ПоәК 042 14. 3- 04/2009 Басылым №1, 30. 09. 2009ж


З. Жұмыспен қамтылудың функциялары



жүктеу 0,68 Mb.
бет3/5
Дата25.11.2017
өлшемі0,68 Mb.
#1735
1   2   3   4   5

З. Жұмыспен қамтылудың функциялары болып:

1. Экономикалық және;

2. Әлеуметтік саналады.

Жұмыспен қамтылудың экономикалық функциясы жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін негіздерін құру болып табылады. Бұл функцияның мәні жұмыскерлерді қоғамның материалдық және басқада құндылықтарды құру үшін мақсатты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуі қажет.

Тиімді жұмыспен қамтылудың көрсеткіштері болып:

а) жұртшылықтың кәсіби еңбекке қатысу коэффициенті. Ол жұмыспен қамтылғандар санының халықтың жалпы санына қатысымен анықталады (процентпен белгіленеді).

б) Нарықтық шаруашылықта еңбекке жарамды жұрттың еңбекпен қамтылуының деңгейі. Ол кәсіби еңбекпен қамтылған халық санынын еңбек ресурстарының санына қатынасымен есептелінеді;

в) Жұртшылықтың қоғамға пайдалы қызметінің салалар бойынша оңтайлы орналасуы;

г) Жұртшылықтың кәсібі, экономика салалары мен секторлары бойынша бөлінуінің тиімді құрылымы;

д) Жұмыссыздықтың нормасы, оның жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне қатынасы саналады.

Жұмыспен қамтылудың әлеуметтік функциясы жұмыспен қамтылудың әр түрлі түрлеріне қатысудан адамның жан-жақты дамуына тәуелділігін көрсетеді.

Жұмыспен қамтылу тек экономикалық мақсаттарға ғана бағдарланбай, қоғамда өмір сүрудің басты мұраты адамның өзінің дамуына да әсер етуі керек.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыспен қамтылу дегеніміз не?

  2. Жұмыспен қамтылу жөніндегі теорияларды анықтаңыз.

  3. Жұмыспен қамтылу саясатының бағыттарын атаңыз.

  4. Жұмыспен қамтылудың қандай функциялары бар?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Сакс Джефри Д, Лорен Ф.Б. Макроэкономика. М., 1996, с.67-103.

2. Экономика. Под ред. А.С.Булатова. М., 1995, с.142-144.

3.ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, 23.01.2001ж.

4. Кулинцев И.И. Экономика и социология труда. М., 2001, с. 29-39.

Тақырып 8. Еңбек қызметін ұйымдастыру.

1. Өндірістің ұйымдастырушылық факторлары және еңбек қызметін ұйымдастырудың функциялары.

2. Еңбек бөлінісі және кооперация.

3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері.

1. Еңбек қызметін ұйымдастырудың мәні белгілі бір жұмыстарды аз шығындармен орындау барысында өндірістің барлық элементтерінің үйлесімді құрамын құруда және оларды дамытуда жатыр. Еңбек қызметін ұйымдастырудың міндеті өндірістің мүмкін болған барлық тәсілдерін зерттей отырып, ресурстарды үнемдеу арқылы жоспарланған нәтижеге жету болып табылады.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы және сақталуы үшін қажетті материалдық игіліктерді құру процессі. Өндірісті дұрыс жолға қою үшін к/о құрылымы қажет. К/о құрылымы дегеніміз оның ішкі үзбелерінің (звеньев) құрамы мен ара қатысы (цехтар, бөлімдер және т.б.).

К/о өндірістік құрылымының келесі тұрпаттарын айырады:

1. Заттық құрылым;

2. Технологиялық құрылым;

3. Заттық-технологиялық, аралас құрылым.

Өндірісті ұйымдастырудың тұрпаты— ол өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерінің және техникалық деңгейінің кешенді сипаттамасы.

Өндірісті ұймдастырудың З тұрпаты бар:

1. Бір-бірлеп(единичное) шығару; 2. Сериялық өндіріс; З. Жаппай (жалпы) өндіріс.

Өндірісті ұйымдастырудың тұрпатынан көбінде к/о құрылымы мен еңбек қызметін ұйымдастыру тәуелді болып келеді.

К/о-ң өндірістік құрылымын жетілдірудің жолдары болып:

А). Негізгі, негізгі емес және қызмет көрсетуші цехтардың өзара тиімді байланыстарын сақтау;

Б). К/о-ды тиімдеу және жоспарлау жөніндегі үнемі жұмыс жүргізу;

В). К/о-ң жеке бөлімшелері жұмыстарының интеграциясы (бірігуі);

Г). Өндірісті мамандандыру және кооперациялау.

Ұымдастырушылық құрылым деп к/о-ды басқарудың құрылымын атайды. К/о ұйыдастырушылық құрылымдарының келесі тұрпаттары болады:

1) Желілік (линиялық); 2) Функционалдық; 3) Желілі-функционалдық; 4) Штабтық; 5) Желілі -штабтық; 6) Матрицалық; 7) Басқарудың аралас құрылымы.

Еңбек қызметін ұйымдастырудың келесі функцияларын атайды:

1. Еңбек субъектісін анықтау (жұмысшы және ұжым).

2. Оны қажетті еңбек құралдары және несиелермен қамтамасыз ету.

3. Қолайлы еңбек жағдайларын туғызу.

4. Еңбек процестерін ұйымдастыру.

5. Еңбек ақы мәселелерімен шұғылдану.

2. Еңбек бөлінісі және кооперация. Еңбек бөлінісі деп бірлескен еңбек процессіндегі адамдардың қызметтерін бөлуді атайды (разграничение).

Еңбек бөлінісінің 3 түрі болады:

1. Жалпы, яғни, қоғамдық өндірісте басты салаларды көрсету;

2. Жекеленген – сала ішінде еңбектің әр түрінің даралануы (жекеленуі);

З. Бірегейлісі – к/о ішінде немесе нақтылы бір өндірістік учаскеде еңбектің бөлінуі.

К/о еңбек бөлінісінің келесі формаларын айырады:

1. Технологиялық бөліну; 2. Функционалдық; 3. Кәсіби-біліктілік.

1). Технологиялық бөліну – технологиялық біртектілігіне қарай жұмыстардың жекеленуі.

Бұл жүенің артықшылықтары:

- өндірісті механикаландыру және автоматтандыруға жағдайлар жасалады;

- операциялардың шектелген әдістері орындалады, демек, жұмыс жеңілдейді де нервтік ауыртпақтар қысқартылады;

- жұмыскерлерді даярлау мерзімдері қысқартылады.

Кемшіліктері:

- жұмысшыларды мамандандыруды тарылтады, ал бұл еңбектің бір қалыптылығын көбейтуге, шаршауға, еңбектің мазмұндылығын жоғалтуға, өндірістік процесті ұзартуға алып келеді;

2). Функционалдық еңбек бөлінісі – бұл жұмыскерлердің өндірісте орындайтын функцияларының аясында шектелулері.

Фунционалды еңбек бөлінісіне қарай к/о барлық персоналын мысалы, келесі функционалды топтарға бөлуге болады:

• Негізгі жұмысшылар; Көмекші жұмысшылар; Инженер-техникалық жұмысшылар, мамандар; Қызметкерлер; Қызмет көрсететін кіші персонал; Күзетшілер.

З) Кәсіби-біліктілік бөліну – мамандығына немесе еңбектің күрделілігіне байланысты әр функционалды топтағы жұмыскерлердің бейімделген жеке топтарының жекеленуі.

Мамандану кәсіптік білімдері мен жаттыққандарына қарай сипатталады. Еңбек бөлінісінің барлық нысандары өз ара тығыз байланыста.

Еңбек кооперациясы (ЕК) — адамдардың бір немесе өзара байланысты емес еңбек процесстеріне бірігіп қатысуы. Кооперация жеке немесе ұжымдық орындаушылардың жұмысында келісімділікті, сонымен бірге кәсіби процесстің үздіксіздігін және оның қызметін тоқтауын қамтамасыз етеді. ЕК еңбек бөлісінің салдары болып табылады. ЕК өндіріс құрал-жабдығын және жұмыс уақытын неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ете отырып, еңбек өнімділігін арттырады. Сонымен, кооперация мен еңбек бөлінісі бір бірімен ажырамас байланыста және адамдардың еңбек қызметтерінде бір бірін толықтырады.

Еңбек кооперациясының келесі түрлерін ажыратады:

• Цех аралық; Цех ішіндегі; Учаске ішіндегі; Бригада ішіндегі.

3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері. Еңбекті ұйымдастырудың жеке және ұжымдық формалары болады. Еңбек қатынастары деп адамдар арасындағы, жұмыс беруші мен жұмыскердің, әкімшішілік пен кәсіподақтың, еңбек ұжымдары арасындағы қатынастарды айтады. Еңбек қатынастары ұжымда пайда болатын дауларды шешуге арналған.

Еңбек қатынастары жүйесінде келісімдердің 2 түрін атауға болады:

1. Жеке; 2. Ұжымдық.

Жеке келісімдер – бұл к/о немесе жұмыс тобының ішіндегі жеке жұмысшылар мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар. Ұжымдық – к/о жұмысшы топтардыңы өкілдері, әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің арасындағы қатынастар.

Еңбек қатынастарын ұйымдастырудың мақсаты–оған қатысушылардың арасындағы әріптестік, ынтымақтастық және туындаған проблемаларды бірлесіп шешу негізінде табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз не?

  2. Өндірісті ұйымдастырудың қандай түрлері бар?

  3. Еңбек бөлісі және кооперация дегеніміз не?

  4. Еңбек бөлісінің қандай нысандары бар?

  5. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдерінің мәні неде?

Ұсынылатын әдебиет:

1.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбек нарығының экономикасы. С., 2003, 52 – 57 б.

2. ҚР Еңбек Кодексі, 11.02.2007ж.

3. ҚР «Еңбек туралы» Заңы, 01.01.2000.



Тақырып 9. Еңбек нарығын болжау.

  1. Демографиялық болжауды әзірлеу.

  2. Жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын болжау.

  3. Жұмыспен қамтылуды және еңбек ресурстарын болжау.

1. Демографиялық болжау еңбек ресурстарының саны мен құрылымын, сонымен қатар, жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын анықтауда маңызды элементі болып табылады.

Демографиялық болжамдар халықтың саны мен құрамындағы болатын өзгерістерді, сондай-ақ, демографиялық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

Халықтың ұдайы өсуінің З тұрпатын анықтайды:

1.Экстенсивті (туу және өлімінің деңгейі);

2.Интенсивті (бұған халықтың қартайларуы жатады);

3. Қысымды өсу (ұдайы өсу) немесе келеңсіз жағдайлар (өсудің теріс жағдайлары).

Демографиялық болжауды әзірлеудің 4 кезеңі бар:

1 – кезеңде болжамды мезгілдегі халық санының мүмкін болатын өсуі анықталады.

2 – кезеңде халықтың құрылымы анықталады: жасы, жынысының бөлінуі, кәсіби құрылымы.

З – кезеңде ел аймағы бойынша нөмірлеп орналасуы анықталады (қала мен ауыл, аймақтар арасында). Мұндай жекелену түрлі аймақтардағы ЕН мүмкін болар жағдайын шамалауға мүмкіндік береді.

4 – кезеңде халықты қоғамның өндіргіш күштері ретінде пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері анықталады (еңбек өнімділігі және т.б.), яғни экономиканың аумағы және салалар бойынша еңбек өнімділігінің деңгейі болжамдалады.

Демографиялық болжаудардың келесі түрлерін байқайды:



  1. Болжамдардың аумақтары бойынша – глобалды, аймақтық, локалды (бір жердегі).

  2. Белгілеген уақыттары бойынша – қысқа мерзімді (5 жылға дейін), орта мерзімді (ұрпақ ұзақтылығына орай), ұзақ мерзімді (ұрпақ мерзімінен де әрі кетеді).

Ұрпақ ұзақтығы – бұл ата аналар мен балалары жастарының орташа айырмашылығы.

Демографиялық саясаттың міндеттері болып кедейшілік деңгейін қысқарту, отбасын қолдау, отбасының денсаулығын және балалық шақты қорғау, жастарды қолдау т.б. табылады.

2. Жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын болжау.

Жұмыспен қамтылудың болжауы келесі ретімен әзірленеді:

1. Жоспарланған мезгілдегі жынысы бойынша халықтың саны мен құрамы анықталады.

2. Жоспарланған мезгілдегі еңбек ресурстарының саны анықталады (экономикалық белсенді халықтың) (халықтың жалпы санынан қажетті жасы бойынша мәліметтер алынып, олардың қорытындысы жұмыс істемейтін мүгедектер мен зейнеткерлердің санына қарап түзетіледі).

Алынған қорытынды еңбек нарығында жұмысшы күшіне деген ұсынымды сипаттайды. Неғұрлым күрделі міндет – жұмысшы күшіне деген сұранымды анықтау. Ол үшін алғашқы кезеңде жоспарланатын мезгілде жұмыс орындарының динамикасы келесі формуламен анықталады:

Жжо(t+n)_+_∆Ежжо(t+n),_мұнда__Сжо(t+n'>Сжо(t+n) = Сжоt – Жжо(t+n) + ∆Ежжо(t+n), мұнда

Сжо(t+n) – болжау мезгілінің аяғында жұмыс орындарының саны;

Срмt – болжау мезгілінің басында жұмыс орындарының саны;

Жжо(t+n) – түрлі себептерменен болжау мезгіліндегі жұмыс орындарының босатылуы;

Ежжо(t+n) – болжау мезгілінде жаңа жұмыс орындарын еңгізу.

Жұмыс орындарының жоғалуы (шығуы) негізгі өндірістік қорлардың (НӨҚ) белсенді бөлігінің салалық коэффициентері қысқаруының негізінде болжанады. Еңгізілетін жұмыс орындарының саны күрделі салымдардың көлеміне және жаңа жұмыс орындарының құнына байланысты болады.

Жұмысшы күшіне сұраным келесідей есептелінеді.

Бірінші кезеңде негізгі өндірістік қорлардың тозуына байланысты жұмыс орындарының босатылуы есептелінеді:

Жжо = (Сқt+ Свt) х К; мүнда

Сқt – t жылындағы жұмыспен қамтылғандардың саны;

Свt – t жылындағы вакансиялардың саны;

К – НӨҚ белсенді бөлігі шығуының коэффициенті.

Екінші кезеңде к/о банкротка ұшырауына байланысты болжамдалған мезгілде мүмкін болатын жұмыс орындарының босатылуы анықталады:



Жбt = (СқtПt өз) х Үз : Қ д; мұнда

Сқt – t жылындағы жұмыспен қамтылғандардың саны;

Пt өз – t жылындағы жұмысшылар санының жинақталған потенциалы (әлеуеті);

Үз – t жылындағы саладағы к/о жалпы санындағы зиян шеккен к/о үлесі;

Қд – t жылындағы дағдарыстың қарқыны.

Үшінші кезеңде саладағы к/о жұмысшылар саны өзгеруінің жинақталған потенциалынан мүмкін құтылуы анықталады:



Қt өз = Пtөз (1 – Кt з : Қд) х 100 х (100 – Дөк : Қд); мұнда

Пtөз – t жылындағы жұмысшылар саны өзгеруінің жинақталған потенциалы;

Дtөк – t жылындағы өндіріс көлемінің динамикасы.

Бұл формуладан келесіні байқауға болады, өндірістің көлемінің төмендеуі неғұрлым көп болса, соғұрлым к/о жұмыскерлердің артық санынан жылдам құтылады.

Төртінші кезеңде экономикалық себептерге байланысты жұмыс орындарының мүмкін жоғалуы анықталады:

Жэt = Жбt + Жt өз.

Бесінші кезеңде болжамдалған жылда жұмысшылар саны өзгеруі потенциалының көрсеткіші есептелінеді. Бұл көрсеткіш нешетүрлі себептерге байланысты жасырын жұмыссыздықтың деңгейінің өзгеруін анықтау үшін қажет.

Сt өз = Пt өз - Сt өз – Жбt х Дөк х Кик - Қt өз - Жжо , мұнда

Кик – өндіріс көлемінің динамикасына байланысты жасырын жұмыссыздықтың өсуінің икемділік коэффициенті.

Алтыншы кезеңде жаңа жұмыс орындарын іске қосудың мөлшеріне есеп жасалынады:



Іtжжо1= (Кtс : Қtжо + Іtжжо 2 : Қд) х Кtсм, мұнда

Кtс – t жылындағы салаға күрделі салымдар;

Қtжо - t жылындағы жаңа жұмыс орнын еңгізудің құны;

Іtжжо 2 : Қд – t жылында жеке меншік инвесторлар есебінен жұмыс орындарының ашылуы;

Кtсм – t жылындағы саладағы смендік коэффициенті.

Жетінші кезеңде баланстық ара қатысы көмегімен жұмыс орны саны мен вакансия (бос орын) арасында есеп жүргізіледі:



Сқt = Сқt+1 – Жt жо – Жэt – Іtжжо .

Егер, алынған нәтижелерге әскери күштерінен босағандар, оқу орындарында іштей оқитындар және үй шаруашылығымен айналысатындарды қосса, жиынында жұмыспен қамтылғандар мен болашақ жұмысшы күшінің қорытынды болжауы анықталады.



  1. Жұмыспен қамтылуды және еңбек ресурстарын болжау.

Халықты жұмыспен қамтылуды болжауының басты мақсаты – елдің барлық аймақтарындағы еңбек әлеуетін тиімді пайдалану, оларды барынша жұмыспен қамту.

Халықты жұмыспен қамту болжауының келесі әзірлемелерін байқайды:

1. Халықтың жұмыспен қамтылудың барлық бағыттары бойынша (деңгейі, сипаты, құрылымы, өсу динамикасы) жағдайы талданады.

2. Жұмыспен қамтылудың параметрлері есептеулермен анықталады (жұмыспен қамтылу деңгейі, динамика және т.б.).

Бұл кезде 2 топ факторлар ескерілуі қажет:

1. Жұмыспен қамтылудың және еңбек ресурстарының көлемдерін анықтайтын факторлар.

2. Еңбек ресурстарының ұсынымына сәйкес келетін құрылымдардың факторлары.

3. Қорытындысында мемлекеттік реттеу шараларына орайлас келетін нысандар негізделеді және тұрақтандырылады.

Еңбекпен қамтылудың болжамдары әзірлену кезінде баланстық әдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының жинақталған баланстары пайдаланылады, бұлардың негізінде жұмысшы күшінің сұранымы мен ұсынымының баланстары әзірленеді. Солардың көмегімен аймақтар және ел аумағы бойынша жұмыс орындарының саны мен бар қызметкерлердің арасындағы сай келмеушілікті шығарып білуге болады.

Еңбек ресурстарының саның болжау халық санында болып жатқан болашақ өзгерулерді, еңбек ресурстарын және олардың кәсіби деңгейлерін анықтауға, демографиялық жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. Еңбек ресурстарын болжауда келесі екі әдіс кең таралған – экстраполяция және жастарын жылжыту, алмастыру (передвижка возрастов).

Экстраполяция әдісі еңбек ресурстарын дамытудағы қысқа мерзімді болжауды құрған кезде қолданылады. (өткен мезгілдегі еңбек ресурстарының саны халықтың өсімінің жылдық орта коэффициентіне көбейтіледі).

Жастарын алмастыру әдісі болашақ еңбек ресурстарының санын жоспарлағанда қолданылады. Бұл әдісті қолданған уақытта, алдымен жоспарлаған жылдың аяғындағы еңбек ресурстарының саны анықталады, сонан кейін статистикалық мәліметтер негізінде халықтың қозғалуы табылып болжамдалған мезгілге түзетіледі.

Еңбек ресурстарының санын неғұрлым дәл болжау үшін белгілі баланстық есептердің және стратегиялық жоспарлаудың жүйесі қолданылады. Бұл есептерде жұмыс орындарының және еңбек ресурстарының жиынтық баланстары, жұмысшылардың және мамандардың қосымша қажеттіліктері және басқ. көрсетіледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Демографиялық болжаудың мәні және мақсаты қандай?

  2. Жұмысшы күшінің сұраным мен ұсынымын болжау не үшін қажет, оның маңызы қандай?

  3. Халықты жұмыспен қамтылуды болжамының басты мақсаты қандай?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Стратегическое планирование. Под ред. Уткина Э.А. М.,1999.

2.Морозова Л.Е. и др.Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М., 2003, с.22-34.

3. Сафронова В.М.Прогнозирование и моделирование в социальной работе.М., 2002, с. 127-154.

4. Прокопчук Л.О., Козырев А.А. Стратегическое планирование. С-П.,2000.

Тақырып 10. Индустриалды дамыған елдерде еңбек нарығын реттеу.

1. Еңбек нарығын реттеудегі тарихи тәжірибе.

2. Еңбекке сұраным мен ұсынымды мемлекеттік реттеудің шаралары.

З. Жұмыссыздарды қолдаудың мемлекеттік саясаты және бағдарламалары.

1. ЕН реттеу – бұл жұмыспен қамту аясын ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық жұйесінің барлық элементтерін қамтитын шаралар мен істердің күрделі жұйесі.

ЕН реттеу кең тұрғыда алғанда еңбекке сұраным мен ұсынымның қалыптасуына байланысты барлық процестерді, ал тар мағынада - бұл жұмыссыз азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған нақты шаралардың жүйесі.

1886 жылдың наурыз айында Парижде қоғамдық жұмыстар департаментінде қалалық үкіметтің қарауына еңбек биржасы мекемесінің жобасы ұсынылды. Еңбек биржаларын құру ісі 1886 жылдың желтоқсанында Парижде жүзеге асырылды.

1892 ж. еңбек биржаларының федерациясын құру туралы ой туды. 1895 ж. еңбек биржаларының федерациясында 34 еңбек биржалары әрекет етті. 1900 ж. Федерация барлық өнеркәсіптік жұмысшыларының 50 % қамтыған болатын.

Еңбек биржаларымен құрылған органдар 4 категорияға бөлінген:

1. жұмыссыздықпен шұғылданатын органдар;

2. ағартушылық (просвет. работа) жұмыспен шұғылданатын органдар;

З. насихатшылық жұмысқа әсер ететін органдар;

4. жұмысшылардың экономикалық күресін тежейтін жобаларға қарсы үгіт жүргізетіндерге қызмет көрсететін органдар.

2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу шаралары жүйесінде келесі элементтерді бөледі:

1. Еңбекке сұранымды реттейтін шаралар;

2. Еңбекке ұсынымды реттейтін шаралар;

З. Жұмыспен қамтылудың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ететін шаралар.

Еңбекке сұранымды ынталандырудың неғұрлым кең тараған шаралары болып:

1. Қоғамдық жұмыстардың бағдарламасы;

2. Жұмыстарды қаржыландыру (субсидияландыру);

3. Еңбекке әсер ететін қаржы саясаты.

Жұмыстарды субсидияландыру - өзі шұғылдануға байланысты шаралар және оның жұмысқа азаматтардың белгілі бір категорияларын алуға берілетіндігі.

Қаржы саясаты негізінен өндіріс көлемін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыспен қамтылуды арттыруға мүмкіндік беретін жедел көмекті өзіне саяды.

Еңбекті мемлекеттік реттеу шараларының бірі болып кәсіптік дайындық және қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы еңбек ұсынымының құрылымын қалыптастыру табылады. Бұл орайда әсіресе жастардың жұмыссыздығына ерекше назар аударылуы қажет. Бұл бағдарламалар келесі бағыттарды қамтиды:

а) еңбек демалысы, оның ұзақтығы, жұмысқа оралғысы келетіндер;

б) халықтың әлеуметтік жағдайлары төмен адамдарды оқыту және дайындау.

3. Жұмыссыздарды қолдайтын мемлекеттік саясаты және бағдарламалары.

Жұмыспен қамтылудың саясаты деп қоғамның және оның әр мүшесінің әлеуметтік – экономикалық дамуына тікелей де жанама да әсер ететін шаралардың жиынтығын атайды. Оның бірнеше деңгейі бар: жалпы мемлекеттік, аймақтық және бір жерлік. Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде жұмыспен қамтылу саясатының үш үлгісін бөліп көрсетуге болады: еуропалық, скандинавтық және американдық.

Жұмыспен қамтылу саясатының екі нұсқасы бар: белсенді және енжар. Жұмыспен қамтылудың белсенді саясаты – бұл жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін мемлекет жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар. Ол жұмыс орындарын сақтай отырып жұмыскерлерді жұмыстан шығаруды болдырмау, жұмыс іздеушілерді даярлау және қайта даярлауды, жұмыс орындарын белсенді іздеуді, жаңа жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтиды. Енжар саясат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуді және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері арқылы жұмыс орындарын қамтиды, сонымен қатар жұмыссыздарды материалдық қолдау саясатын жүргізеді.

Жұмыспен қамтылудың мемлекеттік саясаты күшіндегі заңдылықтарға сәйкес келесілерге бағытталған:


    • еңбек үшін адам ресурстарын дамытуға;

    • әр түрлі факторларға қарамастан елдің барлық азаматтарына ерікті еңбек пен жұмысты еркін таңдауларына;

    • заңдылық шегінде азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік ынтасын қолдау;

    • халықтың жұмыспен қамтылу аясындағы әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

    • істеп тұрған жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерді марапаттау;

    • халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оны бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың, басқа да өкілді органдардың қызметтерін үйлестіру;

    • халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешудегі халықаралық ынтымақтастыққа да қатысу. Халықтың жұмыспен қамтылудың белсенді мемлекеттік саясатын жүргізу еңбек нарығындағы жағдаймен оның болжамды дамуынан туатын еңбекпен қамтудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жасау арқылы жүзеге асырылады.

Еуропа Қауымдастық елдерінде жұмыссыздыққа беретін жәрдемақыларға жалпы көзқарас белгіленген. Біріншіден, жәрдемақының көлемі еңбек ақысының деңгейінен және сақтандыру жарналарын төлеуінен тәуелді. Екіншіден, қарауындағы адамдарға байланысты қосымша төлемдер мен субсидиялар қарастырылады. Үшіншіден, материалдық қолдау механизмнің мәні жартылай жұмыссыздық болған жағдайларда білінеді. Төртіншіден, жәрдемақылар төлеудің мерзімдері үнемі шектелген. Осы жәрдемақы алудың жағдайлары жұмыссыз адамды белсенді жұмыс іздеуіне талпындырады. Мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі халықтың әлеуметтік көмегінің көлеміне байланысты емес, ол жұмыссыздық проблемаларын тәжірибеде шешуден байланысты, ал мұндай жағдай істеп тұрған өндірістің жағдайында ғана мүмкін.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек нарығын реттеудің тарихи тәжірибесі қайдан басталады?

  2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мәні мен маңызы қандай?

  3. Батыс елдерінде жұмыссыздарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың ерекшеліктерін атаңыз.

  4. ҚР жұмыссыздарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларды атаңыз.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Рынок труда и социальная политика в Центральной и Восточной Европе. М., 1997.



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау