Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет64/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
134 
жұрттың кӛңіл-күйіне, ой-арманына, тілек-аңсарына, уақыт талабына, дәуір талғамына 
сай ӛзінше дамып, ұрпақтан ұрпаққа таралып келеді. 
Әр халықтың ерекшелігіне орай би ӛнерінің кӛркемдік бейнелеу құралдары мен 
мазмұны да әртүрлі болып келді. Мәдениетті ӛскен халықтардың тұрмыс-тіршілігі мен 
еңбек процесінің жетік дамуына байланысты олардың ұлттық ойындары мен билері де 
сан түрлі сипат алып, түрлік, мазмұндық, кӛркемдік жағынан кең қанат жайып, үнемі 
ілгеріліп  отырады.  Әр  халықтың  белгілі  бір  ережелерге  бағындырылған  әсем,  нәзік 
қимылдарынан  келіп  би  туындайды.  Одан  біз  әр  халықтың  дәстүрін,  әдет-ғұрпын, 
салтын,  тұрмыс-тіршілігін  айнытпай  таныта  алатын  ӛзіндік  ерекшеліктерін  айыра 
аламыз.  Қазақтың  би  ӛнері  де  ұлттық  мәдениеттің  сан-салалы  түрлерінің  негізінде 
қалыптасты. Халықтың билеу мәдениетін ӛркендетудің үлкен әлеуметтік мәселе екені 
белгілі.  Сондықтан  би  ӛнерін  насихаттау,  үйрету,  жаттықтыру  мақсатымен 
бағдарламаға ендіріп отырмыз. 
Бұл  бағдарлама  бойынша  берілген  қазақтың  қолӛнер  үлгілерінен  алынған: 
тұмарша,  тарақ,  шаңырақ,  ирек,  ашамай,  тұрмысқа  байланысты  туындаған:  сәлем, 
түбек, кебеже, тақия, ӛрмек, ұлттық ойындарға байланысты: ат шабыс т.б. қарапайым 
қимылдар  тоқсан  тақырыбымен,  ӛнердің  басқа  салаларымен  тығыз  байланысты 
қамьылған.  Музыкалық  ырғақты  нақты  сезіне  білуіне,  әсемдікті  эстетикалық 
талғаммен таңдай алуына кӛмектесері хақ.  
Музыкалық есту, есте сақтау, музыкалық ойындар,билер,қол ұстасып, билеу, ӛте 
кӛрікті  қызықты  ойындар  мектепке  дейінгі  балалар  үшін,олардың  қабілеттерін 
дамытуда ӛте қажет.  
Сонымен,  музыка  деген  ұлы  құдіреттің  қандай  сезімді  білдіретінін, не  жайында 
толғайтынын  ұғыну  үшін  бала  жүрегіне  музыка  нәрін  дұрыс  еге  білуіміз  қажет. 
Кішкентайынан  әнге,  биге,  күйге  қанып  ӛскен  бала  ӛнерпаз,  ӛнерді  сүйетін, 
бағалайтын азамат болып қалыптасады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Музыкалық тәрбие беру методикасы - Алматы, 1981ж. 
2. Балтабаев М.  Ӛтемұратова Б.  «Елім-ай» - Алматы, 1993ж. 
3. Құнанбаев А. «Ӛлең сӛздің патшасы, сӛз сарасы»  - Алматы, 2004ж.  
4. Алиакбарова Ж. «Ән ӛмірдің ажары» - Алматы, 2008ж. 
5. Музыкальные ритмические движения - М.,1976г.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада жас ұрпақты тәрбиелеуде әуенді қимылдың маңызытуралы айтылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  говорится  о  значении  музыкальных  ритмических  движений    в 
воспитании молодого поколения. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
135 
 
ТЕАТРЛАНҒАН ОЙЫНДАР - МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҦРАЛЫ 
 
Байжигитова Г.Н. – магистрант  (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Мектепке  дейінгі  тәрбие  оқыту  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  деңгейі 
ретінде  қазіргі  тұрақты  ӛзгеріп  тұрған  әлемде  табысты  бейімделуге  қабілетті  бала 
тұлғасының  қалыптасуы  дамуы  үшін  жағдайлар  жасайды.  Жетекші  ғалымдар  мен 
практиктер кӛптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі 
жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт 
екендігін дәлелдеді. 
Балалар  бақшасы  мекемесінде  балалардың  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастырудың мынадай құралдары қолданылады:  
1) Диалогты  пайдалану  (И.А.Артамонова,  Е.И.  Негневицкая),  ұйқасты  ӛлең 
шумақтарын,  санамақтар,  тақпақтарды  және  т.б.  пайдалану.  (М.  Кондратова,  О. 
Уланова) 
2) Кӛрнекі  құралдарды,  суреттерді,  ойыншықтарды  және  т.б.  пайдалану  (И. 
Рыжова, В.Ф. Толстова, И. Васильев және т.б.) 
3) Шет  тілдегі  жаттығулар  мен  ӛлеңдерді  қолдану  (И.  Старшинская,  Л.Ф. 
Баранова, В.И. Филатов және т .б.). 
4) Ойын  құралдарын  пайдалану  (Л.В.  Артемова,  Е.В.  Жирнова,  Баранова  Л.Ф. 
және т.б.) 
Театрланған  ойындарды  коммуникативтік құзыреттілікті  ӛнімді  қалыптастыруға 
септігін  тигізетін  тиімді  құрал  ретінде  қарастырмастан  бұрын,  осы  құралдың  негізгі 
қызметтерін  анықтамай  тұрып,  балалар  ойыны  мен  театрланған  ойын  ұғымдарының 
жігін  ажыратқан  жӛн.  Біз  сондай-ақ  олардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығын 
кӛрсеткіміз келеді.  
Ең  алдымен  ойын  –  іс-әрекет  туындысы,  оның  кӛмегімен  адам  шынайы 
болмысты  түрлендіріп,  дүниені  ӛзгертеді.  Адам  ойынының  мәні  –  әлемнің  кӛрінісін 
бере  тұра,  болмысты  түрлендіру.  Ойын  мәні  нәтижеде  емес,  үдерістің  ӛзінде,  ойынға 
қатысты  сезім  толқуларының  үдерісінде  (Л.С.  Выготский,  С.Л.  Рубинштейн,  Д.Б. 
Эльконин  және  т.б.).  Ойынның  осы  ерекшелігінде  үлкен  тәрбиелік  мүмкіндіктер 
жатыр,  себебі  белгілі  бір  ойынның  мазмұнын  басқара  отырып,  педагог  нақты 
жағдаяттар мен рӛлдерді  үлгілеуге мүмкіндік алады, ал олар ӛз кезегінде, бала сезімі 
мен эмоцияларына оң ықпалын тигізеді. 
С.Л.  Рубинштейн  кӛрсеткендей,  бала  белгілі  бір  рӛлге  еніп,  жай  ғана  жасанды 
түрде  жат  тұлғаның  кейпіне  ауыспайды,  рӛлді  ойнай  отырып,    ол  ӛзінің  тұлғасын 
байытады.        ―Бала  –  оның  рӛлі‖  ерекше  қатынасында  қиял,  ерік,  ойлау,  есте  сақтау 
сияқты  психикалық  қызметтерді  дамытуға  болады,  сонысымен  ойынның  негізгі  мән-
маңызы анықталады. 
Ойынның  негізгі  түрлерінің  ішінде  ғалымдар  дидактикалық  ойындарды,  қимыл 
ойындарын,  сюжеттік  –  рӛлдік  ойындарды  бӛліп  кӛрсетеді  (А.В.  Запорожец,  Т.А. 
Маркова, Н.И. Непомнящая, В.С. Мухина және т.б.).  
Сонымен  қатар  басқа  зерттеушілер  бұл  тізімді  тағы  бір  ойын  түрімен  – 
театрланған ойындармен толықтырады (Л.А. Абрамян, Л.В. Артемова, Т.В. Антонова, 
Е.М. Гаспарова және т.б.).   
Театрланған  ойындар  сюжеттік-рольдік  ойындарға  ұқсас,  бірақ  олардан 
айырмашылығы  балалар  қиялына  емес,  әдеби  шығармаларды  драмалап  кӛрсетуге  не 
белгілі сюжеттер қойылымына негізделеді. Сондай-ақ  кейіпкерді танытатын  ӛзіне тән 
белгісі болуы тиіс (Л.В.Артемова, Л.А.Минкович).  


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау