ПоәҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014


Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема



жүктеу 1,18 Mb.
бет4/9
Дата15.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#26769
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Процессор – компьютерде ақпаратты өңдеуді іске асыратын негізгі микросхема.


Процессор командаларының жүйесіСистема команд процессора– процессордың мүмкін болар нұсқауларының толық тізімі.

Процессор регистріРегистр процессора – мәліметтерді өңдеу үшін пайдаланылатын процессордың арнайы ұяшығы. Процессор командасы регистрде сақталатын мәліметтермен операция жүргізеді.

РедакциялауРедактирование – құжатқа өзгерістер енгізу (құжатты түзету).

Реестр – компьютерде орнатылған операциялық жүйеде тіркелген жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманың үйлесімділігі туралы барлық ақпараты бар Windows 95/98 операциялық жүйесі мәліметтерінің арнайы қызметтік базасы.

Режим MS-DOSMS-DOSрежімі – компьютердің барлық ресурсы MS-DOS-тың бір қосымшасының орындауына берілген кездегі Windows 95/98 жүйесінің жұмыс істеу режімі. Сондай-ақ «MS-DOS эмуляциясының режімі» термині қолданылады.

Резервтік көшірмеРезервная копия – жеке тәуелсіз тасуышта орындалған, компьютерде сақталатын құнды ақпарттың көшірмесі. Қатқыл дискідегі мәліметтердің бүлінуі немесе жоғалуы жағдайында ақпаратты қалпына келтіру үшін пайдаланылады.

Реңктік өрнекФоновые узор – Жұмыс үстелін безендіру элементі.

Реңктік суретФоновый рисуок – Жұмыс үстелін безендіру элементі.

Ресурстардың үйлестірілген көрсеткішіURL(Uniform Resource Locator) – унифицированный указатель ресурсов Web-тораптың адресі. Мәселен,http://www.rcie.kzалып, Сіз ҰАО-ның серверіне тап боласыз.

Ресурстың әмбебап локаторы – Универсальный локатор ресурса (Uniform resource locator, URL) – Ғаламтордағы веб-сайттың адресі, мысалы, http://www.microsoft.com.

Ретсіз веб-сайт – Беспорядочный веб-сайт (Random Web site) – әр түрлі сілтемелермен жалғасқан, ақпараттадың массивтік жинағын құрайтын, нақты ұйымы жоқ сайт.

Сайт немесе веб-сайтСайт или веб-сайт – бір мекемеге немесе жеке тұлғаға жататын және, әдеттегідей, белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысқан веб-беттердің тобы. Сайт өз мазмұны, титуль парағы және басқа беттері бар кітапты еске түсіреді.

Сайт немесе веб-сайтСайт или веб-сайт – бір ұйымға немесе жеке адамға тиісті және әдеттегідей, белгілі бір тақырыпқа арналған өзара байланысты веб-беттердің тобы. Сайт өзінің мазмұны, титульдік парағы және басқа беттері бар кітапты еске түсіреді. Әрбір бет (веб-бет) – бұл өзінің URL-адресі бар Интернеттегі жеке құжат.

Сақиналық желі, сақиналанған желі – Кольцевая сеть, закольцованная сеть (Ring network) – онымен сақинаға біріктірілген компьютерлерді қосатын, үзіліссіз кәбілдің негізінде құрылған желі.

Салым Вкладка – жеке бетті көрсететін сұқбаттық терезені немесе қосымша бағдарламалар терезесін басқару элементі. Басқарудың басқа элементтері де бар болады.

Сапа – Качество – объектінің тағайындалған және ұйғарылған талаптарын қанағаттандыру қабілеттіліктеріне жататын оның сипаттамаларының жиынтығы.

Сапаны тексеру – Проверка качества – жоспарланған шарамен сапа саласындағы іс-әрекеттер мен нәтижелердің сәйкестігін, сондай-ақ енгізілген шаралардың тиімділігін және олардың қойылған мақсатқа жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін жүйелі және тәуелсіз талдау.

Сатып алушы – Покупатель – нақты жағдайдағы тұтынушы. Ескерту: Сатып алушы кейде сауда саттық қызметтегі екінші тарап ретінде қарастырылады.

Сәйкессіздік – Несоответствие – қойылған талаптардың орындалмауы. Ескерту: Осы анықтама сапаның бір не бірнеше сипаттамасының (оның ішінде сенімділіктің) немесе сапа жүйесі элементтерінің болмауын, не олардың қойылған талаптардан ауытқуын енгізеді.

Сәйкестілік сертификациясы – Сертификация соответствия – ұқсастырылған өнім, процесс немесе қызмет ету нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа тиісті түрде сәйкес болатынына қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігін дәлелдейтін үшінші тараптың әрекеті.

Сектор – оқуды немесе жазуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дискідегі кеңістіктің ең аз блогы. Әдетте сектордың көлемі 512 байтқа тең болады.

Семинар сабағы (семинар) – Семинарское занятие (семинар)–теориялық мәселелерді оқытушының басшылығымен студенттердің ұжымдық талқылауы болып табылатын оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі.

Сенімділік – Надежность – дайындық сипаты мен оған ықпал ететін факторларды: техникалық күту мен жөндеуге бас тартпаушылықты, жөндеуге жарамдылық пен қамтамасыздықты жазу үшін пайдаланылатын жинақтаушы термин. Ескерту: Сенімділік тек ортақ сипаттаулар үшін, техникалық терминдер қолданылмаған кезде ғана пайдаланылады.

СерверServer – өзінің қызметіне немесе ресурсына қатынас құрғызатын компьютер. Клиенттер (оған қатынас жасайтын компьютерлер) сервердегі ақпаратқа қатынас құра алады.

Сервер– ресурстарға, мысалы, қосымша бағдарламаларға, web-беттерге немесе мәліметтерге, суранысты өңдейтін компьютердің, бағдарламалық жасақтаманың және желілік қосылудың комбинациясы.

Сервер – (Server) – барлық ақпарат пен ресурстарды сақтайтын, сондай-ақ желідегі басқа компьютерлерден оған қатынас құруды қамтамасыз ететін клиент-сервер желісіндегі компьютер.

Сервер-DNS –DNS-сервер - IP адрестері туралы ақпараты бар сервер.

Сертификат бойынша орган – Орган по сертификациисәйкестік сертификатты жүргізуші орган.

Сертификаттау жүйесі – Система сертификации сәйкестік сертификациясын өткізу үшін процедуралар мен басқарудың өзіндік ережелерін орналастыратын жүйе.

Синергетика (англ. Synergy) – келісіп бірге істелетін жұмыс.

Синхрондық қарым-қатынасСинхронное общение – дыбыстық және компьютерлік чад, бейнеконференциялар, бағдарламалық өнімдерді бірлесіп пайдалану, виртуалдық дәрісхана.

Спам (Spam) – тұтынушыға әлде-не сатуға ұсыныстары бар электрондық пошталық қоқыс.

Спамға қарсы бағдарламалық жасақтама – Программное обеспечение против спама (Anti-spam software) – спамды сүзгіден өткізетін бағдарламалық жасақтама.

Стандарт жалпы ортақ және әлдене неше рет пайдалануға арналған жол-жобасы, басшылық қағидалар мен іс-әрекеттің әр алуан түрінің сипаттамасы немесе олардың нәтижелері тағайындалынған және белгілі бір салада ретке салудың оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталынған, консенсус негізінде дайындалынған және мойындалған орган бекіткен құжат. Ескерту. Стандарттар ғылымның, техниканың және практикалық тәжірибенің қорытылған нәтижелеріне негізделген және қоғам үшін оңтайлы пайдаға қол жеткізуге бағытталған болуы тиіс.

Статикалық IP адрес – Статический IP адрес (Static IP address) белгілі бір компьютерге тағайындалатын бекітілген IP адрес. Статикалық IP адрес веб-серверлер үшін қажетті болып саналады.

Студенттердің өзіндік жұмысы – Самостоятельная работа студентовстуденттердің іс-әрекеті жоспарланатын, танымды түрде, ұйымұйымдасқан түрде және әдістемелік түрде бағытталған, оқытушының тікелей көмегінсіз жүзеге асырылатын нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған болып табылатын оқу процесін ұйымдастырудың ерекше формасы.

Сұқбаттық терезе Диалоговое окно – операциялық жүйенің немесе қосымша бағдарламалардың параметрлерін баптау үшін пайдаланылатын арнайы терезе. Қосымшалар терезесінен ерекшелігі – меню жолының болмауы. Бірнеше салымдарда орналастыруға бола алатын басқару элементтерінің жинағы бар.

Сүйреп тасуПеретаскивание – солжақ батырмасы басылған кезде тышқанның орнын ауыстыруға саятын онымен жұмыс істеу тәсілі. Оңжақ батырмасы басылған кезде сүйреп тасу «арнайы сүйреп тасу» деп аталады. Windows 95/98 жүйесінде объектілердің орнын ауыстыру мен көшірмелеу үшін, сондай-ақ жарлықтарды әзірлеу үшін пайдаланылады.

Схема– құрылғылардың, жүйелердің, процестердің, сондай-ақ олардың бөліктерінің орналасуы мен қызметтік те, уақыттық та байланыстарының оңайлатылған-жинақталған түрдегі графикалық кескіні.

Сызықтық веб-сайт – Линейный веб-сайт (Linear Web site) – сіз бірінші беттен екінші және одан ары қарай орын ауыстыра алатынкітап мәнерінде ұйымдастырылған сайт.

Сырттай оқыту – Заочное обучение – әр түрлі географиялық орындарда өмір сүріп жатқан студенттерге жөнелтілетін арнайы дайындалған оқу материалдары арқылы іске асырылатын қашықтықтан оқытудың түрі.

Сілтеме немесе гиперсілтеме – Ссылка или гиперссылка – ақпараттың әр түрлі компоненттерінің арасындағы байланыс, мысалы, веб-беттердің арасында. Интернетке орналастырылған құжаттарда, браузерде қарастырған кезде, басқа түспен ерекшеленетін сөз тіркестері бар. Егерде «тышқанның» сол жақ пернесіносы сөзде немесе аналогтық таңбашада басатын болсақ, онда браузер осы сілтеме көрсететін басқа бетті ашады.

СілтеуішПроводник – файлдық құрылым бойынша бағыттау үшін арналған Windows 95/98-дің бағдарламалық қосымшасы. Windows-тың ертедегі нұсқаларының құрамына кіретін Файлдар диспетчері бағдарламасының дамытылған аналогы.

ТаңбашаЗначок – Windows 95 және Windows 98 операциялық жүйелеріндегі объектіні көрнекі ұсыну.

Тапсырмалар тақтасыПанель задач Жұмыс үстелін басқару элементі. Windows 95/98 операциялық жүйелерінде қапшықтар мен қосымшалардың барлық ашық терезелеріне қатынас құруды қамтамасыз етеді.

ТД-технологияларТВ-технологии – теледидардың эфирлік, кәбілдік пен ғарыштық жүйелеріне негізделген технологиялар.

Тексеру – Проверка– тағайындалған талаптардыңорындалғанын сараптама және объективтік дәлел ұсыну арқылы бекіту. Ескерту: Тексеру дегеніміз жобалау және дайындау кезіндегі қойылған талаптарға оның сәйкестігін анықтау мақсатымен осы іс-әрекеттің нәтижелеріне сараптама жүргізу процесін білдіреді. «Тексерілді» термині тиісті мәртебені белгілеу үшін пайдаланылады.

Телебайланыс – Телесвязь – көмегімен таңбаларды, сигналдарды, мәтіндерді, кескіндерді, дыбыстарды өткізгіштік, оптикалық, радио- және басқа электромагниттік жүйелермен жеткізу және қабылдау құралдарының жиынтығы.

Телебайланыс желісі – Сеть телесвязи – телефондық, телеграфтық, факсимильдік хабардың бір немесе бірнеше түрін, мәліметтерді және басқа құжаттық хабарламалардың басқа да түрін, теледидарлық, дыбыстық және радио- мен өткізгіштік хабардардың басқа түрін жеткізуді қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер.

Теледидар-технологиясыТВ-технологиителедидардың эфирлік, кәбілдік және ғарыштық жүйесінің білім беру технологиясы.

Телеконференция – ақпарат алмасу үшін, оның ішінде оқыту мақсатында да, бір бірінен алыста орналасқан екі және оданда көп пайдаланушылар тобының арасында телекөрініс-технологиясын пайдалану.

Телеконференция – бұл офф-лайн режімінде екі немесе оданда көп қатысушылар арасында сөйлесуді ұйымдастыру үшін байланыстың электрондық арналарын пайдалану процесі. Телеконференция – бұл аудио-конференцияны (audioconferencing), бейне-конференцияны (videoconferencing) және компьютерлік-конференцияны (computerconferencing) қамтитын әр түрлі технологияға жататын жалпы термин.

Телеконференция – қашықтықтағы әңгімелесушілердің кез келген қарым-қатынасы, алайда жиірек, чатпен шатастырмау үшін, бұл термин офф-лайндық қарым-қатынасты белгілеу үшін пайдаланады.

Телеқатынас – Телекоммуникация – өткізгіш, оптикалық, радио- және басқа электрмагниттік жүйелер бойынша, көмегімен таңбаларды, сигналдарды, мәтіндерді, кескіндерді, дыбыстарды жеткізуді немесе қабылдауды іске асыратын құралдар жиынтығы.

Телеқатынастар желісі – Сеть телекоммуникацийтелефондық, телеграфтық, факсимильдік жекізулердің бір немесе бірнеше түрін, мәліметтерді және құжаттық жаңалықтардың басқа түрін, теледидарлық, дыбыстық және радио- дәне сымөткізгіштік хабарларды жеткізуді қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер.

Терминал – алыстағы компьютерге командаларды жөнелтуге мүмкіндік беретін құрылғы. Әдетте терминал деп, ең аз дегенде пернетақтаны, дисплей экранын және кейбір қарапайым электр схемасын түсінеді.

Терминатор (Terminator) – құрылғылары тізбекті қосылған желідегі әрбір кәбілдің соңында орналастырылатын құрылғы.

Тест – берілген пән саласындағы білімінің деңгейін анықтау үшін білім алушыға берілетін арнайы тапсырма.



Тест– сынақ, субъектілердің немесе объектілердің қасиеттерін өлшеу процедурасы.

Тестілік тапсырма – Тестовое задание – не құптау формасында, не сұрақ формасында тұжырымдалған тест элементі, жауап бергеннен кейін ол зерттелетін іс-әрекетті модельдеу, оқып білетін педагогикалық және психологиялық сыналатын сапаларды (білімдерді, біліктерді, машықтарды, түсініктерді, психологиялық қасиеттерді және б.) көкейкесті ету үшін қызмет ететін шынайы немесе жалған пікірге айналады

Техникалық жасақтамаТехническое обеспечениеоқу процесінде пайдаланылатын техникалық құралдар жиынтығы.

Техникалық шарттар – Технические условия – талаптарды белгілейтін құжат. Ескерту: Техникалық шарттар типін белгілеу үшін өнімге техникалық шарттар, сынаққа техникалық шарттар сияқты анықтауышты пайдалану керек. Тиісті тексеруді жүзеге асыруға болатын техникалық шарттарда сілтамелер бар болуы немесе схемалар мен басқа да тиісті құжаттарды қамтуы және тәсілдер мен өлшемдерді көрсетуі тиіс.

Топология (Topology) – желінің құрылымы немесе желіні құру мен жүргізу, жиірек желілік архитектураға тәуелді болады.

ТорапHostузелInternet-ке қосылған кез келген компьютерлік жүйе немесе құрылғы.

Транслятор – бағдарламаның бастапқы кодын процессорға түсінікті объектілік кодқа (машиналық кодқа) түрлендіру үшін арналған қызметтік бағдарлама. Трансляторлардың екі типі болады: компиляторлар мен интерпретаторлар..

Трафик– телеқатынастық желісі бойынша берілетін хабарлар жиынтығы.

Тренажер – әр түрлі машықтарды игеру мен бекітуге арналған, әдетте машықтардың қол жеткен деңгейін бағалау құралдарын және жаттықтырушы әрекеттер қарқындылықтарының (күрделіліктерінің, жылдамдықтарының және т.б.-ының) сәйкес өзгерістерін қамтитын бағдарламалық-аппараттық кешен.

Тұтынушы – Потребитель – жеткізуші ұсынғани өнімді алушы. Ескерту:Келісім (шарт) жағдайында тұтынушы сатып алушы деп атала алады. Тұтынушы, мысалы, ақырғы тұтынушы бола алады, пайдаланушы, жеңілдікпен қызмет көрсететін тұтынушы немесе пайдаланушы. Тұтынушы ішкі де, сыртқы да бола алады.

Түпкі каталогКорневой каталог – ағымдағы дискідегі ең жоғары деңгейлі каталог. Барлық басқа каталогтар көп деңгейлі иерархиялық құрылым түріндегі оған салынған каталогтар болып есептеледі. Әдетте түпкі каталог үшін дискінің қатал белгілі бір аймағы бөлінеді, сондықтан түпкі каталогте файлдар мен қапшықтардың саны, әдеттегідей, шектелген болады. Салынған каталогтарда мұндай шектеулер болмайды.

Түсті ажырату Цветовое разрешение – экранда бір мезгілде жаңғыртылатын әр түрлі түс реңктерінің максималь санын анықтайтын параметр. Нақты компьютердің мүмкіндіктерін бейнеадаптердің пайдаланылатын картасы және монитор анықтайды. Windows 95-ке қойылатын ең аз талап –16 түрлі түс, Windows 98-ге– 256 түрлі түс.

Тыңшылық бағдарламалық жасақтама – Шпионское программное обеспечение (Spyware) – сіз Интернетте не істеп жатқаныңыз туралы сіздің рұқсатыңызсыз ақпаратты әлде-кімге жөнелтетін бағдарлама.

ТышқанМышь – графикалық операциялық жүйелерде оңтайлы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін орынды анықтайтын құрылғы түрі.

Тышқан көрсеткішіУказатель мыши – орынды анықтау құрылғыларын пайдалану кезінде орны өзгеретін экрандағы таңбаша. Жанама мәтіндік сезгіштікке ие бола алады.

Тізбекті портПоследовательный порт – компьютерге шеткері құрылғыларды қосу үшін арналған порт Параллель порттан айырмашылығы сол, мәліметтердің биті ол арқылы тізбектей беріледі. Қазіргі уақытта тышқан мен модемді компьютерге тізбекті порт арқылы қосады.

Тьютор – базалық оқу мекемесі сертификаттаған оқытушы-кеңесші (нұсқаушы, жетекші) немесе тұлғалық оқуды ұйымдастыруда көмектесетін және нақты оқу бағдарламасы көлемінде оқу процесінде оқу-әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын оқушының кураторы.

Тьютор – базалық оқу орындарында оқу бағдарламасы бойынша оқу процесін жүргізу, сабақтар-кеңестер өткізу құқығына базалық оқу орнындарында сертификацияланған оқытушы-кеңесші.

Тьютор (ағылшына тutor) – оқу мекемесіндегі (аймақтық орталықтағы, өкілдіктегі) куратор, қамқоршы, тәрбиеші.

Ұқсас мәліметтерді ұрлау – Кража идентификационных данных (Identity theft) – басқа адамның ұқсас мәліметтерін өзін басқа адам етіп көрсету мақсатымен пайдалану.

ҰқсастырғышИдентификатор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламадағы айнымалыға қатынау үшін қабылданған оның белгісі (атауы).

ҮзуПрерывание – түсуі бойынша ол ағымдағы жұмысын кейінге қалдыратын («үзетін») және жедел жатта тұрған бағдарламаны шақыратын процессор арналған арнайы сигнал.

Үй беті – домашняя страницаHome page – Web тораптағы бірінші бет.

Үй беті – Домашняя страница (Home page) – веб-сайттың жоғарғы, бірінші беті.

Үйлесімділік – Совместимость – сәйкес талаптарды орындау мақсатымен нақты жағдайларда бірге пайдалануға объектілердің қабілеттілігі. Ескерту: Анықтама стандарттарда сапаға қолданылады.

Үйрететін жүйеОбучающая системааппараттық-бағдарламалық кешен мен оқытушыны қамтитын және қашықтықтан қатынас құру арқылы виртуальдық сыныпта сабақтар жүргізуге арналған жүйе.

Файлоперациялық жүйемен тіркелген, меншікті атауы бар байттардың тізбегі.

Файл– сыртқы жадта орналастыру үшін атаулы аймақ бөлінетін мәліметтердің немесе бағдарламалардың логикалық түрде байланысқан жиынтығы.

Файлдарды жеткізу хаттамасы – Протокол передачи файлов (File Transfer Protocol, FTP) – файлдарды бір компьютерден екіншісіне орын ауыстыруды немесе көшірмелеуді басқаратын хаттама немесе ережелер жинағы.

Файлдарды орналастыру кестесі Таблица размещение файлов – дискідегі файлдың атауы мен мәліметтер нақты орналасқан орынның арасындағы сәйкестікті анықтайтын кесте. MS-DOS-тың әр түрлі нұсқалары мен и Windows файлдарды орналастыру кестесінің әр түрлі нұсқаларын пайдаланады (РАТ 16 және FAT 32).

Файлдық жүйеФайловая система – файлдарда, физикалық дискілерде бар ақпаратты жазу схемасы. Файлдық жүйе файл дискінің нақты қай жерінде жазылғанына тәуелсіз түрде оған қатынау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және жаңа файл әзірлеу кезінде бос орынды табуға мүмкіндік береді. MS-DOS жүйесі және Windows 95 FAT 1б файлдық жүйесін пайдаланады. Windows 98 операциялық жүйесі FAT 1б және FAT 32 файлдық жүйесін пайдаланады.

Файлдық құрылымФайловая структура – қапшықтар (каталогтар) мен файлдарды физикалық дискіге орналастыру құрылымы. Файлдық жүйені басқару құралдарымен әзірленеді және қызмет көрсетіледі.

Файлдың ерекше белгілері Атрибуты файла – файлдың дискіге жазылатын қосымша сипаттамалары.Ерекше белгілер қатарына файлдың соңғы өзгеру уақыты мен айы-күні, файл жасырын болып саналатындығы және басқа параметрлер туралы белгі кіреді.

Форум (ағыл. www-conference) – сайтта қанынас жасауға арналған аспап. Форумдағы хабардың авторы, тақырыбы және мазмұны бар болады. Форумға хабарларды жөнелту үшін сайтта тиісті форманы толтыру қажет.

Форум (ағылшын. сөзі. www-conference) – сайтта тіл қатысуға арналған құрал. Форумда хабарламаның авторы, тақырыбы мен мазмұны бар. Хабарламаны форумға жөнелту үшін сайтта тиісті форманы толтыру қажет.

Фрейм– құбылыстың, деректің, объектінің ең аз сипаттамасы, қандайда бір құрамды бөлігін жою кезінде осы құбылыс, дерек, объекті танылмайтын (топтастырылмайтын) болады, яғни сипаттама мағынасын жоғалтады. Мағынасы және логикасы бойынша байланысқан фреймдер жинағы дидактикалық бірлікті құрайды.

Функция – ішкі бағдарламалардың алуан түрлілігі. Қандайда бір бағдарламалық айнымалылардың мәндерін есептеуді атқару үшін бас бағдарлама шақырады. Есептеу стандартты немесе жиі қайталанатын сипат жағдайларында қолданылады. Есептеулердің аяқталуы бойынша басқару шақырушы бағдарламаға беріледі. Бір мезгілде шақырушы бағдарламаға айнымалының (айнымалылырдың) есептелген мәні де беріледі (қайтарылады). Процедурамен салыстырыңыз.

Хаб, шоғырлағыш – Хаб, концентратор (Hub) – барлық желілік кәбілдер қосылатын орталық қосу құрылғысы.

Хабарландырулардың электрондық тақтасы Электронная доска объявленийбір оқу курсының барлық оқытушылары мен әр түрлі студенттік топтардағы студенттеріне асинхрондық пікірсайыс ұйымдастыруға, сұрақтар беруге және хабарлама жасауға, басқа мәтіндік ақпаратты (хабарларды) көшіріп алға және жазуға мүмкіндік беретін желілік файл.

жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау