Сабақтан алған білімді тексеру тестілік сұрақтар №14
ҚР жеке аудандарының әлеуметтік-экономикалық мәселесі.
Жұмыспен қамтылудың аймақтық мәселесі.
Шағын және орта қалалардың депрессивтік мәселесі.
Кедейшілік мәселесі.
Қазіргі сатыда ҚР кедейшілікті шешу жолдары
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2011
Практикалық сабақтың тақырыбы №15 Унитарлы және федеративті мемлекеттегі муниципалдық басқару
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта Францияда жергілікті өзін өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуының тәжірибесі. Ұлыбританияда жергілікті өзін өзі басқару. Жапонияда жергілікті өзін өзі басқару. Германияда жергілікті өзін өзі басқару. Ресей Федерациясында жергілікті өзін өзі басқару. Чехияда, Польшада, Венгрияда Словакияда жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің қалыптасу процесі қарастырылады.
Сабақтан алған білімді тексеру тест сұрақтары №15
Францияда жергілікті өзін өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуының тәжірибесі.
Ұлыбританияда жергілікті өзін өзі басқару.
Жапонияда жергілікті өзін өзі басқару.
Германияда жергілікті өзін өзі басқару.
Ресей Федерациясында жергілікті өзін өзі басқару.
Чехияда, Польшада, Венгрияда Словакияда жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің қалыптасу процесі
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2011
4. Курстық жұмысты орындау бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
Курстык жұмыс жазудың максаты: Әрбір студент өзінің болашақ мамандығын қалыптастыратын пәндерді оқып-үйрету барысында алған теориялык білімдерін одан әрі тереңдетіп, жетілдіре беруі үшін күнделікті болып жатқан (алда да болатын) экономикалық және әлеуметтік процестерді баскарудың тәжірибесін мемлекеттік, салалык және аймақтық тұрғыдан жеткілікті талдап, соның арқасында баскару тәжірибесінің салыстырмалы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып, соңғыларын одан әрі болдырмаудың жолдары мен әдістерін ғылыми-методологиялык және ұйымдастырушылық жағынан негіздей білуге тиіс. Сондықтан дәл осы мақсатқа кол жеткізу үшін осы пән бойынша курстык жұмыс жазу керектігі оқу жоспарында қаралған.
Курстык жұмыстың мәні, жазу әдістемесі мен сатылары: Курстық жұмыстың мәні - жинастырылтан ресми, әдеби-статистикалык және болжамдык материалдарды жүйелі түрде саралап талдап, одан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды алынған такырыпты терең ашып беру үшін белгілі логикалык сәйкестілікке келтіруге және осылардың барлығын өз сөзбен жазып шығуға үйрету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда студенттердің жазбаша жұмыстары дипломдык жұмыс жазумен аякталуға тиіс. Курстық жұмыс жазу барысында мынадай әдістемелік нұсқау сакталғаны жөн:
- тақырыптын ғылыми-әдістемелік астарын толык меңгеру үшін керекті әдебиетті аныктап, оны оқып-үйреніп, өзіне жарамды дегендерін жазбаша жинактау;
- ғылыми-теориялык тұжырымдарды қоғамдық өмірдің тәжірибесінде болып жаткан жағдайлармен салыстыра қарастыру үшін ресми материалдар мен динамикалық, құрылымдық, мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерді терең талдау;
- тақырыпты тандап алғандағы мақсатқа кол жеткізу үшін жоғарыда аталған жұмыстарды логикалық бірізділікке келтіру, зерттеу объектісінің басқару механизмдерін одан әрі жетілдіру және экономикалық – әлеуметтік тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін негіздеу.
Курстық жұмысты орындау ұйымдастыру жағынан келгенде мынадай сатылардан өтуге тиіс:
- кафедра мәжілісінде алдын ала бекітілген тақырыптар тізімі студентгерге беріледі;
- әрбір студент өзіне оңтайлы тақырыпты таңдап алып, ол бойынша әдебиеттер тізімін жасағаннан кейін жұмыстың мазмұнының (жоспарының) жобасын жасақтап, оны кафедрадан бекітілетін ғылыми жетекшімен бірлесе отырып жетілдіреді;
- жоғарыдағы "әдістемелік нұскауларға" сәйкес жазылған курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылады;
- ғылыми жетекшінің кеңесі бойынша курстық жұмыс түзетіледі және жетілдіріледі. Ғылыми жетекші жұмысты жарамды деп таппаса, онда бұл жұмыс корғауға жіберілмейді;
- ғылыми жетекші жазылған жұмысты жарамды деп тапқан жағдайда ол кафедра шешімімен құрылған арнайы комиссия алдында тиісті дәрежеде қорғалады.
Курстық жұмысты қорғау барысында студент тандап алған тақырыбын өздігімен түбегейлі зерттегенін, барлық талданған әдеби-статистикалық материалдарды түгел меңгергенін, талдаудың негізгі корытындыларын тұжырымдағанын, қойылған теориялық және практикалық сұрақтарға жауап бере алатынын дәлелдеп шығуы тиіс. Олай болмаған жағдайда комиссия курстық жұмысқа теріс баға беріп, оның түзетіліп жазылуына мерзім тағайындайды.
Курстқы жұмыс А4 (210x297) ГОСТ 2.30.1-68 "ЕАКД.-Форматы" бойынша бір бетіне жазылып, ал кесте немесе суреттер кезінде А 3 (297x420) форматы қолданыла береді.
Курстық жұмыс келесі талаптармен жазылады: сол, жоғарғы, төменгі 20 мм – ден кем болмауы тиіс, оң жолдың шеті 10 мм – ден аспауы тиіс.
Абзацтар 1,25 см – дей арақашықтықта, интервал -1,5 см болуы тиіс.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің аттарын, негізігі бөлімдерінің бөлімшелерінің аттарын жол ортасында және үлкен әріптермен аяғында нүктесіз. Бөлімше аттарында сөзді тасымалдауға болмайды.
Кіші бөлімшелердің және бөлімшелердің аттарын үлкен әріптермен, абзацпен, ал қалған сөздерді кіші әріптермен жазуға болады.
Бөлімше атауынан кейін нүкте қойылмайды және асты сызылмайды. Егер бөлімше аты бірнеше сөйлемдерден құралса, олар нүктемен ажыратылады.
Бөлімше атауменен және текст арасында 2 см – ден кем емес болуы қажет. Яғни екі интервал. Бөлімше атауыменен және кіші бөлімшенің атауыменен 1 см – ден кем емесе болуы қажет.
Курстық жұмыстың беттерін араб цифрларыменен белгілеу қажет. Беттің нөмері оң жақтың жоғарғы жағында нүктесіз және сызықшасыз жазылуы тиіс.
Алғашқы бет, мазмұндама, қосымшалар есептеледі, алайда нөмір жазылмайды.
А 3 форматындағы бет бір бет болып саналады.
Курстық жұмыс тақырыптары
Баскару процесі басқару қызметінің жүзеге асырылуы ретінде
Басқару теориясындағы ұйымды - мінез-құлықтык тәсіл
Әлеуметтік-экономикалық компетенция ортасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының реттеуші функциялары
Жергілікті басқарудың әкімшіл-аумақтық бөлінуі
Әлеуметтік саланың аймақтық дамуының негізгі бағыттары
ҚР-ғы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы-экономикалық негізі
ҚР-ғы өкілетті және атқарушы органдар жүйесі
Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың функциялары мен окілдігі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі формалары және ролі
Аймақтық экономика дамуының приоритетті бағыттары
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
Қазақстан аймақтарындағы бағдарлама-мақсаттық жоспарлау
Жергілікті бюджеттің орындалу, құрылу және қалыптасу қағидалары
Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысының қалыптасуы, олардың рационалды бөлінуі
Жергілікті билік органдарының мақсатты бюджеттен тыс және валюталық қорлары
Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы аймақтану және орталықтану диалектикасы
Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтаудағы жалпы мемлекеттік мүдденің артықшылықтары
Жергілікті саясат және шешім қабылдау процесі
Концепция, болжамдар және аймақтық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық бағдардың жүйесі ретінде
Кедейшілік деңгейін төмендетудегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі
Казақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқаруды реформалау
Аймақтық дамудың стратегиялық жоспары және оны болжау
Аймақ территориясындағы экспортқа бағдарланған өндірістің дамуы
Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылықтың аймақтық мәселелері
Францияда территориалды басқаруды ұйымдастыру
Жергілікті бюджет және жергілікті салық салу жүйесі
Германияда муниципалды басқаруды ұйымдастыру
АҚШ территориалды басқару және АҚШ-ғы муниципалды менеджментті ұйымдастырудың негізгі типтері
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Ресей Федерациясының әкімшіл-аумақтық қалыптасуы
Әдебиеттер тізімі
1.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы
2.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
3.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2011
5. ҚР Конституциясы – Астана 2007ж.
6. ҚР «Жергілікті өзін өзі басқару және ҚР жергілікті халық депуттары кеңесі» туралы заңы
7. ҚР Жер туралы кодексі
8. ҚР «Әкімшілік-аумақтық қалыптасуы» туралы заңы
9. Шет елдердің әкімшілік құқығы Оқу құралы
10. Бондарь Н.С. Муниципалдық құқық және оның қалалық басқаруда іске асырудың тәжірбиесі Ростона Дону. 2001
11. С.Х.Тойкин және басқалар Муниципалды менеджмент Оқу құралы. 2006 жыл
12. Практикум по муниципальному менеджменту. Алматы. 2003 жыл
14. Тойкин С.Х. Еңбек нарығының экономикасы. Оқу құралы.2002ж.
15. Фадеев.В.И. Ресейдің муниципалдық құқығыМ.2003
16. Худяков А.И. Қазақстанның қаржылық құқығы А. 2001
5 Студенттердің өздік жұмысы
СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Муниципалды менеджмент» курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ эссе түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тапсырманың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.
Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)
Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.
Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.
Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады.
5. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
«Қазақстанда жергілікті өзін өзі басқару дамуының жағдайын талдау және болашағы – Эссе (2апта)
Семей қаласы жергілікті өзін-өзі басқаруының құрылымының сызбасын келтіру және тоық сипаттама беру – 1 - тапсырма (3апта)
Маслихат қызметін жүзеге асыру формалары – Эссе(4апта)
Жапонияда жергілікті өзін өзі басқару ерекшелікт ері- Эссе (5апта)
Ресей Федерациясында жергілікті өзін өзі басқару ерекшеліктері – Эссе(6апта)
6. ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштерін талдау – Тапсырма 1(8апта)
7. Тамақ азықтары, сумен, жылумен, газбен, светпен, қалалық көлікпен халықты сапалы қамтамасыз (қызмет көрсету) етуімен байланысты сауалнама сұрақтарын құрастыру.(9апта)
8. Семей қаласы дамуының бағдарламасына талдау жүргізу - Тапсырма 2(10апта)
9. Семей қаласының жергілікті бюджетті құру принциптерін және орындалуын талдау- Тапсырма 3. (11апта)
10.Семей қаласы бойынша тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын талдау - Тапсырма 4(12апта)
11.Семей қаласы бойынша шағын кәсіпкерлік жағдайын талдау – Тапсырма 5(13апта)
12.Семей қаласы бойынша АӨК жағдайының талдау – Тапсырма 6 (14апта)
Достарыңызбен бөлісу: |