=ЕСЛИ(Разослано_материалов<200000;0,2;ЕСЛИ(Разослано_материалов<300000;0,15;0,1))
Пошталық шығындар. Олардың құны белгілі және бір пошталық жіберуге 0,32 құрайды.
Респонедттер саны. Жауаптардың шамаланған санын алу. Ол шамаланған жауап пайызына және таратылған материалдар санына байланысты анықталады. Бұл ұяшық үшін формула келесідей: =Процент_ответевших*Разослано_материалов
Бір респондентке түсетін табыс. Бұл белгілі мән. Компанияға әрбір тапсырыс үшін 22 пайда алатыны белгілі.
Жалпы пайда. Жалпы пайда қарапайым формула бойынша есептеледі., онда бір тапсырыстан алынған табыс мөлшері тапсырыс санына көбейтіледі: =Доход_на_одного_респондента*Число_респондентов.
Жалпы шығындар. Осы ұяшықта орналасқан формула бойынша жарнамаға кететін жалпы шығынды есептейді, оған баспа материалдарының және пошталық қызметтің құны кіреді:
=(Стоимость_печатных_материалов+Почтовые_расходы)*Разослано_материалов.
Таза пайда. Жалпы табыс пен жалпы шығын айырмасы ретінде анықталады.
Таратылған жарнамалық материалдар санының әртүрлі комбинациясы және алынған жауаптардың шамаланған пайызы кезінде таза пайданы есептеуге мүмкіндік беретін екі енгізу жолы бар подстановка кестені құрайық. Кестені G4:O14 диапазонына қойыңыз. Подстановка кестесін құру үшін көрсетілген диапазонды ерекшелеп, Данные | Таблица подстановки командасын орындау керек. Подставлять значения по столбцам в өрісіне – ұяшық атын Процент_ответивших деп, Подставлять значения по строкам в өрісіне – ұяшық атын Разослано_материалов деп енгізіңіз. 9-суретте жоғарыда кескінделген әрекеттерді орындау нәтижесі көрсетілген.
9-сурет. Екі енгізу жолы бар подстановка кестесі көмегімен жүргізілген анализ нәтижесі
Екі енгізу жолы бар подстановка кестесі деректері бойынша үшөлшемді диаграмма құру керек (10-сурет).
10-сурет. Үшөлшемді диаграмма мысалы
№5 дәріс. Сценарийлер диспетчерін пайдаланудың ақпараттық технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны
Подстановка кестесі көмегімен деректерді талдау тиімді болып табылады. бірақ оның бірнеше кемшіліктері бар.
біруақытта тек бір немесе екі алғашқы параметрінің өзгеруі кезінде есептелетін деректерді талдау керек.
Подстановка кестесін құру процесі интуитивті әрдайым түсінікті емес.
Екі енгізу жолы бар подстановка кестесін пайдалану кезінде тек бір формула бойынша жүргізілген есептеулер нәтижелерін талдауға болады. басқа формулалар үшін қосымша подстановка кестелерін құру керек.
Көбінесе енгізу параметрлерінің тек бірнеше белгілі комбинациялары үшін жүргізілген есептеу нәтижелерін көру қажет болады.
Сценарийлер диспетчері құралы көмегімен әртүрлі модельдер үшін "что-если" анализін орындау процесін автоматтандыру жеткілікті. Сценарий деп "что-если" деп аталған модельді айтамыз. Оған бір немесе бірнеше формулалармен байланысқан ұяшық айнымалылары кіреді. Сценарий құру алдында әртүрлі мән қабылдай алатын, ұяшықтарға тәуелді, бетте бір формула болатындай жобалау керек. Мысалы, кафетерийде кофені апта бойы сату үшін ең жақсы және ең жаман сценарийлерді салыстыруда қажеттіліктер туындауы мүмкін. Төменде келтірілген мысалда бұл бет Ең жақсы нұсқа және Ең жаман нұсқа сату сценарийлерін құру үшін пайдаланылады. Оның көмегімен Сіз айнымалылардың кез келген саны мен әрбір жиынға ат беру үшін енгізілетін мәндер деректерінің бірнеше жиынын құра аласыз (Сценарийлер диспетчері құралының терминологиясында олар өзгертілетін ұяшықтар деп аталады). Содан кейін деректердің белгілі жиынын таңдауға болады, және Excel осы деректерді талдау нәтижесін жұмыс бетінде көрсетеді. Сонымен қатар сценарийлер бойынша қорытынды есеп құруға болады, онда енгізу параметрлерінің әртүрлі комбинацияларын қою нәтижесін көруге болады. Қорытынды есеп қарапайым құрылымдалған тізім түрінде көрсетілуі мүмкін.
Мысыл ретінде ағымды жылға тауарларды сату көлемін жобалау процесін қарастырайық. Сату көлемі көптеген факторларға байланысты болуы мүмкін, өйткені біреуі ең жақсы, ең жаман және ең ықтимал жағдай бойынша үш сценарий құрылады. Сценарийлерге атау берілгеннен кейін Сіз тізімнен сәйкес атауларды таңдай отырып, олардың арасында оңай басқаларына көше аласыз. Сонымен қатар Excel автоматты түрде жұмыс бетіне алғашқы қажет деректерді қояды және формулаларды есептейді.
Сценарийлерді анықтау
Сценарийлер диспетчері құралы туралы жалпы көрініс алу үшін өндірістік модельдің қарапайым мысалын қарастырудан бастайық (1-сурет).
1-сурет. Өндірістік модель мысалы
Бұл мысалда үш сценарий анықталған, олар 1-кестеде келтірілген. Ең жақсы жағдай үшін сағаттық төлем тарифі мен материалдар құны сценарийінде, ең жаман жағдай үшін сценарийде бұл мәндер ең үлкен. Үшінші сценарийде немесе ең ықтимал жағдайда осы параметрлердің аралық мәні пайдаланылады (олар менеджермен факторлар қатары есебімен анықталады). Менеджерлер ең жаман жағдайға дайын болуы керек, бірақ егер ең жақсы жағдай сценарийі жұмыс істеп кетсе, оларға не болатынын білу қажет.
1-кесте. Excel өндірістік моделінің үш сценарийі
|
Сценарий
|
Сағаттық төлем
|
Материал бірлігінің құны
|
Ең жақсы жағдайда
|
30
|
57
|
Ең жаман жағдайда
|
38
|
62
|
Ең ықтимал жағдайда
|
34
|
59
|
Достарыңызбен бөлісу: |