Жоба – студенттердің өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Жоба жұмысында оймен ойлап, ауызша мен жазбаша жұмысы қатар жүрсе, ол студенттердің бойындағы шығармашылықты дамыта алады және өз бетімен сөйлеуге үйретуді, алған білімін іс жүзінде меңгеруді қалыптастырады.
Жоба жұмысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
1-кезең. Негізгі тақырыпты таңдау, талдау, өз ойларын айту.
2-кезең. Сабаққа қатысты жаңа сөздермен, грамматикалық құрылымдармен жұмыс істеу, студенттерді топтарға топтастыру. Оқулықта берілген мәтін және жаттығулар студенттердің тілдік және ізденушілік, мәлімет жинау қабілеттерін дамытады. (Кітап газет журналдардан мәлімет жинау, фото суреттер дайындау, плакат газет шығару көрме дайындау.)
3-кезең. Жобаны қорғау және талқылау. (студенттер алдында қорғау, жұмыс нәтижесі көрме, плакат түрінде дайындау, жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстыру, пікірталас өткізу)
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар.
Әрбір студенттің міндетіне – сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.
Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңыз да баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз.
Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмен бағаланады.
Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес,керісінше өзіңіздің теориялық біліміңізді іс-тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихан тест түрінде өткізіледі.
Дәріс тақырыптары және оны жазуға әдістемелік нұсқау.
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемлік нұсқау.
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
әр тақырыпты меңгеру мақсатымен жүйелі білім беру;
пәнге қызығушылығын тудыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – дәріс болып табылады. Дәріс студенттерге пәнге деген қызығушылығын тудырады.
Дәріс – студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.
Лекция сабағын тыңдау және жазуға даялық:
сабаққа кешікпеңіз;
дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз;
дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.
Білімді бақылау бөлімі
&&& 1 Модуль. «Дарындылық» ұғымының мәні
1-модуль бойынша тапсырма
Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін ғана орындау керек.
№1 тапсырма
Дарындылықтың пайда болуына ықпал жасайтын факторларды анықтаңыз.
№2 тапсырма
Дарындылық компоненттерін сипаттаңыз.
№3 тапсырма
Дарынды балалардың басқа ұжымдармен қарым – қатынасының қалыптасуының бірнеше нұсқаларын ашыңыз.
№4 тапсырма
Шығармашылық белсенділікті зерттеу әдістерінің кешенін сипаттаңыз.
№5 тапсырма
«Дарындылықтың дамуы» түсінігінің мәнін ашыңыз.
&&& 2 Модуль. Мектеп жасындағы оқушылардың дарындылығын анықтау әдістері
2-модуль бойынша тапсырма
Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін ғана орындау керек.
№1 тапсырма
Ұлыбританиядағы дарынды балаларға мектептік білім беру тәжірибесін сипаттаңыз.
№2 тапсырма
Дарынды балалармен жұмыста дамыта оқыту технологиясының мүмкіндігі.
№3 тапсырма
Отбасы мен мектептің дарынды және қабілетті балалармен біріккен жұмысының жүйесінің мәнін ашыңыз.
№4 тапсырма
Ел Президентінің дарынды балалармен жұмысты арнайы ұйымдастырудағы бастамасының жетекші рөлін көрсетіңіздер.
№5 тапсырма
Еліміздегі дарынды балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттарын ашып көрсетіңіз.
Межелік бақылау сұрақтарының кез келген 3 сұрағына жауап жазыңыз:
1 межелік бақылау сұрақтары:
Психологиядағы дарындылық түсінігін ашыңыз.
Дарындылыққа тұқымқуалаушылықтың ықпалын анықтаңыз.
Дарындылықтың пайда болуына ықпал жасайтын факторларды анықтаңыз.
Дарындылық психологиялық құбылыс ретінде.
Дарындылықты зерттеу және дамыту педагогикалық мәселе ретінде.
Дарындылық түрлерін ашыңыз. Олардың өзара байланысын дәлелдеңіз.
Дарындылық компоненттерін сипаттаңыз.
Оқуға деген мотивацияның жетекші маңызын дарындылықтың басты сипаттамасы ретінде дәлелдеңіз.
« Жеке бас мүмкіндігі» түсінігінің мәнін ашыңыз.
Дарындылық түрлері.
Дарындылық компоненттері.
Балалар мен жасөспірімдердің психо – физикалық дамуының мәнін ашыңыз. Дарынды балалардың психофизикалық дамуының ерекшеліктерін атаңыз.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық – жастық даму ерекшеліктерін ашыңыз.
Дарынды балалардың басқа ұжымдармен қарым – қатынасының қалыптасуының бірнеше нұсқаларын ашыңыз.
Дарындылардың балалар ұжымымен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың қажеттігін дәлелдеңіз.
Дарынды балалардың психологиялық – физикалық даму ерекшеліктері.
Баланың интеллектуалдық мүмкіндіктерін зерттеу әдістерінің кешенін сипаттаңыз.
Оқушылардың оқу мотивациясын зерттеудің әдістері туралы айтыңыз.
Шығармашылық белсенділікті зерттеу әдістерінің кешенін сипаттаңыз.
Дарындылықты зерттеу әдістерінің қалыптасу тарихы.
Дарындылықты зерттеу тәжірибесін жалпы қорытындылау (білім беру мекемесі, педагог жұмысының тәжірибесі үлгісімен).
Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысқа даярлығының ерекшеліктері.
Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысқа педагогикалық жетекшілік жасау мотивациясының ерекшеліктері.
Дарынды балалармен жұмыста дамытушы ойындарды қолдану.
Дарынды балаларды интеллектуалдық жарысқа даярлаудың бірқатар әдістемелерінің сипаттамасы.
Мұғалімнің дарынды балалармен өзара қатынасының типтерін сипаттаңыз.
«Дарындылықтың дамуы» түсінігінің мәнін ашыңыз.
Дарындылықты дамыту процесіндегі педагогтің әр түрлі ұйымдастырушылық, білім берушілік және тәрбиелеушілік әрекеттерінің рөлін көрсетіңіз.
Дарындылық дамуының мәні.
Ойын – дарындылық дамытудың құралы ретінде.
межелік бақылау сұрақтары:
Балалар дарындылығының дамуына педагогикалық жетекшілік жасау классификациясының әр түрлі бағыттарын ұсыныңыз.
Педагогтің дарынды балалармен жұмыстағы қатынасының ерекше жетілген түрін негіздеңіз.
Ұлыбританиядағы таңдаулы білім беру мекемелері арқылы дарындылықты қолдау жүйесі.
Әлемдік практикадағы жеке және дистанттық оқыту тәжірибесі.
Ұлыбританиядағы дарынды балаларға мектептік білім беру тәжірибесін сипаттаңыз.
Дарындылықтың дамуындағы таңдаулы оқытудың мәні мен маңызын ашып көрсетіңіз.
Әлемдік білім беру практикасындағы дарынды балаларды жеке және дистантты оқыту жүйесінің даму себептерін ашып көрсетіңіз.
Дарындылықты мемлекеттік емес қолдау жүйелерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетіңіз.
Ұлыбританиядағы таңдаулы білім беру мекемелерінің білім берушілік іс-әрекетінің тәжірибесі.
АҚШ-тағы дарындылықты мемлекеттік емес қолдау жүйесі.
Дарынды балалармен педагогикалық жұмыстың теориялық концепцияларына талдау жасаңыз.
Педагогтың дарынды балалармен жұмыс істеудегі педагогикалық әсер ету әдістері мен формаларын, технологияларын таңдаудағы ұстаған бағытын ашып көрсетіңіз.
Дарынды балалармен жұмыста дамыта оқыту технологиясының мүмкіндігі.
«Жеделдету» және «байыту» стратегиялары дарындылықты дамытудың педагогикалық технологиясы ретінде.
Педагогикалық процесте дарындылықты анықтау, қолдау және дамытудағы отбасының рөлі.
Дарындылықты қолдау бойынша отбасы мен мектептің біріккен жұмысының жүйесі.
Білім беру мекемелері мен отбасының дарындылықты анықтау, қолдау және дамытуға бағытталған біріккен іс-әрекеттерінің теориялық негіздерін ашып көрсетіңіз.
Отбасы мен мектептің дарынды және қабілетті балалармен біріккен жұмысының жүйесінің мәнін ашыңыз.
Дарынды және қабілетті балалардың ата-аналарын психо-педагогикалық қолдаудың адекватты жолдарын көрсетіңіз.
Дарынды және қабілетті балалардың ата-аналарымен жүргізілетін педагогикалық ағарту жұмысының мүмкіндіктеріне, формалары мен әдістеріне талдау жасаңыз.
Дарындылықты дамыту бойынша отбасы мен мектептің біріккен іс-әрекеттері.
Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» туралы ереже.
Дарынды балалар үшін арнайы мектептер туралы ережені талдаңыздар.
Республикалық ғылыми – практикалық орталық «Дарын» туралы ережені оқып танысыңыздар.
Дарынды балалармен жұмыстың әлемдік тәжірибесі.
Қазастан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыстың тенденциялары мен болашағы.
Мектептің жаңа типтерінің дарынды балалармен іс-тәжірибесі – гимназиялар, лицейлер, кәсіби кластар.
Республикалық арнайы мектеп – интернаттар жұмысының іс-тәжірибесі.
Дарынды балаларға арналған облыстық және аймақтық мектептердің – даму перспективасының тенденциялары.
Достарыңызбен бөлісу: |