай талаптар қойылады?
Дәріс №12. Сумен, газбен өрт сөндіру қондырғылары.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
Сумен сөндіру қондырғылары
1. Сулы өрт сөндіру қондырғылары
Өрт сөндіруде, жылулық радиациядан объектілерді қорғауда, жаңғыш сұйықтар-ды араластыруда, тұтанғыш заттарды сұйылту және суыту үшін су қолданылады.
Өрт сөндіру кезінде судың берілуі үшін тұтас, тамшылы, шашыраңқы және ұсақ тамшылы сулы ағыстарды құрай алатын өрт атқыштарын және суландыру жүйелері қолданылады. Өрт сөндіруге қажетті сулы ағыстардың түрі әрбір нақты жағдайда жанудың шартымен анықталады және де өрт қорғауының қондырғыларымен белгіле-неді. Өртті сумен сөндіру үшін сулы өрт сөндіру қондырғыларын, өрт сөндіру автомашиналарын және сулы атқыштар (қол және лафетті) қолданылады.
1 Қондырғылардың сызбанұсқасы
Сулы сөндіру қондырғылары- кәсіпорындардағы ең көп таралған және арзан өртке қарсы қорғаудың құралы. Ең кең таралғандарына спринклерлі және құрғатқыш қондырғылар жатады.
Спринклерлі қондырғылар ғимаратта орта температурасын қажетті мөлшерге дейін көтергенде автоматты түрде қосылады. Спринклерлер, температураны жоғарылатқанда ашылатын оңай балқитын құлып бұл жүйелердің датчиктері болып табылады. Бірінші кезекте ашылатын және суды беретін өрт ошағының үстінде орналасқан сплинклерлер болып табылады. Бұл қондырғылардың су көзі ретінде шаруашылық - өртті, өнеркәсіпті - өртті және басқа да су құбырлары, табиғи су көздері және жасанды суатта бола алады. Сплинклерлі қондырғылар әдеттегідей екі сумен қоректендіргіштен тұрады: негізгі және көмекші (автоматтық деп аталынатын).
Қорғалған бөлмелерде ауа температурасына қарамастан спринклерлі жүйелер сулы (бөлмелердегі ауа температурасы бір жыл ішінде 4 С кем емес); ауалы - температураны жылдың төрт айында 4 С кем не жоғарылықты қажет етпейтін жылы-тылатын бөлмелерде; ауалы-сулы (ауыспалы)-жылдың сегіз айында ауа температурасы 4С болатын жылытылмайтын бөлмелерде деп бөлінеді.
Сулы спринклерлі жүйе әрқашанда суға толы магистральдық,қоректендiргiш, таратушы құбырлардан тұрады. Таратушы құбырларға өрт кезінде температура жоғарылағанда ашылатын жабық суландырғыштар құрады. Суландырғыштан су тамшылы судын ағыны түрінде өрт ошағына келіп түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |