Тақырып 11. Еңбек процестерінің технологиясы және функционалды еңбекті талдау.
Еңбек процесінің мәні, мазмұны және ерекшеліктері.
Жұмыс орны және оның жарақтандырылуы.
Еңбекті функциялық талдаудың міндеттері мен ерекшеліктері.
Кез келген жұмысты орындау процесі еңбек процессі деп аталады. Ол адамның еңбек функцияларын, өндірістік немесе өзге міндетті шешудегі тікелей рөлін білдіреді. Еңбек процесі адамның рет-ретімен атқаратын жұмыстың аралық немесе түпкі нәтижесіне жету үшін қажет және жеткілікті іс-әрекеттері циклы болып табылады. Еңбек процессінің негізгі құрылымдық элементі – операция болып табылады, яғни жұмысшы бір жұмыс орнында атқаратын еңбектің затын өзгертуге бағытталған іс-қимылдарының аяқталған циклы. Еңбек әрекеті – адамның бір немесе бірнеше мүшелері операцияныңбіркелкі технологиялық бөлігі ретінде бір амалды немесе амалдар кешенін үзіліссіз атқаратын еңбек қимылдарының жиынтығы.
Еңбек процессі қолда бар ресурстарды қажет өнімге айналдыру процессінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жұмыс орны және оның жарақтандырылуы. Жұмыс орны дегеніміз мамандығы бар белгілі бір жұмыскердің еңбек функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті орын және онда орналасқан өндіріс құралдары мен еңбек құралдары. Жұмыс орындары әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: жұмысшылар категориялары, кәсібі, орындаушылар саны, біліктілік дәрежесі, автоматтандыру және технологиялық жарақтандыру деңгейі, орналасқан жері бойынша.
Жұмыс орнын үш тұрғыдан зерттеуге болады: әлеуметтік, экономикалық және технологиялық. Әлеуметтік – еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұранысты білдіретін және жұмыспен қамтылу көзі ретінде сипаттайды. Экономикалық тұрғы – жұмыс орнын пайдаланудан түскен табыстың оны жасау құнынан асқанынан пайда табу көзі ретінде. Технологиялық – жұмыс орнын еңбек құралдарын пайдаланып түрлі технологиялардан туындайтын жұмыстар мен функцияларды орындау жөніндегі еңбектің алғашқы шарты ретінде сипаттайды.
3.Еңбекті функциялық талдаудың міндеттері мен ерекшеліктері. Кез келген жүйеде функциялау жиынтығы барлық жүйе ішіндегі жүйелердің оның мақсатына сай тиімді әрекет етуін қамтамасыз етуді көздейді. Сол себептен әр функция осы талапқа толық жауап беретініне көз жеткізу қажет. Осы мақсатта функциялық талдау қолданылады (ФТ) - ол өнімді жобалау және жетілдіру үшін қалаулы функцияларды талдау технологиясы ретінде падаланылады. ФТ еңбек қызметін талдаудың негізін құрайды. Еңбекті талдау (ЕТ) адам еңбегін барлық салаларында нәтижесін жақсарту және шығынын үнемдеу мақсатында зерттеу өлшеу әдістері мен құралдары жиынтығы табылады.
ФТ нәтижесінде функциялық артықшылықтар мен сәйкессіздіктер айқындалып жойылады, сонан соң әр функция бойынша еңбекке талдау жүргізіліп, еңбек артықшылықтары мен сәйкессіздіктерді жою үшін еңбектің талдауы жүргізіледі.
Ұйымдастыру жағынан қарағанда еңбекті функциялық талдау к/о басшылары мен бөлімшелеріне екі негізгі міндетті шешудің құралы ретінде әрекет ететін қызмет:
өндірістік, функциялық және еңбек технологияларын кешенді талдау және жетілдіру;
қызметкерлер мен еңбек ұжымдары арасында функциялық-еңбек қатынастарын қалыптастыру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Еңбек процессінің мазмұны мен мақсаты қандай?
Жұмыс орының жарақтандырылуының маңызы қандай?
Еңбекті функциялық талдау деген не? Ол не үшін қажет?
К/о еңбекті функциялық талдау қалай ұйымдастырылады?
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 76-84,95- 109 б.
Тақырып 12. Еңбекті өлшеу және нормалау.
Еңбекті өлшеу мен нормалаудың ұғымы және рөлі.
Еңбектің нормасын функционалды бөлу.
Еңбекті өлшеудің және нормалаудың әдістері.
1. Еңбекті өлшеу деп әр түрлі әдістер мен құралдарды қолдану арқылы еңбекті қарқындандырудың белгілі бір деңгейінде нақты жұмыстарды орындауға жұмыскердің қанша уақытын жұмсаудың қажеттігін белгілеуді ұғынуды айтады. Өлшеу нақты нәтижеге жету үшін нақты және күтілетін еңбек шығындарын анықтау болып табылады. Сөйтіп еңбекті өлшеу сол тұстағы жағдайларды зерттей алуға сүйенеді және норманы белгілеудің негізі болып табылады. Еңбекті өлшеу өзара байланыстағы екі мәселені шешеді:
1. Еңбек тиімділігінің анықталған резервтеріне баға береді;
2.Орындалатын жұмыстардың саны мен сапасына қарап жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақыларының деңгейін қалыптастыру үшін негізін құрайды.
Еңбекті өлшеу өзіне өзі функционалды-технологиялық және әлеуметтік міндетті қояды. Еңбектің шығындарын және онымен байланысты ресурстарды өлшеу еңбек процестері технологиясының әр түрлі нұсқаларын салыстыру үшін қажет. Еңбекті өлшеудің нәтижесі жұмыстар мен операциялардың функцияларын да оларға кеткен еңбек шығындарын да анықтай түседі. Еңбекті өлшеу еңбекті нормалаудың бастау негізі болып саналады.
Еңбекті нормалау – бұл уақыт бірлігі кезіндегі өнімдер бірлігін зерттеуге кететін еңбек шығындарының нормаларын белгілеу. Бұл сондай-ақ ЕН-ның маңызды бір механизмі болып табылатын еңбекті реттеудің де жолы.
Еңбекті нормалауға мемлекеттің қатысуы жұмыс уақыты орындалуының негізгі параметрлерін де реттеу болып табылады.
Кәсіпорында нормалы еңбектің негізгі мазмұны келесіде саяды:
жұмыс орындарының өндірістік мүмкіндіктерін талдау;
өндірістік тәжірибені зерттеп оқып үйрену;
жұмыстың нысандарын экономикалық және психо-физиологиялық бағалау;
еңбектің нормаларын белгілеу, оларды тексеру, түзету, өндіріске еңгізу, еңбек нормаларын жүйелі түрде жеткізу.
Еңбекті нормалаудың басты міндеті еңбектің қажетті шығындарын анықтау, ғылыми негізделген нормаларды белгілеу және оларды өндіріске еңгізу болып табылады.
Еңбекті нормалаудың қағидалары болып:
I. Жалпы: ғылымилығы, кешенділігі, жоспарлылығы, нормативтілігі, тиімділігі, әр басты жауапкершілігі, материалдық және моральдық ынталандырудың қағидалары табылады.
II. Жеке: қозғалыстарды үнемдеу қағидасы, еңбек нормаларының техникалық, экономикалық және психофизиологиялық негізделуі, нормалардың ұстамды бірегей қағидасы табылады;
Еңбекті нормалау еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың басты құралына айналуы. Еңбекті нақты нормалау жұмысты берілген технология мен ұйымдастыруға қарай еңбек жылдамдылығының нормалық деңгейін де анықтайды. Берілген еңбек жылдамдылығына қарай еңбек өнімділігінің нормативті деңгейін де, сондай-ақ еңбекті қажет ететін жеке тұлғалық және ұжымдық жұмыстардың көлемі де көрсетіледі.
2. Еңбек нормаларын функционалды бөлу. Өзінің функционалды арнауларына қарай еңбек нормаларының мынадай болады:
1. ұақыттың нормалары (адам.мин, сағ.);
2. жұмыс (істелінген) нормалары;
3. қызмет көрсету нормалары.
Жеке жұмыс уақыты – бұл жұмыстың бір өлшемін берілген техникалық жағдайларда мамандығы сәйкес бір жұмыскердің орындайтын жұмыс уақыты.
Ұжымдық кешенді уақыт нормасы (кешенді операцияларға белгіленген) – бұл жұмыс уақыты жұмыстардың бірлігін берілген техникалық жағдайларда оперцияны орындайтын жұмыскерлер топтарының маманданушылық құрылымдарын ескере отырып белгіленеді.
Жұмыс уақыты келесі ерекшеліктерге орай ажыратылып жіктеледі:
Дайындалатын қорытынды уақыт;
Шұғыл (оперативті) уақыт;
Жұмыс орнын баптайтын уақыт;
Жұмыстағы үзіліс уақыты;
Көзделмеген үзілістер уақыты.
Жұмыс нормасы – бұл берілген техникалық жағдайларда мамандықтары жұмысқа сай келетін бір жұмыскердің немесе жұмысшылар тобының шығаратын өнімдеріне кеткен жұмыс көлемі.
Жұмыс нормасы уақыт нормасына кері пропорционалды шама болып табылады. Жұмыс нормасының нұсқасы ретінде нормалы тапсырманы түсінуге болады. Нормалы тапсырма – бұл орындау үшін жұмыскерге немесе бригадаға берілген жұмыс көлемі, оны өткен уақыттардағы анықтай келе, тек нақты зат күйінде ғана емес, сондай-ақ, адам/сағат немесе істелетін күндер күйінде де береді.
Қызмет көрсету нормасы еңбек заттарының еңбек өніміне айналуының орташа технологиялық өзгеруіне қатысы жоқ процесті сипаттайды. Бұл нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда тиісті мамандануларына сай бір немесе бірнеше жұмысшы қызмет көрсететін қажетті қондырғылардың, өндірістік алаңдардың, жұмыс істеушілердің қажетті саны.
Сандық (численность) нормалары — бұл берілген ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлардағы жұмыскерлердің саны және жұмыстардың көлемі. Сандық нормалар қондырғыларды, қоймаларды, жұмыс орындарын қамтамасыз етуде қолданылады. Cондай-ақ, олар қосымша жұмыскерлер мен басқарушылықтағы қызметкерлердің еңбектерін нормалағанда пайдаланылады.
Басқарушылық нормасы – бұл бір басшыға бекітілетін жұмыскерлердің немесе құрылымдық бөлімшелердің қалыпты саны.
Әзірлеу әдістеріне байланысты еңбектің нормалары: техникалық-негізделген және тәжірибелі-статистикалық болып бөлінеді.
Еңбек процессінің норма және еңбек нормасы белгілеген мөлшеріне қарай еңбек нормалары: операциялық және ірілендірілген болып бөлінеді.
Қолданылу саласына байланысты еңбек нормалары: сала аралық, салалық; жергілікті нормалар болып бөлінеді.
Қолданылу міндеттері бойынша еңбек нормалары: типті және бірегей (единые) нормаларға бөлінеді.
Іске қосылу мерзіміне байланысты: бір жолғы, уақытша, шартты-тұрақты және маусымдық нормаларға бөлінеді.
3. Еңбекті өлшеудің және нормалаудың әдістері.
Тәжірибеде нормаларды белгілеудің 2 әдісін байқайды:
1. Талдау (аналитикалық);
2. Қосынды (суммарный).
Талдау әдісі еңбек процессін, техника мен жұмыс уақытының тиімді пайдалануды зерттеуін алдын-ала қарастырады. Бұл әдісте екі түрлі көзқарас қолданылады: талдап-зерттеу және талдап-есептеу. Талдап-есептеу әдісі бұрыннан бар уақыт нормалары мен қондырғылардың жұмыс режимдерінің нормалары қолданылады. Бұл талдап-зерттеу әдісіне қарағанда қиындығы аз әдіс, алайда ол одан да дәл нәтиже бере алмайды. Талдап-зерттеу әдісі нақты жағдайлардың сай болмауынан немесе базалық нормативтертер болмаған жағдайында қолданылады. Талдау әдістері жұмыс орнын аттестациялаумен үйлестіріле жүргізіледі.
Қосынды әдістер еңбек нормаларының элементтерін бөлектемей барлық еңбек операциясына тұтас қолдануды қарастырады. Олар келесі тәсілдермен анықталады: тәжірибелік, статистикалық және салыстырмалы. Уақыт нормативтерін есептеу үшін келесі тәсілдер қолданылады: хронометраж, жұмыс орнын суретке түсіру, фотохронометраж.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Еңбекті өлшеу дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
Еңбекті нормалаудың мәні мен қағидаларын атаңыз.
Еңбек нормаларының бөлінуін көрсетіңіз.
Еңбекті өлшеу және нормалаудың қандай әдістері бар?
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003,110- 122 б.
2. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
Тақырып 13. Еңбектің өнімділігі және еңбек қызметінің қарқындылығы.
Еңбектің өнімділігі мен еңбек қарқындылығының мәні мен маңызы.
Еңбек қарқындылығының классификациясы.
Еңбектің өнімділігі мен қарқындылығын өлшеудің әдістері.
1. Еңбектің өнімділігі – бұл өндіріс процессінде еңбектің тиімділігі, яғни өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
ЕӨ = ӨК/У; мұнда
ӨК- өнімнің көлемі (шығарылғандығы);
У- жұмсалған уақыт.
Өнімнің еңбек сиымдылығы еңбек өнімділігінің көлеміне кері қатынасы:
ӨЕС = У/ӨК;
Еңбектің тиімділігі келесі топтарға бөлінеді:
1. экономикалық;
2. психофизиологиялық;
3. әлеуметтік.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмысшының еңбек шығындары еңбектің ұзақтылығы мен қарқындылығына қарай анықталады.
Еңбектің ұзақтылығы – бұл еңбек заңдылықтары аясымен, сондай-ақ, адам организмінің психофизиологиялық мүмкіндіктерімен шектелген жұмыс уақытының аралығы. Еңбек қарқындылығы оның қиыншылықтарын ескере отырып уақыт бірлігінің ішінде жұмсалған еңбек шығындарының мөлшерімен анықталады:
ЕҚ = ЕШ/УШ; мұнда
ЕШ – еңбек шығындары;
УШ – уақыт шығындары.
Еңбектің өнімділігі мен қарқындылығының өзара байланысы келесідей тұжырымдалған: «Еңбек процесі неғұрлым ұзақ болса, жұмыскер соғұрлым шаршай түседі және жұмыс уақытының қабілетсіздігі азаяды және, егер жұмыстағы қозғалысты азайтып, бос уақытты көбейтсе керісінше болады».
Еңбектің қарқындылығы еңбектің сапалық құрамдас бөлігі болып қарастырылады. Еңбек қарқындылығының деңгейі неғұрлым қалыпты нормаға жақын болса сол еңбек қолдануға да жақын болады деп есептелінеді. Еңбек қарқындылығы мен өнімділігі— бұл өзара байланыстағы және өзара қызмет көрсететін категориялар. Еңбектің өнімділігі қазіргі, сондай-ақ, өткендегі еңбектің тиімділігін анықтаса, еңбек қарқындылығы тек жанды еңбектің қазіргі кездегі тиімділігін анықтайды.
2. Еңбек қарқындылығының классификациясы.
1. Еңбектің субъектісі бойынша:
- түрдік ЕҚ;
- жаңа ЕҚ;
- к/о жиынтық жұмыскерінің ЕҚ;
- халық шаруашылығындағы жұмыскердің уақыттары бойынша ЕҚ бөледі.
2. Еңбектің объектісі бойынша:
- барлық жұмыстардың ЕҚ;
- өңдеу жұмыстарындағы ЕҚ;
- слесарлық-құрастыру жұмыстарындағы ЕҚ және б. байқайды.
З. Еңбек шығындарының сипаты және жұмысшы күшінің қиындау дәрежесі бойынша:
- Қоғамды – нормативті ЕҚ;
- Қалыпты ЕҚ;
- Жоспарлы ЕҚ;
- Нақты ЕҚ;
- Қоғамдық – қажетті ЕҚ бөледі.
4. Бағалау уақыты бойынша:
- қарқынды; сағаттық; күндізгі; айлық және жылдық ЕҚ айырады.
5. Өндірістің деңгейі бойынша:
ЕҚ жұмыс орнында; ЕҚ жұмыс учаскелерінде; ЕҚ цехта; кәсіпорындағы ЕҚ; саладағы ЕҚ; халық шаруашылығындағы ЕҚ байқайды.
Еңбек қарқындылығын тұрақтандырудың факторлары болып:
1. табиғи (биологиялық);
2. әлеуметтік-экономикалық;
3. техникалық-ұйымдастырушылық саналады.
Өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық:
а) әлеуметтік-тұрмыстық; б) еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бөлінеді.
3. Еңбектің өнімділігі мен қарқындылығын өлшеудің әдістері. Еңбек қарқындылығын өлшейтін әдістері болып:
1. Биологиялық, ол:
- энергетикалық (калориметриялық);
- психофизиологиялыққа бөлінеді.
2. Әлеуметтанулық (Социлогический);
З. Экономикалық:
- тура;
- жанама.
ЕҚ энергетикалық әдіс бойынша өлшеу белгілі бір жұмыс аралығында(мин,сағат,күн) еңбек процестерін орындауға жұмсалатын адам қуатының шығындарын анықтауға саяды. Еңбек процесі барысында адам қуатының шығынын келесі тәуелділіктен анықтауға болады:
Э = Эа+ Эс + Эд + Эн + Эж; мұнда
Э – адам қуатының жалпы шығыны;
Эа - организмде алмасу негізінде жұмсалатын қуаттың шығыны;
Эс – статистикалық жұмыстарды орындауға кететін қуаттың шығыны;
Эд - динамикалық жұмыстарды орындауға кететін қуаттың шығыны;
Эн – жүйке-ой қызметіне кететін қуаттың шығыны;
Эж – еңбектің қолайсыз жағдайларын жеңуге кететін қуаттың шығыны.
Зерттеулер бойынша алмасу негізінде қуаттың шығындары мөлшерімен сағатына 600 килокаллорий құрайды. Калориметриялық әдістің негізінде енергетикалық шығындардың деңгейлеріне қарай еңбек түрлерінің жіктелуі құрылған.
Психо-физиологиялық әдіспен келесі көрсеткіштер шығарылады:
1. Еңбекті күшейту сәттегі қанның ең көп көлемі.
2. Жүрек соғуының жиілігі (жсж).
3. Организмнің рефлекторлық жауабының деңгейі.
4. Еңбек қызметіндегі тыныс алудың минуттық көлемі.
5. Қабылдаған оттегінің (кислород) мөлшері.
Әлеуметтанулық әдісте жеке және кеңінен қаралатын коэффициенттер шығарылады, олар жұмыскерлердің шаршау дәрежесін және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру дәрежесін ескереді.
АЖК (ауырлықтың жеке коэффициенті) = Сөш : Сж, мұнда
Сөш - өте шаршайтын жұмыскерлердің саны;
Сж – зерттелген жұмыскерлердің саны.
ҚЖК (қалыпты жағдайдың жеке коэффициенті)= Cқш : Сж; мұнда Cқш- шамалы немесе қалыпты шаршайтындар.
ЖЕК (жеңіл еңбектің жеке коэффициенті) = Сжк : Сж,
мұнда Сжк – жұмыстан кейін демалатындардың саны.
Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері болып:
1.Табиғи; 2.Еңбектік; 3.Құндылық саналады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы дегеніміз не?
Еңбек қарқындылығы қалай жіктеледі?
Еңбек өнімділігі мен қарқындылығының өлшеу әдістері қандай?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
2. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999, с. 141-168.
3. Практикалық сабақтар:
Тақырып 1. «Еңбек нарығының экономикасы» оқу курсының заты және міндеттері.
1. Пәннің заты және міндеттері.
2. ЕҢЭ мәні. ЕН әрекет етуінің ерекшеліктері.
3. Жалпы экономикалық пәндер жүйесінде ЕНЭ рөлі.
Сабақтың мақсаты: Еңбек нарығы пәнінің заты мен әрекет етуінің ерекшеліктерімен таныстыру. Еңбек нарығына сипаттама беру. Еңбек нарығы экономикасының мәнімен, маңызымен және міндеттерімен студенттерді таныстыру.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 5 – 10 б.
2. Адильбеков М.Т., Курманбаев С.К. Кәсіпкерлік негіздері. С., 2002,с. 4-21.
3.Карибджанова А.С. Экономика рынка труда. Рабочая тетрадь студента. – Алматы 2000, с. 3-5.
3. ҚР Конституциясы, 30.08.95. 24 Б.
4. ҚР Еңбек Кодексі, 11.02.2007 ж.
Тақырып 2. Еңбек адам мен қоғамның тіршілік әрекетінің негізі ретінде.
1. Еңбек адам әрекетінің саласы ретінде.
2. Еңбектің түрлерін жіктеу және олардың сипаттамасы.
3. Кәсіпкерлік еңбек қызметінің маңызды саласы ретінде.
4. Нарық жағдайларында еңбекті басқару.
Сабақтың мақсаты: Еңбектің мәні және маңызымен таныстыру. Еңбекті жіктеу. Еңбек қызметіндегі кәсіпкерліктің маңызын және рөлін айқындау. Еңбекті басқарудың маңыздылығын және тиімділігін дәлелдеу.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 11 – 18 б.
2. Сәлімбаев Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
Тақырып 3. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) құрылуы және дамуы.
1. ХЕҰ құру, дамыту және міндеттері.
2. ХЕҰ құрылымы және оның негізін қалаушы құжаттары.
З. ХЕҰ жұмыс әдістері және қызмет саласы.
Сабақтың мақсаты: Халқаралық еңбек ұйымының тарихы, мақсаты және міндеттерімен таныстыру. ХЕҰ құрылымын анықтау және оның негізін қалайтын құжаттарымен танысу. Қазіргі жағдайдағы ХЕҰ қызмет аясын анықтау және жұмыс әдістерімен танысу.
Ұсынылатын әдебиет:
Рынок труда и социальная политика в Центральной и Восточной Европе. М., 1997.
Тақырып 4. Еңбек нарықтары жұмыссыздық пен жұмыспен қамтылуды реттегіш ретінде.
1. Еңбек ресурстары және жұмыспен қамтылу, олардың сипаттамасы.
2. Еңбек нарығының негізгі компоненттерінің әрекет ету механизмі.
3. Жұмысшы күшіне сұраным және ұсынымды қалыптастырудың негізгі бағыттары.
4. Еңбек нарығының сегментациясы.
5. Нарық жағдайларында жұмыссыздық деңгейін болжау.
Сабақтың мақсаты: Еңбек ресурстары және жұмыспен қамтылу ұғымдарымен танысу. Еңбек нарығының негізгі компоненттерінің әрекетін көрсету. Жұмысшы күшіне деген сұранымы мен ұсынымы заңымен таныстыру. Еңбек нарығының сегментациясының ерекшеліктерін көрсету. Нарық жағдайларында жұмыссыздықтың ерекшеліктерін анықтау.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 47 – 51 б.
2. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999, с. 15-30.
Тақырып 5. Өндіріс көлемі және жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейінің теңселуі.
1. Жиынтық ұсыным және жиынтық сұраным.
2. Жиынтық ұсынымға деген классикалық және кейнсиандық көзқарастар.
3.Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан.
Сабақтың мақсаты: : Жұмыспен қамтылудағы жиынтық сұраным мен жиынтық сұранымның қатынасы жөнінде таныстыру. Жұмыспен қамтылу жөніндегі ежелдегі ғалымдардың көзқарастарын қарастыру. Жұмыссыздық туралы экономистердің ілімдерімен танысу.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 40 – 46 б.
2. Сакс Джефри Д, Лорен Ф.Б. Макроэкономика. М., 1996, с.67-103.
3. Экономика. Под ред. А.С.Булатова. М., 1995, с.142-144.
4. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999, с. 53-72.
Тақырып 6. Кәсіпорынның еңбек ресурстары мен жеке құрамын қалыптастыру.
1. Халық және еңбек ресурстары.
2. Кәсіпорын жұмысшыларының жеке құрамын және персоналын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: Халық және еңбек ресурстарымен таныстыру, олардың мәні, міндеттері және ерекшеліктерін түсіндіру. Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау. К/о жеке құрамының және персоналының міндеттерімен таныстыру.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003.
2. Нурекенов Н.Г., Тойкин С.Х.,Курманбаев С.К. и др. Экономика рынка труда. Уч. пос. С., 2002.
3. Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу. А., 2001.
4. Адамчук В.В. и др. Экономика и социология труда. М.:Юнити, 1999.
Тақырып 7. Жұмыспен қамтылу және нарық шаруашылығы жүйесінде оны реттеу.
1. Жұмыспен қамтылу теориялары және олардың тәжірибеде қолдануы.
2. Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары.
3. Жұмыспен қамтылудың функциялары.
Сабақтың мақсаты: Жұмыспен қамтылу теорияларымен таныстыру. Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттарын анықтау. Жұмыспен қамтылудың функциялары және міндеттерімен таныстыру.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Сакс Джефри Д, Лорен Ф.Б. Макроэкономика. М., 1996, с.67-103.
2. Экономика. Под ред. А.С.Булатова. М., 1995, с.142-144.
3.ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, 23.01.2001ж.
4. Кулинцев И.И. Экономика и социология труда. М., 2001, с. 29-39.
Тақырып 8. Еңбек ресурстарын ұйымдастыру.
1. Өндірістің ұйымдастырушылық факторлары және еңбек қызметін ұйымдастырудың функциялары.
2. Еңбек бөлісі және кооперация.
3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері.
Сабақтың мақсаты: Өндірістің ұйымдастырушылық факторларын қарастыру және олармен танысу. Еңбек қызметін ұйымдастырудың функцияларын қарастыру. Еңбек бөлісі және кооперацияның мәні, мазмұны және ерекшеліктері. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдерінің мақсаты және ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |