ПОӘК 042 – 14.3- 04/2009
|
Басылым № 1, 30.09.2009ж
|
стр. из
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042 – 14.3-04/2009
|
ПОӘК
Оқытушылар үшін «Еңбек нарығының экономикасы»
пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы
|
№1 басылым
30.09.2009
|
050506 «Экономика» 050508, «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Жергілікті және мемлекеттік басқару», 050511 «Менджмент» мамандықтары студенттері үшін
«Еңбек нарығы экономикасы» пәні бойынша
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей 2009
Мазмұны
1.Глоссарий
2.Дәрістер
3.Практикалық сабақтар
4.Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
1.1. Жұмысшыларды аттестациялау – заңдылықпен белгіленген жұмысшылардың мамандығын және іскерлік деңгейлерін тексеруін өткізуінің тәртібі.
1.2. Вакансия – жаңа жұмысшы қабылдануына мүмкіндігі бар бос жұмыс орны немесе лауазымды орынның болуы.
1.3. Еңбек ресурстары – ел халқының дені сау, ойлау қабілеті және халық шаруашылығында еңбек ету үшін қажет білімі бар бөлігі.
1.4. Еңбек бөлінісі – қызметкерлердің еңбек функцияларының жекеленуі және олардың ортақ қызмет барысында бөлінуі.
1.5. Еңбек процессі – кез клген жұмысты орындау процессі.
1.6. Өнімділік – тұтынылған ресурстардың көлеміне бөлінген шығарылым көлемі.
1.7. Өндірісті қарқындандыру – ғылыми-техникалық прогрестің ең жаңа жетістіктерін көрсететін неғұрлым тиімді еңбек құралдары мен заттарын қолдану негізінде қоғамдық өндірісті ұлғайту.
1.8. Еңбекті өлшеу – білікті жұмысшының еңбек қарқындылығының белгілі деңгейінде түрлі әдістер мен құралдарды қолдану арқылы нақты жұмысты үшін жұмсайтын уақыт.
1.9. Өндіріс құралдары – еңбек құралдарының негізгі және басты бөлігі.
1.10. Өнімнің пайдалылығы - өнімді өткізуден алынған пайданың, оның толық өзіндік құнына, сондай-ақ, тікелей өндірістік шығындарды шегеріп тастағандағы өзіндік құнына қатысты.
1.11. Негізгі құралдар – еңбек құралдарына жататын материалдық – заттық құндылықтардың жиынтығына жұмсалатын құралдар.
1.12. Негізгі қорлар – ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы, өндірі пен еңек құралдары.
1.13. Нормативтер – жұмыс уақыты мен материалдық, ақша т.б. ресурстар шығындарын есептеу шамасы.
1.14. Норма – өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалатын ресурстардың қоғамдық қажетті шығындарының ғылыми негізделген мөлшері.
1.15. Еңбек нарығы экономикасы – адамдардың қызметін тиімді ұйымдастыру және ынталандыру әдістерін, олардың адам мен қоғам өміріне қажет құралдарды өндіру процесіндегі қарым-қатынастарын зерттеуге бағытталған экономикалық ғылымының саласы.
2.Дәрістер
Дәріс сабақтарының құрылымы.
Тақырып 1. «Еңбек нарығының экономикасы» оқу курсының заты және міндеттері.
1. Пәннің заты және міндеттері.
2. ЕҢЭ мәні. ЕН әрекет етуінің ерекшеліктері.
3. Жалпы экономикалық пәндер жүйесінде ЕНЭ рөлі.
Еңбек нарығың заты адамдардың тиімді қызметін ұйымдастыруының және ынталандыруының тәсілдерін, адам және қоғам тіршілігіне қажет құралдарды өндіру процессіндегі олардың материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы қарым-қатынастарын зерттейді.
ЕНЭ негізгі міндеттері:
Мемлекет, сала, нақтылы фирма аумағында ЕНЭ теориялық негіздемелерін зерттеу және оқу.
Қазіргі жағдайда ЕН функцияларының ерекшеліктерін зерттеу.
Қоғамның еңбек ресурстарын қалыптастыру және даму процестерін оқып зерттеу.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын оқып зерттеу.
Еңбек нәтижелерін саны және сапасы бойынша оқып зерттеу, еңбек шығындарын бағалау.
Еңбек – бұл табиғат заттарын алмастыруға бағытталған адамның мақсатты қызметі.
Жұмысшы күші – бұл еңбек етуге деген адамның ұмтылысы, сондықтан еңбек нарығы біріншіден, жұмысшы күшіне деген сұраныспен байланысты әлеуметтік қатынастарды қолдайды, екіншіден адамның қабілетіне байланысты еңбегін дұрыс бағалау, үшіншіден, жұмысшы күшін пайдалану уақытымен, төртіншіден- жаңа пайда болған құнын – таратумен.
Еңбек нарығы – бұл сатушы мен сатыпалушы арасындағы жұмысшы күшінің жағдайы мен пайдалануы жөнінде әлеуметтік – еңбек қатынастарының жиынтығы.
Еңбектің әлеуметтік мәні оның егемендік дәрежесінде, оның біздің республикамыздың Конституциясында белгіленген еңбек құғығында жатыр.Келесі ЕНЭ мәні - ол адамдарды кепілді жұмыс орнымен қамтамасыз ету, мәжбүр пайда болған жұмыссыздыққа ақы төлеу, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларын қолдау және олардың сатыпалушылық қабылетін арттыру.
ЕН әрекет етуінің ерекшеліктері келесіде көрсетілген:
Жалпы ЕН әрекетінің тауардағы ЕН байланысты.
Тауардың өзінің және жұмысшы күшінің ерекшкліктерімен байланысты.
Тауар және жұмысшы күші айырбасымен байланысты, мұнда үш сала әрекет жасайды:
а) айналым саласы; б) өндіріс саласы; в) тауар нарығынығ саласы.
3. Жалпы экономикалық пәндер жұйесінде ЕНЭ рөлі.
Еңбек нарығы экономика ғылымдарының бір саласы болғандықтан адамның табиғат және қоғамның тиімді әрекет етуін қалыптастыруының және дамуының заңдылықтарын оқып білуге бағытталған.
Еңбек нарығы экономикасының теориялық және әдістемелік негізі болып экономикалық теория табылады. Осы курсты оқып үйрену арқылы қоғамдағы экономикалық қатынастарды игеруге болады. ЕН экономиканы дамытудың өзіне тән заңдарын қарастырады.
Еңбектің экономикалық қатынастарын оқып үйрену арқылы жұмысшы күштердің даму жайын да білуге болады. Ал ол кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың, оны интенсивті даму жолына көшірудің кепілі болып табылады. Еңбек нарығы экономикалық заңдардың әсеріне бағынышты: сұраным, ұсыным және құн заңдарына. Еңбек нарығының мәселелерін к/о және фирманың қазіргі экономиканың білімісіз шешу мүмкін емес, өйткені жаңа технологияны, өндірісті білмей еңбек нарығы өзінің міндеттерін дұрыс атқара алмайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
ЕЭН мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
Еңбектің адам өміріндегі рөлін сипаттаңыз.
Еңбектің қазіргі қоғамда және экономикалық пәндер арасындағы орнын бағалаңыз.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003.
2. Нурекенов Н.Г., Тойкин С.Х.,Курманбаев С.К. и др. Экономика рынка труда. Уч. пос. С., 2002.
3. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
4. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999.
5. Рощин С.Ю. Экономика труда. М., 2000.
6. Кулинцев И.И. Экономика и социология труда. М., 2001.
Тақырып 2. Еңбек адам мен қоғамның тіршілік әрекетінің негізі ретінде.
1. Еңбек адам әрекетінің саласы ретінде.
2. Еңбектің түрлерін жіктеу және олардың сипаттамасы.
3. Кәсіпкерлік еңбек қызметінің маңызды саласы ретінде.
4. Нарық жағдайларында еңбекті басқару.
1. Еңбек – бұл адамның табиғи, материалды және интеллектуалды ресурстарды жеке және қоғамдық тұтынуға қажет өнімге айналдыру үшін мақсатты қызметі. Еңбек процессінде мақсатқа жету үшін адам еңбек құралдары немесе заттарымен, қоршаған ортамен әрекет етеді. Еңбек адам тіршілігінің және дамуының негізі болып саналады. Қоғамдық еңбекті қоғамда өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдардың өткен және қазіргі (тірі) еңбектің қосындысын атауға болады.
Қоғамдық еңбектің элементтері болып:
Өндірістің заттық элементтері.
2. Жеке.
3. Еңбектің мақсаты.
4. Өндірістің заттық және жеке элементтерінің байланысы.
5. Еңбекті ұйымдастырудың тәсілдері.
6. Еңбекке көзқарасы саналады.
Қоғамдық еңбектің функциялары :
1. Еңбек өмір сүруге құралы ретінде, адам қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі ретінде қарастырылады.
2. Еңбек қоғамның өмір сүруінің негізі, заттық байлықтың көзі және қоғамдық прогресстің факторы ретінде қарастырылады.
3. Еңбек – адамның өзінің дамуының факторы, тұлғаның бекілуінің саласы ретінде қарастырылады.
2. Еңбек түрлерін жіктеу ж/е олардың сипаттамасы. Сипаты және мазмұны бойынша еңбектің жіктелуі әлеуметтік және құрылымдық бағыттарда қарастырылады. Әлеуметтік сипаты бойынша еңбек:
1. жалдалмалы;
2. жеке меншік еңбекке бөлінеді.
Меншіктің ұйымдастырушылық нысанына байланысты еңбекті:
жеке;
2. ұжымдыққа бөледі.
Интеллектуалды дәрежесі бойынша еңбек:
ой;
2. дене;
3. шығармашылық;
4. репродуктивті (шығармашылық емес) түрлеріне бөлінеді.
Кәсіби белгі бойынша еңбек:
ғылыми;
2. инженерлік;
3. басқару;
4. өндірістік;
5. педагогикалық ж/е т.б. бөлінеді.
Еңбек құралдары мен тәсілдеріне байланысты еңбекті:
1. қол еңбегі;
2. механикаландырылған;
3. автоматтандырылған;
4. төмен-орта-жоғары технологиялы деп бөледі.
3. Кәсіпкерлік еңбек қызметінің маңызды саласы ретінде.
Кәсіпкерлік – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы ж/е оған байланысты фунцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ынғайы бар, өз күшін салатын жаңа салаларды іздестіретін адам қызметінің түрі.Кәсіпкердің ең басты міндеті – ол бизнесті ұйымдастыру, ұжымда, фирмада шығармашылық атмосфера жасау болып табылады.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресте ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз жүзеге аспайды.
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады. Шаруашылық кеңістігінде әр бір кәсіпкер өзінің шаруашылық «нарықтық сегментін» табуы қажет.
4. Нарық жағдайларында еңбекті басқару. Еңбекті басқару – ол әлеуметтік-еңбек саласын басқару, демек барлық әлеуметтік-экономикалық қатынастарда еңбек жағдайлары жөнінде болып жатқан барлық процестерді атауға болады-еңбек ақыны төлеу, еңбек тәртібі және этикасы, еңбек қатынастарын қалыптастыру, адамдардың құғығы және т.б.
Еңбекті басқаруының мәні еңбекке адамдардың қатысуына өсіп-өнетін және әлеуметтік-тұрақты жағдайларды туғызу.
Еңбекті басқарудың З тұрпатын айырады:
1. Демократиялық
2. Тоталитарлық (диктатурамен белгіленген)
З. Аралық.
Еңбекті басқарудың әдістерін байқайды – олар әлеуметтік-еңбек процесстеріне және олардың қатысушыларына бағытталған басқарушылық ықпалдарына әсер ететін арнайы тәсілдер.
Еңбекті басқарудың келесі әдістерін айырады:
1. Тура әсер ететін әдіс (директивті)
2. Жанама әсер ететін әдіс (меңгерушілер арқылы)
3. Өзін-өзі басқару әдісі (процесс қатысушылары өздері шешімдерін қабылдап өздері орындайды).
Еңбекті басқарудың келесі нысандарын айырады:
1. Басқарудың мемлекеттік нысаны
2. Келісімді
З. Қоғамдық белсенділік нысандары (қоғамдық бірлестіктер).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Еңбектің қоғамдағы мәні мен мазмұны неде?
Еңбек нарығының негізгі элементтері қандай?
Еңбектің алуан түрлерін қандай белгілер бойынша жіктеуге болады?
Кәсіпкерліктің еңбек қызметінің ерекше саласы ретіндегі мәні неде?
Еңбекті баcқару не үшін қажет?
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003.
2. Нурекенов Н.Г., Тойкин С.Х.,Курманбаев С.К. и др. Экономика рынка труда. Уч. пос. С., 2002.
3. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
4. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999.
5. Рощин С.Ю. Экономика труда. М., 2000.
6. Кулинцев И.И. Экономика и социология труда. М., 2001.
Тақырып 3. Халықаралық еңбек ұйымын (ХЕҰ) құру және дамыту.
1. ХЕҰ құру, дамыту және міндеттері.
2. ХЕҰ құрылымы және оның негізін қалаушы құжаттары.
З. ХЕҰ жұмыс әдістері және қызмет саласы.
1. Тұңғыш рет ХЕҰ 1 дүниежүзілік соғысының қорытындысы бойынша 1919 жылы Версалдық бейбіт конференциясы (Франция) барысында құрылған болатын.
ХЕҰ Жарғысы 13-і Версалдық келісімнің бөлігі ретінде еңбек жөніндегі комиссиямен әзірленген болатын.
ХЕҰ құрудың себептері келесіде:
Саяси себеп;
Әлеуметтік себеп;
Экологиялық себеп.
1946 жылы ХЕҰ БҰҰ-ң алғашқы мамандырылған мекемесі болып құрылды. Егер, ХЕҰ құрылған жылы оның жұмысына 42 мемлекет қатысса, 2000 жылы олардың саны 174 толды.
ХЕҰ ерекше бір жағы — ол үш партизм – демек, үш жақты құрылымнан тұрады: 1) үкімет, 2) жұмысшылар ұжымдары және З) кәсіпкерлер (қазір мемлекеттік емес ұйымдар). Үш партизм 5 жылға сайланады.
Осы 3 топтың делегаттары ХЕҰ барлық деңгейлерінде тең негізінде әрекет жасайды.
1919 жылдың 29 қарашасында еңбек туралы конференциясында еңбек жөнінде 6 халықаралық конвенциялар қабылданған болатын. Сол жылы еңбектің халықаралық бюросы (ЕХБ) және штаб-квартирасы Женеваға көшеді. ХЕҰ-ң конвенцияларын қолдануды бақылайтын әрекет ететін және атқаратын механизм құрылады.
1934 жылы — ХЕҰ мүшелері болып СССР (Кеңес Одағы) және АҚШ болады.
1940 жылы — еңбектің халықаралық бюросы Монреальға көшеді (Канада). Кеңес одағы өзінің ХЕҰ мүшелілігін 1954 жылға дейін тоқтатады.
1945 жылы — ЕХБ Женеваға қайтадан оралады.
1969 жылы — ХЕҰ Нобель атындағы сыйлық берілді.
1977 жылы — АҚШ Палестинаның бұл ұйымға байқаушы ретінде қабылданғанына байланысты ХЕҰ шығады.
1980 жылы – АҚШ қайтадан ХЕҰ кіреді.
ХЕҰ мақсаттары және міндеттері.
ХЕҰ басты мақсаты — ол экономикалық прогресске жәрдемдесу, халықтың әл-аухатын көтеру, еңбектің жағдайын жақсарту, адамның құғығын қорғау.
Міндеттері:
1. Әлеуметтік-еңбек проблемаларын шешуге бағытталған келісілген бағдарламаларды әзірлеу.
2. Конвенциялар ретінде халықаралық еңбек нормативтерін әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын бақылау.
З. Жұмыспен қамту, миграцияны реттеу проблемаларын шешуге көмек көрсету.
4. Кедейшілікпен күресу.
5. Жұмысшылардың кәсіби дайындығына жәрдемдесу.
6. Жұмысшылар ұжымдары мен кәсіпорындарға жәрдемдесу.
7. Халықтың не бір хал-ахуалы төмен орталарын қорғау үшін шараларды әзірлеу.
8. Демократияны қолдау.
9. Үш партизмді дамыту және т.б.
2. ХЕҰ құрылымы және оның негізін қалаушы құжаттары. ХЕҰ барлық органдары үш партизм қағидасы бойынша құрылған. ХЕҰ жоғарғы органы болып еңбектің халықаралық конференциясы (ЕХК) саналады, олар жыл сайын Женевада өткізіледі. ЕХК-да әр бір елшілік 4 делегатты ұсынады:
2 – ұкімет атынан.
1 – жұмысшылар атынан.
1 – жұмыс берушілер атынан.
Еңбектің халықаралық конференцияларының жұмыстары пленарлық отырыстарда және комитеттерде қатар өтеді. Сонымен қатар аймақтық конференциялар да (Еуропалық, Азиялық) шақырылады. Үш партизм бірнеше жылдарда 1 рет шақырылады.
ХЕҰ атқарушы органы болып Әкімшілік кеңесі (ӘК) ЕХК-да үш жылда бір рет сайланады. ӘК қызметінің бірі болып еңбектің халықаралық бюросының және түрлі комитеттерінің қызметін қадағалау табылады.
Әкімшілік Кеңестің үш жақты құрамы бар:
1. Еңбектің халықаралық бюросы (ЕХБ) – ол ХЕҰ тұрақты секретариаты, оның әкімшілік және атқарушы органы, зерттеуші және ақпараттық орталығы. ЭХБ әлемнің түрлі аймақтарында өзінің елшілігін ұстайды. ЕХБ бас директор басқарады. Бюро ЕХК-на сұрақтарды дайындайды, арнайы зерттеулерді өткізеді, ЕХҰ-ң мүшелеріне көмек көрсетеді.
2. Әлеуметтік-еңбек зерттеулерінің халықаралық институты 1960 жылы құрылған. Халықаралық оқу орталығы 1960 ж. Турин қ. (Италия) орналасқан (БҰҰ жүйесінде бұл ірі оқу орны).
ХЕҰ негізін қалайтын құжаттары болып:
1. ХЕҰ жарғысы (1919 г.) — ХЕҰ мақсаттары мен міндеттері қарастырылған;
2. Филадельфиялық декларация (2-ші Дүниежүзілік соғысынан кейін 1944 ж.), онда ХЕҰ қызметінің міндеттері неғұрлым кеңейтілген. Бұл декларация адам құғының жалпы декларациясынан және БҰҰ Жарғысынан асып өткен және таң қалдырған.
ХЕҰ қағидалары:
1. Сөз бостандығы.
2. Қайыршылық күйі – кедейшілік.
3. ЕХК-сы тәртібі ЕХК жұмысының нақтылы тәртібін анықтайды.
4. Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидалары мен құғығын анықтайды (1998 ж.).
ХЕҰ буынды еңбек нормалары келесі конвенцияларда берілген:
1. № 29 Конвенция (1930 ж.) «Мәжбүрлеу (принудительный) еңбек»
2. № 57 Конвенция (1948 ж.) «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыруға құқығын қорғау»
3. № 58 Конвенция (1949 ж.) «Ұжымдық келісімдерді ұйымдастыруға және жүргізуге құқық беру»
4. № 100 Конвенция (1951 ж.) «Тең сый беру»
5. № 105 Конвенция (1957 ж.) «Мәжбүрлеу еңбекті жою»
6. № 111 Конвенция (1958 ж.) «Еңбек және кәсіп саласында кемсіту»
7. № 138 Конвенция (1973 ж.) «Жұмысқа қабылдаудың жас мөшері»
8. № 182 Конвенция (1999 ж.) «Балалар еңбегі туралы».
З. ХЕҰ жұмыс әдістері және қызмет саласы.
ХЕҰ жұмысының әдістері:
1. Үш партизм (әлеуметтік әріптестікті дамыту)
2. Олар мен еңбек нормаларын әзірлеу және қабылдау
3. Халықаралық техникалық ынтымақтастық.
4. Әлеуметтік-еңбек проблемалар жөнінде зерттеулерді жүргізу және басылымын жүзеге асыру.
ЕХҰ қызметінің аясы:
1. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күресу, лайықты еңбек (1969 ж. жұмыспен қамтудың Әлемдік бағдарламасы қабылданған).
2. Кадрлардың кәсіби дайындығы және қайта дайындау.
3. Адамның құқығын сақтау.
4. Кәсіпорынның басқаруын және дамуын өзгерту және жеңілдету.
5. Еңбектің жағдайын, қауіпсіздігін, гигиенасын, қоршаған және өндірістік ортаны жақсарту.
6. Жұмысшылардың еңбек ақысын қадағалау.
7. Әлеуметтік қамтамасыз ету.
8. Әйелдерді, жастарды, мүгедектерді, жұмысшыларды, оралмандарды әлеуметтік қорғау.
9. Балалар еңбегін мәжбүрлеуді жою.
1О. Су жүзүшілердің, балықшылардың, порт жұмысшылардың еңбегінің құғығын қорғау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
ХЕҰ құруының себептері және міндеттері қандай?
ХЕҰ құрылымдары мен қызмет аясын атаңыз.
ХЕҰ қандай әдістері мен негізгі Конвенцияларын білесіз?
Ұсынылатын әдебиет:
1.Экономика труда:социально-трудовые отношения. Под ред.Волгина Н.А., Одегова Ю.Г. М., 2002.
2. Карибджанова А.С. Экономика рынка труда. Рабочая тетрадь студента. – Алматы 2000, с. 35-57.
Тақырып 4. Еңбек нарықтары жұмыссыздық пен жұмыспен қамтылуды реттегіш ретінде.
1. Еңбек ресурстары және жұмыспен қамтылу, олардың сипаттамасы.
Еңбек нарығының негізгі компоненттерінің өзара байланыстарының механизмі.
Жұмысшы күшіне сұраным және ұсынымның қалыптасуының негізгі бағыттары.
Еңбек нарығының сегментациясы.
Нарық жағдайларында жұмыссыздық деңгейін болжау.
1. Жоғарыда айтылғандай, еңбек ресурстары деп ел жұртшылығының дені сау, ойлау қабілеті және халық шаруашылығында еңбек ету үшін қажет білімі бар бөлігін атайды. Дәріптеп келгенде, еңбек ресурстары жұртшылықтың, яғни жұмыс істеуге жарамды жандардың бәрі емес, тек адамдардың еңбек етуге қабілетті бөлігі ғана болып табылады. Жұмыспен қамтылу - әлеуметтік – экономикалық категория ретінде халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің қоғамдық-пайдалы қызметте тиісті пайда таба отырып қатысуының тұрлі нысандары. Демек, еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылу өзара байланысты, өйткені жұмыспен қамтылу нысандарының кеңеюі еңбек ресурстарын толықтырады.
Жұмыспен қамтылудың толық және тиімді болып бөлінеді. Жұмыспен толық қамтылу дегеніміз жұмыс іздегендер мен жұмыс істегісі келгендердің барлығы жұмыспен толық қамтамасыз етілгенін білдіреді, яғни жұмысшы күшіне деген сұраным мен ұсынымның арасындағы теңдігімен сипатталады. Жұмыспен тиімді қамтылу екі тұрғыдан сипатталады: экономикалық – адам ресурсын анағұрлым тиімді пайдалану және әлеуметтік – еңбек адам мүддесіне толық сәйкестігі. Сөйтіп, жұмыспен толық қамтылу сандық жағынан сипаттайтын болса, тиімділік – сапалық жағынан.
Еңбек нарығындағы ұсыным мен сұранымның сай болмауы толық және тиімді жұмыспен қамтылудың болмай отырғандығын көрсетеді. Егер ұсыным сұранымнан артық болса, айқын жұмыссыздық орын алады, ал сұраным ұсыным мен нақты қажеттіліктен асқан жағдайда жасырын жұмыссыздық орын алады. Демек, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық бір бірімен байланысты әлеуметтік-экономикалық категориялар болып табылады. Олардың арақатысы еңбек нарықтарындағы саясатты неғұрлым жасанды түрде көрсетеді.
Еңбек нарығының негізгі компоненттерінің өзара байланыстарының механизмі.
Жұмыссыздықты тұғызатын себептерге байланысты оның келесі үш тұрпатын айырады:
1. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне байланысты, яғни жеке тұлғалық сипаты бар және тұрағы, кәсіби, өмір кезеңдерінің ауысуымен байланысты – оқу, зейнетке шығу, балалы болу және балалар өсіру.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – тұтынушылық сұранымның және технологияның өзгеруіне, жұмысшы күшінің жаңа жұмыс орындары құрылымына сәйкес келмеуіне байланысты.
3. Циклдік (қайталамалы) жұмыссыздық – экономикалық дағдарыстар жағдайында пайда болатын іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде жұмыс күшіне деген сұраным кенет қысқарғанда пайда болады.
Жұмыспен қамтылу және жұмыссыздықты қажетті деңгейде ұстап тұрудың негізгі механизмі к/о жергілікті және аймақтық нарықтармен әрекет ететін ішкі өзара байланыс жұйесі болып табылады. Еңбек нарықтарының жұмыссыздық пен жұмыспен қамтылуды реттеушілік рөлі жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымдағы өзгерістерге әсер етулеріннің негізінде жүзеге асырылады.
Нарық жағдайында еңбек нарықтарына институционалды әсер етуге қажетті экономикалық және ұйымдастырушылық шараларды кешенді жүзеге асыру қажет, демек, қызметкерлердің мамандықтарын жетілдіру және соның арқасында жоғары еңбек ти»мділігіне жетуге бағытталуы тиіс, сонда жұмысшы күшіне сұраным арта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |