ПоәК 042-18-11 20. 54/03-2014 Баспа №2 29. 08. 2014



жүктеу 1,07 Mb.
бет5/27
Дата14.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#19299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

7.4 Өлшеу жүйелері
Қазіргі өндірістердің күрделенуі мен ғылыми зерттеулер-дің дамуы жүздеген және мыңдаған физикалық шамаларды бірмезгілде өлшеу мен бақылау қажеттілігіне алып келді. Адамның үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдап алу мен өңдеу мүмкіншіліктеріне табиғи физиологиялық шектеулері өлшеу жүйелері сияқты осындай ӨЖ тудырудың бір себебі болды. Өлшеу жүйелері – бұл берілген объектіге автоматты басқару жүйесінде автоматты өңдеуге, беруге және (немесе) қолдану үшін қолайлы түрдегі физикалық шамалар жөніндегі өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу үшін арналған байланыс каналдарымен бір-бірімен байланысқан өлшеу құралдары, есептеу техника құралдары және көмекші қондырғыларының функционалды түрде біріккен жиынтығы. Оларға мысал болып күрделі өнеркәсіптерде дамыған және қандай да бір бұйымды өндірудің технологиялқ процесін бақылауға арналған жүйелер жатады, мысалы болат, электрэнергия және т.б. өндірістері.

Өлшеу сигналдарының тағайындалуына байланысты өлшеу, бақылау, басқару деп бөледі. Өлшеу каналдарының санына қарай жүйелер бір-, екі-, үш- және көпканалды болып жіктеледі.

Ең маңызды түрі болып ақпаратты-өлшеу жүйелері (АӨЖ) болып табылады, олар өлшеу ақпараттарын тұтынушыға қажетті етіп беруге арналған. Құру алгоритмдерін ұйымдастыру бойынша жүйелер мына түрге бөлінеді:

 жұмыстың алдын ала берілген алгоритмі бойынша, олар-дың құрылу ережелері өзгермейді, сондықтан олар тек тұрақты режимде жұмыс істейтін объектілерді зерттеу үшін қолданылады;

 программалаушы, олардың жұмыс алгоритмі зерттеу объектісінің құрылу шарттарына сәйкес құрылған берілген программа бойынша өзгереді;

адаптивті, олардың жұмыс алгоритмдері, сонымен қатар құрылымдары өлшенетін шамалар мен объектінің жұмыс шарттарының өзгеруіне бейімделе отырып өзгереді.

Агрегатталған жүйелерді құру кезінде блоктардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен қосылуы және бірігуі есептері шешілуі тиіс.

Бірігудің АӨЖ-не сәйкес бес түрі бар:

 өзіне компьютерлі тораптармен тікелей қосылған перифериялы құрылғылары бар компьютер;

 әтүрлі деңгейдегі алгоритм тілдерінде жазылған, өзара байланысқан программалардың өзінше жиынтығын беретін программалы қамтамасыздану;

 ӨЕК-нің техникалық құрылғысының компьютермен байланысын ұйымдастыратын интерфейс;

 өлшеу сигналдарын алу мақсатында өлшеу объектісіне әсер ететін сынау сигналдарын құрушы. Мұндай сигналдың әрқайсысы (мысалы, сурет-7.2, бұл І-нші сигнал) тізбектей қосылған ЦАПі мен “кернеу – сынау сигналы” түрлендіргішінің (ПНИСі) көмегімен өңделіп шығады;

 сигналдың берілген санын (К – бірінші ӨК үшін және L – ӨК-нің N-нші үшін) сандық кодқа түрлендіру үшін арналған өлшеу каналдары (ӨК). ӨК-нің құрылымы шешілетін есепке елеулі түрде тәуелді. Дегенмен тәжірибенің кез-келген жағдайында олардың әрқайсысы аналогты өлшеу (АӨТ) және аналогты-сандық (АСТ) түрлендіргіштерінен тұрады. Бірнеше өлшеу сигналдарын бір АСТ-пен өңдеу кезінде кешеннің құрамына сигналдарды АСТ кірісіне кезектеп қосу үшін арналған коммутатор қосылады. Коммутатор АӨТ-тен кейін де (ӨК1 сурет-7.2-де) және оның алдында да (N ӨК сурет- 7.2-де) қосыла алады.

АӨТ өлшеу сигналын АСТ-нің шығыс сигналымен біртекті сигналға (яғни кернеуге) түрлендіру және оны минималды қателігі бар аналогты-сандық түрлендіру операциясын жүргізуге қажетті деңгейге дейін маштабтау (күшейтумен әлсірету) үшін арналған. Бірнеше өлшеу сигналдары (сурет 7.2 ӨК1-дегі К сигналдар) болғанда АӨТ тәуелсіз тізбектей қосылған және масштабталған күшейткіштерді компьютермен басқаратын К алғашқы түрлендіргіштерінен тұрады. Егер де өлшеу сигналдары біртекті физикалық шамалар болып табылса және кезектеп таңдап алынынған (коммутаторланған) болса, онда ӨК-де тек бір ғана АӨТ пайдаланған жөн (сурет-7.2 - ӨК N). Ол өлшеу сигналының уақыт бойынша тізбектей түрлендіреді және сәйкесінше масштабтайды.

АСТ сигналды сандық кодына түрлендіреді де, оны интерфейс арқылы компьютерге береді. Бұл мыналарға байланысты жүзеге асырылады:

 алуан түрдегі басқарушы сигналдарды беруге;

 сандық ақпараттарды қажетті мекен-жайлары бойынша санау және беруге (“Берілген” мен “Мекен-жайы” сигналдары 7.2-суретте). “Мекен-жайы” деп ӨЕК-нің нақты блогына немесе оның бірбөлігіне қосылған және компьютерге интерфейс арқылы берілген құрылғыны бірмәнде теңестіруге мүмкіндік беретін тамаша сандық кодын түсінеміз.

Оператордың командасы бойынша ӨЕК-нің программалы қамтамасыздануында таралған сол немесе басқа жұмыс режимі таңдап алынады. Компьютер әрбір М сынау сигналдарының уақыт бойынша берілген өзгерісін беретін сандық кодты есептейді және сынау сигналдарын құрушының оперативті есте сақтау құрылғысына екілік санды код түрінде жазады (7.2-суретте көрсетілген). Одан бұл кодтар уақыт бойынша тізбектей САТ-тың әрқайсысының кірісіне циклді түрде түседі.



7.2 сурет. Өлшеп-есептеу түрлендіргішінің құрылымдық сұлбасы

Олардың шығысында пайда болған кернеулер ПНИСi көмегімен өлшеу объектісіне әсер ететін қажетті физикалық шамаларға түрленеді.

Өзінше сынау әсерінің өлшеу бағасы болып табылатын өлшеу сигналдары өлшеу каналдарында екілік кодқа түрленеді де, компьютермен есептеледі. Алынған кодтар берілген алгоритмдер бойынша өңделеді де, нәтижеде ізделіп жатқан өлшеу ақпараты алынды.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Басқарушы нысан деген не?

  2. Басқару контурын қалай анықтайды?

  3. Бастапқы мәндерді қалай дайындайды?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Основы метрологии и электрических измерений. Учебник для вузов /Б.Я. Авдеев, Е.М. Антонюк, Е.М. Душин и др., под ред. Е.М. Душина. – 6-е изд. – Л.: Энергоатомиздат, 1987.



  1. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. Учебное пособие для вузов. – М.: «Логос», 2002.

3 Ревин В.Т. Преобразование и преобразователи измерительной информации. Учеб. пособие для студентов спец. «Метрология, стандартизация и сертификация» всех форм обучения. В 5 ч. Ч. 2 / В.Т. Ревин. – Минск.: БГУИР, 2003.

Дәріс 8. Электрлік өлшеу

Дәріс сабағының құрылымы:

8.1. Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер

8.2. Өлшегіш аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту

8.3. Айнымалы ток бойынша өлшеу шекті кеңейту

8.4 Айнымалы ток кернеуінің өлшеу шегін кеңейту
8.1. Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер
Барлық физикалық шамаларды өлшеу өлшегіш аспаптар көмегімен жүргізіледі.

Өлшеу жабдығы – өлшеу экспериментін жүргізуге қолданылатын техникалық сипаттамалары мөлшерленген техникалық құрылғы.

Функционалдық арналуына байланысты барлық өлшегіш аспаптар төмендегіше жіктеледі:

- өлшем – физикалық шаманың белгілі бір мәнін көрсетуге арналған өлшеу жабдығы;

- өлшеу түрлендіргіші – бақылаушы тікелей қабылдай ал-майтын, бірақ әрі қарай тсымалдауға, өңдеуге және сақтауға қолай-лы өлшеу ақпараты сигналын өңдіруге арналған өлшеу жабдығы;

- өлшегіш аспап – бақылаушы тікелей қабылдай алатын өлшеу информациясының сигналын өңдіретін өлшеу жабдығы;

- өлшеу ақпарат жүйелері және өлшеу құрылғылары - бақылауға, өңдеуге және объектілерді басқару үшін қолдануға ыңғайлы өлшеу информациясын өңдіру үшін бір-бірімен көмекші құрылғылар, байланыс каналдары арқылы жалғанған өлшеу жабдықтарының жиынтығы.
8.2. Өлшегіш аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту
Тұрақты ток бойынша өлшеуді кеңейту

Шекті кеңейту магнитэлектрлік жүйенің өлшеу аспабына параллель қосылған мәні кіші кедергі (шунт) арқыры жүзеге асырады.



Шунт нақтылы ток және шунттағы нақтылы кернеу құлау -дермен сипатталады. Шунттар әр түрлі токтарға және кернеу құлауға шығарылады. Нақтылы ток (1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 3,0; 4,0; 5,0; 6,0; 7,5)-10n сандар қатарынан тандалыну керек (и - бірден үшке дейін бүтін сан). Шунттың нақтылы кернеу құлаулары = 10; 15; 30; 45; 50; 75; 100; 150 және 300 мВ (олардың ішінде ең кең тарағаны ишн =45; 75; 100 мВ). Шунттар аспаптардың ішіне (жекеменшікті) және сыртына (өзара алмастырылатын) құрастырылады. Шунттар мына теңдеу бойынша белгіленетін дәлдік кластарға бөлінеді:

(8.2.1)

мұнда: - дайындау кезінде болған шунттың нақты кедергісінің мәні.

Шунттарға белгіленген мынандай дәлдік кластар бар: 0,2; 0,05; 0,1: 0,2және О,5.

Сыртқы шунттарды калибрленген мәні Rc=0,035 Омға тең өлшеу аспапқа көмекші өткізгіш арқылы қосады.

Шунттардың түзілісі 1.7.2.1-суреттен түсінікті.





а- сыртқы өзара алмастырылатын; ә - ішкі және меншікті

жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау