Сурет 1 - Әртүрлі отындар сипаттамасы
Өздік бақылау сұрақтары
Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі туралы айтыңыз.
Жану процесінің кезеңдері қандай?
Жану уақытының басқа факторлардан тәуелділігі қандай?
Жану температурасы қандай?
Отындар сипаттамасын түсіндіріңіз.
Қолданылған оқулықтар
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340.
Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289.
Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117.
Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107.
Дәріс 12
(1 сағат)
Тақырып. Жану температурасын анықтау
Дәріс сабақтың мазмұны
Отынның жану температурасы.
Калориметриялық температура.
Жану өнімінің I-t диаграммасы.
Сорылған ауамен жүретін газдың салқындауы.
Отынның жану температурасы калориметриялық, теориялық және нақты болып бөлінеді. Отын мен ауаның барлық жылуы газдарды жылытуға кетсе, және осы толық жану өнімінің қыздырылуына қажетті температура калориметриялық температура деп аталады. Бұл жағдайға арналған жылу тепе-теңдігі, мына теңдікпен өрнектеледі:
Qнр+Іо+Іа= Vr cr tк=Ік,
|
(1)
|
мұндағы, Qнр-отынның төменгі жану жылулығы,кДж/кг(кДж/нм3);
Ік-жанудың калориметриялық температурасындағы түтін газдарының энтальпиясы;
Іо,Іа- отын мен ауаның физикалық жылуы.
tк= Qнр+Іо+Іа/ Vr cr,0С,
|
(2)
|
,
|
(3)
|
Отынның жануының I-t диаграммасы арқылы калориметриялық температураны анықтауға болады.
Физикалық жылу qф мен химиялық жанбай қалған жылу мөлшерін q3 шегергендегі қалған барлық жылу, жану өнімдерін қыздыруға жұмсалады, осы кездегі температура - теориялық температура деп аталады.
Бұл кездегі жылу тепе-теңдігі мына формуламен табылады:
,
|
(4)
|
,
|
(5)
|
,
|
(6)
|
Жанудын теориялық температурасы осы тендікпен анықталады.
Сурет 1- Саратов табиғи газының жану өнімінің I-t диаграммасы
Сүретте 1 табиғи газға арналған жану өнімінің температура диаграммасы көрсетілген. Ординат өсі бойынша отынның бірлік мөлшерінде алынған газ түтінінің энтальпиясы, ал абцисса өсі бойынша газ температурасы салынады. Диаграммада әртүрлі артық ауа коэффициенті үшін отынның толық жануының I=f(tг) қисықтар тәуелділігі берілген. Сонымен қатар, әртүрлі артық ауа коэффициентіндегі калориметриялық температурадағы қисықтар тәуелділігі көрсетілген. Сонымен қатар, диаграммада отынның толық жануына қажетті ауа шығыны туралы мәліметтер берілген.Диаграммадан түтін газының ауамен қосылысы кезіндегі салқындауын анықтауға болады. Диаграммада α=1.1 артық ауа коэффициентіне сәйкес келетін қисықтан, бастапқы температурасы tа=1800 градус және соңғы температурасы tв=15000С тең А және В нүктелерін табамыз. АВ қисығы түтін газының ауамен қосылысы кезіндегі салқындауын көрсетеді.Осы кезде газ ΔΙ=ΙА−IВ=7800-6400=1400 кДж/нм3.
Сорылған ауамен жүретін газдың салқындауы.Температурасы 15000С түтін газы жылу шығынысыз температурасы 00С сорылған ауамен араласады және артық ауа коэффициенті α=1.1-ден α=1.5 дейін артады.Газдың бастапқы күйін сипаттайтын В нүктесінен α=1.5 қисығына дейін абцисса өсіне параллель жүргіземіз( С нүктесі).Сонда ВС түзуі сорылған ауамен жүретін газдыңсалқындауын сипаттайды.
Бұл диаграммада изотермиялық процесс ордината өсіне параллель ДС сызығымен сипатталады.Бұл процесс газ қоспаларының температуралары tс=tд=const кезінде жүреді.Бұл жағдай түтін газдарының ауамен араласуына сәйкес келеді.
Өздік бақылау сұрақтары
Отынның жану температурасының түрлерін атаңыз.
Калориметриялық температура дегеніміз не?
Жану өнімінің I-t диаграммасын түсіндіріңіз.
Сорылған ауамен жүретін газдың салқындауын түсіндіріңіз.
Қолданылған оқулықтар
Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника» М.,Металлургия, 1969, 291-293 б.
Лариков И.И. «Теплотехника». М. Стройиздат. 1985. 366 - 370 б.
Достарыңызбен бөлісу: |