ПоәК 042-18-12 13/03-2013 Баспа №3 18. 09. 2013ж



жүктеу 1,44 Mb.
бет8/8
Дата24.01.2018
өлшемі1,44 Mb.
#7875
1   2   3   4   5   6   7   8

немесе матрицамен.



Шарт

Жағдай




Тапсырыс

Тапсырыс номенклатураға сай емес

Тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілген

Тапсырыс қоймадағы тауарлармен қамтамасыз етілмеген

Бастапқы жағдай

Әрдайым белсендіріледі













КҮТІМ




Тапсырысты алу










ӨҢДЕУ

ӨҢДЕУ







Тапсырыстан бас тарту







КҮТІМ

ӨҢДЕУ










Тапсырысты өндіру




КҮТІМ

ӨҢДЕУ













Тауарға тапсырыс беру

КҮТІМ

Қарастырылған аппарат масштабты процестер үшін пайдаланылады. Қарапайым процестер үшін ол әлдеқайта жеңілдетілген.

Б. Қарапайым процестер

Бұл жағдайда жүйелік негіз номер, процесс аты, енгізу мен шығару деректерінің тізімі және процесс денесі (сипаттау, алгоритм) бар процесс спецификациясы болып табылады. Денені құрылымдық тілмен, визуалды тілмен, формальды компьютерлік тілмен сипаттауға болады. Процесс спецификациясының мынадай түрі болуы мүмкін:



ВХОД=ЗАКАЗ

ВЫХОД=ЗАКАЗ АННУЛИРОВАН

ВЫХОД=ЗАКАЗ ПРИНЯТ

СПЕЦ. ПРОЦЕСС 1

ВЫПОЛНИТЬ ПОЛУЧИТЬ ЗАКАЗ

ДО_ТЕХ_ПОР_ПОКА ЗАКАЗ_ОТСОРТИРОВАН

КОНЕЦ_ВЫПОЛНИТЬ

ВЫПОЛНИТЬ установить флаг ЗАКАЗ АННУЛИРОВАН, если он не соответствует номенклатуре

ВЫПОЛНИТЬ установить флаг ЗАКАЗ АННУЛИРОВАН, если он неверно оформлен

ВЫПОЛНИТЬ установить флаг ЗАКАЗ ПРИНЯТ, если он соответствует номенклатуре

КОНЕЦ_ВЫПОЛНИТЬ

КОНЕЦ СПЕЦИФИКАЦИИ ПРОЦЕССА 1.

Осындай шарттар визуалды тілде де болуы мүмкін. Бұны Flow-формалар көрсетеді. Олар жоғарыда көрсетілген әр түрлі толтырулармен тікбұрышты береді.

Шешім кестесі көбінесе Егер ..., ОНДА схемасы бойынша беріледі және шешім тоғайы (Сi - шарт) түрінде көрсетілуі мүмкін.

Flow-формаларының көптүрлілілігі Несси-Шнейдер диаграммасы болып табылады.

CASE-технологиялар бірнеше белгілер бойынша классификациялануы мүмкін.

Software Engineerig (SE) және Information Engineerig (IE) шкалалары бойынша. Бірінші шкала программалық қамтаманы жобалауға арналған, екіншісі – жаңа, қолданудың кең облысы (тек программалық қамтаманы ғана жобалау емес).



2. CASE-әдістер

CASE-технология CASE-әдістермен пайдаланылады. Олардың тек қана мүмкіндіктерін сипаттайық.

CASE-әдістердің интегралданған пакеті 4 негізгі компонеттерден тұрады.


  1. бүкіл жоба туралы ақпаратты орталықтан сақтау әдістері.

  2. сақтауға арналған мәліметті енгізу әдістері.

  3. анализдеу, жобалау және құрастыру әдістері.

  4. енгізу әдістері.

CASE-технология үшін (қысқаша - CASE) графикалық диаграмманың төрт негізгі типі сәйкес келеді:

  1. функционалды жобалау (DFD);

  2. Деректерді модельдеу (ERD);

  3. іс-әрекетті модельдеу (STD);

  4. құрылымдық диаграммалар (карталар) – модельдар арасындағы қатынас және ішкі-модульдік құрылым.

CASE-әдістерді (ең бірінші Oracle фирмасының және жеке кәсіпорындардың) категориялар және функционалды белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Категория бойынша. Интеграция деңгейін ерекшелейді: қоосымша программалар (tools); пакеттер(toolkit); инструментальды әдістер (workbench, АРМ).

  2. Функционалды белгі бойынша.

Анализдеу және жобалау үшін CASE-аналитикті (бірінші генерациялаудың жалғыз отандық әдістерінің бірі), Application Development Workbench, Easy CASE System Designer пайдалануға болады.

ДБ жобалау ERWin (Oracle фирмасы) пайдаланған кезде жеңілдетіледі, ол деректердің логикалық модельдеуін жүргізуге мүмкіндік береді.

Программалау (кодогенерациялау) - DECACE (Borland).

Реинжиниринг (анализ, корректировка, бар жүйенің реинжинирингі) - SuperStructure (Computer Data System).

Жобаны басқару (жобалау, бақылау, әсер ету) - Project Workbench (Applied Business Technology).

Oracle ортасында ДБ жобалауды автоматтандыру жүйесінің біреуін қарастырайық (Cooperative Development Environment - CDE), оларға CASE*Dictionary, CASE*Designer, CASE*Generator кіреді.

CASE*Dictionary – ақпаратты сақтау ортасы (ДБ жобасын). CASE*Designer – графиктік модельдеу әдістерінің көмегімен сыртқы интерфейс арқылы жүйеде процестер мен Деректерді модельдеу әдістері. CASE*Designer толығымен CASE*Dictionary интегралданған. CASE*Generator - CASE*Designer ақпаратты негізінде автоматты түрде программалық кодтың модульдерін генерациялайды (менюді, формаларды, отчеттарды). CASE*Generator қосымшалар схемасында DLL-сценариилерді де (кестелерді, индекстерді) генерациялайды.

Oracle7 ашық архитектурамен жобаланған, сондықтан басқа компаниялар толықтыратын әдістер құрастыра бастады:

Application Development Workbench (көптеген платформаларды жүйелер құру) – KnowledgeWare компаниясы;

Easy CASE System Designer (Oracle қоса, бір немесе бірнеше ДББЖ арналған қосымшалар схемасын генерациялауға мүмкіндік беретін жобалаудың графиктік инструментальды әдістері) - Evergreen CASE Tools компаниясы;

ERWin/ERX (MS Windows үшін ДБ жобалау әдістері) - Logic Works компаниясы;

ADW – процестер мен деректерді анализдеуге, жобалауға, модельдеуге және қосымшаларды автоматты түрде генерациялауға арналған интегралданған жиынтық.



Бақылау сұрақтары

  1. Case – технология дегеніміз не?

  2. CASE-технологиямен сәйкес құрастыруда қандай принциптер ерекшеленеді?

  3. Процестерді сипаттауда қандай жағдайлар болуы мүмкін? Оларға сипаттама беріңіз.

  4. Case – әдістер дегеніміз не?

  5. Case – әдістер құрамына қандай компоненттер кіреді?

  6. Қандай Case – әдістер бар?

Әдебиет: (1)
Дәріс №12, 13. Бөлшектелген деректер базасы

Дәріс жоспары

  1. ДБ классификациясы: орталықтандырылған, бөлшектелген.

  2. ДБ архитектурасы: файл-сервер, клиент-сервер.

  3. ДБ қойылатын жаңа талаптар.

  4. БДБ құрамы мен жұмысы.

  5. "Клиент-сервер" архитектурасы ".

Дәрістің қысқаша мазмұны

Деректер базасының классификациясы

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер базасы орталықтандырылған және бөлшектелінген болып бөлінеді.

Орталықтандырылған деректер базасы бір есептеу жүйесінің жадысында сақталады. Егер бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компоненті болып табылса, онда осы қорға кіру мүмкін. Деректер базасын пайдаланудың мұндай әдісі ДК жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады.

Бөлшектелінген деректер базасы қиылысатын немесе бірінің бөлігін бірі қайталайтын, әр түрлі ЭЕМ-де сақталатын есептеу желісінің бірнешеуінен тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу бөлшектелінген деректер базасын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асады.

Деректерге кіру әдісі бойынша деректер базасы деректер базасына жергілікті кірумен және деректер базасына желілік кірумен анықталады.

Желілік кірумен орталықтандырылған Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер базасы мынадай жүйелердің әр түрлі архитектураларын қамтамасыз етеді:



  • файл-сервер;

  • клиент-сервер.

Файл-сервер. Желілік кіру кезінде ДБ жүйесінің архитектурасы желі машинасынан біреуін орталық (файлдар сервері) ретінде алуды жоспарлайды. Ондай машинада бірге пайдаланылатын орталықтандырылған ДБ сақталады. Желінің барлық басқа машиналары жұмыс станциялары функциясын орындайды. Деректер базасының файлдары сұраныстарын жұмыс станцияларына жібереді, онда негізінен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Файл-сервер концепциясын 1-суретте шартты түрде суреттелген.

Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталықтандырылған деректер базасын сақтаудан басқа орталық машина (деректер базасының сервері) деректерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз ету керек. Деректерге сұраныс беру іздеуді және серверден деректерді алуды тудырады. Табылған деректер (файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке жіберіледі. Клиент-сервер архитектурасының спецификасы SQL сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Клиент-сервер концепциясы 2-суретте суреттелген.

1-сурет. Файл-сервер концепциясы



1-сурет. Клиент-сервер концепциясы



ДБ қойылатын жаңа талаптар

80-ші жылдардың аяғында ДБ үшін жұмыстың жаңа шарттары пайда болды: ақпараттың үлкен көлемі көптеген жерлерде туындайды (мысалы, көтерме-бөлшек сауда, полиграфиялық және басқа өндірістер); деректердің үлкен санының басы орталық болуы мүмкін, бірақ бұл деректерге перифериямен бірге тез кіру желісі қажет (бір графикпен істейтін географиялық бөлінген өндіріс). Сонымен қатар деректер орталықпен сұралуы мүмкін. Жылдам сұраныстарда пайдаланылатын деректердің үлкен көлемі бар (авиа – және темір жол билеттерін сату).

Орталықтандырылған ДБ жаңа талаптарды қанағаттандыра алмады.

Деректердің берудің тез таралатын желілері, ДК сыртқы жады көлемінің жылдам ұлғаюы 80-ші жылдарда оның арзандау кезінде бөлшектелген ДБ (БДБ) кең ендіруге көмектесті.

БДБ артықтылықтарына мыналар жатады:


  1. БДБ құрылымының кәсіпорын құрылымына сәйкестігі;

  2. жергілікті ДБ-мен тығыз байланысты болуы;

  3. тораптарды орталықтандырудың кең мүмкіндігі;

  4. ақпаратқа тәуелсіз кіру, деректерді беру құнының төмендеуі (деректерді тығыздау және концентрациялау негізінде);

  5. жоғары жүйелік сипаттамалар;

  6. іс-әрекетті модульді өндіру, аппараттық құрылғылардың көптігі, программалау объекті-қалыптамалы жүйені пайдалану;

  7. файлдарды олардың белсенділігіне сәйкес бөлу мүмкіндігі;

  8. стандарт интерфейс арқылы жергілікті ДБ тәуелсіз құру.

Сонымен қатар БДБ өте қиын құрылымы бар. Бұл қосымша мәселелердің туындауына әкеледі (Деректердің уақыт бойынша сәйкес келмеуі, жаңарту және сұраныс процестерінің сәйкеспеуі, телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану, қосымша қосылған жергілікті ДБ жұмыс істеу есебі).

Күрделі мәселелер бірдей, көбінесе реляциялық деректер базасымен біртекті (гомогенді) жергілікті ДБ БДБ ортасында интеграциялау кезінде туындайды.

Егер жергілікті ДБ деректердің әртүрлі модельдерін пайдалану арқылы құрылса (біртекті емес, гетерогенді БДБ), мәселелер әлдеқайда қиындай түседі.

Бөлшектелген деректер базасы (БДБ) – логикалық интегралданған және территориялық бөлінген ДБ, ақпаратты құру, енгізу және өңдеуге арналған жүйе.

Бұл ақпарат деректерді беру желісі арқылы байланысқан әртүрлі ЭЕМ-де сақталатындығын білдіреді.

БДБ құрамы мен жұмысы

Схемада желілік ДББЖ анықтайтын пайдаланушылық, ауқымды (концептуалды) фрагментарлы (логикалық) және бөлшектелген (жергіліктенген) деректерді көрсету деңгейлерін ерекшелейді..

БДБ сақталатын деректердің жалпы жиыны (кестелер жүйесі) 1-кестеде көрсетілген.



Кесте 1.

Бұл ауқымды деңгей орталықтандырылған ДБ концептуалды моделі сияқты әдістермен де жобалау кезінде анықталады.

Ауқымды деңгейдің барлық деректері нақты пайдаланушыға берілуі мүмкін емес. Толық деректер (пайдаланушылық, сыртқы деңгей) басты кәсіпорынның 1 торабында бар. 2, 3 тораптарды деректер толық емес. 3 торапта олардың түрі 2 кестеде көрсетілгендей болады.

Кесте 2.


Пайдаланушылық деңгей фрагменттерден тұрады (мысалы, A, B, C, 1, 2, 3 жолдары немесе 1 кесте бағаны).

Горизонтальды және вертикальды фрагменттеуді (бөлшектеу) ерекшелейді.

Горизонтальды фрагменттеу тораптар бойынша бөлумен байланысты. Горизонтальды фрагменттеу жабылмайды.

Вертикальды фрагменттеу есептер бойынша деректерді топтастырумен байланысты.

Фрагменттеу көбінесе тораптарды ақпаратты қайталауды (дубль) болжамайды. Сонымен қатар бөлшектелген деңгейдің торабы бойынша (локализация) фрагменттерді орналастыру кезінде тораптарда БДБ бір бөлігінің көшірмесі болуы мүмкін.

Мысалы, 1 кестедегі мысал үшін жергіліктендіру (локализация) 3-кестеде көрсетілгендей түрде болуы мүмкін.
Кесте 3.

Деректерді жергіліктендіру


Кесте атауы

Фрагменттер

Тораптар бойынша фрагменттерді бөлу

Қызметшілер

1
2
3

1
1,2
1,3

Завод

a
a
a

1,2.3
1,2,3
1,2,3

Шикізат

A
B
C

1
2
3

"Завод" кестесі үшін қайталану (дублирование), ал «Шикізат» кестесі үшін – бөлшектеу (расчленение) жүзеге асып тұрғаны анық.

Фрагментті физикалық өндіру (логикалық) сақталынатын фрагмент деп аталады.

БДБ желі желілік операциялық жүйені құрады (мысалы, Windows NT, Novell NetWare). Желіде пайдалануға арналған ДББЖ ретінде BTrieve, Oracle, Interbase, Sybase, Informix атауға болады.

Деректерді сақтаудың төрт стратегиясы болуы мүмкін: орталықтандырылған (клиент/сервер архитектурасымен жиі қамтамасыз), бөлшектеу (фрагментация), қайталау (дублирование), аралас.

Сақтау стратегиясының салыстырмалы сипаттамасы 4 кестеде келтірілген.

Кесте 4.

БДБ деректерді сақтау стратегиялары


Стратегия атауы

Стратегия мазмұны

Ерекшеліктері

Кемшіліктері

Орталықтандырылған (сонымен қатар клиент/сервер технологиясы)

Бір торапта ДБ жалғыз көшірмесі

Құрылымының қарапайымдылығы

Өңдеу жылдамдығы бір тораппен шектеледі. Ұзақ уақытты жады ДБ көлемін қамтамасыз етеді. Шектеулі кіру (доступ).

Жергіліктендіру (бөлшектеу)

Тораптар бойынша бөлшектелген жалғыз көшірме (ДБ толық көшірмесі алынбайды)

ДБ көлемі желі жадымен анықталады. БДБ құнының төмендеуі.

Сұраныс барлық тораптар бойынша болмауы мүмкін. Кіру (доступ) орталықтандыруға қарағанда төмен болуы мүмкін.


Қайталау

Әрбір жергілікті ДБ – БДБ толық көшірмесі.

Сенімділік, таңдау тиімділігі, жаңарту қарапайымдылығы. Тораптарда деректерді жергілікті асинхронды өңдеужылдам жауаптарды алу.

ДБ көлемі ұзақ уақытты жадымен шектелген. Көптеген көшірмелерді синхрондау. Қосымша жады. Параллель өңдеуді өндіру.


Аралас

Әрбір торапта сақталатын логикалық фрагменттің бірнеше көшірмелері

Сенімділіктің кез келген дәрежесі. Параллель өңдіру.

Словарьды сақтау керек. ДБ әртүрлі бөліктеріне тораптың айналуының әртүрлі жиілігі. Бөлшектеу кезінде сенімділікті жоғалту.

Оның негізінде стратегияны таңдаудың қарапайым алгоритмі құрылуы мүмкін.

Осыған байланысты клиент/сервер архитектурасы – жергілікті желі құрылымы пайдаланылады, мұнда есептеу күштілігін максималды тиімді пайдалану үшін сервер және жұмыс станцияларымен (клиенттермен) басқару пайдаланылған.

Мұнда ең үлкен жады көлемі мен жоғары жылдамдықты құрылымы бар компьютерлердің біреуі сервер деп аталатын приоритетті болып табылады.

Сервер – пайдаланушылармен басқа тораптардан келіп түсетін сұраныстарды өңдеу үшін және коллективті пайдалануда деректерді сақтау үшін арналған компьютерлік желінің тораптық станциясы.

Серверде көбінесе клиенттермен сұралатын деректер ғана сақталады.

Клиент – басқа компьютермен (сервермен) берілетін бірге пайдаланылатын ресурстарға айналатын компьютер.

Клиенттерге жадыға және жылдамдыққа соншалықты қатты талаптар қойылмайды. Осыған байланысты архитектурада ақпаратпен алмасу минималды болады.

Клиент/сервер архитектурасымен жұмыс Open DataBase Connectivity (ODBC) схемасы көмегімен жүзеге асуы мүмкін.

Бұл жағдайда желі серверлерді қосу жолымен туындайды.

Клиент/сервер жүйесі

"Клиент/сервер" терминімен бірге үш түсінік пайдаланылады.


  1. Архитектура: Бөлшектелген ДБ нұсқасын құру концепциясы туралы әңгіме жүреді.

  2. Технология: Бөлшектелген ДБ-да іс-әрекеттер тізбегі жайлы айтылады.

  3. Жүйе: элементтер жиынтығы мен олардың арасындағы іс-әрекет қарастырылады.

Клиент/сервер архитектурасы туралы жоғарыда айтылған.

Клиент/сервер технологиясы еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.:



  1. күшті сервер арқылы сұраныстарды орындаудың жалпы уақыты қысқартылады;

  2. клиентпен орталық процессорды пайдалану (есептеулер жүргізу үшін) тиімділігі ұлғаяды;

  3. клиентпен «өзінің» компьютерінің жадын пайдалану көлемі азаяды;

  4. желілік трафик қысқартылады.

Мұндай ірі масштабты жүйелерге мынандай талаптар қойылады:

  1. құрылымының иілгіштігі;

  2. сенімділік;

  3. Деректерге оңай кіру;

  4. жүйенің оңай қызмет көрсетуі;

  5. қосымшалардың масштабталуы;

  6. қосымшалардың басқа жерге қойылуы (әртүрлі платформаларға);

  7. көпесептілік (көптеген қосымшаларды орындау мүмкіндігі).

Клиент/сервер жүйесінде келесі құрамаларды бөлуге болады: сервер, клиент, клиент пен сервер арасындағы интерфейс, администратор.

Сервер көптеген клиенттер үшін жалпы ресурсты басқаруды жүзеге асырады. Ол келесі есептерді орындайды:



  1. жалпы ДБ басқару;

  2. Деректерге кіру және қорғау, оларды қайта қалпына келтіруді жүзеге асырады;

  3. Деректер бүтіндігін қамтамасыз етеді.

ДБ-на серверде орталықтандырылған ДБ-на сияқты сондай талаптар қойылады.

Клиенттердің сұраныс нәтижесі сервер жадысының жұмыс облысында орналастырылады, оларды ДББЖ қатарында (мысалы, Oracle) «кестелік облыс» деп аталатынын атап өту керек. Оның көп орынды алмауына байланысты әрбір клиент-пайдаланушы үшін өзінің кестелік облысын құруға болады. Бұл жағдайда алғашқы кестелерге пайдаланушы үшін кіру мүмкін емес болады, ал клиенттің ДБ қосымшасын архивтеу (көшіру) жеңілдетіледі.

Клиент компьютерде өзінің қосымшаларын сақтайды, олардың көмегімен серверде деректер сұранысы жүзеге асады. Клиент келесі есептерді шешеді:


  1. пайдаланушыға интерфейс береді;

  2. косымша жұмысының логикасымен басқарады;

  3. деректерге кіруді тексереді;

  4. серверден сұранысты және деректерді алуды жүзеге асырады.

Клиент пен сервер арасындағы деректерді жіберу әдісі – желілік (желілік операциялық жүйе – ЖОЖ) және коммуникациялық программалық қамтамасы бар желі (коаксиальды кабель, витая пара).

ЖОЖ ретінде Windows NT, Novell NetWare (көбінесе DOS пайдаланған кезде) пайдаланылуы мүмкін. Коммуникациялық программалық қамтама компьютерлерге арнайы программалар – коммуникациялық протоколдар тілінде әрекеттесуге мүмкіндік береді.

Жалпы жағдайда мұндай әрекеттесу жетідеңгейлі ISO көмегімен жүзеге асады. Жергілікті желі үшін схема жеңілдетіледі. Windows NT үшін протоколдар Transmission Control Program/Internet Program (TCP/IP), NetWare үшін - Sequenced Packed eXchange/Internet Packed eXchaned (SPX/IPX) болып табылады.

Желілік құралдардың әртүрлілігі клиент/сервердің стандартты аралық программалық қамтамасын құруды қажет етеді. Қолданбалы программалық интерфейс жайлы айтады (Application Programming Interface - API).

Бұған Delphi және InterBase ДББЖ қосымшасында пайдаланылатын Open Database Connectivity (ODBC) және Integrated Database Application Programming Interface (IDAPI) жатады.

Клиент пен сервер арасындағы іс-әрекетті келесі түрде көрсетуге болады.

Пайдаланушының қосымшаға кіру кезінде компьютер-клиент пайдаланушыдан аты мен паролін сұрайды. Содан кейін – дұрыс жауап алған кезде – қосымша клиентпен ашылуы мүмкін. Қосымша пайдаланушының аты мен паролін хабарлайтын серверге қосылуға мүмкіндік береді.

Егер қосылу жүзеге асса, екі түрлі процесті: алдыңғы бөлім мен фондық орындайтын сервер жұмыс істей бастайды.

Алдыңғы бөлім процесі сұранысты өңдейді, фондық құрама өңдеу процесін басқарумен байланысты.

Сервер жұмысы мынандай ретте болуы мүмкін:



  1. сұраныс түскеннен кейін диспетчер «бірінші келді – бірінші қызмет көрсетілді» схемасы бойынша оны кезекке тұрғызады.

  2. алдыңғы бөлім процесі «бұрынғы» ("самый старый") сұранысты таңдап алып, оны өңгеуге кіріседі. Аяқталғаннан кейін нәтиже клиентке жіберу үшін кезекке қойылады.

  3. Диспетчер кезектен сәйкес клиентке нәтижені жібереді.

Сұранысты өңдеу кезінде фондық процестер басқа маңызды операцияларды орындайды, негізгілері мыналар болып табылады:

ДБ-нан жұмыс облысының (оқу кезінде) аралық (буферлі) жадыға деректерді жазу және керісінше (жаңарту кезінде).

Транзакция журналына жазу.

Транзакция тобын архивтеу (көшіру).

Транзакцияны авариялық аяқтау.

Аппараттық сбой болғаннан кейін бөлшектелген ДБ-да деректерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін бақылау нүктелері дискісіне периодтық жазу.

Бөлшектелген ДБ администраторы келесі есептерді шешу керек:


  1. Бөлшектелген ДБ жобалау және жадыны бөлу.

  2. Желі конфигурациясын баптау.

  3. Бөлшектелген ДБ құру.

  4. Қосымшаны құрастырушылармен жұмыс.

  5. Жаңа пайдаланушыларды құру.

  6. ДБ жиі архивтеу және оларды қалпына келтіру бойынша операцияларды орындау.

  7. ОЖ және ЖОЖ көмегімен ДБ-на кіруді басқару.

Бөлшектелген ДБ администраторы жүйесінде мысалы, ОЖ, желі, автихтеу, қорғаныс үшін жауап беретін бірнеше адамдардардан тұруы мүмкін.

Демек, клиент/сервер жүйесі әрқилы: бір жағынан, оны орталықтандырылған көппайдаланушылық ДБ-ның бір түрі ретінде санауға болады, екінші жағынан, ол бөлшектелген ДБ-ның жеке жағдайы болып табылады.



Бақылау сұрақтары

  1. Орталықтандырылған ДБ дегеніміз не?

  2. Бөлшектелген ДБ дегеніміз не?

  3. "Файл-сервер" архитектурасы нені білдіреді?

  4. "Клиент-сервер" архитектурасы нені білдіреді?

  5. Бөлшектелген ДБ қандай ерекшеліктері бар?

  6. Деректерді сақтаудың қандай стратегиялары бар?

  7. Сервер дегеніміз не?

  8. Сервер қандай мәселелерді шешеді?

  9. Клиент дегеніміз не?

  10. Клиент қандай мәселелерді шешеді?

  11. Сервер жұмысының қандай реті болуы мүмкін?

  12. Фондық процестер сұранысты өндеу кезінде қандай операциялар орындайды?

  13. Бөлшектелген ДБ администраторы қандай есептерді шешу керек?

Әдебиет: (1)
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР

Лабораториялық сабақ №1

Тақырып. Негізгі түсініктер

Сабақтың мақсаты:

Мәліметтер қоры теориясының негізгі түсініктерімен танысу.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Құрылымдылық дегеніміз не?

  2. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  3. МББЖ дегеніміз не?

  4. Мәліметтер моделі дегеніміз не?

  5. Мәліметтер моделі нені көрсетеді: иерархиялық, тораптық, реляциялық?

  6. Жазба, өріс дегеніміз не?

  7. Кілттік өріс дегеніміз не?

  8. Байланыстың қандай түрін МБ кестелері арасында орнатуға болады?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ №2

Тақырып. Мәліметтер қорының концепциясы

Сабақтың мақсаты:

Мәліметтер қорының концепциясымен танысу. Мыналарды қарастырайық: МБ қойылатын талаптар; жобалау әдістемесі және МБ пайдалану.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. МБ қандай талаптар қойылады?

  2. МБ құру концепциясы.

  3. Қандай МБ бастапқы (восходящее) жобалау қолданылады?

  4. Қандай МБ соңғы (нисходящее) жобалау қолданылады?

  5. Орталықтандырылған МБ жобалаудың қандай сатылары бар және осы сатылардың әрқайсысында не жүзеге асырылады?

  6. Жобаланатын МБ төменгі тиімділігінің белгісі қандай?

  7. Мәліметтерді көрсетудің қандай деңгейлері бар?

  8. Мәліметтер сөздігі дегеніміз не?

  9. Қандай операциялар МБ эксплуатациялау кезінде пайдаланылады? Осы операцияларға анықтама беріңіз.

  10. МББЖ өндірудің қандай бағыттары бар? Осы бағыттар нені білдіреді?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ №3, №4

Тақырып. Мәліметтер қорын жобалаудың негізгі сатылары

Сабақтың мақсаты:

МБ жобалаудың сатыларымен танысу.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. МБ өмірлік циклінің қандай сатылары бар?

  2. МБ жобалаудың қандай сатылары бар?

  3. Пәндік облыс жүйелік анализінің сатысында не жүзеге асырылады?

  4. Пәндік облыстың құрамын таңдауға қандай тәсілдер бар? Олардың мазмұнын ашу.

  5. Инфологиялық жобалау сатысында не орындалады?

  6. Даталогиялық жобалау сатысында не орындалады?

  7. Физикалық жобалау сатысында не орындалады?

  8. Инфологиялық модель дегеніміз не?

  9. Даталогиялық модель дегеніміз не?

  10. Физикалық модель дегеніміз не?

  11. МББЖ таңдау қашан жүзеге асырылады?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ №5, №6

Тақырып. Инфологиялық модельдеу

Сабақтың мақсаты:

Инфологиялық жобалау сұрақтарын қарастыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Инфологиялық жобалау дегеніміз не?

  2. Инфологиялық модель дегеніміз не?

  3. Инфологиялық жобалауды көрсететін қандай модельдер бар?

  4. "қатынас-байланыс" моделіне қандай компоненттер кіреді?

  5. Қатынас дегеніміз не?

  6. Атрибут дегеніміз не?

  7. Байланыс дегеніміз не?

  8. Инфологиялық модельдеуге қандай талаптар қойылады?

  9. ER – моделін көрсетудің қандай түрлері бар?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ 7

Тақырып. Даталогиялық жобалау

Сабақтың мақсаты:

Даталогиялық жобалау сұрақтарын қарастыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Даталогиялық жобалау дегеніміз не?

  2. Даталогиялық модель дегеніміз не?

  3. МБ даталогиялық жобалауына арналған қандай мәліметтер бастапқы болып табылады?

  4. Не даталогиялық жобалаудың нәтижесі болып табылады?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ 8

Тақырып. Қатынасты қарапайымдау

Сабақтың мақсаты:

Қатынасты 1-ші, 2-ші, 3-ші қарапайым формаға келтіретін қатынасты қарапайымдау процесімен таныстыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Қарапайымдау дегеніміз не?

  2. 1-ші қарапайым формаға түсінік беру.

  3. Функционалдық қатыс дегеніміз не?

  4. Толық функционалдық тәуелділік дегеніміз не?

  5. Транзитивтік тәуелділік дегеніміз не?

  6. 2-ші қарапайым формаға түсінік беру.

  7. 3-ші қарапайым формаға түсінік беру.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ №9, №10

Тақырып. Мәліметтерді физикалық ұйымдастыру әдістері

Сабақтың мақсаты:

Мәліметтерді физикалық ұйымдастыру әдістерін қарастыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Сақтау схемасы дегеніміз не?

  2. Мәліметтерді физикалық сақтаудың қандай әдістері бар?

  3. Мәліметтерді физикалық сақтаудың әдістеріне сипаттама беріңіз.

  4. МБ ақпаратты іздеудің қандай әдістері бар?

  5. МБ ақпаратты іздеу әдістеріне сипаттама беріңіз.

  6. Мәліметтердің физикалық форматы дегеніміз не?

  7. Қазіргі МББЖ қолданылатын физикалық ұйымдастырудың қандай әдістері бар? Олардың сипаттамасын беріңіз.

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ 11

Тақырып. CASE - технология

Сабақтың мақсаты:

CASE – технология мен CASE – әдістерінің түсінігімен танысу.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Case – технология дегеніміз не?

  2. CASE-технологиямен сәйкес құрастыруда қандай принциптер ерекшеленеді?

  3. Процесті суреттеуде қандай жаңдайлар болуы мүмкін? Олардың сипаттамасын беріңіз.

  4. Case – әдістер дегеніміз не?

  5. Case – әдістер құрамына қандай компоненттер кіреді?

  6. Қандай Case – әдістер бар?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ №12, №13

Тақырып. Бөлшектелген мәліметтер қоры

Сабақтың мақсаты:

Бөлшектелген МБ жобалаумен байланысқан сұрақтарды қарастыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Орталықтандырылған МБ дегеніміз не?

  2. Бөлшектелген МБ дегеніміз не?

  3. "Файл-сервер" архитектурасы нені білдіреді?

  4. "Клиент-сервер" архитектурасы нені білдіреді?

  5. Бөлшектелген МБ қандай ерекшеліктері бар?

  6. РБД қойылатын қандай спецификалық талаптар бар?

  7. РБД мәліметтер сөздігі дегеніміз не?

  8. Мәліметтерді сақтаудың қандай стратегиялары бар?

  9. Сервер дегеніміз не?

  10. Сервер қандай мәселелерді шешеді?

  11. Клиент дегеніміз не?

  12. Клиент қандай мәселелерді шешеді?

  13. Сервер жұмысының қандай реті болуы мүмкін?

  14. Фондық процестер сұраныстарды өңдеу кезінде қандай операцияларды орындайды?

  15. РБД администраторы қандай есептерді шешу қажет?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.



Лабораториялық сабақ №14

Тақырып. Жобалаудың арнайы сұрақтары

Сабақтың мақсаты:

МБ ақпаратты қорғау және МБ бүтіндікті қамтамасыз етуге байланысты сұрақтарды қарастыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Мәліметтерді қорғау дегеніміз не?

  2. Ақпаратты қорғаудың қандай аспектілері бар?

  3. Ақпаратты қорғау аспектілерінің мазмұнын ашыңыз.

  4. Ақпаратты қорғау әдістері қандай топтарға бөлінеді?

  5. Аппараттыққа қандай қорғау әдістері жатады?

  6. Программалыққа қандай қорғау әдістері жатады?

  7. Ұйымдастырушылыққа қандай қорғау әдістері жатады?

  8. Статистикалық өңдеу кезінде мәліметтерді қорғаудың қандай әдістері бар?

  9. Ақпараттың бүтіндігін қолдау процесі өзіне нені қосады?

  10. МББЖ қамтамасыз ететін ақпараттың бүтіндігін шектеудің қандай түрлері бар?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


Лабораториялық сабақ №15

Тақырып. Объекті-қалыптамалы мәліметтер қоры

Сабақтың мақсаты:

ОҚМБ теориясымен байланысты сұрақтарды қарастыру.



Лабораториялық сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  1. Қандай кемшіліктер реляциялық МБ бар?

  2. Қандай ОҚМББЖ бар?

  3. ОҚМББЖ мәнін қандай?

  4. Класс дегеніміз не?

  5. Объект дегеніміз не?

  6. Инкапсуляция дегеніміз не?

  7. Полиморфизм дегеніміз не?

  8. Әдіс дегеніміз не?

  9. ОҚМББЖ дамуының тенденциясы қандай?

  10. ОҚМББЖ дамуының кемшіліктері мен перспективалары қандай?

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды қарастыру.


4. студенттің өздік жұмысы

4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.

Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:

– жасалған жұмысты көрсету;

– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;

– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;

– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.

Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.

Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.

4.2.Өздік жұмыс тақырыптары:

4.1. Деректер базасының заттық салада ақпараттық модель ретінде көрсетілуі.

4.2. Деректер банкі. Деректер сөздігі.

4.3. Деректердің бүтіндігі. Схема және схема бөлшектері.

4.4. Деректерді ұсыну деңгейлері: сыртқы, концептуалды, ішкі.

4.5. Иерархиялық, тораптық және реляциялық модельдер, олардың құрылым түрлері.

4.6. Реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу.

4.7. SQL тілінде деректерді өңдеудің негізгі операторлары. Реляциялық модельдердің кемшіліктері мен артықшылықтары.

4.8. Деректер базасын құру.



4.9. Концептуалды, логикалық және физикалық жобалау.

4.10. Деректер базасының ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы.
жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау