Пму хабаршысы



жүктеу 1,28 Mb.
Pdf просмотр
бет27/54
Дата25.08.2020
өлшемі1,28 Mb.
#31335
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
economika 4 2017

М. Жанат

1

, Ж. Е. Әбілтай

2

1

PhD,  қауымд.  профессор,  Мемлекеттік  басқару,  бизнес  және  құқық 



факультеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 

Павлодар қ., 140008, Қазақстан Республикасы;

2

магистрант,  Мемлекеттік  басқару,  бизнес  және  құқық  факультеті,  



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ., 

140008, Қазақстан Республикасы

e-mail: 

2

zhadra-26@mail.ru



ҚР-НЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ 

ҚОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ

Бұл  мақалада  Қазақстан  Республикасының  бірыңғай 

жинақтаушы  зейнетақы  қорының  инвестициялық  қызметі, 

нақтырақ айтқанда зейнетақы қорының инвестициялық портфелі 

ұғымы, зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару, зейнетақы 

активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым, және 

оның басшы қызметкерлері жайында айтылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: 

зейнетақы  жарналары,  инвестициялық  кіріс,  өсімпұл  және 

жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын 

шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат 

есебінен қалыптасады.

Зейнетақы  активтерін  инвестициялық  басқаруды  жүзеге 

асыратын ұйым бір мезгілде екі және одан да көп жинақтаушы 

зейнетақы  қорларымен  зейнетақы  активтерін  басқаруға  шарт 

жасауға құқылы. Зейнетақы активтерін басқаруға арналған шарт 

жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау 

оның  жарамсыздығына  әкеп  соғады.  Зейнетақы  активтерін 

басқаруға  арналған  шартқа  мүлікті  сенімді  басқару  туралы 

шарттың ережелері қолданылады.

Кілтті  сөздер:  инвестициялық  қызмет,  инвестициялық 

портфель, инвестициялық басқару, зейнетақы активтері, зейнетақы 

активтерін басқару.

КІРІСПЕ


БЖЗҚ әлеуметтік зейнетақы қамтамасыздандыру жүйе жаңғыртудың 

бір  бөлшегі  ретінде  –  әлеуметтік  салаға  демографиялық  үрдістер  мен 

ғаламдық кері әсерлерді еңсеру жөніндегі бірқатар мемлекеттік шараларды 

жүзеге асыруды, басқаша айтқанда, дағдарысқа қарсы ден қою шаралары 

мен тек экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік аспектілерді 

де қарастырады.

БЖЗҚ  немесе  Бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  –  еліміздегі 

жүргізіліп жатқан зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бір бөлігі.

Бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  –  зейнетақы  жарналарын 

тартуды және зейнетақы төлемдері жөнінде қызметті, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін 

инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық, корпоративтік қорлар болуы мүмкін. 

Ашық  жинақтаушы  зейнетақы  қорлары,  жұмыс  істейтін  және  тұратын 

жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдайды. 

Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы 

қорының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе 

бірнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 

өткен  ең  алғашқы  ел  болып  табылады.  Республиканың  әлеуметтік-

экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамушылардың бірі зейнетақы 

жүйесі болып табылады.

ҚР БЖЗҚ инвестициялық процесіне талдау жүргізу және тұрғындарды 

зейнетақымен  қамтамасыз  ету  жүйесін  жаңғырту  мен  әрі  қарай  ҚР 

экономикасының дамуының басымдықтарын анықтау маңызды мәселелердің 

бірі  болып  табылады.  Қазақстан  экономикасының  даму  ерекшеліктері 

зейнеткерлікке шыққан мерзім ішінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту 

мен  қолдау  мақсатында  тұрғындарды  зейнетақымен  қамтамасыз  ету 

жүйесін  дамытуға  бағытталған  кешенді  шаралардың  жүзеге  асырылуын 

қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін, экономиканы жеделдету мақсатында 

инвестициялар жасау қажет. Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру – 

басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың 

құпиясы өте қарапайым тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды 

көбейту қажет. Бүгінгі күні инвестицияны және қорларды көбейту жылдам 

дамудың  қажетті,  бірақ  жеткіліксіз  шарты  болып  отыр.  Бұл  тұрғыда, 

инвестициялық институттар тиімді инвестициялау процесін жүзеге асырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы 

жарналары,  инвестициялық  кіріс,  өсімпұл  және  жинақтаушы  зейнетақы 




Вестник ПГУ,  ISSN: 1811-1793                                                   Серия экономическая. № 4. 2017 

ПМУ Хабаршысы, ISSN: 1811-1793                                        Экономикалық сериясы. № 4. 2017                                                     

68

69

қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды 



өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 

инвестициялық қызметіне жатады: 

– зейнетақы қорының инвестициялық портфель құру;

– зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару;

– зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 

ұйымын құру және басшы қызметкерлерін тағайындау.

Зейнетақы қорының инвестициялық портфель ұғымы

Портфель  –  бұл  әртүрлі  инвестициялық  құндылықтардың  бірігіп 

жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа 

жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі 

немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ 

және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер 

және басқалары кіреді.

«Инвестициялық портфель» – зейнетақы активтері инвестицияланатын 

қаржы құралдарының жиынтығы. БЖЗҚ «инвестициялық портфелі» ҚР ҚҚА 

иеленуге рұқсат етілген бағалы қағаздардан, яғни халықаралық рейтингілік 

агенттіктердің жоғары рейтингілеріне ие бағалы қағаздарынан ғана құралады.

Инвестициялық портфельді қалыптастыру тәртібі әр түрлі объектілерді 

енгізудің жалпы қарама-қайшылықтары, инвестициялық салымның жойылуы, 

тәуелділік және табыс сәйкестігі болып табылады.

Портфель құрылымын ҚҚА-ның жаңа талаптарына сәйкестендіріледі. 

Үкіметтің  жаңа  нұсқауларына  сәйкес  барлық  зейнетақы  қорлары  өз 

портфельдеріндегі бағалы қағаздар көлемін 20 %-ға, одан әрі болашақта  

30 %-ға дейін арттыруға тиіс.

Кез-келген зейнетақылық қордың портфелін екі түрге – өтімді және 

өтімсіз деп бөлуге болады. Портфельдің өтімді бөлігі – дәл қазіргі сәттегі 

бағадан сатылатын бағасының айырмашылығы болмайтын қаржылық тәсіл. 

Портфельдің бұл бөлігін кез-келген уақытта іс-жүзінде ешқандай шығынсыз 

сатуға болады. Портфельдің өтімсіз бөлігі бұл – сатылған кезде қағаздың бағасы 

белгіленген бағадан төмен болатын бөлігі.

Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару

Зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның 

таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге 

асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және уәкілетті орган 

беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы 

болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

Зейнетақы қорларының басты мақсаты – ол салымшыларды көбейту арқылы 

зейнетақы қорының капиталын көбейту. Қорлар шығындарға жол бермеу немесе 

минимизацияламауға тырысады. Соған байланысты қорларда біліктілігі жоғары 

мамандардың болуы, тармақталған бөлімшелердің желісі, қымбат жабдықтардың 

қазіргі техникамен және бағдарламамен жабдықталған. Осының барлығы 

зейнетақылық активтердің сенімді қорғалуына көп үлесін қосады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бір 

мезгілде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы 

активтерін басқаруға шарт жасауға құқылы. Зейнетақы активтерін басқаруға 

арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау 

оның жарамсыздығына әкеп соғады. Зейнетақы активтерін басқаруға арналған 

шартқа мүлікті сенімді басқару туралы шарттың ережелері қолданылады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын 

жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен 

олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы 

жоқ.


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:

–  уәкілетті  орган  белгілеген  тәртіппен  зейнетақы  активтерін 

инвестициялауды жүзеге асыруға;

–  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  тәртіппен 

зейнетақы активтерін ұдайы бағалап отыруға;

– уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы 

есеп беруге;

– жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті органның алдында өз қызметі 

туралы ұдайы есеп беріп отыруға;

–  уәкілетті  орган  белгілейтін  тәртіппен  өз  қызметі  туралы  ақпарат 

жариялатып отыруға;

– уәкілетті орган мен зейнетақы активтерін басқару туралы шартпен 

белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Зейнетақы  активтерін  инвестициялық  басқаруды  жүзеге  асыратын 

ұйымның басшы қызметкерлері

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне 

қойылатын талаптар.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы 

органдарды қалыптастырады:

– Директорлар кеңесі – басқару органы;

– Басқарма – атқарушы орган;



Вестник ПГУ,  ISSN: 1811-1793                                                   Серия экономическая. № 4. 2017 

ПМУ Хабаршысы, ISSN: 1811-1793                                        Экономикалық сериясы. № 4. 2017                                                     

70

71

– Ішкі аудит қызметі – бақылаушы орган.



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының оқшауланған бөлімшесінің 

бірінші басшысы мен бас бухгалтерін қоспағанда, директорлар кеңесінің 

бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері 

жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып танылады.

Олар мыналар:

– жоғары білімі жоқ;

– тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында 

осы бапта белгіленген жұмыс стажы және қаржылық қызмет және қаржы 

ұйымдарына  аудит  жүргізу  бойынша  қызмет  көрсету  және  оны  реттеу 

саласында жұмыс стажы жоқ;

– мінсіз іскерлік беделі жоқ;

– уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның 

акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан 

айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 

тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану 

туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын 

қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының 

бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға 

жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала алмайды. 

Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның 

акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері 

қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Републикасының заңнамасында 

белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп 

тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта  айтқанда,  жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  зейнетақы 

активтерi:  зейнетақы  жарналары,  инвестициялық  кіріс,  өсімпұл  және 

жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп 

тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен 

көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.

Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-

банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 

ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер 

таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.

Жинақтаушы  зейнетақы  қорының  зейнетақы  активтері  тек  мына 

мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін: тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін 

қаржы  құралдарына  орналастыруға,  зейнетақы  төлемдерін  Қазақстан 

Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға, зейнетақы жинақтарын 

басқа  жинақтаушы  зейнетақы  қорына  не  зейнетақы  аннуитеті  бойынша 

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру 

ұйымына аударуға, қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де 

қате есептелген ақшаны қайтаруға, Қазақстан Республикасының заңдарына 

сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын 

аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге, алушы қайтыс 

болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы 

зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш 

шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде 

бiржолы төлем жасайды.

Жинақтаушы  зейнетақы  қорының  зейнетақы  активтерін  нысаналы 

орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін 

уәкілетті орган белгілейді.

Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған 

кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер 

арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын 

жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

Ахметов, А., Ахметова, Г. Еңбек құқығы. – Алматы, 2008. 

2 «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  

Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы, 2008.

3  «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңы. – Алматы, 2002.

4 enpf. kz

Материал баспаға 11.12.17 түсті.

 

М. Жанат, Ж. Е. Әбілтай 


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау