ПоәК 042-18-16 32/03-2013 Баспа №1 13. 09. 13



жүктеу 1,32 Mb.
бет7/7
Дата05.02.2018
өлшемі1,32 Mb.
#8699
1   2   3   4   5   6   7

$$$003-011-000$3.3.11 Практикалық сабақтың тақырыбы №11 Сот психологиясы

Бұл практикалық сабақ қылмыстық және азаматтық іске сот араласуының психологиялық аспектісін және соттық психологиялық экспертиза проблемаларын анықтауға арналған. Практикалық сабақтағы тапсырмаларды студент жазбаша орындап, оқытушыға өткізуі керек.

&&&

$$$003-011-001$3.3.11.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11



Мақсаты: сот әрекетінің психологиялық сипаты, оның мамандық-шеберлігі және ерекшеліктерімен таныстыру.
&&&

$$$003-012-000$3.3.12 Практикалық сабақтың тақырыбы №12: Прокурор психологиясы

Прокуратураның негізгі міндеті–азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау болып табылады, ал республиканың нормативті-құқықтық актілермен кепілденген. Сондықтан прокуратура туралы, оның қызметінің жазалау-айыптау бағыты туралы айтқанда, алдымен осынау әділет органының негізгі міндеттеріне назар аудару қажет.

&&&

$$$003-012-001$3.3.12.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12



Мақсаты: Прокурор әрекетінің аспектілерімен студенттерді таныстыру.

&&&


$$$003-012-002$3.3.12.2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары №12

  1. Прокурор психологиясының ғылыми зерттеу обьектісі

  2. Прокурор әрекетінің мақсаты мен міндеттері

  3. Прокурорлық қадағалау

&&&

$$$003-013-000$3.3.13 Практикалық сабақтың тақырыбы №13 Алдын-ала тергеу

Алдын ала тергеуді кәмелетке толғандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздірінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.

&&&

$$$003-013-001$3.3.13.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13



Мақсаты: Қылмыстық әректтерге қатысты қылмыстық істі жүргізу туралы таныстыру.

&&&


$$$003-013-002$3.3.13.2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары №13

  1. Қылмыстық істі жүргізу.

  2. Алдын ала тергеудің міндеттілігі.

  3. Алдын ала тергеудің этикасы

.

&&&


$$$003-014-000$3.3.14 Практикалық сабақтың тақырыбы №14 Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі

Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі мен маңызын жан-жақты зерттеу мақсатында студент төмендегі тапсырмада берілген тапсырма бойынша реферат жұмысын жазып тапсыруы қажет.

&&&

$$$003-014-001$3.3.14.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14



Мақсаты: ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі мен маңызын жан-жақты зерттеу.

&&&


$$$003-014-002$3.3.14.2 3 модуль бойынша тексеру тапсырмасы №14

1.«Ұйымдасқан қылмыстың психологиялық негізі» атты тақырыпқа реферат жазу.

&&&
$$$003-015-000$3.3.15 Практикалық сабақтың тақырыбы №15 Пенитенциарлық психология

Пенитенциарлық психология жаза тағайындаудың эффективтілігі, сотталғанның динамикалық тұлғасын, ориентациялық және стереотиптік кіші топтардың құнды негіздерінің әрекет-қылығын, түзету және қайта тәрбиелеу заңды түзету проблемаларын зерттейді.

&&&


$$$003-015-001$3.3.15.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15

Мақсаты: пенитенциарлық – қайта түзету мекемесінің міндеттерін жан-жақты талдап, бас бостандығынан айырылған адамдар психологиясын ашу.

&&&

$$$003-015-002$3.3.15.2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары №15



  1. Пенитенциарлық психологиясының зерттеу пәні.

  2. Пенитенциарлық – қайта түзету мекемесінің міндеттері.

  3. Бас бостандығынан айырылған адам психологиясы


  1. Семинар сабақтарының сұрақтары:

Заң психологиясының ғылымдар жүйесіндегіалатын орны мен маңызы. Заң психологиясының методологиялық негізі. Заң психологиясының ғылыми-зерттеу объектісі. Заң психологиясының теориялық және практикалық негіздерінің қалыптасу себептері. Қазіргі заң психологиясы.

Заң психологиясының ғылыми-зерттеу әдістері. Заң психологиясының ғылыми-зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар. Негізгі және қосалқы әдістері. әдістерінің өзара байланысы. Бақылау, әңгімелесу, эксперимент, интервью. Биографиялық әдіс, тест, құжаттарды психологиялық талдау.

Құқыққа қарсы мінез-құлықтың психологиялық алғы шарттары. Адам өміріндегі құқықтың маңызы. Адамның қалыптасып, дамуына әсер ететін факторлар. Құқықтық сана-сезімдерді қалыптастыру. Құқықтық әлеуметтендіру және әлеуметтендірудегі кемістіктер.

Қылмыстық ниеттің қалыптауы мен жүзеге асуының психологиялық механизмдері. Қылмыстық әрекетер туралы түсінік. Қылмыстық әрекетердің мотивациясы. Қылмыстық психологияның қалыптастыру жолдары. Қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктері.

Қылмыскер тұлғаның психологиялық типтері. Қылмыстық тәртіптің психологиялық негіздері. Қорқу – қылмыстық тәртіп әрекетінің фундаментальды негізі. Қорқу – үрейленудің себептері мен түрлері. әлеуметтік әрекеттерге ұарсы әрекетттер.

Ұйымдасқан қылмыстың психологиялық ерекшеліктері. Қылмыстық топтардың белсенділігі. Қарапайым ұйымдасқан топ. Қүрделі ұйымдасқан топ. Бандиттік ұйымдар. Қылмыстық ұйым. Сыбайластық қылмыскерлер. Қылмыскерлердің сыбайластық механизмдері.

Сот-тергеу және кешенді психолого-психиатриялық сараптауда адамның тұлғалық бітістерін талдау. Сот-тергеу және кешенді психолого-психиатриялық сараптаудың маңызы мен ерекшеліктері. Тергеуші әрекетиінің психологиялық сипаты. Мамандық әрекеттердегі ерекшеліктері.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;



    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

  1. Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттеріні өзара байланысы (конспект)

  2. Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі (жазбаша)

  3. Заңгердің кәсіби іс-әрекеті

  4. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті мен мотивациясы (реферат)

  5. Әйелдер қылмыстық әрекетінің психологиялық негізі.

  6. Құқық және құқыққа қарсы іс-әрекеттің мотивациясы

  7. Жәбірленуши тұлғасының психологиялық анализі (жазбаша)

  8. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері (эссе)

  9. Кешенді психиатриялық және сот психология тәжірибесіндегі адамның тұлғалыұ бітістерін талдау (баяндау)

  10. Куәгер және жәбірленуші тұлғасының психологиялық талдау (конспект)


5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ

Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді



  • Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс;

  • Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс;

  • Эвристикалық өз бетінше жұмыс;

  • Ізденушілік өз бетінше жұмыс;

өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады.

Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне:



  • Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс;

  • Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу

  • Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу;

  • әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу

  • конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу;

  • жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу

  • тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады.

СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

5.1. Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы (конспект)

5.2. Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі (жазбаша)

5.3. Заңгердің кәсіби іс-әрекеті

5.4. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті мен мотивациясы (реферат)

5.5. Әйелдер қылмыстық әрекетінің психологиялық негізі.

5.6. Құқық және құқыққа қарсы іс-әрекеттің мотивациясы

5.7. Жәбірленуши тұлғасының психологиялық анализі (жазбаша)

5.8. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері (эссе)

5.9. Кешенді психиатриялық және сот психология тәжірибесіндегі адамның тұлғалық бітістерін талдау (баяндау)



5.10. Куәгер және жәбірленуші тұлғасының психологиялық талдау (конспект)



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау