Поәдк №3 Базалық білім


– дәріс: АБАЙДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ



жүктеу 0,77 Mb.
бет11/46
Дата14.12.2022
өлшемі0,77 Mb.
#40624
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
abaitanu keshen (1)

7 – дәріс: АБАЙДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ
1.Эстетика туралы жалпы ұғым
2.Абайдың эстетикалық көзқарастары
3.Көркемдік талғам туралы ұғым
Әдебиеттер:
1.Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 448 б.
2.Байзақов Е. Эстетикалық көзқарасы / Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995. – 619-622 бб.
3.Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – Алматы: Жазушы, 1972. – 132 б.
4.Мызахметов М. Абайдың эстетикалық талғамы туралы бірер сөз // Қазақстан мұғалімі. - 1971. - 27 май.
Поэзияға өлеңмен баға беру басқа елдер мен ұлттардың әдебиетінде ертерек шыққан. XV—XVI ғасырдағы француз сыншысы Бойлеау «Өлең өнері» деген шығармасын өлеңмен жазған. Ханзу тілінде еркін ұйқасты өлең жарыққа шыққаннан бастап, поэзия туралы елеңдер жазылды. Өлең жайлы бәйіттер Таң хандығы тұсында көп тараған және қазірге дейін жалғасып келеді.
Абайдың поэзия туралы өлең жазған уақыты беріректе болғанымен, әлі де ен жайлап, еркін көшіп жүрген қазақтардың ғылым, мәдениет өресі өте темен, жазба әдебиеті жаңадан тебіндей бастаған кезіне тура келеді. Сондықтан, оның мұндай өлеңдерінен сол дәуірдің ерекшелігі көрінбей қалмайды.
Бұл сөз теңізін сапырып, поэзиядан да тысқары күллі көркемөнер әлемінде еркін көсіле құлаш ұрған, бүкіл Европада қадір-құрметке бөленген Бойлеаудың «Өлең өнеріне» де, Таң дәуіріндегі атақты ақындардың иісі аңқыған жақсы шараптың сыздық,тата дәмін алғандай тамсандыратын, лирикалығы күшті, поэзия туралы бәйттеріне де ұқсамайды. Абай көбінесе өлең жазудағы кейбір мәселелер жайлы түсінігін өте аз сөзбен бейнелейді. Кейде көркем-өнер заңынан еріксіз аттап өтіп, образды суреттеулерінің ара-арасында бірнеше жол өлеңмен-ақ өз пікірін қыстырып кетеді. Сонда да оның поэзия туралы өлеңдері өз ұлтына өте қадірлі. XIX ғасырдың көшпенді тұрмыс кешетін әдебиеттік сараптау өресі төмендеу сол кездің адамдары ғана Абайдың поэзия туралы өлеңдерін жақтырып қойған жоқ, осы күнгі қазақ жазушылары, ақындары, сыншылары да оны жоғары бағалайды.
Өлең — образды тіл өнері. Орыс сыншысы Белинский: «Ақын образбен және суретпен сөйлейді» деген екен. Сол үшін, поэзия туралы өлең жазғанда да абстракт ұғымнан образдылыққа өту, ақын өз пікірін, қөзқарасын, қуаттамасын образды әдеби тілмен өрнектеу қажет. Өйтпегенде, поэзия туралы өлең ұйқасы бар ақыл-кеңес ұлағаттық туындыға, тіпті ұғымға айналдырылған дерексіз сөздер тізбегіне айналады да, өлеңдік дәмнен айырылады. Таң хандығы тұсындағы поэзия туралы тамаша елеңдер ақынның абстракт ұғымын образбен, поэзия тілімен бейнелегендіктен де үйірімді, тартымды. Алайда мынаны мойындамасқа болмайды. Бір ақынның творчестволың жақтағы білімін, немесе бір өлеңнің сара қасиетін, аса терең ойын образды тілмен мақтау, одан ләззәттану қиын емес, ал оған көркемөнер тұрғысынан образды тілмен нақты талдау жасап, жүйелі пікір айту өте қиын әрі мүмкін де емес. Сол себепті, ханзу классик ақындарының туындыларында лирикалық және бірін-бірі мақтап-құптайтын поэзия туралы өлеңдерінен басқа туындыларында, әр дәуірдегі қаламгерлердің өлең жазуды үйрену туралы өлеңдері мен семьялық мектептерде жазылған алғашқы машық өлеңдердің бәрінде абстракт өлең жолдары кездеспей қоймайды. Бойлеаудың «Өлең өнері» де сондай, басқы екі жолы барынша жинақталған абстракт ұғым:
«Байсалды сөз әлде әзіл —
не жазсаң да,
Қисың ұйқас сай келсін әрқашанда»
Осындай дерексіз ұғым түріндегі өлең жолдар «Өлең өнерінде» аяқ алып жүргісіз.
Поэзия туралы өлеңдерінен Абайдың бір жағынан өз кезқарасын мүмкіндігінше образды теңеумен білдіретінін, енді бір жағынан сол образды суреттеулердің ара-арасында, кейде бірер жол ақыл-кеңес, ұлағаттық сөздерді де қыстыруға мәжбүр болатынын байқаймыз.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең».
(«Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол»).
Осындағы ұғымға айналдырылған соңғы екі жолы алдыңғы екі жолындай образды бейнелеу емес. Бірақ, қазақ оқырмандары мұны аса тамаша жазылған шумақ деп біледі, олай дейтіні, осы бір шумақ өлең қазақтың ақын ұлт екенін де, өлең мен өмірдің айырылмастай біте қайнасқан байланысын да әйгілейді. Абайдың поэзия турапы өлеңдерінің көбі осындай. Автор образды сөздерді қолданған кезде әлгіндей ұғымдық жолдарды қайта-қайта өңдеп, ырғағына түсіріп, ұйқастарын күшейтіп, сөздерін саралай қолданады, Сондықтан оның поэзия туралы өлеңдері лирикалық және философиялық өлеңдері сияқты замандар бойы өлмей ел аузында жатталып келеді.
Жаңағы бір шумақ өлең қазақ атаулының өлеңсіз жүре алмайтынын да түсіндіреді. Поэзия туралы жазылған мақалаларға қарағанда өлең туралы өлеңнің оқырманы қазақ арасында көбірек болатыны даусыз. Абайдың поэзия туралы өлең жазуының басты себебі осы болса керек.
Абай 1890 жылдан бастап жазған қара сөздер — «Ақылияда» саяси, экономикалық, философиялық, тарихи, мәдени, ғылыми оқу-ағарту қатарлы көп салалар қамтыла тұра, жалғыз өлең ғана ауызға алынбайды. Бұдан автордың ұзақ толғаныстан соң барып поэзия туралы ой-пікірін қара сөзбен емес, өлеңмен жазуды ұйғарғанын топшылауға болады. Абайдың осы жолды таңдай алуы сол кездің реал жағдайына сай келетінін бір ғасырдан бері фактілер сыпаттап отыр. Қазақ қауымында — «Ақылияны» оқымаған, немесе шала-шарпы оқыған адам болса болар, бірақ қазақ поэзиясы хақында жазылған «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін оқымағандар жоқ шығар.
Белгілі бір туындының немесе өлеңнің жақсы-жамандығын негізінен өз ұлтындағы оқырмандардың сарапқа салып, бағалауымен ажыратылады. Өйткені, өз әдебиетінің топырағында өсіп-өнген шығармалардың ұлттық және дәуірлік ерекшеліктерін сол ұлттың оқырмандары жақсы айыра алады. Сөйтіп, қорыта айтқанда Абайдың поэзия туралы өлеңдерінде ұғымға айналдырылған жолдар аз емес, бірақ қазак, оқырмандары оны өлеңнің көркемдік заңдылығына қайшылық жасады деп есептемейді, қайта поэзия жанрының басты ерекшеліктерін Абай өлеңімен шебер жинақтаған деп біледі. Абайдың поэзия туралы өлеңдері қазақ халқының психологиялық ерекшеліктері мен әдебиеттің талғамына әбден үйлеседі.
Абайдың поэзия туралы өлеңдері және осы мазмұн кірістірілген басқа тақырыптағы өлеңдері оннан асады. Мұның ішінде «'Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасынан» басқа, «Өзгеге көңілім, тоярсың», «Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа», «Біреудің кісісі елсе, қаралы — ол» қатарлы өлеңдер бар.
У.Лифу құрастырған «Батыс әдебиет назариясы мақалаларынан таңдамалылардың» (Шаңхай аударма баспасы') 289 бетіне қараңыз.
Абайдың поэзия туралы ой-пікірі қанша өлеңде ілгерілі-кейінгі айтылғанымен, негізінен бірыңғай автордың поэзияның көркемдік заңдылықтарын зерттей келіп, қазақ поэзиясына назариялық негіз қалауды көптен мақсат етіп келгенін осыдан тұжырымдауға болады. Поэзия туралы жазылған өлеңдерінің қай-қайсысы да тосын ойдан туған емес, автордың көп жылғы творчестволық әмалиятының нәрі есептеледі, эстетикалық талғамы мен арманын танытады.
Абайдың поэзия хақындағы қуаттамасы өзінің поэзия туралы өлеңдері мен творчестволық мұрасынан анық көрінеді. Ол поэзияның қоғамдық әсер-ықпалын бірінші орынға қоя отырып, өлеңде айқын мақсат болуы, оқырманға пайдалы жақтан тәрбие беретін тамаша көркемдік үлгіде болуы керектігін талай рет дәріптеген. Сондықтан, ол өлең мазмұны ақаусыз болуы, ақындар адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіретін, әділетті, ақиқатты жырлайтын туындылар жазуы керек деген принципті ұстанады. Өзі де тәрбиелік мәні күшті, қыруар өлеңдер жазады. Оның:
«Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!»
(«Әсемпаз болма әр неге»).
«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме»
(«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап») деген сияқты көптеген тамаша өлең жолдары халқының қанына сіңіп, адамдарға жен сілтейтін нақылға айналып қалған.
Бірақ, Абай өлеңнің сезім жемісі екенін теріске шығармаған. Шынында да, буырқана тасқындаған шабыттан туған лирикалары өз жүрегінің лүпілін айытпай таңбалаған, оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Осыдан келіп Абай философиялық және поэзия туралы өлеңдеріне ұлағат ақыл айтуды көңілмен тоғыстырады:
Өлеңі бар өнерлі інім, сізге,
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге,
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез
Қанша қызық болады өзіңізге?
(«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін») Осы бір шумақта насихат та, тәлім де, жөн сілтейтін кеңес те бар, жанашырлық жылы сөздер айтылады. Осыдан соң мына бір шумақ өлеңді оқитын болсақ, ақынның өлең мен көңіл сүйіспеншілігінің байланысын қалай түсінетінін тіпті де жақсы білеміз:
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
(«Қуаты оттай бұрқырап»).
Ұзақ уақыт назариялық және әмалияттық жақтан ізденіп, зерттеудің арқасында ақын поэзияның көркемдік өлшемі жайлы біртіндеп тұрақты көзқарасқа келген. «Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы» атты елеңнің басқы екі шумағында осы көзқарасы жииақы берілген:
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы, Ол — ақынның білімсіз бейшарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі — надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы».
Осы екі-ақ шумақта елеңнің түпкі ой өлшемі, тілі қатарлы басты элементтері түгел қамтылып жатыр. Абай өлеңін оқыған адамда осы шумақтарды есте ұстап, жаттап алмайтындар аз кезігеді. Мұның поэзияның көркемдік өлшеміне баға екенін жалпы қауым мойындайды.
Поэзияның басты элементтері ішінде өлең тіліне Абай өте-мөте көңіл бөлген, «Өлең — сөздің патшасы, сөзсарасы» деген осы бір образды теңеудің өзі-ақ тілдің поэзияда ұстайтын орнын жеткізіп тұр. Онан соң тағы да ілгерілей түсіп, ақын өлең сөзді бөтен сөзбен былғамау керектігін айтады. Абайдың поэзиялық тілді баса дәріптеудегі себебі: өлеңнің өзі сөз өнері болғандығы, ал енді бір жағынан XIX ғасырдың соңындағы кейбір қазақ ақындарының бөтен кірме сөздерді елеңге тықпалауға құмартып, қазақ поэзиясының тұтастығын, үндестігін бұзғандығы, оның үстіне қазақтілін былықтырғандығынан. Ақынның поэзия тілі жөніндегі талабы әрі өлең сапасын көтеруді, әрі қазақ тілінің тазалығын сақтауды мақсат етеді. Шындығында Абай творчествосы қазақ тілінің кейінгі кезде қалпына түсуіне берік негіз қалаған. Қазақ өлеңінде ұйқас пен ырғаққа төтенше талап қойылады. Ырғақсыз, ұйқассыз жазылғанның бәрі де өлең деп есептелмейді. Абай жаңа өлең формаларын жарата келіп, қазақ поэзиясының осы бір дәстүрін тиянақтандырған. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол» деген өлеңінде:
«Өлең деген — әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы», — деп ашып, анықтап айтады. Абайдың өзі жазған еркін ұйқасты өлеңдерінде де ұйқас пен ырғақ қатаң сақталған. Еркін ұйқасты өлеңде ұйқас пен ырғақтың болу-болмауы мәселесін осы замандағы қазақ ақындарынан әлі ешкім сөз еткен жоқ, бұл жөнінде толассыз талас-тартыс жүргізген де жоқ. Осының есесіне өлеңнің ішкі ырғағын, музыкалығын неғұрлым күшті шығару, ұйқасын неғұрлым толық, шымыр келтіру жағын көбірек зерттегендер болды. Осының өзі де Абайдың әсерінен.
Поэзия туралы өлеңдерінде Абай ақынға қойылар негізгі шарттарды айтумен бірге ақында болуға тиісті моральдық қасиеттерді де баса көрсетеді. Қазақтың жаңа поэзиясы жарыққа шығудан бұрын және алғаш жарыққа шыға бастаған мезгілде «ақын» деген атақ көбінесе суырып салма халық ақындарына қаратылатын. Қазақ өмірінде өлеңнің қадір-қасиеті жоғары болғандықтан, ақындар қоғамда белгілі орынға ие болатын. Дағдыда ақын дегеннің өзі қадір-құрметпен аталатын болған. Сондықтан, ақындар ересен мінезді болу, елге қадірлі болу, өз талантын халқынан аямау, ақын деген атқа, атаққа лайық өлең жазу керектігін дәріптейді Абай.
XIX ғасырдың соңғы жарымында феодалдық-рулық заң-тәртіп ыдырауға бет алып, таптық қайшылык, барған сайын ушығып, күрес шиеленісе бастаған болатын. Ру, тайпалар ішіндегі ақсүйектер таптық қайшылықты бәсеңдету үшін «жыршы-ақындарды» жалдап ұстау арқылы өздерін мадақтатып, ел аман, жұрт тыныш дегізіп, елді алдаусыратады. Сол итаршы, ақындар торқалы той, топты жиындарда тілін безеп, бір жағынан ез иелерін мақтап-мадақтап мәнерлесе, енді бір жағынан қалың бұқараны әдейі жамандауды дағды еткен. Сондайларды Абай:
«Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап» - («Өлең — сөздің патшасы, саз сарасы») деп өлеңінен өткізе айыптайды. Нағыз ақындарға үміт арту және әлгіндей халықтан безіп кері баққан итаршы ақындарды сын тезіне алу — осының өзі де Абайдың поэзия туралы өлеңдерінің өзекті мазмұны болған.
Абай поэзия хақындағы пікірлерін алдыңғылардың тәжірибесін қорытындылау негізінде, ұзақ уақыт өз әмалиятынан өткізу барысында алға қойған. Ол қазақтың ежелгі өлең-жыр дәстүрін жалғастырып және дамытып қана қоймай, өзге ұлттардың, әсіресе шығыс ұлттары мен орыстың алға басар әдебиетінің тәжірибелерін мұқияттықпен айна еткен.



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау