Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Сананың психологиялық мінездемесі.
2. Құқықтық сананың қалыптасу жолдары.
3. Құқықтық сананың қалыптасуына ықпал ететін факторлар.
№ 6. Дәріс: Криминалдық психология
Қылмыстық тәртіп психологиясы.
Қылмыскерлердің психологиялық типтері.
Қылмыскерлердің жеке басының психологиялық ерекшеліктері
Криминалдық психология – қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстық топтың қылмыскерлік мотивациясын, қылмыстық әрекеттің алдын-алу мен болдырмаудың жолдарын зерттейді. Кез келген адамның әрекеттерін түсіну үшін сол адамның психологиясын, әлеуметтік психикалық құбылыстар мен психикалық механизмін білу өте қажет.
Қылмыстық психология: қылмыстық мінез-құлықтың таралуына психологиялық факторлар ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.
Заң бұзушы адамның анатомо-физиологиялық жүйесінің бұзылулары анықталған. Сондықтан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды. Н.Ф.Кудряцева, В.Е.Эминова еңбектерінде бұл себеп, біз білетіндей әрбір адамда өзіне тән темпераменті болады. Сондықтан да бұл кейбір жағдайда тұқым қуалаушылық фактордың әсерінен және де бала туа сала жаман тәрбиеге жақын болуы мүмкін. Егер бұны ата-анасы қалай жеңуді білмесе, жөндемесе, жасөспірімдік кезеңде әртүрлі психикалық бұзылыстарға ұшырауы мүмкін.
Шеппардтің көзқарасы бойынша органикалық себептер әр қылмыскердің 25%-ын құрайды. Мысалы, ол 10-15 жасар қыз бала туралы айтады. Ол инсулиннің жетіспеушілігінен зардап шеккен, яғни қанының құрамында қанттың мөлшері өте аз болған. Жасөспірім құбылмалы көңіл күйімен, импульсивтілігімен, агрессивтілігімен ерекшеленген. Дұрыс емделу мен диета толық емделуге мүмкіндік берді. Ол баска да адамдар туралы көрмеушіліктен зардап шеккендер. Органикалық себептер сонымен катар босануға дейінгі және кейінгі асқынулардан болуы мүмкін.
Қылмыскер-ол қылмыс жасаған адам болып табылады. Статистика болса, тек ұстап алғандарды немесе сотталғандарды ғана қылмыскер есептейді. Ал бұл екеуі бірдей нәрсе емес. Қазіргі кезде қылмыстық әрекеттің шығу себептері жан-жақты зерттелуде. Әсіресе, тұқым қуалайтын факторлардың қылмысқа әсерін зерттеуде қылмыскердің интеллектісі мен әлеуметтік-экономикалық статусы бірдей есепке алынады.
Тұқым қуалайтын факторлардың қылмысқа әсерін зерттеудің мысалы ретінде артық Y-хромосомасы (XYY) мен Клайнфельтер синдромын (XXY) айтуға болады. Қылмыскерлердің арасында осындай мутациялары бар адамдар жалпы популяцияға қарағанда 7-10 рет қалыпты жағдайдан жиі кездеседі. Мұндай мутациялары бар адамдардың ақыл-ойларының дамулары артта, интеллект коэфициенті төмен, әлеуметтік бейімделулері нашар, эмоциялары мен агрессивті әрекет-қылықтарын қадағалай алмайды, яғни өз-өздерін ұстай алмаушылықтары жарқын көрініс береді. Артық хромосома мен Клайнфельтер синдромымен ауыратын адамдардың қылмыс жасауларының себептері агрессиямен байланысты емес.
Осы көрсеткіштер бойынша Клайнфельтер синдромы мен қалыпты қадағалаудың арасындағы қылмыстың көрініс беруі айырмашылығы жоғалады. Артық Y-хромосомасында (XYY) айырмашылық қалады. Ол жеке тұлғаның дамуындағы қосымша бұзылыстармен байланысты, солардың нәтижесінде адамның қоғамға бейімделуіне кедергі туындайды. Көп жағдайларда оларда эмоционалды стимулдандыру кезіндегі импульсивтілік, эмоцияны қадағалай және ұстай алмау, реакцияның басым болуымен жүреді. Жоғары агрессивтілік қоғамда қалыпты бейімделуге кедергі жасайтынын ескерген жөн.
Адамдардың қылмысқа баруының тағы бір себебі ретінде гипогликемияны айтуға болады. Гипогликемия деп, қанның құрамындағы глюкоза деңгейінің төмен болуын, тамақтанғаннан кейін 4-6 сағаттан соң глюкозаның көлемі 10мг% -тан төмен болса, жоғары тітіркенушілік пен антиәлеуметтік әрекет-қылық көрініс беретіні анық болды. Гипогликемия Кволля тайпасының индейецтарында жиі кездеседі, сондықтан олар қатал, тітіркенгіш, тұйық, суық адамдар болып келеді.
Ер адамдардың қылмысының негізі ретінде геннің нүктелік мутациясы А (МАОА- генді кодтайтын моноаминооксидаз ферменті) да есте болуы керек. Көптеген психодиагностикалық әдістер арқылы қылмыскердің психикалық ерекшеліктері мен қасиеттері психология ғылымында кеңінен анықталып жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттерді жасаған адамдар арасында қылмыстық дамуында кемсітігі, ауытқуы, тежелуі немесе «аномалды жағдайларда» кездеседі.
Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі–жанұядағы түсініспеушілік мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешқашан қолы бармайтын қылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр.
В.Г. Степанов, В.А. Крутецкий мінез–құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, қылмыскерлерді екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез–құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар–тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез–құлықты осыған қарама–қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады. Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез–құлқында қиындығы барларды жатқызады.
Жалпы алғанда, қылмыскерлердің өзіндік психикалық ерекшеліктері, тәртіптері бар. Бірақ оларлың көпшілігіне әлеуметтік ортаға бейімделуі өзіне-өзі қанағаттанбауы, кқңілі толмауы тән. Мінездері ерекше: шыдамсыз, өз-өзіне деген төмен, ойланбай істейтін істері көп, эмоционалды жетіспеушілік болады. қарым-өатынасқа түсуде де өзіндік тән ерекшеліктер бар: айналасындағылармен қарым-өатынасқа түсе алмауы, басқаның көзқарасын түсінбеуі, өз-өзіне сын көзбен қарай алмауы. Қоршаған ортаға, адамдарға түсініспеушілік, дұшпандық көзқарас, басқалардан оқшаулану, қызғаныш, агрессивті мінез қалыптасады.
Аталған психикалық сипаттар әр түрлі дәрежедегі қылмыскерлердің бәріне бірдей сай келмейді. Солардың ішінде талан-таражға салынушылар – басқа қылмыскерлерге қарағанда әр түрлі әлеуметтік жағдайларға бейімделген. әлеуметтік нормалар мен талаптарға салмақты өз тәртібін жақсы бағалай алады. Қарым-қатынасқа еркін түсе алады, лидерлік басшылыққа басым.
Ұрылар алаяқ зорлаушылардан айырмашылығы импульсивтілігі төменірек, мінездері иілгіш қарым-қатынаста еркін түсе алады. Кісі өлтірушелер импульсивтіліг өте жоғарй эмоционалды қызығушылығы басым, алаңдаушылығы, күдікшілдігі, кекшілдігі, жанжалға жақындығымен сипатталады. Жоғары аталғандардан басқа қылмыскерлердің мына типтері бар: киллерлер, сексуалды маньяктар, әйелдер арасындағы қылмыскерлер.
Қылмыстық әрекеттердің мотиві:
өзін-өзі басқару
қорғаныс мотивациясы
басқару мотиві
ойын мотиві
өзін-өзі ақтау мотиві.
Девиантты мінез-құлық қазіргі кезде өте кең тараған проблемалардың бірі. Бұрын мінез-құлық ауытқушылығын тек ер бала жеткіншектеріне тән десе, соңғы жылдары қыз баланың да мінез-құлқы көңіл аудартуды талап етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс қыздардағы тек ұсақ құқық бұзушылық, алкогольдікі немесе токсикомакцияның деңгейлерінің өсуімен ғана шектелер емес. Ең маңызды әлеуметтік мағынаға ие мінез-құлық ауытқушылығы және соған сәйкес оның ауыр түрлері де болады. Сонымен бірге, жеткіншек қыздар жеткіншек ұлдардың мінез – құлқының бұзылуына түрткі болушы яғни оларға тікелей әсер ететін «рухтандырушы» болып табылады.
Қылмыстық мінез–құлықтың және ауытқуының көрінуіне түрткі болатын білім беруімен байланысты әр түрлі факторлардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- Ассоциальды мінез-құлық психобиологиялық деңгей негізінде әсер етуші индивидуалды әлеуметтік жағдайының бейімделуін қиындатады ;
- Жанұялық және мектептегі тәрбиенің кемшілігінің әсерінен көрінетік психологиялық – педагогикалық фактор;
- Оқу–тәрбие ұжымында, көшеде, жеткіншектің жанұясының адамдарымен біріккен іс-әрекетіндегі ағымсыз ерекшеліктерін ашушы әлеуметтік психологиялық фактор;
- Идивидтің белсенді қарым–қатынас оратуға өзі таңдаған қоғам ортасы, нормаларға және өзін қоршаған құндылықтарға, педагогикалық әсері мол жанұя, мектеп, қоғам. Сондай–ақ өзінің мінез–құлқын өзі реттеуші қабілетінің тұлғалық бағасының бағытын көрсетуші жеке тұлға факторы;
- Әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік шарттардың қоғамдағы алатын орнын анықтаушы әлеуметтік фактор.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қылмыстық психологиясының мақсаты мен міндеттері.
2. Қылмыскерлердің психологиялық типтері.
3. Қылмыстық әрекеттің мотивациясы
4. Қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етуші факторлар
№ 7 Дәріс: Қылмыскер жеке басының психологиясы
Қылмыскердің (жеке басы) тұлғасына психологиялық сипаттама.
Қылмысмық әрекеттегі жас ерекшеліктер.
Қылмыскердің психикалық ерекшеліктері мен қасиеттері
Қылмыскердің (жеке басы) тұлғасы немесе қоғамға қарсы қауіпті істерді, заңдарға қарсы, заңдар тыйым салатын әрекеттер жасаған адам – қылмыс жасауға ықпал еткен адамның қасиетін, қарым- қатынасын, оның адамгершілік және рухани әлемін; даму- жетілу барысындағы психикалық ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайлармен байланыстылығын, әлеуметтік мәнін айқындайтын күрделі (симптомокомплекс) себептер жиынтығын ашумен сипатталады.
Қылмыстық құқық жайлы ғылымдар саласында қылмыскер тұлғасы деген ұғымды кез келген қылмыстық әрекет жасағанда ақыл- есі дұрыс адам деп қарастырады. Қылмыскер тұлғасы ұғымы қылмыстық әрекеттердің себептерін түсіндіретін, оның қоғамға қауіптілігін сипаттайтын, қылмыстық іс- әрекеттермен байланысты әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік- функционалдық (рольдік), психикалық белгілерін қамтитын тұтас кешен. Заң психологиясында қылмыс жасаған адамның психикалық ерекшеліктеріне ғана көңіл аудармайды, сондай- ақ оның жасына, психикалық қабілетіне, функционалдық- рольдік белгілеріне, интеллект, эмоциялық- еріктік және басқа да қасиеттеріне ерекше мән беріледі.
Криминологтардың пікірі бойынша әйелдерге қарағанда, еркектер арасында қылмыстық әрекеттермен көбірек айналысатындығы анықталған. Әсіресе, қылмыстық әрекеттің белсенділігі 25-29 жастағылар арасында жоғары болатыны, одан кейін 18-24 жас, 14-17 жас, 30-45 жас екендігі анықталды. 30-жастан кішідегілердің арасында кісі өлтіру, біреудің денсаулығына зиян келтіру, тонау, ұрлау, төбелесу, бұзақылық, зорлау сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Төбелес шығару, бұзақылық, тонау, ұрлау әрекеттерімен айналысқандардың тұрақты мекен тұрағы, жұмысы жоқ, еңбек етудегі тұрақсыздығы тән болса, зорлау, қорлау, ауыр қылмыс әрекеттерін білімдері төмен тұлғалар жасайтындығы дәлелденген. Ал білімдері жоғары қылмыскерлер – өз қызметтік лауазымдарын асыра пайдалану, мемлекет құндылықтарын тонау т.б. істермен айналысады.
Ал жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің белсенділігі олардың әлеуметтену барысындағы жағымсыз факторлардың: тәрбиедегі кемістік, мәдениет деңгейінің төмендігі, қызығушылықтар мен өмірлік құндылықтар жайлы түсініктер шектелгендігі, өмірлік тұрақты бағыттарының жоқтығымен сипатталады.
Осы аталған әлеуметтік – демографиялық белгілер адамның психикасы мен психикалық спапаларымен тығыз байланысты. Мысалы, білім деңгейінің төмендігі адам интеллектісінің таяздығымен байланысты болса, ал әлеуметтік бейімделудегі қыйындықтар еріктік, эмоционалдық тұрақсыздылығымен, агрессивтілігі мен импульсивті жоғарылығымен сипатталады. Сондықтан әлеуметтік-демографиялық белгілерді талдау арқылы қылмыскердің әлеуметтену үрдісін, психикалық қасиеттерінің қалыптасуына түсінуге көмектеседі.
Ал жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекетінің белсенділігі, олардың әлеуметтену барысындағы жағымсыз факторлардың, мәдениеттерінің таяздығы, қызығушылықтары мен өмірлік құндылықтарының төмендігі, өмірлік тұрақты бағыттарының жоқтығымен сипатталады. Осы аталған әлеуметтік- демографиялық белгілер адамның психикасы мен психикалық сапаларымен тығыз байланысты. Мысалы, білім деңгейінің төмендігі мен білімінің, мәдениетінің, адамның интеллектісінің таяздығымен байланысты болса; әлеуметтік бейімделудегі қиындықтар адамның еріктік-жігер, эмоцияның тұрақсыздығымен, агрессивтілігі мен импульсивтілігінің жоғарлылығымен сипатталады. Сондықтан, әлеуметтік- демографиялық белгілерді талдау арқылы қылмыскердің әлеуметтені үрдісін, психикалық қасиеттерін қалыптасуын түсінуге көмектеседі.
А.Р.Ратинов қылмыскердің қылмыстық әрекетпен айналыспайтын адамдар арасындағы айырмашылығы олардың дербес ерекшеліктері жиынтығының кешеніне байланысты деген. А.Р.Ратиновтың көзқарасын жақтай отырып, О.Д.Ситковская сот қылмыстық әрекеттің механизміне әсер еткен адамның психикалық қасиеттері мен жағдайларға көңіл аударуды ұсынған. Сондықтан Ситковская адамның қылмыстық делеваттық қасиеттерін 2 топқа бөлген:
1. Адамның адамгершілік құндылықтары, өмірлік позициясы, интеллект даму деңгейі, қылмыстық әрекетке қатынасы, сондай–ақ заңдылықтарды түсінуге мүмкіндік береді;
2. Өз мінез–құлықтарын ырықты меңгеру қабілеті: өз-өзін ұстай алуы, реттеуі, жүйке жүйесінің ерекшеліктері, еріктік, эмоциялық тұрақтылығы.
Қылмыстың психологиялық факторы: қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдері де қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, қылмыстың психологиялық факторы жанұядағы қарым-қатынасқа байланысты. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Әкесі жағынан жақындықтың аз болуынан ұл балалар қылмыстық іс-әрекетке көбірік барады. Әке-шешесінің бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан шыққан балалар өздерінің агрессивтілігімен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленеді. Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі – балалық шағынан бастап қамқорлық, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс-әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, қате тәрбиеленгендер баратыны, қыздардың өз ата-анасының іс-әрекетін қайталағаны кездеседі.
Қылмыстың биологиялық факторы: қылмыстардың көбі сыртқы себептердің ықпалынан жасалады. Бірақ, кей жағдайларда органикалық және биологиялық факторлардың тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірақ, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтындығын білдіреді.
Қылмыскердің психикалық ерекшеліктері мен қасиеттері қазіргі психология ғылымындағы көптеген психодиагностикалық әдістермен анықталады. Қылмыстық әрекеттерді жасаған адамдардың арасында психика дамуында кемістігі «аномальді» жағдайларда кездеседі. Олардың эндогенді, экзогенді себептері бар және мінез- қылықтық, әрекеттік өзіндік сипаттары анықталған.
Көптеген аномальді мінез- қылықтардың ішінде соттық психиатр мен психологтарды психопатиялық жағдайлар көп алаңдатады. Олардың еріктік- эмоциялық тұрақсыздығы, интеллект дамуындағы ерекшеліктері, криминогендік ортаға тез бейімделуі, қылмыстық әрекеттер мен шараларды тез үйренуі байқалады. Психопатиялық бұзылуы бар адамдарды былайша топтастырады:
І. Психопатиялық қозба (аффективті) түрі. Эмоционалды тұрақсыздық, өзін ұстай алмау, тез қозу, ашуланшақ, импульсті, ескертулерге жоғарғы қозу (аффективті), қатыгездік, кекшілдік тән. Олар:
- Қозба психопатиялық тұрақсыздық түрі – еріксіздік, немқұрайлылық, барлығына жеңіл қарау, сын тұрғысынан қарауы өте төмен, шыдамсыз келеді. Алаяқтық, бұзақылық, қаңғыбастық, құжаттық режимді және қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты әрекеттермен айналысады.
- Қозба психопатиялық паранояльді түрі – өзін басқалардан жоғары қою, өкпелегіш, күдікшіл, тез қозғыш, қозуы жоғары, шыдамсыз, басқалардың көзқарасына шыдамсыз, ақыл- ойы таяз, бір жағдайларға байланғыш, зорлау, қинау әрекеттерімен айналысатындар.
- Қозба психопатияның истероидті түрі – интеллектісі таяз, өтірікші, қарым- қатынаста жалғандылық, эмоциналды тұрақсыздық, көтің көзінше өзін көрсетуді ұнатады.
ІІ. Психопатияның баяу түрі: олар астениктер, психоастениктер, психопатиялық аутисттік түрлері болып бөлінеді :
- Астеникалық сипаты - әсер алғыштығы жоғары, тез шаршағыш, сезімталдығы жоғары, ұялшақ, өзіне сенімсіз, өз бойындағы кемшіліктерді ерекше сезіну тән.
- Психопатияның психоастеникалық түрі : күдікшіл, алаңдаушылық, сенімсіздік, қиын жағдайларда өзінің күдікшілдігігнен шешім қабылдай алмау. Олар қоғамда қалыптасқан тәртіпке қарсы әрекет жасайды, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысудан, әскери міндет атқарудан қашады.
- Психопатиялық бұзылудың аутостикалық шизойдты түріне : тұйық, сезімталдықпен жараланудың жоғарылығы, эмоциялық бөтенсінумен суықтық басым, қатігез болады. Оларға алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылу, аффективті уайымдау, дау – дамай жағдайларды зорлық – зомбылық, агрессивтілік, қатыгездңк сияқты ерекешеліктермен сипатталады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қылмыскер тұлғасына сипаттама
2. Қылмыстық әрекеттегі жас ерекшеліктер
3. Қылмыстың психологиялық факторы
№ 8. Дәріс: Жасөспірімдердің қылмыстық мотивациясы
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс- әрекет мәселесі.
Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін факторлар.
Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетін алдын алу шаралары
Жасөспірімдік шақ психологиялық көптеген зерттеулерде «өтпелі кезең», «дағдарыс кезеңі», «қиын» бала ұғымдарымен сипатталады. Жасөсіпірімдердің ерекшелігі-олардың физиологиялық, дене кұрылысының, күшінің, жыныстық белгілерінің қатты дамып өзгеруінде. Өздерін ересектер санатында ұстап, ересектерден соны талап етеді. Жасөспірімдердің ересектер жолына түсуі өте күрделі қарама-қайшылықта өтетін жағдай. Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың маңызы күннен – күнге айқындалуда.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың өзіндік санасының қалыптасуы өзіне-өзін дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік сапаларын бағалауы жүзеге асады. Өзін идеалмен байланыстыруы, өзін-өзі тәрбиелеу бағалауы жүзеге асады. Жасөспірімдердік психикалық жағдайын диагностикалау мәселесі қазіргі кезеңде психологиялық қызметінің негізгі бағыты. Диагностикалық жұмыс–баланың психикалық қызметі мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан туындайтын, адам психикасының көрінісі ізденіс аумағы.
Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кетекен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналды. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санның көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай–ақ, жеткіншек арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және оның мінез–құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған.
А.В.Филонов қайырымсыздықтың генезисін зерттей келе, мынандай қорытынды шығарды, яғни жасөспірімдердің қайырымсыздық әрекеті көп жағдайларда 11–16 жас аралығында тым қатты байқалады. Психологтардың ойынша бұндай қайырымсыздықтың, мейірімсіздіктің көрінуі көп жағдайда баланың ересектермен өзара қарым-қатынасындағы қайырымсыздықтан, әсіресе ата анасымен қарым–қатынасында туындайды. Тұлғаның балалық шақта дұрыс дамымауына көптеген ғалымдар көңіл бөлген. Әсіресе, Б.Холыст, Н.Ф.Кузнецова. Кузнецованың айтуы бойынша, ерте балалық шақтағы қарым–қатынас патологиясы аяғында бұзақылықты және күштеу мотивациясын ескертуі мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімнің мотивационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз» қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің гипертрофиялық болуымен ерекшеленеді.
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі. Қылмыс жасаған жасөспірімнің жүріс-тұрыс механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, жүріс-тұрыстың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:
-Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты.
-Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты.
-Физикалық және органикалык элементтерінің әсерінен биологиялық фактор
Социологиялық-әлеуметтік фактордың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен: - төменгі экономикалық – қоғамдық статус; - мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары; - алкоголь және наркотикалық заттар; -құрдастарының әсері; - отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай
А.Е.Личконың айтуы бойынша әрбір құқық бұзушының мотивтері де әр түрлі болып келеді. Мысалы, гипертимді жасөспірімдердің ұрлыққа түсуі - өзінің жолдастарына өзінің мықтылығын көрсету, дәлелдеу болып табылады.
Көбінесе жасөспірімдердің қылмысты істеуі топ қылмысының арқасында жүзеге асады, яғни жолдастарын қолдаудан соқыр талпыныс сияқты мотивпен топ ішінде «авторитетке» иемдену. Криминогенді топтың тұрақтылығы, белгілі жасөспірімдердің қылмысты істеумен қамтамасыз етіледі. Жасөспірімдердің қылмыстық мінезінің негізінде көптеген мотивтер жатыр, олардың ішінде бірінші орында өзін таныту мотиві және топтың ішіндегі бірінші орынға талпыну және т.б. Криминогенді топ спецификалық психологиялық механизмдер арқылы өздерінің мүшелеріне жан – жақты әсерін тигізеді :
1. Криминогенді топ қылмыстық әрекеттің негізінде жатқан бағдарлардың және көз – қарастардың қалыптасуының базасы болып табылады. Психологиялық механизмімен топ өзінің мүшесіне қылық көрсетсе, ол конформизм деп аталады. Бұндай топтардың қаншалықты антиәлеуметтік бағыты көрінетін болса, онда конформизм соншалықты қатты болып келеді.
2. Криминогенді топпен жасөспірімдердің идентификациясы қылмысты орындаудағы кедергілерге деген ішкі мотивтерінің әлсізденуіне әкеп соғады. Бұл құбылыстың негізінде психологиялық қорғаныс механизмдері жатыр. Әсіресе сының негізінде орындалған және орындалатын қылмыстық істің жауапкершілігінен іштей босатылады.
3. Криминогенді топ өзінің мүшелеріне қылмыстық әрекеттің психологиялық механизміне конформизм сияқты, енді елітеу қосылады. Жасөспірімдердің еліктеуге олардың жас ерекшелік ерекшеліктерімен анықталады.
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша криминогенді топтың бір мүшесі қалғандардың көзінше қылмысты орындайды. Содан кейін құрбы – құрдастарымен әңгіме барысында қылмыстық әретіне мақтанып, олардан қолдау алады. Жасөспірімдер істеген күштеу, золау қылмыстарына : бұзақылық, өлтірушілік, денеге ауыр зардаптар түсіру, зорлау жатады. 1995 жылдың аяғында жасөспірімдердің қылмыстық құрылымы: қастықпен әдейі өлтіруі – 0,6 %, ауыр дене зардаптары – 0,9 %, зорлау – 0,8%, бұзақылық -7,5% құраған.
Сонымен көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыстық ісі көбінесе бұзақылық әрекетінде жиі байқалады. Сондықтан да ауыр дене зардаптары және өлтірулер негізінде бұзақылық мотивтері жатыр. Криминологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, қылмыстық істің негізінде жасөспірімдердің өзін таныту қажеттілігі басым болып келеді. Өзін таныту қажеттілігі әрбір адамған тән, бірақ бұл жасөспірімдік кезенде анық көрінеді. Жасөспірімдердің күштеу мотивациясы жоғары эмоциялық және ситуативтілікпен сипатталады. Жеткіншектердің күштеу әрекет – қылығы қайырымсыздықпен байланысты болып келеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық типологиясында негізгі үш нәрсені қарастыру керек:
1. қылмыскер жасөспірімнің жалпы түрі;
2. белгілі категорияның қылмыскер тұлғасы;
3. белгілі түрдің қылмыскер тұлғасы;
Бұл градациялар бір–бірімен жалпы, ерекше, біркелкі деп сәйкестенеді. Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскер жасөспірімнің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.
Осы критерий бойынша қылмыскер жасөспірімнің үш түрін бөліп шығаруға болады:
1. антиәлеуметтік жасөспірім,
2. асоциалды жасөспірім,
3. психологиялық өзіндік реттеудің кемшілігімен сипатталынатын
қылмыскер жасөспірім.
Жалпы әрекет қылмыс жасаған адамның субъективті жақтарын толық ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Қылмыскер жасөспірімнің криминалды – психологиялық классификациясының негізінде басыңқы позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.
Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:
1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен;
2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;
3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;
4. қылмыс жасаудың жағдайымен;
5. жұмсарту жағдайының бар болуы;
6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі жүріс-тұрысы.
Жасөспірімдердің жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір жолы ретінде, жастармен профилактикалық-алдын-алу жұмысын жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуге жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершшіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.
Профилактика жасөспірімдерді тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық педагогикалық аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту немесе баска да асоциалды құбылыстар жайлы ескерту мақсатында қоғамға қарсы өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсерді болжайды
Бүгінгі таңда елімізде 17 000-нан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұр. Аз көрсеткіш емес. Дегенмен тәртіп сақшылары «жеткіншектер арасындағы қылмыс көрсеткіші жыл өткен сайын азайып келеді» деп «алақайлауда». Мамандардың алға тартқан статистикасына көз жүгіртер болсақ, 2004 жылы 6 500-дей жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылса, былтырғы көрсеткіш 4,5 мыңнан аспапты. Мамандар «Білім басқармалары мен Ішкі істер министрлігінің, қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық институттардың бірлесе отырып жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатындағы атқарған іс-шараларының арқасында жыл сайынғы жасөспірімдердің қылмыс жасау деңгейін 6,7 пайызға төмен түсіру мүмкін болып отыр», – дейді.
Келеңсіз жағдайлардың ата-ананың баласына жеткілікті көңіл бөлмеуі және отбасындағы белгілі бір проблемалық мәселенің оң шешімін таппауы салдарынан үйдегі моральдік-психологиялық тұрғыдағы кері ахуалдың қалыптасуынан болып отырғандығы болуы мүмкін. Ата-анасының тікелей қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбей өскен балада қоршаған орта мен ұжымға деген қалыптаспаған, дұрыс бағытталмаған кері негативті көзқарастың қалыптасатыны және де бала тарапынан берілген кез-келген сұраныстың қандай мақсатта жұмасалатыны сұралмай қанағаттандырылуы жасөспірім бойындағы жалқаулықтың, өмірлік құндылықтарды бағалай білмейтін өзімшілдіктің қалыптасуына әкеліп соғып, ұстаз бен оқушы арасындағы кикілжіңнің білім мекемелері мен уәкілетті органдар арасындағы түсініспеушіліктің туындауына әкеліп соқтырады.
Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата - аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып, сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
Жоғарыда аталған мәселелерге көңіл бөле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші елдерiнiң тәжiрибелерiне негізге ала отырып, балаларға қарым-қатынас қоғамның әлеуметтік жетiлуiнiң көрсеткiшi болып табылады деп айтуға болады. Сондықтан да Бағдарламадағы берілген мәселелердің шешуі өкілетті және атқарушы үкiметтiң салмақты көңіл аударуын талап етеді.
Бағдарламаның мақсаты өзара сiңiсушiлiк түрде және сабақтастық принциптеріне негізделген :
1-ші кезең– кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін құру;
2-ші кезең – өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастық пен әлеуметке жат қылықтарға бейім балаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға себеп болушы бiлiм беру ортасының мүмкіндігін дамыту.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірінші кезеңде мынандай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың құқықтық, өнегелік мәдениетін қалыптастырудағы және кәмелетке толмағандар арасындағы әлеуметке жат қылықты болдырмау жөніндегі қызметін бірлесіп жүргізуді қамтамасыз ету;
- қала құқық қорғау органдарының қылмыс жасайтын және әкімшілік құқық бұзушы немесе соны жасауға бейім балаларды дер кезінде анықтап табу, есепке алу, алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан зардап шегетін немесе психикаға зор әсерін тигiзетiн заттарды қолдануға бейім кәмелетке толмағандарды айқындау, есепке алу және кейіннен оларды оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық алдын алу жұмысын жүргізу; кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.
Екінші кезеңде:
- спорт алаңшаларының құрал-саймандарын, құрал-жабдықтарын қосымша сатып алу және аула клубтарын ашу, кәмелетке толмағандарды қала өмірінің мәдени, спорт саласына белсенді қатыстыру.
Бағдарлама мынандай бағыттарды көздейді:
- емдеу-диагностикалық іс-шаралары;
- ақпараттық-насихаттау қызметі (алдын алу);
- әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (оңалту және бейімдеу);
- материалдық базаны кеңейту;
Кәмелетке толмағандармен және әлеуметтік-педагогикалық процеске қатысушылармен жаңа материалдық-техникалық база негізіндегі әлеуметтік серіктестік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін жетілдіру жөнінде іс шаралар кешені өткізілетін болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |