ПоәК-042-18-25 59/01-2014ж №2 басылым 11. 09. 2014ж



жүктеу 4,51 Mb.
бет15/19
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Mb.
#14039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
3) сорғыш станциясы үй-жайларының өзге де үй-жайлардан отқа төзімділік шегі кемінде 0,75 сағат өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлінуін;

4) өрт сөндіру бекетінің үй-жайымен телефон байланысының болуын;

5) сорғыш станциясының үй-жайына кіретін жерде «Сорғыш станциясы» деген жарықтандырылған таблоның болуын;

6) келтеқұбырлары сыртқа шығарылған және өрт сөндіру қондырғысын жылжы-малы өрт техникасына қосу үшін қажетті қосқыш бастиектермен жабдықталған құбыр-лардың болуын;

7) құбырда резервуарды өрт сөндіргіш затпен толтыратын ысырмалардың болуын;

8) резервуарлардағы (сыйымдылықтардағы) өрт сөндіргіш заттардың деңгейін көзбен бақылау үшін өлшеуіш рейкасы бар бақылау-өлшеу жабдығының болуын;

9) сорғыштардың, технологиялық және электр техникалық жабдықтың жобаның жұмыс сызбаларына сәйкес орналасуын;

10) есептік шығын мен тегеурінді немесе импульстік құрылғыны қамтамасыз ететін автоматты су сіңіргіштің болуын;

11) тиісті қысымда құбырлардың қосқыштарының герметикалығын және олардың арматураға және аспаптарға дұрыс қосылуын;

12) сорғыштарды қолмен тоқтату құрылғыларының болуын;

13) мынадай:

а) негізгі және резервтік кіру жолдарында электрмен жабдықтау және фазалардың жерге (шақыру бойынша) тұйықталу кернеуінің болуы туралы;

б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;

в) резервуарда авариялық деңгей туралы;

г) дренаж құрылғысындағы авариялық деңгей туралы;

д) электр басқару желілерінің дренчерлік қондырғылардың қозғаушы құбыр желілерінде орнатылған электр жетегі бар тиек құрылғыларымен зақымдануы туралы жарықты дабылдың болуын және оның жұмыс қабілетін;

14) басқару тораптарында мыналар:

а) тораптың атауы мен оның нөмірі;

б) бағыт нөмірі;

в) қорғалатын үй-жайдың атауы;

г) суландырғыштардың типі мен саны;

д) өрт сөндіру қондырғысының принципті сызбасы мен байламның функционалдық сызбасы;

е) өрт сөндіргіш затты беру бағыттары,

ж) қондырғыны іске қосу тәсілі көрсетілген тақтайшалардың болуын;

15) қондырғыларды басқару тораптарының қызыл түске боялуын,

16) электр техникалық жабдығының ЭҚОЕ талаптарына сәйкестігін;

17) монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасын тексеруі қажет.

2.3. Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексерумен қатар қызметкер су сақтауға арналған резервуар (сыйымдылық)жобалық құжаттамада көрсетілген көлемге сәйкестігін тексеруі қажет.

2.4. Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеруді аяқтағаннан кейін қызметкер егер жобалық құжаттамада үй-жай қарастырылса, қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен үй-жайды тексереді.

2.5. Қызметкер қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен тексеру барысында қызметкер мыналарды:

а) қондырғының іске қосылғаны туралы (бағыттары бойынша айқын жазылған);

б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;

в) қондырғының жарамсыздығы туралы (жалпы сигнал – автоматты су сіңіргіште немесе импульстік құрылғыда қысының түсуі туралы, резервуардағы немесе дренаж құрылғысындағы су деңгейінің авариялық деңгейі туралы, тиек құрылғыларымен электр басқару желілерінің зақымдануы туралы, электрмен қамтамасыз етудің негізгі бөлігінде кернеудің жоғалуы туралы);

г) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы дабылды қамтамасыз ететін жарық және дыбыс дабылының болуын және оның жұмыс қабілетін тексеруі қажет.

2.6. Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау барысында қызметкер барлық үй-жайларға тексеріс жүргізуі қажет. Тексеру кезінде мыналарды:

1) үй-жайлардың жобалық құжаттамаға сәйкес жарақталуын;

2) құбырларды қосқыштардың герметикалығын;

3) құбырлардың бекітілуі және сенімділігін;

4) суландырғыштардың нормативтік құжаттардың талаптарына, жобалық құжаттамаға, дайындаушы зауыттың паспорттық деректеріне және суландыру картасына сәйкес орналасуын;

5) суландырғыштарда майысқан жерлерінің, сызаттардың және оның сенімді жұмыс істеуіне әсер ететін өзге де ақаулықтардың болмауын;

6) суландырғыштардың механикалық зақымдану қаупі бар жерлерін арнайы қорғағыш торлармен қорғалуын;

7) бір қорғалатын үй-жай шегінде бір диаметрлік шығыңқы тесігі бар суландырғыштардың орнатылуын қарауы қажет.

2.7. ішкі өрт крандарын қоректендіретін спринклерлік су толтыратын қондырғыларға орналастыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Ішкі су құбыры және канализация» ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 сәйкес ғимарат үшін бір ағысқа ішкі өрт сөндіруге қажетті ағыс мөлшері мен су шығынын орнатып, тексеру;

2) өрт шкафтарының орнатылуын, олардың өрт жеңдерімен, қосқыш бастиектермен, оқпандармен, қол өрт сөндіргіштермен жарақталуын тексеруі қажет.

Өрт жеңінің ұзындығы, өрт оқпаны ұшының шашырату диаметрі жобалық құжаттамаға және нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

2.8. Тексеріс барысында суландырғыш қорын тексеру қажет, ол қондырғының бөлу құбырларындағы жөнделген құбырлардан кемінде 10%, сондай-ақ көбікпен өрт сөндіру қондырғылары үшін екі есе көбік түзгіш қорын құрауы қажет.

2.9. Тексерісті аяқтағаннан кейін қондырғының электр басқару құралын тексеріп, оның:

1) жұмыс сорғышын автоматты іске қосуды;

2) белгіленген іске қосу уақыты аралығында жұмыс сорғышының өрт сөндіру режимін іске қосудан бас тартуының немесе шықпауының резервтік сорғышын автоматы іске қосуды;

3) тиек арматурасын электр жетектерімен автоматты басқаруды;



4) басқару тізбектерін жұмыс көзінен электр энергиясымен қоректендірудің резерв көзінен автоматты ауыстырып қосуды қамтамасыз ететініне көз жеткізу қажет.

2.10. Спринклерлік қондырғыны басқару тораптарының дұрыстығына қызметкер қондырғының жұмысын тексеруге арналған құбырдағы кранды (вентилді) ашу арқылы (2-сурет.), сондай-ақ суландырғышты ғимараттың ең жоғарғы және қашық бөлігінде іске қосу арқылы сынақ жүргізуі қажет. Спринклерлік су толтыру қондырғыларының қоректендіретін құбырларында ішкі өрт крандарын орналастыру кезінде спринклерлік қондырғыларды басқару тораптарының дұрыс жұмыс істеуіне сынақты қызметкер ғимараттың ең жоғарғы және қашық бөлігінде орналасқан өрт кранын ашу арқылы жүргізуі қажет.


жүктеу 4,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау