ПоәК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым



жүктеу 0,93 Mb.
бет4/6
Дата21.12.2017
өлшемі0,93 Mb.
#5279
1   2   3   4   5   6

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Савенков А., Беляева Н. Одаренные дети в обычной школе // Народное образование, 1999, №9.- С.183-185.


Дәріс 8. Дарындылықты анықтау, қолдау және дамытуға бағытталған білім беру мекемелері мен отбасының біріккен педагогикалық іс-әрекеттері

1.Педагогикалық процесте дарындылықты анықтау, қолдау және дамытудағы отбасының рөлі.

2.Дарындылықты қолдау бойынша отбасы мен мектептің біріккен жұмысының жүйесі.

3.Дарынды балалардың ата-анасын психо-педагогикалық қолдау.

4.Дарынды балалардың ата-анасын үйретуге бағытталған педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: мұғалімдер мен ата-аналардың дарындылықты анықтау, қолдау және дамыту бойынша біріккен жұмыстарының педагогикалық іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:


  • білім беру мекемелері мен отбасының дарындылықты анықтау, қолдау және дамытуға бағытталған біріккен іс-әрекеттерінің педагогикалық үрдісін теориялық негіздеу;

  • дарынды балалардың ата-анасын психо-педагогикалық қолдау бойынша практикалық іскерліктерді қалыптастыру;

  • дарынды және қабілетті балалардың ата-аналарының педагогикалық ағарту ісінде адекватты құралдарды меңгеруі.

Негізгі түсініктер: отбасы, білім беру мекемелері мен отбасының біріккен жұмысы, педагогикалық жалпыға бірдей оқыту, педагогикалық ағарту ісі, отбасын педагогикалық қолдау, отбасы мен мектептің біріккен педагогикалық үрдісі.

Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы

байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 котегориясын анықтап берді.

Бірініші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар. 


Ой - өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өзқатарластарын басып озады. Олардың ақыл - ойының кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін емес. Бала дарындылығының байқалмайтын жақтарыда кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады. Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен: 
- арнайы психометриялық тест;

- баланы бақылаудың түрлі тәсілдері (оқу және оқудан тыс әрекеттерінде, зертханалық жағдайларды)

- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;

- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау; 

- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу; 

- оқушы шығармасының туындыларын эксперттік бағалау; 

- арнай психодиогностикалық тренинг;

  Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбекетерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллекутуалдық, академиялық, шығармашылық және әлекметтік дарындылық.

  Дарындылықты анықтау сауалнамалары балаланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз пстхологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұймдастыру үшін қажет. Психоөлшеу сауалнамалары бала бойындағы қөайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді. Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Ол қабілетті балалар диогностикасы туралы қалыптасқан, яғни дарынды балаларды «бір сәттік» іріктеу сатысынан оларды жетілдіру мен оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ мерзімді диогностикалау сатысына дейінгі кезең туралы бір жақты пікірді түбегейлі өзгертеді. Дарынды балалар диогностикасын ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі - теориялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейлерден тұратын диогностика моделін шығару болып табылады. Демек, дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диогностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныптың сынып жетекшісімен және психологпен ата-ана пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.

Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.

  Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау; 
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс, 1990.-381 с.


Дәріс 9. Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыстың нормативті – заң шығарушы базасының сипаттамасы

1.Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының нормативті-құқықтық базасының жалпы сипаттамасы. Ондағы дарынды балалармен жұмысқа талдау жасау.

2.Дарынды балалар үшін арнайы мектептер туралы ереже.

3.Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» туралы ереже.

4.Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға бағытталған нормативті құжаттар сипаттамасы.

Мақсаты: нормативті – құқықтық базада дарынды балалармен педагогикалық іс-әрекеттің іскерліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Міндеттері:


  • дарынды балалармен жұмыста қазіргі бар нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;

  • мұғалімнің осы құқықтық базада әрекет ету іскерлігінің қалыптасуына қолдау жасау;

  • нормативті - құқықтық құжаттардың ішкі мазмұнымен танысу.

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймау керек, өз оқушыларының дарындылығына жекеленген қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көру керек. Бізде осындай педагогтар көп пе, бізде олар дайындала ма? Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл- ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар  және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету мен дамыту» туралы жарлығына сәйкес талантты жастарды қолдау мен дамыту мақсатындағы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы ашылды. Осы мәселені шешу үшін стратегиялық бағдарлама жасалған.

 Соңғы жылдары қосымша білім беру мекемелерінің жүйесі арта түскендігін айта кету жөн. Аудандар мен қалаларда балалар шығармашылықтарының орталықтары, спорттық-демалыс орталықтары, туризм және экскурсия орталықтары құрылуда, қызығушылықтары бойынша құрылған үйірмелер саны да көбейіп келеді. Егер 2000 - 2003 оқу жылында 75 мектептен тыс ұйым болса, 2003 - 2004 оқу жылында олардың саны 85-ке жеткен. Қосымша білім берумен қамтылған балалар құрамы осы кезеңде 2,1 мың адамға артқан. Дегенмен, қосымша білім беру мекемелерінің мүмкіншіліктері оқушылар саны мен олардың сұраныстарын қанағаттандыра алмауда.

Облыстың қосымша білім беру жүйесінде де шешімін таппай отырған мынадай проблемалар бар:

- баланың демалысын, бейімділігін, дарындылығын, қызығушылығын т.б. қанағаттандыруға тегін қызмет көрсететін, кеңінен пайдалануға болатын мектептен тыс ұйымдар жүйесінің қысқаруы;

- мектептен тыс мекемелерде материалдық және ақпараттық базалардың жетіспеуі;

- көп жағдайларда қосымша білім беру мекемелері қызметтерінің мазмұндары мен технологиялары балалар мен жасөспірімдердің мүдделеріне, уақыт талабына толық сәйкес келе бермеуі.

 Психологиялық педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау балалардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілікке 1975 жылы таланттар және дарынды балалардың Бүкіләлемдік кеңесі құрылды. 1988 жылы Еуропа Кеңесінде үкіметтік емес кеңестік ұйым статусына ие «Евроталант» ассоциациясы құрылды. Ол 22 мемлекеттің зерттеушілерін, педагогтарын, кәсіпкерлерін және мемлекеттік қызметкерлерін біріктіріп дарынды балалармен жұмыс принципі сәйкес заңдылық актылары және еуропа елдерінің білім беру тәжірибесінің негізі болуын қарастырады. Әлеуметтік тапсырысты шартты түрде қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және индивидуалды деп бөлуге болады. 

Қазақстан үшін дарынды балаларға қамқорлық – тек қана психологиялық-педагогикалық емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Олардың қабілеттерін дамыту еліміздің болашақ кадрлық базисін, интеллеуалдық және шығармашылық потенциалын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.

«Білім туралы» Заңнын 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принципіне: «тұлғаның білімділігін және дарындылықты дамытуды стимулдау» жатқызылған. Бұл – нағыз гуманизм принципі, әр тұлғаның  ерекшелігін, оның қайталанбастығын мойындауда көрінеді.

1989 жылы КСРО-да  «Дарынды балалар» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Одақтың  ыдырауына байланысты бағдарламаны ары қарай жүзеге асыруды Қазақстанда білім беру Министрлігінің білім беру Комитетіндегі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық Президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау» бұйрығына сәйкес үкіметтің 24.03.1998 жылғы қаулысына  байланысты өз басшылығына алды. «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық дарынды балалармен жұмыс жасайтын  білім беру мекемелерінің  мәселенің теориялық  өңдеуін және іс-әрекетін бағыттап отырады. Аймақтық деңгей дарынды балалармен жұмыс жасауда факторлар кешенін  есепке алады: аймақтың экономикалық мамандануы тұрғындардың ұлттық құрамы, гемографиялық процестер және тағы басқалар жиынтығы аймақтың білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.

Ақмола облысы балалардың дарындылығын дамыту жұмысына  зейінділікпен қарады.  Бұған жаңа типті оқу мекемелері, олардың іс-әрекетін ұйымдастырушылық әдістемелік қолдау, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар нәтижелері дәлел бола алады.  Ұжымдық және индивидуалды тапсырыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың, ата-аналардың және оқушылардың өздерінің білім қажеттіліктеріне деген айырмашылықтарымен шартталады. Бүгінгі күнде бұл қажеттіліктердің  құрылымы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытумен көрінетін  лицейлер, гимназиялар, мектептер және сыныптарға деген сұраныстан байқалады[8].

Дарынды балаларға қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруда шешілмей жатқан бірқатар проблемалар бар:

- балалар дарындылығының құзыретті диагностика жүйесінің жоқтығы (әсіресе ауылдық жерлерде);

- дарынды балаларды оқытып, дамыту мазмұны мен технологиясының, ұйымдастыру негізінің әзірленбеуі;

- облыста «Дарын» эксперименталдық алаңдарының аздығы;

- балалардың дарындылығын дамытуда білім беру мекемелерінің қызметінде «балабақша-мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде сабақтастықтың жоқтығы;

- басқа елдердің осы бағыттағы іс-тәжірибелерін тиімді зерттеп, пайдаланудың жеткіліксіздігі.

Балалардың дарындылығын дамыту


  • әртүрлі әдістердің кең спектрі негізінде балалар дарындылығын анықтау мен диагностикалаудың кешенді ұстанымдарын іске асыру;

  • дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыруда үш түрлі нұсқаны кеңінен қолдану:

  • жекелей оқыту – дарынды балаларды оқытатын арнайы білім мекемелерін құру;

  • дәстүрлі оқу орындарында (балабақшада немесе мектепте) дарынды балалар үшін арнайы қоса-жекеше оқыту топтары (сыныптар);

  • қоса оқыту – дарынды балаларды «табиғи ортада», яғни өз құрдастарынан оқшауламай бірге оқыту;

  • жеделдетілген оқыту қарқынына бағытталған арнайы топтар мен сыныптар құру арқылы ақыл-ой, әлеуметтік және дене дамуының деңгейі жоғары балалар үшін нақты білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін есекеріп «жеделдету» стратегиясын қолдану;

  • дарынды балаларды дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, дәстүрлі оқу жоспарын арнайы біріккен курстармен толықтыратын «көлденеңінен кеңейту» шаралар жүйесін енгізу;

  • дарынды балаларды оқытуда оқу процесін дараландыру, проблемалық оқыту, танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың бастамасын қалыптастыру мақсатында зерттеу ұстанымдары принципін іске асыру;

  • пәндер бойынша олимиадалар, интеллектаулдық-шығармашылық ойындар, конкурстар, зерттеу жобалар, фестивальдар мен жарыстардың рәсімі мен мазмұнын жетілдіру;

  • «балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» дарынды балаларды оқыту жүйесінде үздіксіздікті жүзеге асыру;

  • «Дарынды балалар» облыстық ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;

  • «Дарын» тәжірибелік алаңдарымен жұмыс түрлерін жандандыру мен жетілдіру және облыста олардың санын көбейту;

  • облыста дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау проблемаларын шешу аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Положение о специализированной школе для одаренных. Сборник законодательных актов Республики Казахстан по вопросам образования

2.Правила проведения республиканской олимпиады школьников по общеобразовательным предметам // Дарын, 2003, №5 – С.26-30

3. Правила проведения республиканских научных соревнований школьников // Дарын, 2003, №5 – С.5-16

4.Типовой учебный план специализированных школ для одаренных детей // Дарын, 2003, №4 – С.5-16
Дәріс 10. Қазақстан Респупликасындағы дарынды балалармен жұмыс жүйесі

1.Дарынды балалармен жұмыстың алғы шарттары. Республикалық арнайы мектеп интернаттардың іс – тәжірибесіне талдау жасау.

2. «Дарын» РҒПО ұйымдастырылуы. Дарынды балаларға арналған облыстық және аймақтық мектептердің іс-тәжірибесі.

3.Мектептің жаңа типтерінің дарынды балалармен іс-тәжірибесі – гимназиялар, лицейлер, кәсіби кластар.

4.Интелектуалдық ойындар, жарыстар, олимпиадалар.

Мақсаты: дарынды балалармен жұмыс жүйесін жүйелі, тұтас іс-әрекет ретінде түсінуді қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Міндеттері:


  • дарынды балалармен жұмыс туралы теориялық түсінікті жүйе ретінде қалыптастыру;

  • білім беру мекемелерінің дарынды балалармен іс-тәжірибесін ашу;

  • интеллектуалдық ойын, жарыстардың қажеттігін дарындылықты дамыту құралы ретінде көрсету.

Негізгі түсініктер: жүйе, жүйелілік, республикалық арнайы мектеп-интернаттар, дарынды балалар үшін мектептер, мектептің жаңа типтері, интеллектуалдық жарыстар.

Дарын» орталығы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» оралығы ШҚО әкімнің 1999 жылғы 17 мамырдағы №1-620 Р өкімі бойынша құрылды.



Орталықтың жұмыс істеу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету үшін жағдай жасау, олардың әлеуетіндегі мүмкіншіліктерін жүзеге асыру.

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының негізгі міндеттері:

1) жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда жүйелі ойлау мен қызмет етуге қабілетті,  дарынды тұлға тәрбиелеу;

2)дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, құқықтық және зияткерлік тұрғыда қорғауды қамтамасыз ету;

3)Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;

4)тұлға дарындылығын дамыту саласындағы халықаралық қызметтестікті кеңейту.



ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жұмысының жалпы бағыттары

- облыс бойынша дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыратын мекемелер жүйесін («Дарын» аймақтық жүйесін) құру;

- дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша эксперименттік оқыту-тәрбиелеу мекемелерін (мектептер, эксперименттік алаңдар және т.б.) құру;

- дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша ғылыми негізделген бағдарламалар, тесттер мен оқу

құралдарын әзірлеуді ұйымдастыру;

- «Дарын» аймақтық жүйесінің компьютерлік желісін құру;

- дарынды балалар мәселесі бойынша мониторинг жүйесі мен компьютерлік мәліметтер деректемесін құру;  

- мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қоғамдық ұйымдармен (ассоциациялармен, кеңестермен және т.б.) өзара әрекеттестік орнату;

- қоғаммен байланыс қызметін ұйымдастыру;

- оқыту мен сайыстар, турнирлер, жарыстар, пәндік олимпиадалар, конференциялар және басқа да шаралар өткізу барысында дарынды балалар мен жастарды анықтауға арналған технологияларды әзірлеу;

- оқушылар мен мұғалімдерді түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауға арналған Республика және шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ғалымдарының қатысуымен өтетін он-лайн сабақтар, Дәріслар, шеберлік сыныптарды әзірлеу және өткізу; дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қашықтық олимпиадаларды, сайыстарды, қашықтан оқыту семинарларын өткізу;

- дарынды балаларды құқықтық қорғау қызметін құру, психологиялық және әдістемелік консультацияларды ұйымдастыру;  

- біркелкі ақпараттық мәліметтер базасының жүйелі түрде толықтырылып отыруы; орталық қызметінің медиабейнесі; пресс-орталық жұмысын ұйымдастыру; мұрағат құжаттарының жүйеленуі мен толықтырылып отыруы; орталық сайтының мазмұнды болуы;

- ақпараттық-баспа жұмысы (баспа өнімдерінің макеттелуі, таралымдалуы мен таратылуы; ақпараттық бюллетеньдерді дайындау мен шығару, Кәсіпорын туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтағыштық материалдар құру; оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді, оқу құралдарын, соның ішінде, электронды оқулықтарды басып шығару мен тарамдау, Кәсіпорын жұмысының бағыттары бойынша нормативтік, анықтағыштық материалдар және т.б. басып шығару; олимпиада тапсырмаларын көбейту; Кәсіпорын өткізген шаралар нәтижесі бойынша сертификаттар, грамоталар дайындау және т.б.);

- Халықаралық ғылыми, бейіндік мектептердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың, форумдардың және т.б. жұмыстарына қатысу, дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша жинақталған тәжірибемен алмасу;

- білім беру саласындағы түрлі әлеуметтік жобаларды, бағдарламаларды, әдістерді, технологиялар, концепциялар, үлгілер, әдістемелерді әзірлеу мен тәжірибеге енгізу;

- дарынды балалармен жұмыс істеп жүрген педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;  

- Қазақстан Республикасының жастар саясатын қалыптастыру мен жүргізуге қатысу;  

- ақылы білім беру қызметін көрсету есебінен қосымша қаражат жинау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Встреча Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева с одаренными детьми // Дарын, 2003, №5.-С.8-9.

2. «Дарыновцы» благодарят Главу Государства // Дарын, 2003, №5.-С.9-11.

3.Об итогах республиканских научных соревнований школьников 2004 года // Дарын, 2004, №2.-С.6-19.

4.Развитие потенциала человека – вклад в наше будущее (к пятилетию РНПЦ «Дарын») // Дарын, 2003, №5.-С.3-7


Практикалық (семинар) сабақтың жоспары:

Практикалық сабақ 1. Дарындылықтың теориялық негіздері

1.Дарындылық психологиялық құбылыс ретінде.

2.Дарындылықтың тұқым қуалауы.

3.Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегі дарындылық ұғымының мағынасы.

4.Дарындылық мәні.

Мақсаты: Дарындылықты жеке бастың психологиялық құбылысы ретінде түсіну.

Міндеттері:


  • осы құбылысты түсінудің әр түрлі әдіснамалық бағыттарына талдау негізінде дарындылық мәнін анықтау;

  • ұғымды түсінудің әдіснамалық бағыттарына ғылыми талдау;

  • дарындылықты ғылыми ұғынудың практикалық маңыздылығын түсіну.

Негізгі түсініктер: талап, дарындылық, қабілет, нышан, дарындылық механизмі, дарындылық құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Грабовский А.И. К вопросу о классификации видов детской одаренности //Педагогика, 2003,№8.- С.13 – 18.

2.Биология одаренности. Беседа с ученым – генетиком А.Седовым //Лицейское и гимназическое образование. – 2002, 3. – С. 41 – 52.

3.Куатова А.Проблемы формирования творческой активности одаренных учащихся в современной психолого – педагогической литературе //Поиск, 2001, №6. – С. 143 – 145.



Практикалық сабақ 2. Балалар мен жеткіншектерде дарындылық байқалуының ерекшеліктері

1.Дарындылық түрлері.

2.Шығармашылық – дарындылықтың көрінісі ретінде.

3.Оқушының оқу іс - әрекетінің мотивациясы дарындылықтың негізгі сипаттамасы ретінде.

4.Потенциалдық дарындылық.

Мақсаты: дарындылықтың әр түрлі формалары мен түрлері туралы түсініктің қалыптасуына қолдау жасау.

Міндеттері:


  • дарындылықтың әр түрлі сыртқы көрінуінің бар екендігін дәлелдеу;

  • дарындылықтың сыртқы көрінуінің түрлерін ажырата білу іскерлігін қалыптастыру;

  • дарындылықтың негізгі сипатының мазмұнын ашу.

Негізгі түсініктер: жалпы дарындылық, арнайы дарындылық, дарындылық компоненттері, дарындылық сипаттамасы, шығармашылық, креативтілік, жеке бастың мүмкіндігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс,1990. – 381с.

  2. Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября» , 2004, № 4.- С. 16 – 20.


Практикалық сабақ 3. Балалар ұжымындағы дарындылардың жай – күйіне психологиялық – педагогикалық талдау жасау

1.Дарынды балалардың психологиялық – физикалық даму ерекшеліктері.

2.Дарынды балалардың психологиялық – жастық дамуының сипаттамасы.

3.Дарынды балалардың ұжыммен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың міндеттері.



Мақсаты: ғылыми психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау арқылы дарынды балалардың балалар ұжымымен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың қажеттігін дәлелдеу.

Міндеттері:

  • дарынды балалардың психологиялық-физикалық даму ерекшеліктерін қарастыру;

  • дарынды балалардың психологиялық-жастық дамуының ерекшеліктеріне сипаттама беру;

  • дарынды балалардың құрдастарымен өзара әрекетінің түрлеріне талдау жасау.

жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау