6 – дәріс: АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МАХАББАТ ТАҚЫРЫБЫ
1. Ақынның бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары
2. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз» өлеңдеріндегі сезім тазалығының суреттелуі
3. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямыздағы орны
Әдебиеттер;
1.Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері: Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 448 б.
2.Абай. Энциклопедия. Ред басқ. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Атамұра, 1995. – 88-89 бб.
3.Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. Алматы, 1994. – 280 б.
4.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы, 1995. - 272 б.
Абай - сыншыл ақын, халықшыл ақын және махаббат ақыны. Сонда сыншыл ақын болғанда, Абай сөзі алмас қылыштай өткір әрі пәрменді болып келсе, халықшыл ақын боп, бар даналық ойларын, көсемдік ой-пікірлерін аз ғана өлең жолына, шумағына емін-еркін сыйғызар болса, махаббат ақыны, жыршысы бол-ғандағы әрбір сөзді, "қиыннан қиыстырып" қолдана білуі, үшқыр да шебер пайдаланып, әсем төгілген жыр жолына айналдыруы аса ғажап.
Махаббат жайын, ғашық жандардың үзік тынысын, біресе үміткер, біресе дүдамал көңілмен лүпіл қағып, балбұл елбіреп, елжіреп түратын қыз бен жігіттің кездесу сәтін, бар дүниеден баз кешіп тек сүйіспеншілікке берілген шағын жырлағанда, әсіресе осындайда, Абайдың ақындық сөзі жүрекке дөп тиіп, әрбір оқушысының махаббат іздеп талпынған жан дүниесінің сонау алыс түкпір-түкпірлерін жылы-жүмсақ леппен байқастай барлап, жай ғана білдіртпей шарлап отырады, көңіл пернесінің әрбір қайырымын ерекше сазды күйге бөлеп отырады.
Ақын Абайдың махаббат жырларының бір-екеуі болмаса, басым көпшілігінің қандай себептермен, қандай жағдайда, дәл қай кездетуындағаны, дүниеге қалай келгені жайлы деректер, мағлүматтар тым аз. Тегінде махаббат жайын әр ақын әр түрде, әр сыңайда пайымдайды. Бір ақынның өлең-жырларына тек өз басының сүйіспеншілік оқиғалары, хикаялары өзек боп тартылса, келесі ақын жалпы адам баласының басында болатын махаббат жайларын терең сезгірлікпен түсіне біліп, қат-қабат сезім толқындарының әр буралаңын, әр тербелісін терең түйсініп жырлайды. Осы түрғыдан алып қарағанда, біз Абайдың махаббат жырларының қайсысы өз басына байланысты жайттардан туғандығын, қайсысы жалпы ма-хаббат жайын айтып турған сөз екендігін анық білмейміз. Нақты білетініміз -қашан да болмасын ақын Абайдың ғашықтығы, қумарлығы, қызға, әйелге деген көзқарасы таң сәулесіндей нүрлы, булақ суындай мөлдір. Ақын махаббатының әрқашанда жылуы мен шуағы мол, мейірі мен пейілі ерекше жүмсақ.
Дегенмен, осылайша бір жүректен, бір көкейден туындаған ақын Абайдың махаббат жырларының ішінен оның өз жүрек тынысы да, өз көкейінің арман-тілегі де, өз көңілінің, сұлуды сүйген, сұлуға ынтызар болған, сүлу әйелдің махаббатына беленген сәттері де орын тепкендігі сөзсіз. Әрине, ақынның адамдық тағдырына байланысты жайттар, жігіттік кезі мен ірі түлғалы ер адам келбетіне келіп, толысқан шағындағы махаббат күйін кешкен жеке тағдырына байланысты жайттар бүгінгі оқушылар үшін қасиетті де қастерлі ұғымдар. Сондықтан да ақынның өз басынан кешкен махаббат сырын, ақынның махаббатшыл жүрегінің, ғашық жанының тыныс-лебін толығырақ сезіну үшін, ақын махаббатының асыл көркін, келбетін, інжу-маржанын тереңірек танып білу үшін, біз ақынның өз шығармаларына, махаббаттың жайы мен күйін ынтызарлана, емірене толғаған кестелі жыр жолдарына көбірек жүгінуіміз керек.
Ақынның өз жайын, өз сырын айтып толғаған алғашқы өлеңі - "Сап, сап, көңлім, сап, көңлім" деп басталатын өлеңі. Бұл өлеңнің жазылу кезі ақынның жігіттік шағына дәл келеді. Ақынның өз жеке өмірі жайлы кейбір деректер бүл өлеңнің. Сүйіндік қызы Тоғжанға - ақынның алғашқы махаббатына арналғандығын растайды. "Сап, сап, көңлім..." жазылған кез - ақынның нағыз жайсаң жігіттік шағы. Әрине, бүл өлеңнің қатарында ақын жазған басқа да ғашықтық өлең-жырлар болуы мүмкін. Бірақ ақынның жігіттік шағынан елес беретін өлең осы ғана.
Тоғжан қыздың есімі ақын Абайдың ғумырнамасына көзі жетік әрбір қазақ баласына танымал қадірлі де сүйікті есім. Ақынның кейінгі қалың оқушысы. Тоғжан қыздың жас ақынды елтіткен көріктілігіне, сұлулығына, әдемі де биязы қылығына бір сүйсінсе, ақынның көкірегінде тұнып жатқан асау шабытының пернесін дәл басып, әсерлі де ағынды жыр жолдарының тууына себепкер болған жайына Және сүйсінеді. Тоғжан есімі ақынның оқушыларына осынысымен қымбат. Жалпы әрбір жас адам сүйсе де, күйсе де өзімен өзі әуре, бар сыры мен сезім алапаты ішінде сақтаулы. Ал жас ақын үшін махаббат әуресі тіптен өзгеше қызық тартып, әрленіп, түрленіп, неше құбылып тұрады. Жас ақын жай ғана ғашық боп қоймайды. Сол ғашық болған жайын, ішкі сезімін дүниеге паш қып, жыр жолдарымен айтып отырады.
Сап, сап, көңлім, сап, көңлім
Саяламай, сай таппай.
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің
Мұнан басқа жан таппай?
Жас ақынның қызға құмарлығы, қызды сүйетіндігі хақ. Сүйте тұра, осы албырт жас кездің өзінде, лепірген жас көңіл тасқындап төгіліп, ырықтан кетіп түрған кездің өзінде ақын өз сезімін таразылап, өз сезіміне баға бере сөйлейді. Жә, қызды сүйетіндігі әбден белгілі болды. Басқа да сулу қыздар жоқ емес. Сөйтсе де анық бекзаты, нақ сүйері осы қыз. Солай болған соң, жас ақын қайық үстінде асау толқынның ырқына көзсіз бағынып жүзіп кете берсе керек еді. Бірақ жас ақында жалпы жас адамдардың бойында өте сирек кездесетін, жалпы жас адамдардың ұғымына, көзқарасына сия бермейтін өткір ойшылдық, нәзік талғампаздық бар. Жас ақынның пайымдауынша алда ұзақ өмір тұр. Ендеше өмірлік жан жолдас, сырлас дос боларлық, ажарына ақылы сай асыл жар таппақ керек. Өстіп, албырт, асау көңілдің жетегінде жүрген жап-жас ақын өзі үшін үлкен бір қорытынды жасайды, берік бір байламға, тоқтамға келеді...
Осы "Қор болды жаным" атты өлеңмен қатар туған, ақын шығармаларының жинағында қатарласып түратын "Сен мені не етесің" деп аталатын өлеңнің де оқиғасы, іштен түнған шерлі мұң-назы өзара бір-бірімен ұқсас, үндес. Екі өлеңнің де бір уақытта, бір ойдың жетегімен қатар туғандығы білініп түр. Мүнда да сүйгеніне қосыла алмаған адамның ыстық арманы бар:
Ғашықтық - қиын жол.
Жетсең - жеттің
Жетпей өттің,
Не болды?
Арманда өмір
Өтті,
Ойлар ма екен бір мені сол? - деп ақын мүңды көңлінің жайын өлең жолымен, өз қолындағы бар нәрсесі - қаламы арқылы білдіреді. Өлеңнің кейіпкері - өмірдің біраз белдерінен асып қалған, дер шағында сүйіспеншілік дәмін тұшынып тата алмаған арман иесі.Бүл сөзді ол тым алыс жерге қашықтап ұзап кеткен сүйіктісіне, нақ сүйеріне арнап айтып отыр.
Шын ғашық мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-мим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер боп сол заман. :
Не қылған шынайы сезім! Не қылған асыл махаббат! Ақынның мұңды жанын әп-сәтте сауықтырып жіберер ем-дәрі боп тиетін, тіпті ақынның ұзақ сарғайып күткен сағынышынан туатын өкпе-назын да жөндеп айтқыздырмайтын махаббат иесі - сол бір бізге беймәлім, кезінде ақын жүрегін шымырлата тербеткен әйел заты кім болғаны...?
Бір ғажабы, ақын өмірінің осы сөз боп отырған кезеңінде, махаббат жайын, өз жайын әсіресе көп айтып отырған уақытында, ақын сөзінің, жырының тағы бір аса көркем үлгісі, ақынның махаббат жырларының ішіндегі ең бір мәнді әрі сыршылы, тұлғалы да тебіреністі, мұңды да нұрлы "Жарқ етпес қара көңілім..." туады. Қазақ оқушысына бүл өлең әбден танымал.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде, сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табынса да.
Түр-құрылымы жағынан алып қарағанда да, айтылып отырған жайдың түп-төркініне үңілген күнде де, қай турғыдан қалай қаралмасын, өте жүмбақты өлең. Ақынның махаббат жырларының ішіндегі ең жумбақтысы. Осы бір нәзік сүйіспеншіліктің көркем-сымбатты эллегиясында сүйіктісіне айтылған жүмсақ үнді наз бар да, бірақ, ешбір өкпе жоқ. Өйткені шын, қүлай сүйген адам кешірімді, көнгіш. Сірә шын ғашықтық, шын махаббат, адамды осылайша табындырып, жалбарындырып, дәрменсіз еміндіріп қоятын болғаны да....
"Жарқ етпес қара көңілім..." жазылған жылдан кейін арада тағы да сырғып, жылжып, ақын өмірінің түп-тура он жыл уақты өтеді. Бул он жылдың алдыңғы бөлігінде ақын жырларында махаббат сөзі көбірек естіліп, махаббат сезімі, ыс-тық сүіспеншілік сезімі жиірек бой көрсетіп отырса, кейінгі бөлігінде қайғы-қасірет сөзі, муңға, қайғыға шөккен көңіл көріністері басым соғып отырады. Нұр сәулелі, бал татымды, жібек сынды махаббат жырларының орнын жарым көңіл, қажыңқы әрі шаршаңқы қасіретті ойлармен бунақталған жыр жолдары басады. Ақынның көп жылдар бойы келешекке көз тігіп, үміттеніп келген жүйрік көңілі шау тартып, енді артта қалып бара жатқан кезінде белінен баса кешіп өткен азды-көпті өмірдің кейбір шуақты шақтарынан маңсұқ іздегендей, көңілге демеу іздегендей болады. Міне ақын өмірінің сол бір бейуақ кезеңінде, махаббат сөздері айтылып болды-ау деген кезде, ақын қаламынан ғайыптан келгендей боп, бір шумақ өлең туады.
Сан ғасырлардың бойында, сан халықтардың рухани қуатынан, ой-санасы-нан туындаған поэзия әлемінде, ақындық өнер әлемінде махаббат сөзінің, махаббат жыры мен асқақ әуенінің алатын орны өзгеше. Соның бел ортасында ерекше биік әуен боп, көк жүзіне құлаштай самғаған, асқан суреткерліктің, нәзік сыршылдықтың қайталанбас куәсі, алтын бағаналы белгісі боп, әрбір оқушысының көкейі мен санасында әсем күйге айналып, әсем ырғақпен тербетіліп ақын Абайдың махаббат сөзі мен жыры да тұр. Әрине, махаббат сөзі мен жырының небір тамаша үлгілері бүкіл әлемдік поэзияда молынан кездеседі. Ал Абай поэзиясының, Абайдың махаббат лирикасының ерекше бітімділігі, біртуар қасиеті, жалпы әдемілік, сұлулық әлеміндегі нар тектілігі, ұлылығы сол - Абай лирикасы, соның ішінде әсіресе махаббат сөзі, махаббат толғаулары, бүкіл Батыс пен Шығыс поэзиясы үшін ортақ қазына, бүкіл адамзат үшін ортақ ақындық сөз - махаббат сөзі боп шықты. Жинақтап айтсақ, Абайдың махаббат лирикасында қазақ даласының иіс-жұпарлы, қоңыр-назды ғашықтық әуезі, шығыстың толқыңданып буратылған нәзік құпиялы сезім өрнегі, батыстың құбылмалы да әсерлі, шебер келісім әрі үйлесім тауып тоғысты. Ақын Абайдың махаббат сөзі мен жыры бүкілдүниелік поэзия әлемінде осы қасиетімен өте-мөте биік шоқтықтанып, жоталанып, ерекше құнды да мәнді, биік мағыналы орын алып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |